Студопедия — Дәріс. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс. Мүгедектермен әлеуметтік-медициналық жұмыс
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс. Мүгедектермен әлеуметтік-медициналық жұмыс






Соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі қоғамның назарына ие болып отыр. Мүгедектер мәселесі адам өмір сүретін – отбасы, интернат үйлері, жалпы әлеуметтік ортадан, яғни, әлеуметтік мәдени контекстен тыс түсінілуі мүмкін емес. Мүгедектік, яғни адамның мүмкіндігінің шектеулі болуы тек қана медициналық құбылыс емес. Сонымен қатар, бұл мәселені түсінуде және оның салдарларының алдын алуда құқықтық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық және басқа да факторлар маңызды орын алады.

Осылайша, мүгедектік адам іс-әрекетінің мәселесі ретінде, атап айтсақ, мүмкіндігінің шектелуіне байланысты бірнеше негізгі аспектілерден тұрады:

1) құқықтық;

2) әлеуметтік-орталық;

3) өндірістік-экономикалық;

4) анатомиялық-қызметтік;

5) психологиялық.

1) Мүгедектер мәселесін шешудегі құқықтық аспект мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қамтамасыз етеді.

2) Әлеуметтік-орталық аспектіге микроәлеуметтік (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғын үй, жұмыс орны және т.б) және макроәлеуметтік (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.) ортамен байланысты мәселелер жатады.

Әлеуметтік жұмыскерлер қызмет көрсететін объектілердің ерекше категориясын құрамында мүгедек адамы бар отбасылар құрайды. Мұндай отбасылар әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдар тұратын микроорта болып саналады.

Мүгедектер отбасына мүгедектердің еңбектеріне, еңбекке шектеулі жарамдылығына негізделген өндірістік-реабилитациялық жүйенің құлдырауымен байланысты экономикалық сипаттағы қиындықтар тән болып келеді.

Айта кететін жайт, отбасылардың қажеттіліктері көбінесе әлеуметтік-тұрмыстық қызметтермен байланысты болып келеді. Бұл – отбасылардың еңбекке жарамсыз мүшелерінің қозғалу мүмкіндіктерінің шектеулілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда әрдайым күтім қажет болғандықтан, «сау адамдар» мүгедек жандардың жанына жіпсіз байланғандай болады. Күтуші адамдар тіпті сыртқа шығып азық-түлык, дәрі-дәрмек әкеліп, басқа да тұрмыстық қызмет түрлерін жүзеге асыра алмай жатады.

3) Өндірістік-экономикалық аспект тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және реабилитациялық өнім мен қызмет нарығы мәселелерімен байланысты. Мұндай тәсіл кәсіптік, тұрмыстық және қоғамдық әрекетке өз бетінше қабілетті мүгедектер санын арттыруға, мүгедектердің реабилитациялық құралдар мен қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыратын адрестік көмек жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Ал ол, өз кезегінде, мүгедектердің қоғамға қайта қосылуларына септігін тигізеді.

4) Анатомиялық-қызметтік аспект реабилитациялық қызмет пен мүгедектің реабилитациялық потенциалын дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік ортаның (физикалық және психологиялық мағынада) қалыптасуын алға тартады.

Әлеуметтік жұмыстағы мүгедектік теориясының бүгінгі күнгі түсінігін есепке ала отырып, осы мәселені шешуде мемлекет басты назарды адам ағзасындағы кемістікке емес, оның шектеулі бостандығы жағдайындағы әлеуметтік-рөлдік қызметін қайта қалпына келтіру мәселелеріне аударуы керек. Мүгедектер мен мүгедектік мәселесін шешуде компенсация мен бейімделудің әлеуметтік механизмдеріне сүйенетін реабилитацияға ерекше көңіл аударылады.

Осылайша, мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялаудың мәні адамның микро-макроәлеуметтік ортасын ескере отырып, оның физикалық, психологиялық және әлеуметтік потенциалының деңгейіне сай келетін тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби әрекетке мүмкіндігін қайта қалпына келтірудегі кешенді көпсалалы тәсілінде жатыр.

Кешенді көпсалалы реабилитацияның процесс және жүйе ретіндегі түпкі мақсаты анатомиялық кемістігі бар, қызметтік бұзылулары мен әлеуметтік ауытқушылығы бар адамдардың тәуелсіз әрекет етуіне мүмкіндік беру болып табылады. Осы тұрғыда, әлеуметтік реабилитация адамның қоршаған ортасымен байланысының бұзылуына жол бермейді және мүгедектікке қатысты профилактикалық қызмет атқарады.

Мүгедектердің қоғамға қосылуы кезінде кездесетін қиындықтарын жеңуіне көмектесуде әлеуметтік жұмыскердің рөлін ерекше атап кету керек. Мұнда ақпарат пен кеңес беру ғана аздық етеді. Сонымен қатар, әрекеттік көмек, атап айтқанда, арнайы тұрғын үй алуға, көмекші құралдарды орнатуға, мүгедектерге арналған арнайы пәтерлерге орналастыруға, жұмысқа орналасуға, жеңілдіктерді алуға көмек көрсетулері де маңызды. Әлеуметтік жұмыскер ашық қоғамға аяқ басушы мүгедектің нағыз көмекшісі деп айтуға болады.

5) Психологиялық аспект мүгедектік мәселесін қоғамның эмоционалдық-психологиялық қабылдауын және мүгедектің тұлғалық-психологиялық бағытын бейнелейді.

Мүгедектер «азмобильді» деп аталып жүрген категорияға жатады және олар ең аз қамтылған, ең аз қорғалған және қоғамның әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Мұндай жағдай, ең алдымен, мүгедектерді мүгедектікке әкеліп соққан денесіндегі физикалық ақауларымен және қозғалыстық белсенділігінің төменділігімен байланысты.

Сонымен қатар, тұрғындардың осы тобының әлеуметтік қорғалмауы мүгедектердің қоғамға деген қатынасын қалыптастыратын психологиялық факторлардың бар болуымен және олармен байланысқа түсу қиындықтарымен тікелей байланысты. Мүгедектердің әрекетіндегі көптеген шектеулерге байланысты олар өздерін төмен бағалап, жеке тұлғалық қасиеттерін жоғалтып алулары да мүмкін.

Мүгедектердің психологиялық проблемалары оларды сыртқы әлемнен шеттетіп, олармен қарым-қатынастың бұрынғыдай болмауынан немесе қоршаған ортасындағы адамдардың арбадағы мүгедектерге деген басқаша қатынасынан және өмірлік жолдасын жоғалтқан кездегі жалғыздық әсерінен пайда болады. Осылардың барлығы эмоционалды бұзылуларға, депрессияның дамуына, мінез-құлықтағы өзгерістерге алып келеді.

Осылайша, мүгедектер мәселесі әр түрлі болып келеді. Оларға қалалардың инфрақұрылымын, транспорттық мүмкіндіктерді, жалпы өмір сүру ортасын (мүгедектерге қаншалықты ыңғайлылығын) жатқызуға болады. Көптеген мәселелер әрқашан тиімді, нәтижелі бола бермейді. Сондықтан мемлекет мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттың халықаралық стандарттарға сай, тиімді қызмет ететін мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыруды алдына бірінші міндет етіп қоюы керек.

Аурудың күрделілігіне, ағза функциясының бұзылу деңгейіне қарай қарай, практикалық әлеуметтік жұмыс пен медицинада мүгедектіктің үш тобын бөліп қарастырады.

Мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізіледі (МӘС). Медициналық-әлеуметтік сараптама мемлекеттік қызметінің мекемесіне медициналық-әлеуметтік сараптама бюросы жатады. Мүгедектік тобын анықтаумен қатар бюроның міндеттері келесідей:

• мүгедектерді реабилитациялау бойынша жеке бағдарлама жасау;

• мүгедектерді әлеуметтік қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға жәрдемдесу және осы іс-шаралардың тиімділігін бағалау;

• мүгедектікті есепке алу;

• мүгедектіктің алдын алу (профилактика), оларды реабилитациялау және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында кешенді бағдарлама жасауға қатысу.

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға бағыттау көрсеткіші болып клиникалық-сараптамалық комиссияның науқастағы мүгедектікті анықтайтын белгілердің болуы туралы шешімі есептеледі.

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға іс-әрекетінде, еңбекке қабілеттілігінде тұрақты шектеулері бар және әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтар бағытталады:

• жайсыз клиникалық және еңбектік болжамға сәйкес, уақытша жұмысқа қабілетсіздік мерзіміне қарамастан 4 айдан көп емес (жарақат алған жағдайда, реконструктивті операциядан кейінгі, 12 айға дейін созылған туберкулез жағдайында);

• емдеуді ары қарай жалғастыру немесе мүгедектік тобын анықтау мәселесін шешуде;

• жұмыс істейтін мүгедектер клиникалық және еңбек болжамы қиындаған кезде еңбек мінездемесін өзгерту үшін бағытталады;

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін пациенттің жазбаша өтініші, оның емдеуші дәрігерінің, медициналық-әлеуметтік сараптаманың бас дәрігері орынбасарының қолы қойылған және емдеу-профилактикалық мекеменің мөрі бар клиникалық зерттеуден өткен нәтижелері туралы мәліметтер (хат парағы) қажет.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бюросының құрамына әр түрлі саладағы дәрігерлер кіреді: реабилитация маманы, әлеуметтік жұмыс маманы және психолог. Штаттық кестеде аға медбикенің, медициналық тіркеуші мен жүргізуші қызметтері қарастырылған. Негізгі бюро құрамында төрт дәрігер-мамандар мен бірнеше әлеуметтік жұмыс, реабилитация мамандары бар.

Бюро мамандары тұлғаны мүгедек деп анықтаған жағдайда бір ай көлемінде реабилитация бойынша жеке бағдарлама дайындайды. Белгіленген көрсеткіштер бойынша мүгедек деп танылған тұлғаға мүгедектігін дәлелдейтін анықтама қағазы мен реабилитация бойынша жеке бағдарлама беріледі. Науқас куәландыру жұмысын жүргізген медициналық-әлеуметтік сараптама бюросының шешімімен келіспеген жағдайда, куәландыру жұмысын жүргізген медициналық-әлеуметтік сараптама бюросына, медициналық-әлеуметтік сараптаманың Негізгі бюросына немесе тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарына жазбаша өтініш беру арқылы бұл шешімге шағым арыз беруіне болады.

Куәландыру жұмысын жүргізген бюро өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде өтінішті барлық құжаттарымен бірге медициналық-әлеуметтік сараптаманың Негізгі бюросына жібереді. Олар өтініш түскен күннен бастап 1 айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптау жұмыстарын жүргізіп, алынған нәтижелер негізінде шешім шығарады.

Реабилитациялаудың жеке бағдарламасы ағзаның бұзылған қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған және нәтижесінде мүгедектерді қоғам өміріне қосатын қолайлы реабилитациялық іс-шаралар кешенінен тұрады.

Жеке бағдарламада реабилитацияның барлық түрлері көрсетілген: медициналық, әлеуметтік-орталық, кәсіби-еңбектік, психологиялық-педагогикалық. Осылардың әрқайсысында бағдарламаны жүзеге асырудың жолдары қарастырылады. Мысалы, медициналық реабилитацияда дәрі-дәрмектік емдеу, диспансерлік бақылау, санаториялық-шипажайлық емдеу және т.б. қолданылады. Әлеуметтік-орталық реабилитацияда өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына үйрету, тұрғын үйді арнайы жабдықтау және т.б. сияқты жолдар көрсетіледі.

Кәсіби-еңбектік реабилитацияға кәсіптік бағдар беру, кәсіби оқыту мен қайта оқыту, жұмысқа орналастыру шаралары жатады. Психологиялық-педагогикалық реабилитация 18 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істеуге бағытталған. Мұнда мүгедек балалардың өздеріне деген және айналасындағылардың мүгедек балаларға деген көзқарасын, мүгедек балалардың отбасына, достарына, жалпы қоғамға деген қарым-қатынасын түзету жұмыстары жүргізіледі.

Реабилитациялық іс-шараларды өткізу мерзімдері де жекелей қарастыралады. Реабилитациялық кезеңнің соңында реабилитация түрлерінің қайсы түрі тиімдірек екендігі туралы қорытынды жасалуы қажет.

Қажет болған жағдайда реабилитация бағдарламасына түзетулер енгізілуі мүмкін. Реабилитация бағдарламасын жүзеге асыру кезінде әлеуметтік жұмыскер реабилитация бойынша жұмыстың рационады жоспарын құрып алуы керек.

Реабилитация мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың ең тиімді бағыты болып табылады. Өйткені реабилитация мүгедектердің жұмыс істеу қабілеттерін жоғалтқан жағдайда жеке қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың кәсіби, қоғамдық және тұрмыстық іс-әрекеттерге араласуына мүмкіндік береді.

Реабилитацияның негізгі қағидалары келесідей: кешенді әлеуметтік-медициналық әдіс; мүмкіндігінше реабилитацияны ертерек бастау; үздіксіздік; сабақтастық; кезеңділік.

Мүгедектерді реабилитациялау мемлекеттік қызметінің ажырамас бөлігі болып ұйымдастырушылық-құқықтық типтегі реабилитациялық мекемелер табылады. Реабилитациялық мекемелерге ғылыми-өндірістік кешендер (федералдық мәнге ие), мүгедектерді реабилитациялаудың аймақтық орталықтары, реабилитациялық бөлімшелер мен кабинеттер (жергілікті деңгейде), мүгедектерге және қарт адамдарға арналған интернат-үйлері жатады.

Интернат-үйлері төмендегідей болып келеді: ішкі мүшелері мен тірек-қимыл аппараттарында зақымы бар қарт адамдар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі интернат-үйлері, созылмалы психикалық аурулары бар және ақыл-есі кем мүгедектерге арналған психоневрологиялық интернаттар, ақыл-есі кем және денесінде физикалық кемтарлығы бар балаларға арналған балалар үйі.

Интернат-үйлерінде жатқан мүгедектерді реабилитациялаудың материалды-техникалық базасы болып еңбектік-емдеу шеберханалары, қосалқы шаруашылықтар, арнайы цехтар табылады. Еңбектік-емдеу шеберханалары тігіндік, картонажды (картон қағаздан бұйым жасау) және т.б. болуы мүмкін. Қосалқы шаруашылықтарда бау-бақша, мал шаруашылығы, гүл өсіру және т.б. сияқты жұмыстармен айналысуға болады.

Реабилитациялық мекеменің негізгі міндеттеріне мүгедектерді реабилитациялау бағдарламасын жүзеге асыру, нақты мекемеде реабилитацияны жүргізудің жоспары мен бағдарламасын дайындау, мүгедектерді медициналық, кәсіби және әлеуметтік реабилитациялау іс-шараларын жүзеге асыруды жатқызамыз.

Реабилитациялау мекемелері мемлекеттік билік органдарымен, медициналық-әлеуметтік сараптау мемлекеттік қызметімен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп өзара әрекет ету негізінде жүзеге асады.

Мүгедектерге әлеуметтік-медициналық көмек көрсету кезінде әлеуметтік жұмыскер мүгедектің сұранысын және пациенттің тұратын жеріндегі нақты жағдайына байланысты жүргізілетін іс-шараның тиімділігін басшылыққа алады. Мүгедектерге күтім көрсете отырып, белгілі бір деңгейде дәрігерлік мәселесін де шеше отырып, әлеуметтік жұмыскер пациенттің өмір сүру салтына ықпалын тигізеді және оның психикалық реабилитациялануына көмектеседі.

Патронаждық жұмыста әлеуметтік жұмыскер мүгедек балалары бар отбасыларға ерекше қамқорлық көрсетулері қажет. Мүгедек баланы есепке тұрғызып қана қоймай, отбасындағы әлеуметтік жағдайға анализ жасалуы да маңызды. Мүгедек балаларға әрдайым күтім мен бақылау қажет. Осы мәселелер мүгедек балалардың ата-аналарына олармен күнделікті қатынасқа түсу, олардың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету кезінде (тамақтандыру, киіндіру, жуындыру) көптеген қиындықтар туғызады.

Осылайша, мүгедектерге көмек көрсететін барлық ұйымдар мен қызметтердің әлеуметтік-медициналық әрекетіндегі маңызды бағыты болып экономикалық және әлеуметтік сипаттағы уақытша қиындықтарға тап болған жандардың денсаулығы мен хал-ахуалын қолдауға жағдай жасау болып табылады.

14-Дәріс. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі ЖҚТБ ауруларымен әлеуметтік жұмыс. АҚТҚ жұқпалы ауруына шалдыққан және ЖҚТБ науқастарымен әлеуметтік медициналық жұмыс

Практикалық әлеуметтік жұмыста «иммунды дефицит» ұғымын ағзадағы әр түрлі инфекцияларға қарсы тұрып бере алатын қасиеттің төмендеуі және мұның себебінен көптеген аурулардың пайда болуы деп түсіну қажет.

1981 жылы АҚШ-та алғаш рет ЖҚТБ (жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгілері) ерекше симптомдардың және сирек кездесетін аурулардың жиынтығы ретінде қарастырылды. 1983 жылы бұл аурудың қоздырғышы анықталды – адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ).

ЖҚТБ-ны зерттеу эпидемиологиясының бастапқы кезеңдерінде халықтың алғаш осы ауруға ұшыраған белгілі тобы анықталып, бұл топтарды «тәуекел тобы» деп атады. Бұл топқа көбіне гомо- және би- сексуалдар, күре тамырдың ішіне наркотик қабылдағыштар жатады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде біздің планетамызда АҚТҚ жұқпалы ауруы 65 млн-нан астам адамда табылған. Соңғы 25 жылдағы көрсеткіштер бойынша, АҚТҚ 25 млн-ға жуық адамның өліміне себеп болып, қоғамға қауіпті әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына енгізілді. Бұл ауру пайда болғаннан бастап бүгінгі таңға дейін дүниежүзінің барлық аймағына тарап, пандемия сипатына ие болды.

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар білікті медициналық көмекті ЖҚТБ-мен күрес және Профилактикалау Орталықтарында ала алады. Диспансерлік тіркеуге қояр алдында тексеру жүргізіледі, яғни, тексеру мақсатына диагнозды нақтылау, АҚТҚ-инфекциясының деңгейін анықтау және қосалқы туындаған ауруларды анықтау кіреді. Алғашқы тексеру кезінде науқаста бірге болатын аурулар анықталып, АҚТҚ-инфекциясының ағымын қиындатып, күрделі жағдайға алып келуі мүмкін. Бұдан кейін тағы қайта тексерулер жүргізіледі. Тексерулердің жиілігі АҚТҚ-инфекциясының деңгейіне және қосалқы туындаған аурулардың асқынуына байланысты болады.

АҚТҚ жұқпалы ауруы күрделі эмоционалды және әлеуметтік сипаттағы зардаптар туғызады. АҚТҚ ауруының жазылмайтындығы, өлімнің жақын екендігі туралы ақпараттар адамның күрделі эмоционалды реакциясын тудырады. Көптеген пациенттердің көңіл-күйі өзгеріп, олар өздерінің тұлғалық маңыздылықтарын төмен сезінуіне дейін барып жатады.

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар мамандық таңдау немесе өзгерту, жұмысқа тұру, кәсіби өсу және отбасы құру сияқты көптеген мәселелерге тап болады. Сонымен қатар, мұндай адамдарда уайым, қорқыныш сезімдері пайда болып, физикалық тартымдылықтың және қаржылық тәуелсіздіктің жоғалуы байқалады, болашаққа байланысты қайғырулар мен ауруды басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін жағдайындағы кінә сезімдері және осы ауруға деген аггресивті мінез-құлық пайда болады.

Осындай көптеген мәселелерді шешуге көмектесу мақсатында АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға арнайы психологиялық көмек көрсету мекемелері ашылып жатыр. АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға психологиялық көмек жеке кеңес түрінде немесе отбасылық психотерапия формасында жүргізіледі.

Психотерапевтикалық әсер пациенттің өміріне жағымды түрде өзгерістер алып келеді, белгілі бір қызметке стимул тудырады, психологиялық күрделі жағдайдайлардан шығу мүмкіндігін туғызады, өмірлік стереотипінің өзгеруіне дайын болуына көмектеседі және жаңа өмірлік перспективаларға бейімделу процестерінің дұрыс жүруіне де әсер етеді.

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға психоәлеуметтік кенес берудің артықшылықтары келесідей:

1) адамды қолдау, осы ауруға байланысты өмірінің өзгеруі және ары қарай өмір сүруі оның жеке жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігіне сендіру;

2) өз-өзін сыйлау деңгейін жоғарылату;

3) уайым мен қорқыныш сезімдеріне төтеп беру.

ЖҚТБ профилактикасының негізіне гигиенаны сақтау, жыныстық бұрмалауларды профилактикалау, нашақорлық пен жезөкшелікке қарсы ақпараттық-ағарту жұмыстары кіреді. Халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсаты – адамдар арасындағы өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру; АҚТҚ-ны жұқтыруға алып келетін іс-әрекеттерді азайту.

Ақпараттық-ағарту жұмыстарының адамдарға әсер етуі төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1. Әлеуметтік-психологиялық топтың ақпаратты қабылдау деңгейін ескере отырып, ЖҚТБ туралы және АҚТҚ-ның таралу жолдары туралы сапалы ақпараттар.

2. Ақпараттарды білімге айналдыру, ақпараттандырудың тиімділігін бағалау мақсатында тексерулер жүргізу (кеңес, анкета, сұраунама немесе тест арқылы).

3. Алынған білімді тәуекел іс-әрекеттерге қарсы пайдалануға, салауатты өмір салтын жүргізуге сендіру.

4. Сендіру ЖҚТБ және Нашақорлықпен күресті жүргізуге тек қана Денсаулық қорғау органдары мен Мемлекет емес, сонымен қатар, адамның өзінің қауіпсіздігіне және денсаулығына деген жауапкершілігі де әсер етеді деген ойдың, мінез-құлықтың қалыптасуының негізі ретінде карастыру.

Ақпараттық-ағарту жұмыстарының негізгі принциптеріне:

1. Жүйелілік. Мақсатты ақпараттардың кез-келген жерде адамның санасына жүйелі түрде әсер етуі.

2. Жинақтылық. Бұған келесілерді жатқызамыз:

■ Түрлі формалар, әдістер мен оқу құралдарын қолдану;

■ Халықтың әлеуметтік мобильділігін қалыптастыруға қызығушылық білдіргендердің барлығына қатысу: әкімшілік, педагогтар, медицина қызметкерлері, психологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік жұмыскерлер және т.б.

3. Иерархия (жүргізу деңгейі):

■ индивидуалды деңгей (кеңес беру және т.б. формалары);

■ топтық деңгей (халықтың мақсатты тобымен жұмыс);

■ популяциялық деңгей (БАҚ арқылы ақпараттандыруға шақыру: радио, телевидение, газет-журналдар).

4. Мақсаттылық, яғни, ақпараттық-ағарту жұмыстарының нақты бір халық тобына бағытталуы.

Мақсаттылық топтар жастық, әлеуметтік, кәсіби, мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай анықталады.

Мақсаттық топқа келесілер жатады:

• АҚТҚ-инфекциясын, наша қолданушылар мен басқа да әлеуметтік маңызды ауруларды профилактикалау бағадарламаларын бірге орындаушылар;

• жұмыс орнында тәуекел факторларына ие тұлғалар;

• ауруды жұқтыру мүмкіншілігі жоғары тұлғалар (жыныстық қатынастар қызметіндегі әйел адамдар мен олардың клиенттері, гомосексуалдар, нашақорлар және т.б.);

• тұтқындар, әскери қызметкерлер, әскерге шақырылатындар т.с.с.;

• АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар мен ЖҚТБ науқастары.

5. Айғақтылық және ғылыми негізділік: ақпарат шынайы болуы тиіс, және ақпаратты әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми істерді жүргізу негізінде ұсыну қажет.

6. Қолжетімділік және дифференцияланғандық, яғни мақсаттық топтағы адамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларға берілетін ақпарат сол адамдарға тиесілі тілде жүруі керек.

7. Уақыттылық.

Ақпараттық-ағарту жұмыстары көбінесе жастар мен жасөспірімдер арасында жүргізіледі. Ағарту жұмыстарын шағын аудиторияларда өткізген абзал және басқалардан бұрын қатысушылардың бұл мәселеге қатысты көзқарастарын анықтау мақсатында арнайы сұраунамалар өткізген жөн. Қорыта келе, ВИЧ-инфекциясының әлеуметтік маңызды, қауіпті екендігі жұқтырғаннан кейін 10 жыл ішінде өлімге міндетті түрде алып келетіндігі, отбасы мен қауымдастықтың бұзылу себептерінің бірі деп танылуы, мемлекеттің экономикалық өмір сүру деңгейін төмендетуімен анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жұмыскерлер медициналық қызметкерлермен біріге отырып, АҚТҚ-ның таралуының алдын алу, клиенттерінің салауатты өмір салтын жүргізуіне себепкер болу және осының барлығына байланысты көптеген маңызы бар санитарлық, ағарту шараларын жүргізу қажет.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 5948. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия