Студопедия — Бақылау сұрақтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бақылау сұрақтары






1. Несие қаматамасыз ету нені білдіреді?

2. Несие қамтамасыз ету формаларына нелер жатады?

3. Кепіл затының түрлері қандай?

4. Кепіл затын қалай бағалайды?

 

 

Тақырып.Банктік проценттер және проценттік төлемдер

Қарыз пайызының негізін оны қарыз капиталын қайтарымдылық қағидасымен (принципімен) пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері – қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор мен қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен шатастыруға болмайды.

Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып табылады:

- қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;

- несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;

- қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;

- несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.

Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз:

1. Егер несие қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды.

2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі.

3. Несие және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты.

Несиелік пайыздың мәні. Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.

Пайыз – капиталды түрлі формада (несие, кредит, т.б.) борышқа беруден немесе өндірістік немесе қаржы сипатындағы инвестициядан түсетін кіріс. Ақша құнының белгілі уақыт аралығында өзгеруінің интенсивтік дәрежесі пайыздық ставка деп аталады. Бұл өзгерістің ақшалай абсолюттік көрсеткіші пайыз деп аталады және І әрпімен белгіленеді. Егер болашақ соманы S, қазіргі (алғашқы) соманы Р,- деп белгілесек, онда

І= S-P. (1)

Пайыздық ставка пайыздарды алғашқы сомаға бөлу арқылы есептеледі:

 

I S - P

і = ─ = ───; (2)

P P

Пайыздық ставка – пайыз есептеу қарқындылығын сипаттайтын мөлшер.

Пайызды анықтау мен есептеудің екі тұжырымдамасы және тиісінше кері бағамдық (декурсивтік) және алдын-ала (антисипативтік) аталы екі тәсілі қолданылады.

Кері бағамдық (декурсивтік) тәсілде пайыз әрбір есептеу аралығының соңында есептеледі. Оның мөлшері берілетін капиталдың мөлшеріне орай анықталады. Демек декурсивтік пайыздық ставка (несие пайызы) межеленген аралықта есептелген соманың осы аралықтың басында бар сомаға пайыздағы қатынасы болып табылады (і = І÷Р).

Кері бағамдық (декурсивтік) пайыз: Si═ P * (1+ n *i) (3)

Антисипативтік тәсілде пайыз әрбір есептеу аралығының басында есептеледі. Пайыздық ақшаның сомасы өскен сомаға орай анықталады. Межеленген аралық үшін төленетін кіріс сомасының осы аралықта алынған өскен сома мөлшеріне пайыздағы қатынасы пайыздық ставка болып табылады. Осы тәсілмен анықталған пайыздық ставка есептік ставка немесе антисипативтік пайыз деп аталады:

D

D ═ ──).

I S (4)

Антисипативтік пайыз: Sd ═ P * ───, n- несиенің мерзімдік ұзақтығы. (5)

N*d

(3) және (5) формулалардағы екінші көбейткіштер жәй пайыздың үдеу көбейткіші (өсу коэффициенті) деп аталады:

(1+ n *i) - декурсивтік пайыз үдеу көрсеткіші;







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1321. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия