Студопедия — ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ






1. Патологиялық физиология. Жоғары медициналық білім берудегі патофизиологияның орны, оның басқа ғылымдармен байланысы. Патофизиологияның негізгі міндеттері.

2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медико-биологиялық тәжірибелерді жүргізуінің жалпы қағидаттары. Зертханалық жануарлармен жұмыс істегендегі адамгершілік-әдептік (моральді-этикалық) аспекттер. ҚР ДС № 697, 575 бұйрықтары. Негізгі қағидалары.

3. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері:денсаулық, ауру, ауру алды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, аурудың нышандары. Аурудың жіктелу ұстанымдары.

4. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

5. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

6. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы. Ятрогенді аурулар туралы түсінік, әлеуметтік жайттардың, дәріханалық қызметтің және провизор жұмысының денсаулықты сақтаудағы және аурулардың пайда болуындағы маңызы.

7. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүліну деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері.

8. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру түрлері.

9. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігін анықтайтын жайттар (тұқымқуалаушылық, жас мөлшері, жынысы, жүйке, эндокрин жүйесі ж.б.).

10. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

11. Жастың және жыныстың реактивтіліктегі маңызы. Балалық және қарттық шақ, ер және әйел организмі реактивтілігінің ерекшеліктері. Организм реактивтілігін тікелей жоғарылататың дәрілік заттармен аурулардың алдын алу және емдеу түрінде.

12. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдануға төзімділігі. Жасушаның зақымдану түрлері. Жасушаның жедел және созылмалы зақымдануының сатылары. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

13. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдарлары

14. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасы бүлінуіндегі негізгі тетік ретінде МАТ әсерлену жолдары. Мембраналық фослипаза және басқа гидролаздардың әсерленуі, осмостық зақымдануы, иммундық зақымдануы.

15. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Зақымданудағы жасуша ішіндегі бейімделу серпілістері.

16. «Жіті кезеңдік жауап» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жіті кезеңдік жауап» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жіті кезеңдік жауап» организм үшін маңызы.

17. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтеріліуінің патогенезі.

18. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер, олардың патогенезі.

19. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер (жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек қызметтері) қызметтерінің өзгерістері. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.

20. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

21. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Сілейме сатылары, әр түрлі сатыларындағы гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

22. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.

23. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің патогенездік жайттарының сипаттамасы.

24. Организмнің сусыздануы, түрлері, себептері, патогенезі. Изо-, гипо-, гиперосмоляльді сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

25. ҚСҮ бұзылыстары туралы, жіктелуі, себептері, теңгерілу тетіктері, ацидоздар және алкалоздар кезіндегі организмдегі өзгерістер.

26. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Әртүрлі гипоксияның себептері, патогенезі.

27. Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер,

28. Жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер. Гипоксиялық жағдайларды емдеудің патофизиологиялық негіздері.

29. Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік. Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.

30. Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.

31. Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі.

32. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары. I және II Қантты диабет түрлерінің этиологиясы мен патогенезі

33. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі

34. Қантты диабеттің асқынуы. Макро – және микроангиопатиялардың патогенезі

35. Шеткері қанайналым бұзылыстары, түрлері. Артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз, анықтамасы, патогенезі, көріністері, микроциркуляция өзгерістері, салдарлары.

36. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Артериялар мен көктамырларда қан қатпасы пайда болуының патогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары. Томбоздық жағдайларды алдын алу және емдеу жолдары.

37. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Қанайналымының үлкен және кіші шеңбері эмболиясының салдарлары.. Алдын алу және емдеу жолдары.

38. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабынудың құрамбөлшектері. Қабынудың организм үшін маңызы.

39. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация. Қабыну ошағында зат алмасу және физикалық-химиялық өзгерістер. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы.

40. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері, сипаттамасы. Жалқықтың құрамын анықтайтын жайттар. Іріңді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

41. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың даму жолдары (патогенезі). Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың кемістігі және оның қабынудағы маңызы.

42. Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму тетіктері. Созылмалы қабынудың даму ерекшеліктері.

43. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, сыртқы және ішкі аллергендер. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі. Сезімталдықты жоғарылату және сезімталдықты төмендету туралы түсінік, түрлері, даму тетіктері.

44. Аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммундық-кешендік, жасуша қатысуымен болатын түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.

45. Жалған аллергиялық серпілістер, анықтамасы, шынайы аллергиялық серпілістен айырмашылығы, патогенезі.

46. Өспе туралы түсінік, анықтамасы, түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелердің биологиялық ерекшеліктері (атипиялар). Метастаздану, сатылары, патогенезі.

47. Өспелердің пайда болуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

48. Өспе өсуінің патогенезі (бастама, күшею, өршу сатылары).

49. Қатерлі өспенің организмге әсері. Паранеоплазиялық үрдістер туралы түсінік. Өспелік кахексияның патогенезі. Өспе өсуіне қарсы төзімділік тетіктері, (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық). Өспелерді емдеудің ұстанымдары.

50. Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы. Жүйке жүйесінің қорғаныстық жолдары.

51. Нейрондар мембранасы бұзылыстарының патогенезі (МАТ әсерленуі, мембраналық фосфолипазалар, әсерленуі, осмостық бүліністері, ірі молекулалы кешендермен бүліністері). Нейрондар аксондардың, дендриттердің бүліністерінің патогенезі, бүліністердің көріністері. Синапстық аппарат бүліністерінің патогенезі.

52. Патологиялық күшейген қозу генераторы туралы түсінік, даму жолдары, маңызы. Дерттік жүйе туралы түсінік.

53. Синдромдар туралы түсінік: тежелудің тапшылығы, тежелуден шығу синдромы, денервация, деафферентация, нәрленістің бұзылуы синдромдары

54. Ауыру сезімі, түрлері. Ноцицепциялық, антиноцицепциялық жүйелер туралы түсінік.

55. Эндокрин жүйе қызметі реттелуінің орталық механизмдерінің бұзылыстары: эндокриндік бездердің трансгипофиздік және парагипофиздік реттелуінің бұзылыстар. Кері байланыс механизмдерінің бұзылыстары.

56. Ішкі секреция бездерінің өздерінде дамыған дерттік үрдістер, этиологиясы, патогенезі.

57. Гормондар белсенділігі шеткері механизмдерінің бұзылыстары, этиологиясы, патогенезі.

58. Жүйке және эндокрин жүйесі ауруларын патогенездік емдеу ұстанымдары.

59. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі. Зорығудан болатын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, түсінігі, көлеммен зорығу (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен зорығу (жүрек соңылық жүктеме) себептері. Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.

60. Жүрек қызметінің миокардтық түрінің коронарогенді жеткіліксіздігі, түрлері (абсолютті, саластырмалы), патогенезі.

61. Миокардттың коронарогенді емес бұзылыстары (кардиомиопатиялар, кардиомиодистрофиялар), түсінік. Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздінің теңгерілмеген сатысының клиникалық көріністері.

62. Тамыр тонусы бұзылыстарының жіктелуі. Артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері. Әйгіленімдік гипертензиялар (бүйректік, гормондық, нейрогендік), патогенезі.

63. Біріншілік гипертензияның пайда болуына әкелетін қауіп-қатер жайттары, патогенезі. Артериялық гипертензиялардың емдеу және алдын алу ұстанымдары.

64. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің анықтамасы. Патогенезіне, зақымдану орнына, ағымына қарай сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің жіктелуі.

65. Өкпе вентиляциясының бұзылыстары, себебі, патогенезі. Гиповентиляцияның обструктивті түрінің этиологиясы мен патогенезі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі дем алудың, қанның газдық құрамының, өкпелік көлемдерінің және сыйымдылықтарының өзгерістері.

66. Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік, өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің және сыйымдылықтарының өзгерістері.

67. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері.

68. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен гипотензиялардың себептері мен даму тетіктері. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы

69. Сыртқы тыныс реттелуінің бұзылыстары. Сыртқы тыныстың орталық реттелуінің бұзылыстары. Тыныс орталығының афферентті, эфферентті реттелу тетіктердің зақымдануы.

70. Тыныс ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылыстарының тетіктері және себептері. Брадипноэ, тахипноэ, гиперпноэ, апное. Үзілістік тыныстар, түсінік, түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныс түрлері.

71. Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері, патогенезі. Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары және олардың патогенезі.

72. Өкпе вентиляциясы, диффузиясы, перфузиясы бұзылыстарының патогенездік емдеу ұстанымдары

73. Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы. Нейтрофилді лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.

74. Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі, патогенезі. Агранулоцитоз (гранулоцитопении) туралы түсінік, себептері, организм үшін маңызы. Дәрілердің әсерінен дамыған агранулоцитоз, этиологиясы, патогенезі.

75. Анемия анықтамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері. Анемиялардың жіктеу негіздері.

76. Постгеморрагиялық гемолиздік (тұқымқуатын, жүре пайда болған) анемиялар, этиологиясы, патогенезі, шеткері қандағы өзгерістері.

77. Теміртапшылықты, В12 , фоли тапшылықты анемиялардың патогенезі.

78. Аплазиялық анемиялар, этиологиясы, патогенезі, қан түзілуінің бұзылыстары, клиникалық көріністері. Анемияларды патогенездік емдеу ұстанымдары.

79. Гемостаз бұзылыстарының түрлері, сипаттамасы. Геморрагиялық синдром туралы түсінік. Вазопатиялардың этиологиясы және патогенезі.

80. Тромбоцитопениялар, тромбоцитопатиялардың этиологиясы, патогенезі. Дәрілік тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялар.

81. Коагулопатиялардың этиологиясы және патогенезі.

82. Тромбофилия туралы түсінік. Тромб түзілуіне әсер ететің факторлар. Веналық және артериялық қан тамырларының тромбозының патогенезі, салдарлары.

83. ТШҚҰ-синдромы туралы түсінік, даму сатылары. Гемостаз бұзылыстарының терапиясының этиологиялық және патогенездік негіздері.

84. Лейкоздар, анықтамасы, жіктелуі. Лейкоздардың этиологиясы, патогенезі. Лейкоздардың клиникалық көріністері, олардың патогенезі. Лейкоздарды патогенездік емдеу ұстанымдары.

85. Ас қорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік. Гипер- және гипосаливация кезіндегі ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі.

86. Ас қазанның резервуарвты, сөл бөлу, қимылдық қызметтері бұзылыстарының этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері.

87. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының этиолгиясы және патогенезі. Этиологиялық және патогенездік емдеунің негіздері.

88. Қуыстық және қабырғалық ас қорытылудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.

89. Панкреатикалық ахилия кезіндегі ас қорытылу бұзылыстарының патогенезі. Жіті және созылмалы панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі.

90. Іш қатуы және іш өтуілердің себептері, даму жолдары, салдарлары. Ішектік аутоинтоксикация, себептері, көріністерінің патогенезі. Ішектегі ас қорытылу бұзылыстарының патогенездік терапиясының негіздері.

91. Бауыр жеткіліксіздігі, түрлері, этиологиясы, патогенезі.Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасудың және физиологиялық жүйелер функцияларының өзгерістері.

92. Бауырдың тосқаулдық қызметі. Бауырлық кома, патогенезі.

93. Сарғыштану, түрлері. Гемолиздік, бауырлық-жасушалық және механикалық сарғыштану кезіндегі билирубин алмасуының өзгерістері. Холемиялық және ахолиялық синдромдардың патогенезі.

94. Бауыр жеткіліксіздігі емдеунің патогенездік ұстанымдары.

95. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері.

96. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.

97. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары.

98. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

99. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі.

100. Бүйректің жіті жеткіліксіздігі, этиологиясы, патогенезі. Сатылары. Емдеу қағидалары.

101. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, этиологиясы, патогенезі, бүйрек қызметінің бұзылу деңгейі және диурез өзгеруі бойынша сатылары. Емдеу қағидалары.

102. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 3508. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия