Студопедия — Ситуациялық есептер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ситуациялық есептер






Есеп

Т. қаласында 600 төсекке есептелген орталық қалалық аурухананың құрлысы қарастырылып отыр. Қала әкімшілігі қаланың ішіне ауданы 5,1 га аумақ ұсынды. Ол учаскенің солтүстік жағы трамвай жолы өтетін, көлік көп жүретін магистралды жолмен шектеседі. Батыс жағында аурухана учаскесін 50 м қашықтықта 7-9 қабатты тұрғын үйлер тұр. Солтүстік – батысында 720 м қашықтықта машина жасау зауыты орналасқан. Шығысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыста учаске шегарасынан 100 м қашықтықта жаңа құрылыстар жүргізіліп жатыр. Учаске ойыс жерде орналасқан формасы тікбұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 1:4 тең, ұзын өсі солтүстікке қарай бағытталған.

Учаскенің топырағы сазды, грунт суының деңгейі жер бетінен 0,8 м тереңдікте. Топырақтың сапасы (СЭБ мәліметі бойынша) келесідей: санитарлық саны-0,64 ішек таяқшаларының титрі-0,01, гумус азоты -0,1. Учаске аумағындағы ауаның санитарлық жағдайы; СО –ң концентрациясы – 32 мг/м3, күкірт ангидриді-0,079 мг/ м3 , азот тотықтары-0,21 мг/ м3, күйе - 0,64 мг/ м3. Учаскедегі шу деңгейі күндіз-72 дБ, түнде-48 дБ

Аурухананың сумен қамтамасыз етілуі, оны қалалық су тасымалдау жүйесіне қосуды қарастырады. Телефон, электр жүйелері жүргізілмеген. Канализация қарастырылған.

Аурухананың ұсынылған жобасы, онда аурухананың барлық бөлімшелері орналасатын 1 биік қабатты ғимарат салуды қарастырады (аурухананың жалпы жоспарын қара).

Құрылыс ауданы учаске аумағының 18 % -н құрайды. Аурухана ғимараты құрылыстық қызыл сызығынан 40 м қашықтықта, ұзын осі бойынша учаскенің ұзын осіне бойынша учаскенің ұзын осіне параллелді орналасады. 1 қабатында қабылдау бөлімі, іріңді және таза хирургия бөлімдері орналасады, жоғарғы қабаттарында-реанимация, үлкендер мен балалар ға арналған саладағы терапия бөлімдері орналасады. Емхана, ас блогы және әкімшілік – шаруашылық бөлімі 1 қабатында және бірлі-жарым цокольдық қабатында, патологиялық-анатомиялық бөлімі ғимараттың жеке қанатындағы цоколдық қабатында орналасады.

Емханаға кіретін есікке қарсы жерден аурухана учаскесіне көлік кіретін 1 негізгі жол және патологиялық-анатомиялық бөлімнен шығатын есік орналасқан ғимараттың қанатына қарай кіретін, учаскенің бүйір жағынан 1 қосымша жол жобаланған. Шаруашылық зонасына және патанатомиялық бөлімге көлік кіретін жол біреу. Көгалдыру зонасы учаскенің 37 % - н құрайды және ол келесі түрде жоспарланған:

a. учаскенің 3 жақ шетінде ені 5 метр жеке ағаштар өсін тұрған қорғаныс зонасы түрінде, ал ғимараттың иаңдай беті жағында биіктігі 0,8 – 1,2 метр бұталар түрінде;

b. газондар, гүлдер өсіретін жерлер, сәндік бұталар, ағаштар тобы кіретін бау-саябақ түрінде жоспарланған. Ағаштарды аурухананың жеке үйлерінің терезесінен 5 м қашықтықта егу ұйғарылған.

Есеп

Н. қаласында 800 төсектік аурухана кешені салынған. Оның құрамына кіретіндері: емхана, терапия,хирургия, кардиология,физиотерапия бөлімдері орналасқан 6 қабатты бас емдеу корпусы; 3 қабатты балалар бөлімінің ғимараты, 2 қабатты перзентхана ғимараты, шаруашылық корпусының, патологиялық-анатомиялық корпусының және ас блогінің 1 қабатта ғимараттары.

Емхана бас корпуспен өтпе арқылы қосылған. Аурухананың жер учаскенің ауданы 10 га. Аурухана учаскесі қаланың шетінде орналасқан (аурухананың жағдайлық жоспарын қараңыз). Солтүстік- батыс жағында ол қала аралық көлік көп жүретін магистралмен шектеседі (15 м). Учаскенің оңтүстік және шығыс жақтарында 80-100 м. қашықтықта тұрған үйлер орналасқан. Солтүстік жағында 200м қашықьықта темір жол вокзалы тұр.

Учаскенің батыс жағы көгөріске жалғасады. Оңтүстік шығыс жағында 50м қашықтықта пепси-кола өндіретін зауыт орналасқан. Участок биіктеу жерде орналасқан, оңтүстік бағытқа еңістеу, оның ұзын осі оңтүстік – шығысқа бағытталған. Учаскенің пішіні тік бұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 2:3 қатынасын тең. Топрағы саздылау, құрғақ. Грунт суының деңгейі жер бетіне 2 метрден жақын емес. Учаскедегі топырақтық сапасы СЭБ-ң мәліметі бойынша келісідей. 1 кг. Топырақта гельминт жұмытрқаларының саны 7, санитарлық саны-0,88 коли-титрі-0,5,қорғанысының мөлшері-50 мг/кг.Учаскедегі шу деңгейі күндіз 74 дБ, түнде 44 дБ Учаскедегі ауаның санитарлық жағдайы: СО концентрация-26 мг/ м3; азот оксидтері – 0,28 мг/ м3; күкірт ангидридтері-0,32 мг/ м3; күйе-12 мг/ м3, қорғасын -0,001 мг/ м3.Аурухананың сумен қамтамасыз етілуі-қаланың су тасымалдау жүйесіне қосу қарастырылған. Бас емдеу корпусы учаскенің оңтүстік-шығыс жағында учаскенің ұзын осіне паралеллді, құрылыстың қызыл сызығынан 20 м қашықтықта орналасқан.Перзентхана учаскенің солтүстік-шығыс жағында бас емдеу корпусынан 30 м қашықтықта және құрылыстың қызыл сызығынан 30 м қашықтықта орналасқан. Оған паралель 20м қашықтықта учаскенің терең бөлігінде балалар бөлімінің ғимараты орналасқан. Жұқпалы аурулар бөлімі учаскенің терең солтүстік-батыс жағында құрылыстың қызыл сызығынан 20м қашықтықта,және басқа емдеу корпустарынан 30-50м қашықтықта орналасқан, басқа бөлімшелерден бұталар түрінде өсіп тұоған өсімдіктермен қоршалып бөлінген. Шаруашылық ауласы учаскенің оңтүстік-батыс жағында, құрылыстың қызыл сызығынан 5 м және жұқпалы аурулар бөлімінен 40 м қашықтықта орналасқан. Шаруашылық ауласы мен жұқпалы аурулар бөлімінің арасында, олардан 20м қашықтықта патологиялық-анатомиялық бөлім тұр. Құрылыс ауданы учаскенің 22% құрайды.

Учаскеде жұқпалы емес емдеу корпустарына көлік кіретін 1 негізгі жол және 3 қосымша жол (жұқпалы аурулар корпусына, шаруашылық алаңына,патанатомиялық корпусқа) бар. Көгалдандыру зонасы учаскенің жалпы ауданның 60 % құрайды.

Ол а. учаскенің шетінде жеке өсіп тұрған ағаштар түріндегі-көк қорғаныс зонасы;

б. газондар, гүл өсіп тұрған жерлер, сәндік бұталар және кіші-гірім ағаштар тобы кіретін 3 га жерді алып жатқан бау-сая бақ түрінде берілген.

 

Есеп

300 төсектік ауылдық учаскелік ауруханалық алып жатқан ауданы 4 га. Поселканың шетінде орналасқан (жағдайлық жоспарды қара).Учаскенің солтүстік және батыс жағында аурухана учаскесінің шекарасынан 5 м қашықтықта колхозшылардың усадбасы жалғасып жатыр, оңтүстігінде бау бар, шығысында 100м қашықтықта сүт фермасы орналасқан. Учаске тегіс жерде орналасқан,ұзын осі бойынша шығыс-батысқа бағытталған «Жел раушаны» бойынша жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан басым тұрады. Аурухана учаскенің пішіні төрт бұрышты ені мен ұзындығының ара қатынасы 1:2 қатынасына тең. Топырағы құмдылау-саздылау. Учаскедегі топырақтың сапасы: санитарлық саны-0,78; коли-титрі-0,04; 1 кг топырақта гельминт жұмыртқаларының саны-14. Ауаның сапасы;СО-2 мг/ м3, күкірт ангидриді-0,12 мг/ м3, азот тотықтары-0,095 мг/ м3, аммиак-5 мг/ м3.

Учаскеде (бас жоспарды қара) емхана, екі қабаттан бас емдеу корпусы, 1 қабатта балалар бөлімінің корпусы,2 қабатты ғимаратта, акушерлік-гинекологиялық бөлім, жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан. Аурухананның бас емдеу корпусы учаскенің оңтүстік шекарасынан 40м қашықтықта ұзын осі бойынша шығыстан батысқа қарай орналасқан, емхана учаскенің батыс жағында құлыстың қызыл сызығынан 5 м қашықтықта тұр. Балалар бөлімі мен акушерлік- гинекологиялық бөлім де учаскенің батыс жағында, оның шекарасынан 25м қашықтықта және олар бір-бірінен, емханадан 25м қашықтықта орналасқан. Емхана мен бас корпустың арасы 20м, бас корпуспен басқа емдеу корпустарының арасы 40-50м. Жұқпалы аурулар корпусы ұзын осі бойынша учаскенің солтүстік шекарасына параллельді құрылыстың қызыл сызығынан 15 м қашықтықта орналасқан, басқа корпустардан жаяу жүретін жолдармен бөлінген.Басқа емдеу корпустарынан ара қашықтығы 50 м –н кем емес. Шаруашылық ауласы мен патологиялық-анатомиялық бөлім бір-біріне параллельді орналасқан, құрылыстарының қысқы осі бойынша учаскенің шығыс шекарасына жанасып жатыр. Олардың арақашықтығы 10м. Патологиялық-анатомиялық корпустан бас корпусқа және жұқпалы аурулар корпусына дейін-30м, басқа корпустарға дейін 50-м-н кем емес. Шаруашылық ауласынан жұқпалы аурулар корпусына дейін-40м, бас корпусқа дейін-20м.

Учаскеге көлік кіретін 3 жол қарастырылған:

Біреуі-емханаға және емдеу корпустарына,екіншісі- жұқпалы аурулар бөліміне, үшіншісі- патологиялық-анатомиялық корпусқа және шаруашылық зонасына.

Құрылыс пайызы 18%, көгалдандыру зонасы 48%. Көкжелек зонасы учаскенің барлық жақ шетінде жеке өсіп тұрған ағаштар түрінде 2 м көк желек қорғаныс зонасынан,сондай-ақ,ауданы 0,6 га аурухана бауынан тұрады.

Есеп

600 төсекке есептелген орталық қалалық балалар ауруханасы 5-ға жерлі алып жатыр.

Аурухана квартал ішінде орналасқан (аурухананың жағдайлық жоспарын қара) Учаскенің шекарасынан 25 м қашықтықта солтүстік, батыс және оңтүстік жағында 8-9 қабатты тұрғанүйлер тұр, ал шығысында 35м қашықтықта көлік көп жүретін жол бар.Учаске биік жердің батысқа бағытталған беткейінде тұр. Топырағы сазды, ылғал, групт суы жердің бетіне жақын жатыр. СЭБ-ң мәліметі бойынша аурухана аумағындағы ауада СО-12мг/м3, күкірт ангидрд-0,06мг/м3, азот топырақтары -0,09 мг/м3 мөлшерде анықталады. Жиі канализация суы жердің бетіне тесіп шығып жатады.

Топырақ сапасының санитарлық көрсеткіштері: коли титрі-0,006, гельминт жұмыртқаларының саны-84, топрақтың санитарлық саны-0,79

Аурухана учаскесінің пішіні төрт бұрышты (генпланды қара).

Жер аумағында сәулеттік пішіні күрделі 4 қабатты емдеу корпусының ғимараты орналасқан.Ғимараттың әрбір қанатында және блогінде өз алдына учаскеге шығатын есік бар. Негізгі көлік кіретін жолға жақын блокта емхана және әкімшілік бөлмелері орналасқан, басқа блоктарда емдеу бөлімдері (терапия, хирургиялық, неврология) орналасқан. Аумақтағы бұрылыс пайызы-18%

Емдеу корпусының ғимаратынан 28м қашықтықта ас блогі, 50м қашықтықта бір жағында патанатомиялық корпус, екінші жағында шаруашылық ауласы орналасқан. Учаскенің ортасында ЛФК және гемотерапия алаңы бар. Көгалдандыру зонасы учаскенің 54 % алып жатыр және олар келесі түрде берілген:

а. учаскенің шетінде ені 15м өсіп тұрған ағаштар және бұталар түріндегі қорғаныс зонасы түрінде;

б. ауданы 1,2 га аурухана бауы,және олар әрбір бөлімшенің маңайында белгілі бір блоктың тікелей жанында участоктар бар. Аурухана учаскенің емдеу корпустарына,

1 негізгі көлік кіретін жол және ас блогына 1 көлік кіретін жол ескерілген.

Тақырып №8. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын гигиеналық бағалау. Өндрістік шаң, шу, дірілдің гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. -4 сағат.

Сабақтың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен физикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен және оларды бағалау әдістері жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Өндірістегі шаң, шу діріл шығаратын негізгі көздер мен олардың жұмысшыларға әсерінің сипаты туралы түсінік беру, осы факторлардың қауіптілік деңгейін бағалауды үйрету және жұмыс істеушілерге қолайсыз әсер етуінің алдын алу бойынша шараларды дайындау жөніндегі білімін қалыптастыру.

Міндеттері:

· Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын зерттеу және бағалау әдістері жөніндегі білімді қалыптастыру;

· Балалар мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін, күн тәртібін ұйымдастырудың гигиеналық қағидаларын және оған қойылатын талаптар жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

· Мектепке дейінгі және мектеп мекемелердегі тәрбиелеу және оқыту жағдайын медициналық бақылаудың негізгі аспектілері жөніндегі білімдерін қалыптастыру

· Антропометрлік зерттеулер жүргізу жөніндегі білімді қалыптастыру

· Дені сау балалар мен жасөспірімдер тобын анықтау жөніндегі білімді қалыптастыру

· Оқушының күн тәртібін бағалау жөніндегі білімдерін қалыптастыру

· Өндірістегі шаңның жіктелуін; өндірістегі шаңның негізгі шығатын көздері жөніндегі білімін қалыптастыру;

· фиброгенді әсер ететін, шаңнан болатын ауруларды, олардың дамуына әкелетін өндірістер мен мамандықтар жөніндегі білімін қалыптастыру;

· ағзаға шаңның басқа түрлерінен: жалпы токсикалық, тітіркендіргіш, канцерогендік және мутагендік әсер етуден пайда болған аурулар жөніндегі білімін қалыптастыру;

· басым түрде фиброгенді әсер ететін және шаңның басқа түрлері әсер ететін шаңдарды нормалау қағидалары жөніндегі дағдыларды қалыптастыру;

· өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу шаралары жөніндегі дағдыларды қалыптастыру;

· шу мен дірілдің ағзаға әсерін; шу мен дірілдің әсері кезіндегі ағзаның функционалдық жағдайын зерттеу әдістері бойынша білімді қалыптастыру;

· жұмыс істеушілерге шу мен вибрацияның қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шараларды;

· нормативтік құжаттарды пайдаланып шу мен дірілге гигиеналық баға беру бойынша білімді қалыптастыру;

· функционалдық зерттеу мәліметтері бойынша шу мен дірілдің әсеріне ағзаның реакциясын бағалау бойынша дағдыны қалыптастыру;

· ҚР ДМ №243 бұйрығына сәйкес шу және діріл кәсіптерінде жұмыс істейтіндердің алдын ала және медиицналық тексерулерін ұйымдастыру бойынша дағдыны қалыптастыру;

· шаңның, шу мен дірілдің деңгейін төмендету және олардың жұмысшылар ағзасына қолайсыз әсерін азайту үшін сауықтыру шараларын ұсыну бойынша дағдыны қалыптастыру;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Денсаулық» критерийлері көрсеткіші түсініктері

2. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы: зерттеу әдістері және бағалау

3. Денсаулық топтарына қарай балаларды бөлу

4. Балалардың күн тәртібінің гигиеналық негіздері

5. Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптармен танысу

6. Өндірістік шаң: көздері, жіктелуі, ағзаға әсері.

7. Ағзаға өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шаралар.

8. Жұмыс аймағындағы шаңды және оның дисперстілігін анықтау әдістері.

9. Шу және дірілдің көздері, физикалық параметрлері және олардың гигиеналық маңызы.

10. Ағзаға шу мен дірілдің әсері.

11. Адам ағзасына шу мен дірілдің әсерін бағалау әдістері.

12. Шу және діріл ауруларының алдын алу жөніндегі шаралар.

Оқыту мен сабақ беру әдістері:кіші топта жұмыс істеу, жағдайлық есептерді шешу, пікірталас.Аспаптармен жұмыс істеу.

Әдебиеттер:

Негізгі:

Гигиена / Под ред акад. РАМН Г.И.Румянцева. – М.:ГЭОТАР, Медицина,2000. – 360-393 б.

Пивоваров Ю.П.,Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д: «Феникс», 2004.-402-424 б.

Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека., 3-е изд.- М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – 154-194 б.

Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене. -М.:Изд-во Унив. Дружбы народов,1991.- 107-115

Қосымша:

Анамбаева А.Н. Гигиена лечебно-профилактических организаций. /Учебное пособие. – Алматы, 2003.- 5-18б.

Минх А.А. Общая гигиена.- М.: Медицина, 1984. - 198-201б.

Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. - М.: Медицина, 1983.- 59-64б.

Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена.- М.: Медицина, 1985.- 230-245б

Санитарные правила и нормы РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от

24.06 2002 г.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2713. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия