Пәннің аты - Теоретикалық және қолданбалы саясаттануКурс 2, қ/б, күзгі семестр, кредит саны-2
Дәріскер:Садибеков Ермек Өміржанұлы, саясаттану магистрі, аға оқытушы ұялы телефон: 87072620777, e-mail: [email protected] Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар): Садибеков Ермек Өміржанұлы
Пәннің мақсаттары мен міндеттері: Мақсаты: қоғамның саяси өмірі, процестер мен құбылыстар, саясат туралы студенттер қауымының дүниетанымын, азаматтың демократиялық мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері: - саяси құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіну, әлемде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беру қабілетін қалыптастыру; - болашақ маманның саяси өмірге еркін араласуын, өзіндік саяси тұғыры болуын қамтамасыз ету және оның азаматтық белсенділігі мен қоғамдық саяси қызметке қабілетін қалыптастыру; - студенттің жоғары саяси азаматтық парызы, жоғары деңгейдегі саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): § Жалпы құзырлықтар: - құралдық: Саясаттану білімінің концепцияларын, теорияларын, ғылыми идеяларын, категориалды аппараттарды түсініп пайлана алуға икемі болуы керек. Уақытты рационалды жоспарлап басқару және ғылыми негізде өзінің еңбегін ұйымдастыра білуі; стандартты жағдайларда дәстүрлі амалдар мен әдістерді пайдалана отырып саясаттанудың ақпараттық кеңістігін талдау қабілеті мен сыни баға бере алуы; үлгі, трафарет, ұсынылған алгоритм бойынша міндеттерді шешу үшін игерілген саясаттанулық білімді пайдалану және бейімделуді ұғыну. - тұлғааралық: Өзіне жауапкершілікті ала білуі; жетістікке ұмтылуы; лидерлік қасиетті дамыту; әртүрлі пікірлер негізінде өзіндік шешім қабылдай білуі; креативті ойлана білуі; физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамытуы, эмоционалды өзіндік реттеу мен өзіндік көмек амалдарын игеру; ауыспалы жағдайға бейімделе білуі. Сыни сараптау қабілеті мен өзіндік сараптама жасай білуі; әртүрлі пікірлер негізінде шешім қабылдай білуі; топта жұмыс жасай білуі; басқа саланың сарапшыларымен қатынас жасай алу қабілеті; мәдени әралуандық пен әралуандықты қабылдай білуі; толеранттылық; халықаралық контексте жұмыс жасай білуі. - жүйелік: Концептуалды тұтастыққа, ақпараттық толықтыққа байланысты логикалық байланыстағы концептуалды ұйымдасқан саясаттанулық білімді жекеленген кванттардың жүйесі ретінде көрсете білу; жаңа ақпаратты контекстей білуі және оны талқылай алу; саяси даму процестерді Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік-экономиалық, тарихи жағдайлармен және ҚР конституциялық-құқықтық негіздермен байланыстыра білуі. Оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-теориялық қызметте пайдалану мақсатында пәнаралық білімдерді концептуалдау мен жобалай білу; кәсіби қызмет саласында пайда болатын міндеттерді, қазіргі әлемдік ғылымның және қоғамдық өмір негізінде шеше білу; саяси процестер мен қатынастара орай ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын жоспарлап жасай білу. - пәндік: Игерілген білімді логикалық негізде жеткізе білу; қазіргі саяси ғылымның әдістерін білу және оларды саясаттанулық зерттеулерде қолдану; қазіргі динамикалық өзгерістегі өмірде саяси мәселелерді шешуде шығармашылық жолдарды пайдалану; стандарттық емес жағдайларда саясаттанулық білімдерді пайдалана білу. Әртүрлі ақпарат көздерінен алынған саясаттанулық білімдерді игеру негізінде, өзіндік танымдық қызметтер атқара білу; саяси сауаттылық яғни, саясаттанудың әлемдегі рөлін түсіну, жақсы негізделген саяси сөз сөйлеу; саяси шынайылықта болатын мәселелерді тани білу; қазіргі саяси ғылымның теоретикалық базасына негізделген зерттеу болжаулары мен моделдерін қалыптастыра білу.
Пререквизиттері:Қазақстан тарихы, Құқықтану. Постреквизиттері:. Саясаттану көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланыстың екі жақтылық сипаты бар екені ескеріледі. Бір жағынан саясаттану ғылымы экономика, әлеуметтану, құқықтану, мәдениеттану, дінтану, мораль, психология ғылымдарымен байланысты. Курстың құрылымы мен мазмұны
Әдебиеттер тізімі: Негізгі: 1. Байділдинов Л.Ә. Теориялық саясаттану. А., 2005. 2. Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. А., 2005. 3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 4. Әбсаттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.
Қосымша:
|