Студопедия — Сафуан Шәймерденов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сафуан Шәймерденов






(1922-2007)

Сафуан Шәймерденов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Амангелді ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң өз ауылындағы мектепте сабақ беріп, одан соң әскер қатарында қызмет еткен. 1942 жылдан аудандық комсомол комитетінде, одан кейін облыстық газет редакциясында жұмыс істейді. 1945-1950 жылдарда Қазақтың Мемлекеттік университетінде оқыған. Содан кейін «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болып кетіп, сол сапарынан «Болашаққа жол» атты роман жазып оралады. 1952 жылы «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналының бөлім бастығы қызметіне кіріседі. Біраз уақыт Жазушылар одағының проза секциясының меңгерушісі болып істейді. Одан кейінгі жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары (1955-1958), Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1958-1960), Қазақ ССР Мәдениет министрлігі репертуарлық коллегиясының бастығы (1970-1975) қызметтерін атқарады.

Сафуанның тұңғыш романы – «Болашаққа жол». Роман оның жазушылық мүмкіндігін, әдебиетке өзіндік жолмен келгенін байқатты. Соғыстың артынша одақтық әдебиетте студенттер өміріне арналған тұңғыш шығармалар туа бастаған еді. Г.И.Коноваловтың «Университет», В.А.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», сәл кейінірек туған Ю.Трифоновтың «Студенттер» романдары жастардың қолынан түспейтін шығармалар болатын. Бұған студенттердің өміріне арналған кітаптардың бұрын болмағаны, өз замандастарының сырын білуге студенттік құмарлық та себеп болған шығар. Осындай одақтық ізденістердің жалғасы боп туған қазақ жазушысының романы жастарды қатты сүйсіндірді де, «Болашақ жолын» жұрт қызығып оқыды.

Сонымен бірге роман авторының жазушылық мол болашағын, шығармашылық ізденістерінің аңғарын танытты. Ол шығарманың тақырыбын саудаламай, өзінің жазушылық концепциясының айқындылығын – адамды тануға, адамдық қарым-қатынастарды, қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын зерттеуге ұмтылды. Роман жас адамның қалыптасу жолын, студенттер коллективі ортасындағы өмірін суреттеуге арналады. Шығарманың бас кейіпкері Мәулен – соғыс жолын өтіп келген солдат, ендігі өмірінде білім, өнер ізденуге ұмтылады. Жазушы оны студенттердің тынымсыз тіршілігіне араластырып, өмір елегінен өткізеді. Осы жолда Мәулен жақсы-жаман адамдарды көреді, ғылыми айтыс-таластарға қатысады. Ең бастысы – ол осы ортадан өзіне, өміріне азық болар жақсы нәр табады. Мәуленнің Инешпен кездесуі де өзінше өмір мектебі болады, сырты жылтыраған қала қыздарының табиғатын түсінуіне көмектеседі.

Инеш бейнесі – Сафуанның адам характерін таңдаудағы елеулі табысы. Жазушы ол арқылы табиғатында зейінді, қабілетті, бірақ көп ортасынан жырақтау, оңаша тәрбие алған, эгоистеу қала қызының бейнесін жасады. Өмірге, қоғамдық ортаға, адамдарға деген екі түрлі көзқарас Мәулен мен Инештің келісе алмауына соғады да, тек құлқынын ойлаған Инеш Белгіғұлов сияқты оқытушысына көз салады. Қайнаған өмірден тыс жүру, студенттер қауымына қосылмау, ақыры университет бітірген соң, ауылға қызметке барғысы келмеуі – оның бойындағы теріс тәрбиеден жұққан ақау екеніне назар аударасың. Жазушы да осыған нұсқай отырып, ұжым мен жеке адамның ара қатынасының адамның болашағы үшін маңызына үңіледі.

Адам тану жолындағы осы бір жақсы бастама Сафуанның кейінгі шығармаларында тереңдей түсті. Ол адам бойынан жақсы азаматтық белгілерді, әсем сезімді, сыршыл мінезді, гуманистік көңіл күйін іздейді. Осыған қайшы келетін ұғым-түсініктерді ашады. Сөйтіп, дүниенің қайшылықты сипатын образдарға сыйғызады. Сол жайлы пікірлер қозғайды, философиялық, психологиялық толғаныстарға барады.

Осындай бір жақсы ізденістің нышаны «Мезгіл» повесінен (1963) танылады. Онда суреттелетін өгей ана мен Мезгілдің арасындағы бауырмал, сыйластықты қарым-қатынастар жалпы адамға тән игі сипаттарды бейнелейді. Мезгіл әңгімесі арқылы берілетін ұзақ сырда оның өмір тануы мен адамгершілік жолындағы тәрбиесінде ананың атқарған рөлі әдемі көрініс табады. Адамның көңіл күйіне, ішкі сырына үңілу, сезім сұлулығы, әсемдік – бәрі де бас кейіпкердің характеріне тән белгілер. Жазушы ана мен баланың ара қатынасын дәуірдің қат-қабат тартысында қалыптастырады. Аз айтылса да, повесте дәуір шындығы шынайы суреттеледі.

Бұдан кейінгі дәуірде де Сафуан көп шығармалар жазды. Олардың бастылары – «Қарғаш» (1965), «Жыл құсы» (1969), «Өмір нұры» (1970), «Ашу» (1975), «Мәжнүн тал» (1978), т.б. повестері. Бұлар жазушының негізінен повесть жанрында тұрақтағанын, онда өнімді еңбек еткенін байқатады. 60-70 жылдар ішінде қазақ повесінің жанрлық баюына, тақырыптық тереңдеуіне, оның лириктік сипатының артуына Сафуанның қосқан елеулі үлесі зор. Осы дәуірде ол заман, адам сырын тез ұғар сергектігімен, жазушылық өнерге деген биік талғамымен, өмір құбылыстары туралы ойшыл толғанысымен үлкен суреткер болып қалыптасты. Оның шығармасының қай-қайсысын алсаң да, мұны жақсы танисың.

Әсемдікті тану, бағалау, қадірлеу, сезім сұлулығын ардақтау – «Қарғаш» повесінің (әуелде «Алғашқы махаббат» деген атпен басылған) негізгі тақырыбы. Сапар мен Қарғаштың сәтсіз аяқталған сүйіспеншілігін суреттей отырып, автор алғашқы жастық сезімнің шынайы мөлдірлігін паш етеді. Сезім сыршылдығын, адам сүйгіш көңілдің тазалығын, ар-абыройын бағудың жолын жазушы үлкен азаматтық идеалға айналдырады.

Немесе оның «Өмір нұры», «Селдің екпіні» атты повестерін алыңыз. Мұнда да адамның рухани байлығы, өмірдің нұрлылығы кішіпейілділікте, қанағатшылықта, адам сүйгіш кең көңілде екені танылады.

Адам бойындағы осындай игі мінездерді бейнелейтін, соны мұрат тұтатын жазушы шығармаларында өмір шындығын жұтаңдатпайды, терең тартыста бейнелейді. Ұнамды тип сол тартыс үстінде өседі. Өз бойындағы жақсы мінез-құлықты, адамгершілік биік сапаны, сыршыл сезімді ту етіп көтеріп шығады. Адамгершілікпен күреске түскен қоғам, адамзат мүддесіне қиғаш көзқарастар да образдар арқылы ашылады. Жазушы оларды да әлсіретпей, характер дәрежесіне көтереді. Ұнамды, ұнамсыз типтердің даралығы мен нанымдылығы екеуінің ортасындағы тартыстың да шынайылығын көрсетеді. «Инештегі» Инеш пен оның қармағына іліккен Белгіғұловтар, «Мезгілдегі» белсенді Жүсіп пен тышқан көз Садыр, «Қарғаштағы» аңғал қыздың адал сезімін өз құлқынына құрбан еткен Мелдес, «Өмір нұрындағы» дүниеқұмар Шәмшігүл, «Ашу» повесіндегі ферма бастығы Қарғабек, тағы басқалар – жазушы өзіне мұрат тұтқан идеалдың дұшпандары. Сафуан оларды да жақсы таниды. Олардың қылықтарын оқырман талқысына салады.

Адам бойындағы адал, кісіге сенгіш достық көңіл күйі мен соның бәрін тек өз құлқыны үшін құрбан етуге дайын типтерді бейнелеуде жазушының «Ашу» атты повесінің елеулі маңызы бар. Мұндағы екі жақты қарым-қатынастың шиеленісуіне Лезбай қойшының иті Марғау себепкер болады. Жазушы қойшы отбасындағы қайшылықты тартыстарды Марғаудың көзқарасы, сезімі, психологиялық күйзелістері, ашуы арқылы шебер бейнелейді. Адамдық қарым-қатынастарды ашудың жолы әдебиетте түрлі болатыны белгілі. Бұл – әдебиет тарихына жат құбылыс емес. Сафуанның Марғауы осы ретте қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орын алатыны даусыз. Ол біздің әдебиетімізде көркемдік ізденістің әр салада өрбіп келе жатқанының куәсі.

Туған даланың әсем көріністерін адам сезімімен, ұғым-талғамымен терең байланыста суреттеу «Мәжнүн тал» повесінде орын алған. Суретші Бағлан өзінің творчествалық шабытын табиғат сұлулығынан, ойлы, әсем, сезімтал Әспеттің бейнесінен іздейді. Сөйтіп, бұл құбылыстар суретшіні өнерге қанағаттандырған өмір сұлулығының романтикалық көрінісіне айналады.

Сафуанның творчествалық жолында бұл аталған шығармалардан тақырыбы оқшауырақ бір повесть бар. Ол – «Жыл құсы». Бұл повесть жайында кезінде әр түрлі пікірлер болды. Шығарма негізінен ұнамды бағаланып, кәсіподақ Орталық Советінің жұмысшы тақырыбына арналған жүлдесін алды. Повестің бағалы жағының өзі оның жұмысшы тақырыбын көтеруінде ғана емес, адам характерінің нақтылықпен күшті жасалуында. Қазақ ауылындағы феодалдық-патриархалдық тіршіліктің тозып, ыдырауы, өндірістік қарым-қатынастардың кіре бастауы кезіндегі өмір танудың қайшылықты сипаттары мұнда Битабар бейнесінде жинақталған. Өз дәуірінің перзенті Битабар ескінің тозуына көнсе де, жаңа, өндіріс ортасының өз ұғымына жат шындығына көндіге алмайды. Кең далада еркін өскен, күші мен қолына сенген қазақ ешкімге пенде болуды қаламайды. Өз ортасынан жұққан олпы-солпы, дөрекі, бірбеткейлігін сақтайды. Сондықтан да жазушы балуанның күрестеріне емес, оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына көбірек назар аударады. Ескі феодалдық ортада туып-өсіп, жаңалықты еш дайындықсыз қабылдаған адамның қайшылықты тағдыры, психологиялық жай-күйі повесте терең суреттелген.

80 жылдардың соңына қарай Сафуан «Ағалардың алақаны» деген кітап жариялады. Бұл кітап Сафуанды жаңа бір қырынан танытып, оның ізденісінің кең өрісін байқатты. Мұндағы повестер мен әңгімелер, эсселер түгелдей жазушы өзі басынан кешкен, куә болған жағдайларды әдеби қорыту, жинақтау негізінде жазылған. Оның бәрінің негізінде бұлтармас шынайы шындық жатыр. Біраз өмір кешкен, жақсы-жаманды көрген жазушы сол күндердің кейінгіге қалдырар сабағы, үлгісі, өнегесі жайлы ойланады. Бұл –автордың жаңаша ізденуінің айғағы.

Онда өмірде болған адамдар бойында кездескен жеке бір уақиғалар, эпизодтар нақты дерек, естелік арқылы беріледі, жазушы детальды ойната біледі. Мұндайда ол көбінесе есімі елге таныс өнер адамдарының ісіне, өнегесіне жүгінеді. Үкілі Ыбырай, Ақан сері, әдебиетіміздің өзіміз көрген ағалары Мұхтар мен Сәбиттің, Ғабит пен Ғабиденнің, Бауыржан мен Ілиястың (Омаров), Мұқан (Иманжанов) мен Шәкеннің (Айманов), тағы басқалардың өміріне қатысты жалпы жұртқа мәлім емес фактілерді, шағын новелла, эссе, этюд сюжетіне айналдырады.

Сафуанның драмалық шығармалары («Қайдасың, Зарина», «Қыр гүлі», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Дөкей келе жатыр» т.б.), сын мақалалары («Әдеби толқындар»), аудармалары (Р.Тагордың «Күйреу», «Гәуірмақан» романдары, Л.Толстойдың әңгіме-повестері, т.б.) да одан қалған әдеби мұраны толықтыра түседі.

Мұның бәрі Сафуан Шаймерденовтің творчестволық жолы табысты өткенін көрсетеді. Оның кітаптары заманы мен замандастарын танып ашуға арналды. Адам мұратын көбінесе ол сыршылдық пен сезім иірімдерін суреттеу арқылы бейнеледі. Сондықтан да оның еңбектері адам туралы толғаныс, адам жайындағы жыр болып елестейді.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1877. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия