Студопедия — Сағынғали Сейітов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сағынғали Сейітов






(1917-2007)

Сағынғали Сейітов 1917 жылы 20-қаршада қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Өлеңті деген жерде туған. 1937 жылы Орал су транспорты рабфагын, 1941 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдап, 1941-1947 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери қызметте болды.

Ол Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталған.

1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған ол соғысқа бастан-аяқ қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары ұзақ жылдар Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып істеді. Осы институт қабырғасында жүріп «Қырық жылда» (1974), «Әдебиеттер достығы» (1965), «Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі» (1966), «Тоғысқан толқындар» (1974), «Туысқандық туғызған» (1979), «Өлең өлкесінде» (1984), «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі» атты монографиялары мен зерттеулері арқылы ұлттық әдебиеттану ғылымына қыруар үлес қосты.

Тырнақалдысы 1936 жылы Орал облыстық газетінде жарияланған, 1951 жылы «Большевиктер» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Әр жылдары шыққан «Жолдас жүректен» «1953), «Ортақ ой» (1956), «Бетпе-бет (1959), «Өрден өрге» (1963), «Жаңғырық» (таңдамалы, 1967), «Жолдас уақыт» (таңдамалы, 1977), «Сәулет» (1988), «Серпер» (1994), «Сеңгір» (1997), «Самғау» (2001), «Майдангер көзімен» (2005) атты жыр жинақтарымен қазақ поэзиясының қоржынын толықтырды.

Қазан төңкерісімен қатар туған ақын алғашқы «Таң атқанда туыппын» өлеңінде «Мен туыппын ағарып таң атқанда, шартарапқа шапағын таратқанда» деп, ел өміріне келген жаңалықты «Сен ғана», «Үлкен үйім, ұлы ордам» атты өлеңдерінде «Ұлы Отаным, ұрандап, Құлпырасың сен ғана» деп шаттана жырға қосты.

Лирикалық кейіпкердің жетіншіні бітірген соң, Текеге білім іздеп шыққан сәтін «Оқу іздеп» өлеңінен көреміз. Қара нарға үйме-жүйме мінгескен жетіншіні тамамдаған балалардың алдынан «Шам жағылған сияқтанды алдымнан, Шақырғандай оқу-білім ордасы» деп, бейнелеген ақын алғашқы өлеңдерін оқиғаға құра білді. Сөйтіп ол алғашында Рабфактан, кейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтынан білім алды. Білім нәрімен сусындап «Ұланымын ұлы Отанның» деп шат-шадыман өмір кешіп жүрген лирикалық кейіпкер 1941 жылы Кеңес Одағына фашистік басқыншылар тұтқиылдан шабуыл жасағанда, Отанын жаудан қорғау үшін замандастары секілді қан майданға аттанды.

Ұлы Отан соғысының басынан-аяғына дейін майдан шебінде болған ақын шығармаларының дені қырқыншы жылдың қанды оқиғаларына құрылған. «Қырық бірдің жаңбыры Қан аралас құйып тұр. Талауратып таң нұры, Қанатын оқ қиып тұр» деп, табиғатты өмірмен тұтас бірлікте қараған ақынның бірсыпыра өлеңдері қазақ батырлары мен майдандас жолдастарына арналған. Олардың қатарын Бауыржан Момышұлы туралы «Тұлғаңа тозаң жолатпан», Абдолла Жұмағалиев туралы «Сөнбейді жалын лаулаған», «Сапер», «Ловать», «Түйелі қазақ», «Қолбасшының ескерткіші», «Қысылшаңда», «Олжадай өрт ішінен алып қайттым», «Танк», «Белоруссия», «Бауырластар бейітінде», «Қыз ажалы», «Байланысшы», «Барлаушы», «Окопта», «Шегінбе», «Майдан блокнотынан», «Соғыстың соқтықпалы соқпағымен», т.б. өлеңдері толықтырады. «Қырық бірдің жауынында» тұтқиылдан шабуыл жасаған басқыншылардың қанішерлігінен табиғат ананың өзі зар еңіреп тұрғанын көрсек, «Варшава» өлеңімен ақын ұзаққа созылған соғыстың жеңіспен аяқталғанын мақтан етеді. Қызы тұтқындалып кеткен ананың «Алдыңнан кездескенің өлім болсын!» дейтін қарғысы барша дұшпанға қаратыла айтылғаны анық.

Ұзаққа созылып, елді есеңгіреткен соғыс Жеңіспен аяқталды. Бұл Кеңестер Одағының сол кездегі қуатын танытты. Соғыстан кейінгі жылдары лирикалық кейіпкер қандыкөйлек жолдастарымен үзбей хат алысып тұрғандықтан, достарының сәлемдерін сағынғанда, Минск, Мәскеу, Бішкек, Баку, Тәшкеннен асыға хат күтетін.

Әскери журналистиканың «шинелінен» шыққан ол Ұлы Жеңістің 25 жылдығына орай «Сөз сұрайды солдаттар» атты кітабын ұсынды. Автор сұрапыл соғыстың ішінде жүріп, майдан газеттеріне жазған мақалаларын өңдеп, толықтырып туған елді жаудан қорғаған майдангер достарының ерлігін қайта жаңғыртты. Ұрыс даласында, қанды майданда жүрген шақта қойын дәптеріне түскен бұл жазбалар өскелең ұрпақты отаншылдыққа, өмірге деген шексіз сүйіспеншілікке баулуға көп септігін тигізері даусыз.

Жинақтың беташары «Мәңгі өшпейтін даңқ атты» очеркпен ашылған. Автор Белоруссияның Могилев деген жерінде келе жатып, жер атауы туралы «Арыстан бейіті» (Могила льва) деген аңызды тірілтеді. Батырдың бейітімен аталған жерде Ұлы Отан соғысы тұсында елді жаудан қорғау жолында жан қиған Сүндетқали Есқалиевті еске алады. Батыс Қазақстанның Шыңғырлау ауданындағы «Красный луч» колхозындағы сүйген қызына жазған хаты мен оның өмірі туралы нақты деректер шығарманың шынайылығын арттыра түскен.

«Ер жігіт соғысқа кіргенде, өлемін деп кірмейді, жеңемін деп кіреді ғой» дейтін батырдың пулеметті кеудесімен тұншықтыруы оның Отанға деген құрметін, сүйген жарға деген махаббатын аша түссе, ол туралы нақты деректер шығарманың деректілігіне қызмет етеді. Себебі, Белорус майданында ерлікпен қаза тапқан батыр туралы деректер дұрыс берілмеген болатын. Оның туған жері, қызмет атқарған ротасы, «Жеңіс туы» газетінің 1945 жылғы 18-қазандағы санындағы «Есқалиев кеудемен Пулеметін дұшпанның Жауып, үнін өшірді» деген сипаттамасы Сүндетқали Есқалиевтің өмір жолын толықтырар деректер.

«Адасқан аруда» жауынгерлердің Германияда арнаулы мектеп бітіріп шыққан әккі неміс шпиондарын қолға түсіру кезіндегі қырағылығы ашылған. «Қанатты қыз» Қырым жағалауын, Севастопольді азат ету ұрыстарына қатысып, 300 рет жауды бомбалаған Хиуаз Доспанованың ерлігіне арналған. Екі аяғына бірдей жараланған ұшқыштың соңғы 100 ұшу сапары оңай болмағанын автор нақты деректер арқылы көрсеткен. Еліміз егемендік алғаннан кейін, Отанды жаудан қорғауда ерен ерлік көрсеткен ұшқыш қызға «Халық қаһарманы» атағы берілгені белгілі.

«Патрон тасушы», «Жер үйдегі ән», «Қара торғай», «Оң бүйірден атылған оқ», «Батарея командирі», «Польша жерінде», «Қаһармен десе – қаһарман», «Жеңіс жұмысшысы», «Үш батыр», «Көреген», «Жекпе-жек», «Ормандағы шайқас», «Эскадрон көзі», «Балтық төсі», «Арбасу», «Жол аузы», «Сұңқарлар самғағанда», «Мергеннің мылтығы», «Бұл қайдағы ит?», барлығы да майдан өмірінен алынған шынайы да шымыр оқиғалар. Кітаптың алғысөзінде автордың «Өз кітабымда мен майданда болған оқиғаларды өзгертпестен, өңдеместен, сол қалпында айтып бердім. Жанымнан ештеңе қоспадым. Ештеңені әсірелемедім, боямадым» дегенінен шығарма арқау болған оқиғалардың майдан даласының жанды суреті екендігін аңғаруға болады.

Алғашында майдан газеттеріне очерк, публицистикалық мақала түрінде жазылған оқиғалардың бәрі де кейін ақын поэзиясындағы сюжетті өлеңдерге арқау болды. Оның оқиғаға құрылған Әли Сәрсенбаев туралы «Көзді ашып-жұмғанша», Хиуаз Доспанова туралы «Оқыс оқиға», «Ломжада болған оқиға», т.б. оқиғаға құрылған өлеңдері – қазақ поэзиясындағы балладаның жақсы үлгісі. Осылайша ақын таныс, бейтаныс кейіпкерлерінің бейнесін проза, поэзия жанрында қатар суреттеді. «Баяғыда оралсам да майданнан, От ішінде жүргендеймін әлі де» дейтін майдангер ақын 2005 жылы ұсынған «Майдангер көзімен» атты жинағында да майдандас достары мен соғыс даласына қайта-қайта оралып, «Мен сендерді іздеймін қаруластар» деп оларға деген сағынышын жыр жолдарына сыйғызып отырады.

Автор Қазақстанның түпкір-түпкірінен барған өрімдей жас жігіттердің Отан қорғау жолындағы ерліктерін олардың іс-әрекеттерімен көрсету арқылы қазақ халықының жауынгер халық екендігін нанымды түрде шынайы бейнеледі. Соғысқа дейін әр түрлі кәсіп иесі болған оның кейіпкерлері – ел басына ауыр күн туған сын сағатта қара басының күйін күйттемей, басын ер өлімге тіге білген жанкешті жандар.

Туған жер кез-келген ақын-жазушы шығармаларының негізгі лейтмотиві болса, Сағынғали ақын да кіндік қаны тамған жерін ғана емес, байтақ қазақ елін мақтан етеді. Қазақ жеріне қонған бақ-береке мен құт-ырысты жеріне жеткізе жырлады. Оның тыныштықты тұнбаға теңеуінен жаңа образ жасау жолындағы ізденісі анық байқалады.

«Діліме де, Дініме де бекеммін» дейтін ол «Жан біткенді, Жат көрмеймін жатырқап, Іңкәрлік пен Ілтипатқа бөлеймін», «Сүйене бер Шаршасаң иығыма, Тәкаппарлық Бітпеген пешенеме» дейтін жаны таза ақын. Сондықтан да оқырманына «Жекпе-жекте жығылсаң жылай көрме» дей отырып, «Керегі не?» өлеңінде дүниенің тұтқасын ұстағандай болып жүретін даукестерге «Керегі не дау жоғында дау іздеп? Керегі не жау жоғында жау іздеп?» деп ақыл-кеңес береді. Оқырманына «ашу – дұспан, ақыл – дос» екендігін естеріне салып, оларды бірлікке шақырады..

Сонымен бірге ол қазақ поэзиясындағы арнау өлеңдердің қатарын толықтырды. Оның туған-туыс, аға-бауыр, дос-жолдас, ұстаздарына арнауларының ішінен әке мен анаға арнаған «Әке», «Ана» атты арнауларының орны ерекше.

«Сүйдім сені», «Мың шүкірлік», «Қамқорың боп», «Сені біреу ғайбаттаса нанбаспын», «Қаққан емес ешкім менің бетімнен» атты жырлары қазақ поэзиясындағы махаббат лирикасының жақсы үлгілері.

Ол да өз замандастары секілді замана жырын жырлады. Әлем дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы да ақын шығармаларынан орын алды. «Желтоқсанның желі неткен ызғарлы» өлеңінде «Желтоқсанның сұсы неткен ызбарлы! Жүрегімде жақпар-жақпар сыз қалды. Ей, дүние-ай, есіркеймін елжіреп, Жазығы жоқ жігіттер мен қыздарды», - деп күйзеледі.

ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерінің біріне айналған ана тілінің мүшкіл халі ХХ ғасырдың да ауыр дертінің бірі болғаны баршаға аян. Ана тілінің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап шарқ ұрған қазақ зиялылары қазақ тілінің мерейін өсіру жолында қолдарынан келгендерін істеп бақты. Сондықтан да қазақ ақындардың шығармаларынан ана тілі мәселесінің орын алуы орынды. Өз заманының өзекті мәселесіне Сағынғали ақын да бей-жай қарай алмады. Сондықтан да ол «Қазақ тілі! Ол – менің ана тілім! Шафқат, ләззат – Сөйлесем – табатыным» немесе «Қазақ тілі! Қыдырым! Ана тілім!» деп ана тіліне деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Ақынның бірсыпыра өлеңдері жасы ұлғайған шағында жазылғандықтан, өмірден көргендері мен түйгендері туралы сыр шертеді. Сондықтан да олардың басым көпшілігінде өсиет басым. Ол уақыт туралы «Мезгілмен ойнау – Өзіңмен өзің ойнауың» десе, ел ішіндегі ата-атаға бөліну жөнінде «Бөлінгенді бөрі алады деседі, Жарылғанды жау алады деседі» дейді.

«Сен мені іздейсің бе, оқырманым?» дейтін ақынның қаламынан туған жыр жолдары қазақ поэзиясының алтын қорын байытты. Себебі, ол – қазақ поэзиясына жаңа мазмұнмен байытқан ақын. Қанды көйлек майдандас достары туралы жазылған жыр жолдары мен публицистикалық мақалалары, очерктері қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбын нақтылық, деректілік, шынайылықпен байытты. «Қанаттас Диханның да, Сырбайдың да, Жырдағы бір сыңары Болмайын деп» жырлаған ақынның қазақ поэзиясына салған өзіндік өрнегі бар. Оқырманы әр уақытта іздеп отыратын майдангер ақынның қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3097. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия