Студопедия — Аз.Инфекция 2 нұсқа, қаз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аз.Инфекция 2 нұсқа, қаз.






 

01_09_қаз.

$$$001

45 жастағы ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне оң қолының ортаңғы саусағында жараның пайда болуына шағымданып келген. Кәуап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы жоғарлаған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны байқап қалады, бір апта бұрын ет өңдегенде қолын кесіп алғанын есіне түсірді. Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа дәрежелі. Оң қолының ортаңғы саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасында гиперемия сақинасы мен ісіну бар. Оң жақтық қолтық лимфадениті. Лейкоциттер – 20х109/л, т\я-4%, с\я– 88%, лимф. – 6%, мон. -2%. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A) Тілме, буллезді түрі

B) Листериоз, терілік түрі

C) Пастереллез, терілік түрі

D) Клебсиеллез, терілік түрі

E) Түйнеме, терілік түрі

{Дұрыс жауап} = E

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық}= Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.К., 2009 ж. Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005г.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

$$$002

16 жастағы бозбала дене қызуының 39-40С дейін көтерілуіне, қалтырауға, денесінің сырқырауына, басының қатты ауруына, сол жақ шап аймағындағы айқын ауру сезіміне шағымданады. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфа түйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Лейк. – 20х109/л, т\я -4%, с\я – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%.

Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек?

A) Гормондарды көк тамырға еңгізу

B) Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

C) Бұлшық етке анальгетиктерді еңгізу

D) Көк тамырға тұзды ерітінділерді еңгізу

E) Лимфа түйінін хирургиялық өндеу, іріңін шығару

{Дұрыс жауап} = B ОБА

{Күрделілігі} =3

{Оқулық}= Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.К., 2009 ж. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010г., Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005г.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

$$$003

29 жастағы ер адам бастың қатты ауруына, қайталамалы құсуға шағымданып ауруханаға түсті. 7 күн бұрын ауырған, құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі пайда болған. Жанұялық дәрігер төсектік тәртіп, патогенетикалық ем тағайындап кетеді. Барлық күндері жоғары қызба мазалаған. Кеше қатты басы ауырып, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болды. 6 ай бұрын басының жарақаттануы болған. Жағдайы ауыр дәрежеде, дене қызуы 39ºС. Пальпация кезінде сілекей бездері аздап ұлғайған, бірақ ауырмайды. Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

A) Неврологиялық бөлімшіге жодама беру

B) бас миының КТ жолдама беру

C) басмиының МРТ жолдама беру

D) менингеалдінышандардытексеру

E) жұлынпункциясынжасау

Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық}=Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ., 2009ж. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010ж.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

$$$004

22 жастағы жүкті әйел жүктілікті үзу туралы сұрақты шешу үшін кеңеске мынандай зерттеу нәтижелерімен жіберілді: лейк. – 4,8 х109/л, т\я– 1%, с\я – 58%, лимф. – 26%, мон. -2%, ЭТЖ - 30 мм/ч. Кіші жамбас органдарының УДЗ – 9-10 апталық жатырлық жүктілік, ИФА қызамық вирусының Ag қарсы IgG классы Ab «оң» анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде балалық шағында бөртпемен өтетің жұқпалы аурумен ауырған. t- 36,40С, ауыз – жұтқыншақта шырышты қабаты қалыпты, энантема жоқ. Тері қабаты таза, бөртпелері жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жатыр қозбаған. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ.

Сіздің жүкті әйелге беретін нұсқауыңыз?

A) Емдемей жүктілікті үзуге нусқау беру

B) Бірінші емдеп, сосың жүктілікті үзу

C) Бірінші жүктілікті үзіп, сосың емдеу

D) Дене қызуы көтерілген кезде жүктілікті үзу

E) Жүктілікті сақтауға нұсқау беру

Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық}= Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010г.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

$$$005

40- жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарының айтуы бойынша, 3 күннен бері ауырады: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, бас ауру, аяқтағы әлсіздік мазалаған. Бүгін есі тежелген. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің ригидтілігі +4 см, Керниг симптомы екі жақтан оң, ернінде инфильтрацияланған негізде топтасқан іріңді везикулалар байқалады. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 140 жасуша мл3, лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 20%. Ауырғанынан бірнеше күн бұрын күйзеліс жағдайы болған.

Қандай этиотропты дәріні тағайындаған дұрыс?

A) Ремантадин

B) Ганцикловир то же действует, но пока нет доказательной базы, препарат первого выбора при ЦМВ

C) Ацикловир герпетический менингоэнцефалит

D) Циклоферон

E) Рибавирин

{дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ., 2009ж. Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005 г.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$006

Әйел адам 30 жаста мал дәрігері, басының үнемі ауыруына, мойын омыртқаларының, оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Бірақ дене қызуы 37,5оС аспайтынын байқады. Ұзақ уақыт неврологта «Остеохондроз» диагнозымен емделген, бірақ емінің нәтижесі болмаған. Кеше беттің асимметриясы пайда болған. Жылағыш. Менингеалді белгілері «+-», сол жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

А) Мойын омыртқаларының рентгенографиясы

B) Мойыномыртқаларының компьютерлік томографиясы

С) Жұлын пункциясы, ликворды зерттеу

D) Бас тың компьютерлік томографиясы

Е) Ьастың магниттік-резонансты томографиясы

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ., 2009ж. Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005 г. Национальное руководство. Ющук Н.Д., 2010г.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$007

Ер адам 25 жаста, стационарға ауруының 3 күні түскен. Жедел ауырған: дене қызуы 39о C дейін көтеріліп, бастың самай аймағының ауруы және көз алмасының, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дененің қақсауы, сүйектегі және буындағы ауру сезімі мазалайды. Қараған кезде: беттің ісінуі және қызаруы, склераның қан тамырларының инъекциясы, құрғақ жөтел, ентігу байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-92\мин., ТЖ-30 мин., АҚҚ-100/60 мм.с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 3,5х 109, HB -120 г/л, эритр-3,38, тром-225, т/я-6%,с/я-56%, мон-8%, лимф-30%, ЭТЖ-15 мм/с. Науқаста қандай асқыну дамыған?

A) Өкпенің ісінуі

B) Жедел бронхит

C) Вирусты пневмония двусторонний процесс и остро

D) Бактериалды пневмония

E) Вирусты - бактериалды пневмония

{дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ., 2009ж. Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005г.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$008

Ер кісі, 44 жаста терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, заттардың екеу болып көрінуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Кеше қонақта майонез қосылған салат, етті тағамдар, маринадталған саңырауқұлақ жеген, спиртті ішімдіктер ішкен. Түскен кезде есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қылилық анықталады. Дауысы мыңғырлаған. Дене температурасы 37,0С. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі-118 соқ/мин, АҚҚ 100/70 мм с.б., Өкпесінде: төменгі аймақта тынысы әлсіреген. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай шараны бірінші кезекте орындау керек?

А) Асқазанды жуу

В) Асқазанды зондпен жуу

С) Тазарту клизма жасау

D) Жоғарытазарту клизма жасау

E) Ботулизмге қарсы сары суенгізу

{ Дұрыс жауап }= В

{ Күрделілігі }= 2

{Оқулық}= Жұқпалы аурулар, Дүйсенова А.Қ., 2009 ж. Инфекционные болезни Шувалова Е..П., 2005 г.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 

$$$009

Ер адам 35 жаста участкелік дәрігерге мынандай шағымдармен келді: дене қызуының 37,0-37,8°С дейін көтерілуіне, әсіресе кешкі уақыттарда, терлегіштік, әлсіздік, қақырықпен жөтел, соңғы бірнеше ай бойы күшейуіне. Бір жыл бұрын бас бостандығынан айырылу жерінен оралған. Құрылыста әр түрлі жұмыс істейді. Рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпенің сол жақ бөлігінде ыдырай бастаған ошақты инфильтраттар анықталды. Қанды АИВ-ке қарсы антиденелерге зерттеу кезінде оң нәтиже анықталған. Осы науқасқа қатысты қай шара бірінші кезекте орындалуы тиіс?

A) Фтизиатр кеңесін алу

B) ЖИТС-мен күресу орталығына жіберу

C) Иммунды статусын анықтау

D) Антиретровирусты терапия тағайындау

E) Қанды ИФА да АИВ-инфекциясына қайта тексеру

{Дұрыс жауабы}= Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = Жұқпалы аурулар. Дүйсенова А.Қ., 2009 ж. Инфекционные болезни: национальное руководство. /Под ред. Н.Д.Ющука, Ю.Я.Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – С.670-701.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

$$$010

Әйел адам 28 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне мынандай шағымдармен түсті: айқын әлсіздікке, тәбеттің жоқ болуына, үнемі жүрегінің айнуына. 10 күннен бері ауырады, 2 күн бұрын сарғаю пайда болған, әлсіздік күшейген, құсу болған, терінің айқын қышуы қосылған әсерінен ұықысы бұзылған. 2 ай бұрын босанған, қан кетуіне байланысты қан препараттары құйылған. Қараған кезде: әлсіз, айқын сарғыштық, теріде қасыну іздері байқалады. Бауыры 2,5 см ұлғайған. Үлкен дәреті түссіз. Зәрі қоңыр түсті. Қандай клиникалық көрініс осы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

A) Айқын сарғаю

B) Айқын терінің қышуы

C) Гепатомегалия

D) Түссіз нәжіс

E) Бауырлық улану белгілері

{дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=Инфекционные болезни. Шувалова Е.П. 2005г

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$011

35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A) Ку-қызбасы

B) Іш сүзегі

С) Кенелік бөртпе сүзек

D) Эпидемиялық бөртпе сүзек

E) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Жұқпалы аурулар, Дүйсенова А.Қ., 2009 ж., Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005г.

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

$$$012

Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезімейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?

А) Диклофенак 2,0 бұлшық етке

B) Пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке ИТШ из-за лизиса нейссерий

С) Трисоль 1500 мл көк тамырға тамшылатып

D) Глюкоза 5%-500 мл көк тамырға тамшылатып

Е) Преднизолон 60 мг көк тамырға

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= Жұқпалы аурулар, Дүйсенова А.К., 2008 ж. Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005г.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 668. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия