Студопедия — Зардан шеккен құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зардан шеккен құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары






Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарына:

· көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;

· жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;

· апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу, баспананың үстің ашу;

· құлаған үйлер астында қалған адамдарды іздеу;

· оларды шығару;

· зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

· халықты химиялық және радиацияланған аудардардан, су басқан аудандардан көшіру;

· адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;

· территорияны, құрылымдарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстары мен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмыстарға мыналар жатады:

· ластанған участкілерге баратын жолдары тазалау;

· апаттың одан әрі таралуына жол бермеу;

· бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;

· қираған үйлерді қалпына келтіру және оларды бұзу жұмыстары;

· көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

· құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялық орындарда АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отряд (командир) алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника (бульдозер, автокрандар, т.б.) бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар келеді.

Жасақшылардың күшімен панаханаларда қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсету, ішке ауа барғызу жағдай қаралады. Қираған үйлердің астындағы адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан киетін маскалары болуы керек.

Апат болған жерлерде коммуналдық, энергетикалық жүйелері бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қаупі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары жүргізілуі керек.

Жұмыс жүріп жатқан жерлерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау құралдары болуы керек.

Табиғаттың дүлейіне – су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, қатты дауыл, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман немесе тропик өрттері т.б. жатады.

Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағынын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен салынған құрылыс оған шыдай алады. Алматыды сондай құрылыстар бар.

Табиғат дүлейінің қаупі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшы хабар жеткізеді. Жағдайды қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жібереді. Олар апаттың деңгейін, су тасқынның, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жинастырып орталыққа жібереді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіру жұмыстарын, оған қанша, қандай техниканы, адам күші керектігін т.б. жұмыстарын деңгейін анықтайды.

Қорғаныс ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолда бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне қарай даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып табылады.

Паналау ғимараттары. Адамдарды ядролық қарудың барлық зақымдаушы факторларынан, соққы толқынынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивтік сәуле шарпуынан ең сенімді қорғайтын паналау орны болып табылады. Паналау ғимараттары, сондай-ақ улы заттар мен бактериологиялық құралдардан, өрт зоналарындағы жоғары температурадан, жарылыс кезінде қираған үйлердің басып қалуынан, өндірісте қолданылатын улы заттардан уланудан қорғайды.

Паналау ғимараттары жапсырласа салынған және жеке тұрғызылған ғимараттар болып бөлінеді. Жапсырласа салынған паналау ғимараттарына өндірістік, қоғамдық және тұрғын үйлердің подвалы немесе жартылай подвалы пайдалынылады. Ал жеке ғимараттарға түрлі жер асты өткелдерін, галереяларын, шахталар мен тау-кен орындарын да жабдықтап пайдалануға болады. Паналау ғимараттары мүмкіндігінше жасырынуға тиісті халықтың көпшілігі тұратын жерге жақын орналасуы керек.

Паналау ғимараттарын жабдықтауға өнеркәсіптік әдіспен шығарылған және қолда бар материалдардан жасалынған қарапайым сүзгі – желдеткіш пайдаланылуы қажет. Паналау ғимараттарының сүзі – желдеткіші ауаны барлық зиянды заттардан тазартуға және белгіленген норма шегінде таза ауа келуін қамтамасыз етуге тиіс.

Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмысты, оның көлемін, басқалармен арақатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар орындалатынын анықтайды. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштерді қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдалануды, осының барлығы өзіне және қарамағындағы адамдарға белгілі болуы қажет.

Ең бастысы – адамдарды құтқару, оларды ауруханаларға жөнелту, қажет болса жерден көшіру (эвакуация) болып табылады. Көшірілген адамдар қай елді-мекенге апарылатыны белгілі болуы керек.

Мысалы, су тараған жағдайды алайық, сол кезде не істеуіміз керек, қалай істеленеді. Су тасыған кезде алдымен адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіледі.

Ол үшін барлау қызметі іске кіріседі. Бұл жұмысқа тез жүретін қатерлер, тікұшақ немесе ұшақ бөлінеді. Суда қалып, зардап шеккендерге жүзгіш құралдар, құтқарушылар жіберіледі. Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушылар құтқару құралдарымен жабдықтануы тиіс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар жасау, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмысты істегенді қауіпсіздік шараларды сақтап адам шығынын болдырмауға тырысу керек.

Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің (уран-235, плутоний – 239) тізбекпен берілетін реакциялардың күші. Ядро қаруының күшті тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Мұндай қарудың тротилмен алғанда, жүздеген, мыңдаған, миллиондаған тоннамен есептеледі.

Ядро жарылысының бес түрлі қирату фактілері болады:

· ауа толқынының соққы;

· жарықты сәулелендіру;

· өткір радиация;

· радиоактивтік ластану;

· электромагниттік импульс.

Ауа толқының соққысы – жарылыстан жан жаққа қатты өте қатты шапшандықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.

Панаханалар – жан-жақты қапталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана.

Панаханалар су баспайтын участкілерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғынын төменгі жағы әдеттегідей жер бетінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты су деңгейінен барынша жоғары болғаны дұрыс (кем дегенде 0,5 м).

Панахана, онда жасырылған адам үшін, қажетті санитарлық-гигеналық жағдаймен қамтамасыз етілуге тиіс: ауадағы көмірқышқыл газ көлемі 1%-дан (жоғары шегі - 3%), ылғалдылық 70% (жоғарғы шегі 80%), температура 290 (жоғарғы шегі – 310С) аспауы тиіс.

Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуы тиіс: адамдарды үздіксіз қабылдап. Шығарып салуды қамтамасыз ету мүмкіншілігі, панахананың су шайып кету қаупі бар жерлерде салынбауы тиіс; су беру және қысым беру желісінен алыс болуы; панахана арқылы транзиттік коммуникацияның өткізілмеуі, апаттық шеберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттар деңгейде қорғалған кірер және шығар есігі болуы тиіс.

Панаханада негізгі және қосалқы жасалу көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық бөлмелер жатады. Қосымша желдететін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур, шлюздер, қорғалған кіретін және шығатын есіктер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанциялар, тамбур шлюздері және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1 м/куб кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңнын нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5 м/кв және үш ярусты нар кезінде 0,4 м/кв болуға тиіс.

Жасырынуға арналған бөлме бірнеше бөлікке бөліну тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір және екі ярусты орындықтар немесе панаханада жалпы орынның 20%-ың, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ың құрауға тиіс.

Басқару жүйесіне арналған бөлме қосымша электр көзі бар бөлмеге орналасады.

Санитарлық бекет (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшаулау мақсатында адамдардың денсаулығын тұрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын, азық-түлікпен ауыз суының сақталуы мен таратылуына санитарлық қадағалау жасалынады. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады (51 тізбе – 100-150 адам; 52 – тізбе 400-600 адам үшін). Звенода қорғасын ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер болған жағдайда қосымша дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.

Есіктердің саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі панаханаға бір кіретін есік ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде апаттық шығатын есік кіретіндерге қызмет етуі қажет.

Панаханада адамдар үшін қажетті жағдайда қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғыларды, сондай-ақ электрмен байланысты болумен қарастырылады.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (бір режим) және сүзгілік желдеткіш (екінші режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ тазартылады.

ЖТП (Жылдам тұрғызылатын панаханалар) типі салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден, сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық топтар үшін арнайы орындары бар, апаттық іс қорларымен, кіретін және апаттық шығатын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арнаған ыдыс тамбурды, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиісті.

ЖТП ішкі қондарғаларына ауа беру құралдары, ауаның улы заттардан тазалауға құм және шлак сүзгілері, дәретпен қоқыстарға арналған ыдыстары, ауаны шаңнан тазалайтын мата сүзгілері, су құятын ыдыстар, ауа жинағыш және сорғыш саңылауларды қорғайтын қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар жатады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1823. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия