Студопедия — ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Бір жасушалы жәндіктерге тән жалпы сипаттама
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Бір жасушалы жәндіктерге тән жалпы сипаттама






Жоспар:

1. Бір жасушалы жәндіктерге тән жалпы сипаттама

2. Мекен ортасы және құрылысы

Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.

Біржасушалы жәндіктер денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.

Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік ететіндері де бар.

Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені ХVІІ ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632-1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.

Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі.

Мекен ортасы және құрылысы. Ботаниктер біржасушалы өсімдіктерге, ал зоологтар біржасушалы жәндіктерге жатқызатын, өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік – жасыл эвглена. Эвглена денесі бір жасушадан тұратынын «біржасушалы» деген сөзден де аңғардыңдар. Ал жасушаның құрылысымен өсімдіктер бөлімде таныстыңдар. Дегенмен, эвглена жасушасының өзіндік ерекшеліктері бар: Жасуша цитоплазмасының сыртқы шет аймағы тығыздау болып өте жұқа жарғақша қабат түзеді. Осы жарғақша қабат цитоплазманың қалған сұйықтау ішкі бөлігін қоршап, оның жан-жаққа жайылып кетуіне мүмкіндік бермейтін қабық рөлін атқарады. Осымен байланысты жәндік денесінің пішіні өзгермейді, тұрақты болады. Жасушаның, яғни дененің артқы сүйірлеу жағында ядро жатады, ал алдыңғы доғал жағындағы ойыс – жұтқыншақтан цитоплазманың жіңішке созындысы – талшық шығып тұрады.

Эвглена жасушасының (денесінің) цитоплазмасында хлоропластар бар. Ал хлоропластарда жасыл пигмент – хлорофилл болады. Сондықтан жарықта жәндіктің түсі жасыл болады; жәндіктің жасыл эвглена атануы осыдан.

Жасушасында хлоропластар бар қарапайым жәндіктердің бірі – вольвокс.

Вольвокстар шағын тұщы суқоймаларда көбірек кездеседі. Жасыл эвгленадан ерекшелігі вольвокстың әрбір дарағы (особь) жеке емес шоғыр (колония) болып тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, вольвокстың бір түрінің шоғырында 500-1000 жасушаға дейін болады. Әр жасуша қабығының кілейгейленуінен қою іркілдек зат түзіліп, шоғырдың сыртын орайды. Мұның ең сыртқы қабаты тығыз тері қабатына айналып, шоғырдың ыдырамай берік болуын қамтамасыз етеді. Ал ішкі – орталық бөлігі онша тығыз емес, қоймалжың сұйық күйде болады. Жеке жасушалар сыртқы тері қабаты мен орталық сұйық бөліктің арасында бір-бірімен өте жіңішке цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысады. Шоғырдың пішіні шар тәрізді болады. Шоғырдағы әр жасушаның құрылысы жасыл эвгленаның құрылысымен ұқсас, ерекшелігі әрқайсысында екіден талшық болады. Бұл талшықтар шоғырдан сыртқа шығып тұрады.

Жасуша құрылысы бірдей және талшықтары болатындықтан эвглена мен вольвоксты талшықтылар деп те атайды.

Органикалық шіріндісі мол кішкентай жыралар мен шағын тұщы суқоймалардың түбінде еркін тіршілік ететін амебалар біржасушалылар ішіндегі құрылысы жағынан ең қарапайым жәндіктер.

Амеба протей – амебалардың ірі түрінің бірі. Қозғалып жүргенде дене тұрқы 0,5 миллиметрдей, жай көзге майда тамшыдай болып көрінеді. Микроскоппен қарағанда дененің (жасушаның) әр жерінде бірде пайда болып, бірде жоғалып тұратын өсінділер көзге түседі.

Амеба денесін плазмолемма деп аталатын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық (мембрана) қаптап тұрады. Жасуша ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалысы әсерінен жәндік денесінде ең алдымен іркілдек бүртік пайда болады. Ол бірте-бірте созылып, ұшы тұйық өскінге айналады. Бұл өскін жасушаның бір жерінде тұрақтамайды; ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады.

Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі – арцелла.

Арцелланың да төңкерілген тостағанша тәрізді бақалшағынан сыртқа шығатын дене бөлігі амеба тәрізді үнемі өзгереді. Біресе түзіліп, біресе жоғалып тұратын осы өсінділерді жалғанаяқтар дейді. Бұл аяқтардың пішіні өсімдік тамырына ұқсас болғандықтан, амеба мен арцелла тамыраяқтылар тобына біріктіріледі.

Кірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайды. Дене тұрқы 0,2 миллиметрдей, алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады. Дене пішіні тұрақты. Сыртында жалпы саны 2000-2500-ге жуық ұсақ, қысқа кірпікшелер шығып тұрады.

Цитоплазмада жасуша дамуының әр түрлі кезеңдерінде белгілі бір қызмет атқаратын көптеген денешіктер (органоидтар) болады. Органоидтар – жасуша цитоплазмасының аса маңызды және тұрақты құрамдас бөлігі. Эвгленаның, вольвокстың талшығы, кебісшенің кірпікшелері осындай органоидтарға жатады.

Жасуша тіршілігін қамтамасыз ететін (мысалы, көбейіп жаңаруын, қуат шығаратын, нәруыз синтезін, т.б.) күрделі құрылысты басқа да органоидтар көп. Олармен жоғары сыныптарда танысасың дар.

Цитоплазмада тұрақсыз құрылымдар болады. Бұл тұрақсыз қосындылар – түйіршіктер (мысалы, пигменттер, нәруыз түйіршіктері) немесе сұйық түрінде (вакуольдер) болуы мүмкін. Бұл қосындылардың органоидтардан ерекшелігі, олар жасуша тіршілігі бойында бірде түзіліп, бірде жойылып жатады. Сондықтан оларды тұрақсыз қосындылар дейді.

Жасуша мембранасы жасушаны тек қаптап, қоршап, қорғап қана қоймайды, ішіндегі қажетті заттар мөлшерін реттеуге (сырттан ішке таңдап өткізу, артығын сыртқа шығару) және зиянды заттардан тазартуға қатысады.

Сонымен, мембрана жасуша бөліктерін біріктіріп ұстайды. Цитоплазма бүкіл тіршілік үрдістерін үйлестіріп, жасуша тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды орта болып табылады екен.

Қозғалуы. Эвгленаның талшығы өте жіңішке болғанымен, сырты цитоплазманың тығыз, жұмсақ, жұқа қабығымен қапталған. Іші цитоплазмаға толы және жасушадағы цитоплазмамен қатынасады. Ал цитоплазма іркілдек, үнемі қозғалыста болатындықтан, оның толқыны сатылап, талшық ішіндегі цитоплазманы да толқытады. Осы толқыннан бүкіл талшық ирелеңдеп, кейде бұрғы тәрізді бұралып, үздіксіз қозғалыста болады. Талшықтың су ішіндегі осындай толқынды қозғалысы эвгленаның орын ауыстырып, әр түрлі бағытта жүзуін қамтамасыз етеді. Сонымен эвглена талшық арқылы қозғалады.

Амеба мен арцелла жасушасының әр жерінде уақытша пайда болатын жалғанаяқтары да осы жәндіктердің қозғалу мүшелері болып табылады.

Кірпікшелі кебісшенің кірпікшелері де денедегі цитоплазманың өсінділері екені айтылды. Бұл кірпікшелер цитоплазманың толқынды қозғалуынан біркелкі ырғақпен сәл қиыс толқиды. Олардың үйлесімді толқуы кірпікшелі кебісшенің ілгері, кейін, жан-жаққа бұрылып жылжуын қамтамасыз етеді.

Тітіркенгіштігі. Кез келген тіршілік иесі сияқты біржасушалы қарапайымдар сыртқы ортадан өз тіршілігіне қолайлы қажетті жағдайлардың немесе қолайсыз қауіпті жағдайлардың әсеріне белгілі бір әрекет арқылы жауап береді. Мысалы, пішен бактериялары көп жиналған сулы ортада суға ерітінді түрінде ерекше заттар бөледі. Осы маңайға таяп келген кірпікшелі кебісшеге сол ерітінді әсер етеді де, ол бактериялар көп жиналған жерді оңай табады. Кебісше пішен бактерияларымен қоректенеді.

Ғалымдар қарапайымдар өсірілген су тамшысын заттық шыныға және оның қасына таза тұщы су тамшысын тамызған. Қарапайымдары бар тамшының ішіне бір түйір ас тұзын салып, екі тамшының арасын су жолағымен қосқан. Ұлғайтқыш әйнекпен бақылағанда қарапайымдардың тұз салынған тамшыдан таза су тамшысына өтіп жатқанын байқаған.

Сөйтіп қарапайымдарға тұз ерітіндісі қауіпті болғандықтан, олар таза су тамшысына қаша бастаған.

Тек қарапайымдар ғана емес, кез келген жануардың сыртқы ортада болатын түрлі әсерге белгілі бір әрекет түрінде жауап беруін тітіркенгіштік дейді. Осы қасиеті арқылы қарапайымдар өз тіршілігін сақтай алады.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1184. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия