Студопедия — ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Біржасушалылардың қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. 1. Біржасушалылардың қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі






Жоспар:

1. Біржасушалылардың қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі

2. Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы

3. Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі.

 

Қоректенуі. Біржасушалылар негізінен дайын органикалық заттармен (нәруыз, көмірсулар және май тәрізді заттар) қоректенеді. Сондай-ақ олардың ішінде фотосинтез тәсілімен де қоректенетіндері бар.

Эвгленаның құрылысын тағы бір шолып, «Ол фотосинтез тәсілімен қоректене ала ма? Оны неден білуге болады?» деген сұраққа ойланып жауап беріңдер.

Жарық жоқ көлеңке немесе қараңғы жерлерде эвгленаның жасыл түсі жойылады. Ол жануар тәрізді дайын органикалық заттармен қоректенеді. Ол органикалық заттардың түйіршіктерін жұтпайды. Заттардың судағы ерітінділерін цитоплазманың сыртқы тығыздалған жарғақшасы арқылы сіңіреді.

Амеба жалған аяқтарымен қоректі (мысалы, бактерияларды) қоршап, орап алады. Одан соң қорек жасуша қабықшасы арқылы цитоплазмаға түседі. Цитоплазма оны қоршап алады. Сондықтан оны асқорыту вакуолі дейді. Ас осы көпіршік тәрізді қоршауда қорытылады. Себебі қоректің қорытылып, жасушаның өз затының жасалуы осы вакуольдің ішінде жүреді. Нәрлі зат жасуша цитоплазмасына тарап тіршілік қажетіне жұмсалады. Ал кірпікшелі кебісше денесінің алдыңғы жағында ортасына қарай аузы болады. Оған қысқа түтікше тәрізді жұтқыншақ жалғасады. Кебісшенің ауызы жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ғана ойық. Осы ойық арқылы қорек жасушаға тез өтеді. Сондықтан оны жасушалық ауыз дейді. Ауыз төңірегіндегі көптеген кірпікшелер үнемі қозғалып, су ағынын туғызады. Ағынмен келген қорек ауыз арқылы жұтқыншаққа түсіп, одан цитоплазмаға өтеді. Цитоплазмадан асқорыту сөлі бөлініп, қоректі қоршайды. Бұдан көпіршік түрінде асқорыту вакуолі түзіледі. Онда ас қорытылады.

Вакуольдің ішінде сөлдің әсерімен қоректің күрделі органикалық заттары (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ыдырап, жай заттар пайда болады. Олардың ерітіндісі сорылып, қайтадан цитоплазмаға өтеді. Мұнда жәндік жасушасының өзіне тән нәруыз, май, көмірсулары тәрізді органикалық заттар түзіліп, ағзаның тіршілігіне жұмсалады.

Тыныс алуы. Біржасушалы қарапайымдар суда еріген оттегімен тыныс алады. Ол жасуша цитоплазмасына қабықша арқылы өтеді. Оттегінің әсерімен күрделі органикалық заттар (астың қорытылуы) жай заттарға ыдырайды. Мұның нәтижесінде қуат (энергия) бөлініп шығады. Ол ағзаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.

Зиянды қалдық заттардың сыртқа шығарылуы

Біржасушалы қарапайымдардың цитоплазмасында бір-екі жиырылғыш вакуольдер болады. Бұл вакуольдерде зиянды қалдық заттардың ерітіндісі жиналады. Вакуоль осындай ерітіндіге толған соң жасуша жарғақшасына жылжып келеді де жиырылады. Сол арқылы ішіндегі ерітінді сыртқа шығады. Біржасушалылардың қабықшасы арқылы цитоплазмаға сырттан үнемі өтіп келетін судың артық мөлшері де жиырылғыш вакуольдер арқылы сыртқа бөлінеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы дененің қабықшасы арқылы тікелей сыртқа шығарылады.

Көбеюі. Біржасушалылардың көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею жәндік жасушасының екіге тең бөлінуі арқылы жүреді. Мысалы, эвглена мен амебада ядро екіге бөлінеді. Бөлінгеннен пайда болған ядролар жасушаның екі жағына барып орналасады. Тек осыдан соң ғана жасуша бөліне бастайды. Эвгленаның бұрынғы талшығының қатарында екінші талшық өсіп шығады. Сөйтіп ұзынынан тік бөлінудің нәтижесінде екі жас эвглена пайда болады. Амеба да дәл осылай бөлінеді. Тек онда бөліну процесі көлденеңінен жүреді.

Кірпікшелі кебісше (инфузория-туфелька) жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюге кіші ядро қатысады. Ең алдымен кіші ядро бөлініп, дененің алдыңғы және артқы жағына ажырап орналасады. Одан соң үлкен ядро бөлінеді. Соңында жасуша ортасынан бунақталып, екіге ажырайды да, екі жас кебісше пайда болады.

Пайда болған екі жас кірпікшелі кебісшенің әрқайсысында жетіспейтін органоидтары, яғни аузы, кірпікшелердің біраз бөлігі жиырылғыш вакуольдің біреуі және тағы басқалары жаңадан түзіледі.

Кірпікшелі кебісше жынысты жолмен көбейгенде екі кірпікшелі кебісше ауыз саңылауы жағымен түйісіп, біраз жүреді. Осы кезеңде әр кебісшенің кіші ядросы екіге бөлініп, екі кіші ядро түзеді. Үлкен ядро еріп, жойылып кетеді. Бір кебісшенің жаңадан пайда болған кіші ядролар сыңары екіншісінің кіші ядросының сыңарымен қосылып, осы кебісше цитоплазмасында, ал қалған сыңарлары қосылған күйі екінші кебісшенің цитоплазмасында қалады. Екі кебісше осылай кіші ядроларын алмастырған соң айырылады. Әрқайсысының денесінде үлкен ядро қайта түзіледі. Ядроның жаңаруы кебісшенің тіршілігін жалғастыра түсуге мүмкіндік береді.

Қарапайымдардың тіршілігін сақтауға бейімделуі. Судың температурасы төмендеген немесе су қоймасының суы кеуіп, құрғап кеткен жағдайларда эвглена талшығын тастап, амеба мен кебісше қозғалысын тоқтатады да денелері жұмырланады. Сыртын қалың қабық қаптайды, сөйтіп тыныштық күйге көшеді. Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын бұл қабықшаны циста дейді (грекше: «цистис» – қаптама). Цистаға оранып жатқан кезде олар желмен ұшып немесе басқа жануарлардың денесіне жабысып таралады. Қолайлы жағдай туғанда жәндік цистадан шығып, тіршілігін одан әрі жалғастырады.

Сонымен, біржасушалы қарапайымдар құрылысы, тіршілігі жағынан өсімдік жасушасынан гөрі күрделірек боп дамыған тіршілік иелері екен. Бұған жәндік жасушасындағы (денесіндегі) асқорыту вакуольдері, қорек өткізетін, оны жұтатын ауыз, жұтқыншақ (мысалы, кебісшеде), арнайы қозғалу органоидтары (жалғанаяқтар, талшықтар, кірпікшелер), т.с.с. түзілімдердің болуы дәлел. Ал өсімдіктердің қалай қозғалып, қоректенетінін өздерің еске түсіріп, салыстырыңдар.

Дегенмен, жасушаның негізгі құрам бөліктері (мембрана, цитоплазма, ядро, т.б.) өсімдік жасушасына да, жәндік жасушасына да тән; тіпті кейбір жәндіктердің жасушасында хлоропластар болып, жасыл өсімдікше қоректенуі бұл ағзалардың тектестігін көрсетеді. Мысалы, жасыл балдырлар мен жасыл эвглена, вольвокстың жақындағы сондай, кейде ғалымдарға оларды айырып, «Мынау – өсімдік», «Мынау – жануар» деп анықтау едәуір қиын.

ІV. Бекіту. Сонымен қатар біржасушалы жәндіктердің өз ішінде де аз да болса біртіндеп күрделену байқалады. Мысалы, амеба жалған аяқпен қозғалса, кебісшенің «аяғы» – тұрақты кірпікшелер; немесе, кебісшеде ауыз, жұтқыншақ сияқты тұрақты қоректену, асқорыту мүшелерінің бастауы бар. Ендеше, кебісшенің құрылысы күрделірек және дамуы жоғарырақ деңгейде екен, деп қорытуға болады.

Біржасушалы жәндіктердің қоректену тәсілі жағынан жасыл өсімдіктерден ерекшелігі неде?

Жасыл эвгленаның өсімдікше қоректенуіне оның құрылысындағы қандай ерекшелігі мүмкіндік береді?

Эвгленада, амебада, кірпікшелі кебісшеде ас қорытылуының ортақ белгілері қандай?

Біржасушалылар қалай тыныс алады?

Кірпікшелі кебісшенің зиянды қалдықты сыртқа шығаруының амебадан ерекшелігі неде?

Бір жасушалылар қандай жолдармен көбейеді?

Біржасушалылар қандай тәсілмен көбейеді? Оның мәнін түсіндіріңдер.

Амеба қоректі қалай ұстайды? Қорек денеге қалай түсіп, қорытылады?

Кірпікшелі кебісшеде қорек қалай ұсталып, цитоплазмаға өтеді? Ол қалай қорытылады?

Циста деген не? Біржасушалылар үшін оның қандай маңызы бар?

Үй тапсырмасы. § 33 оқып, 68, 69-суреттерді салу.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2741. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия