Студопедия — Адамгершілік тәрбие туралы ғалымдардың пікірлері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адамгершілік тәрбие туралы ғалымдардың пікірлері.






 

Қазақстан Республикасы - бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өзбетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады. Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренкот.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Өз зерттеулерінде ғалым - зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған.

И.Г.Гербарттың дәлелдеуінше «адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі». И.Г.Пестолоцци «адамгершілік -балалардың бірімен - бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым - қатынаста болуын қалыптастырады» деп санады.

Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса «адамгершілік – мінез - құлқының дұрыстығын, дәлдігін, өлшемін сақтауды жүзеге асыратын жеке тұлғаның құрамдас жағы. Олар Отанға, қоғамға, ұжымға, жекелеген адамдарға, өзіне - өзі және еңбекке құрметпен қарайды..», - деп түсінік береді.

Л.А.Григорович былай деп анықтама береді: «адамгершілік – бұл ұжымдық, тәртіптілік, кісілік, қайырымдылық сияқты сапалы қасиеттерді біріктіретін жеке мінездеме».

В.А.Сухомлинский «адамгершілік тәрбие - бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық моральдық талаптарына сәйкес, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мінез - құлқы мен сезімдеріне, түсініктеріне жүйелі және мақсатты түрде әсер ету», -деп тұжырымға келген

К.Д.Ушинский «өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педагогика”», - деген тұжырымға келген.[10]

Орыс ағартушысы Н.Г.Чернышевский: «Адамгершіліктің маңызды бір саласы - адамның өмір сүру шарты, адамның пайдалы іскері мен әрекеті - кең мағынадағы еңбек», - деп есептеген.

Адамгершілік тәрбие жалпы адамдық ғибрат мөлшеріне сәйкес, кіші жасөспірімдердің барлық өмірін ұйымдастыратын педагогикалық процесс түрінде жүйелі түрде жүзеге асырылады, олардың жеке және жас ерекшелігі есебімен іс - әрекет, қарым – қатынас. Адамгершілік тәрбиесіне қоғаммен байланыс санасын қалыптастыру, оған тәуелділік, қоғамның қызықты мінез – құлқымен келісуге міндетті, адамгершілік мүдделерімен танысу, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға айналдыру, жоғарғы мәдениеттілігі адамдардың адамға деген негізгі құрметін туғызады. «Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесі» - педагогикалық және әлеуметтік көріністер туғызатын, күрделі және көпқырлы процесс.

Адамгершілік ақыл – ой – өнегелік қарым – қатынастың, жағдайдың белсенді үрдісінің айнасы, ол өнегелік фактілерді үнемі жинақтайтын, ой елегінен өткіетін, қарым қатынасқа түсетін, жағдаяттардың, олардың талдауын жасайтын, бағалайтын, шешім қабылдайтын, жаңа таңдаулар жасайтын үрдіс.

Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл - ойдың жан - жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”, - деген.

Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған.

Ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”, -деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман»- деп жiктейдi.

Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер - бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық - зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдық пен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбек пен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады. Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған.

Сол секілді қазақ ағартушылар Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу – тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды.

Сұлтанмахмұт «адамгершілік арқылы жақсы қасиеттер қалыптастасады» десе, қазақ ағартушысы, педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниет пен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық

«Адамгершілік тәрбиесі жан - жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс. Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым - қатынасын ақылға салып, ар - ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.Тұжырымдай келе адамгершілік – адамның рухани байлығы.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 12393. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия