Студопедия — Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?






Салық төлеушінің құқықтары:
1) салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
3) жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
4) салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;
5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;
6) салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;
7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
8) салықтық өтініш бойынша тәртіппен және мерзімде мынадай:
салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;
9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;
10) Қазақстан Республикасының басқада заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;
12) салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;
13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;
14) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы. Салық төлеушінің міндеттері
1) салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;
4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;
6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен, Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алатыны туралы салық органдарына хабарлауға міндетті.

 

4. Салық бақылауы мен салық тексерулері түрлерін атаңыз?

 

Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап отыру керек. Осындай мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның арқасында салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған түрі болып келеді.
Салық бақылауы келесі көрсеткіштерімен бейнеленеді:
1) Салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың бір түрі болады. Яғни салық заңдамасының нормативтік актілерде көрсетілген бақылауды мемлекеттік уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
2) Салық бақылауы - қаржы бақылауы ретінде қаралады.
3) Салық бақылауы - мемлекеттік бақылаудың арнайы бір түрі болып табылады, яғни салық бақылауын жүзеге асыруға құқығы бар органдар қарастырады.
Салық бақылауының келесі элеметтері бар:
1. нені тексеру керек - ол бақылаудың субъектісін айқындайды.
2. Кімді тексереді - бақылаудың объектісін;
3. Не тексеріледі - бақылаудың затын;
4. Не үшін тексеріледі - бақылаудың мақсаты;
5. Қалай тексеріледі - бақылаудың әдісін.

Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады:
• Жүзеге асырылу нысаны (формасы) бойынша:
1) непосредственный (тікелей)
2) опосредованный (жанама)
тікелей салық бақылауы ол салық объектінің өзінде, тексеруші салық есептілігіне қатысты бастапқы құжаттарды тексеру мен талдаумен мінезделеді.
Опосредованный (жанама) салық бақылауы ол салық субъектісі мен салық объектісі тікелей контактқа (жанасу) түспей жанама түрде мінездемеледі және тексерушілер тек салық органдарына тапсырылған салық есептілігімен жұмыс істейді.
• Жүзеге асырылу уақыты бойынша:
1) болжамды (предварительный)
2) ағымдағы (текущий)
3) жалғасы (последующий).
• Салық бақылауының ішкі және сыртқы мінездемесі бар:
Ішкі бақылау - ұйымның ішкі жүйесінде бақылаудың субъектісі мен объектісі бір түйін болып табылса.
Сыртқы бақылау - ол бір-бірімен бағынышты емес субъектілер арасындағы қатынас (Салық комитеті салық төлеушіні тексереді).

Салық тексеруі – салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру, ҚР салық заңының орындалуы. Салық тексеруіне қатысушылар жазбада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары, Салық Кодексіне сəйкес тексеруді өткізуге тартылатын өзге де тұлғалар жəне салықтөлеуші; тек қана салық қызметі органдары тарапынан жүзеге асырылады.

Арнайы білім мен машықтануды талап ететін сұрақтарды зерттеу жəне кеңес алу қажет болған жағдайларда салық қызметі органдары салық тексеруіне оның ақырғы нəтижесіне мүдделі болып табылмайтын маманды тартуына болады.Қойылған сұрақтар бойынша сол маман өзінің қорытындысын шығарып, бұлқорытынды салық тексеруі актісіне қосылады.

Құжатты тексеру:

· кешенді тексеру – барлық салық түрлері жəне басқада бюджетке тиесілі

міндетті төлемдер бойынша салық міндеттерінің орындалуын тексеру;

· тақырыптық тексеру — салық түрінің жеке бір түрі жəне басқада бюджетке

тиесілі міндетті төлем бойынша салық міндеттерінің орындалуын, ұсталулар

мен (немесе) аударулардың толық жəне орынды болуын тексеру;

· қарама-қарсы тексеру –салық тексерулерін өткізу барысында, салық

органында, көрсетілген тұлғаларға қатысты, салықтөлеушінің салық есебінде

көрсетілген операцияларының дұрыс көрсетілгендігі туралы толығырақ

мағлұмат алу қажеттілігі туған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты

жүргізілетін тексеру.

Рейдтік тексеру: салық қызметі органдары, салықтөлеушілердің ҚP заңдарының кейбір жекелеген талаптарын орындауына, салықтөлеушілерді салық органдарында тіркеу есебіне қоюға, фискальді жады бар бақылау-кассалық машиналардың дұрыс пайдаланылуына, лицензияның, бір реттік талонның жəне өзге рұқсат құжаттардың болуына, лицензиялау жəне өндіріс шарттары ережелерін, акциз үстемелі тауарлардың жекелеген түрлері мен салық қызметі органдарының құзырындағы іс- əрекет түрлерін сақтау жəне жүзеге асыру ережелерін сақтауға қатысты жүргізетін тексерулер.

Хронометражды тексерулер: салық органдары тарапынан салықтөлеушінің нақты табысын жəне табыс табумен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында құзіретті мемлекеттік орган бекіткен тəртіп бойынша жүргізіледі. Хронометражды тексерулер құзыретті мемлекеттік орган бекіткен тəртіп бойынша жүргізіледі.

Салық тексерулерін жүргізу салық төлеушінің жұмысын тоқтатпау керек, ҚР заң актілерінде көрсетілген жағдайлардан тыс.

Салық органы заңды тұлғаның өзінде салық тексерулерін жүргізбей, оның құрылымдық бөлімдерінде тексеру жүргізу құқына ие.

 

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3264. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия