Студопедия — Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?






Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорыңдар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады.

Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары "күмәнді қарыздар" деп аталады. Күмәнді қарыздарға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыздар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі етіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын қарыздарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі — тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі — резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді қарыздарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі "Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар "үмітсіз қарыз" — деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ессп беруде көрсетілуі тиіс.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):

Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты

К-т: Алынуға тиісті қарыздар шоты

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

- несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);

- дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).

Яғни,қорытындылай айтқандай, дебиторлық қарыздардың есебі
Дебитолық қарыз деп жеке азаматтардың, ұйымдардың және мекемелердің осы ұйым алдындағы ақшалай түрдегі міндеттемелері есептелінеді.. Дебитолық қарыз қарыз алушының шоттарды төлеу және төлейді деп күтілетін мерзімге байланысты ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Дебитолық қарыз тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету сияқты операциялар нәтижесінде туындайды..
Дебиторлық қарыздардың есебі, олардың түрлері бойынша жүргізіледі: қаржылық есептің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша қаржылық есеп берулерді жасамайтын ұйымдар – 3 «Дебиторлық берешектер және басқа да активтер» шотында жүргізеді, ал қаржылық есеп берулерді қаржылық есептің халықаралық стандартына (ҚЕХС) сәйкес жасайтын ұйымдар – 22.12.2005 жылы №426 ҚРҚМ бекіткен бухгалтерлік есептің шоттарының 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» бөлім шоттарында жүргізеді.
Қарыздар ұйым банкрот болса немесе жойылса, немесе басқа себептер болса, онда дебиторлық қарызды өндіріп алу күмәнды болып табылады. Күмәнді болып мерзімінде төленбеген дебиторлық қарыз, ал мерзімі қойылмаған болса, онда төлеу мерзімі өтіп кеткен, және кепілдермен қамтамасыз етілмеген қарыз есептелінеді. Үмітсіз дебиторлық қарыздарды есептен шығарумен байланысты мүмкін болатын шығындарды өтеу мақсатында күмәнді талаптар бойынша резервтер құрылады.
Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі. Күмәнді талаптар бойынша резервтер жыл аяғында дебиторлық қарыздар түгендеуінің мәліметтері негізінде құрылады. Күмәнді талаптарды бағалаудың екі әдісі бар: өткізудің көлемінен пайыз әдісі; төлем мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісі.
Өткізу (қызмет көрсету) көлемінен пайыз әдісінің мәні өткізудің жалпы көлемінде үмітсіз деьиторлық қарыздардың үлесін анықтау болып табылады. Осы әдіс бойынша өткен жылдардың (ең азы үш өткен жыл бойынша) төлемдеріне негізделіп өткізудің көлемі мен күмәнді талаптардан нақты залалдар арасындағы орташа пайыз есептелінеді. Әрі қарай бұл пайыз күмәнді талаптардың резервін анықтау үшін есепті кезеңдегі өткізудің, атқарылған жқұмыстардың көлеміне қолданылады

 

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2814. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия