Студопедия — Психика дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Психика дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.






Жоспар:

1.Сыртқы шындық пен ақиқатты бейнелеу формаларының дамуы.

2.Психиканың филогенезде дамуы.

3.Психиканың қызметі және органдардың құрылысы

4. Сананың дамуындағы еңбектің ролі.

5.Сананың қоғамдық мәні.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.

2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.

3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.

5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. Алма-Ата, 1992г.

6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.

7.Жақыпов С., Бердібаева С.Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. – Алматы, 1998.

8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. – Алматы; Қазақ Университеті, 1992.

9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.

10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.

 

Қосымша:

1.Павлов И.П. Условный рефлекс. Хрестоматия по психологии. Под. ред. проф. А.В.Петровского. М.; «Просвещение», 1987.

2.Лурия А.Р. Мозг и психика. Хрестоматия по психологии. М.; «Просвещение», 1987.

3.Сеченов И.М. Рефлексы головного мозга. Избр. философские и психологические произведения. М.; 1947.

4.Чуприкова Н.И. Психика и сознание как функции мозга – М.; 1985.

5.Шабельников В. Психика-функциялық жүйе. Алматы, 1998.

6.Тинберген Н.Поведение животных.-М; 1985.

7.Фрейд З. Психология бессознательного. –М.;Просвещение,1989.

8.Выготский Л.С. Поведение животных и человека. В кн: Развитие психических функций. М., изд. АПН.РСФСР, 1996.

9.Леонтьев А.Н.Проблемы развития психики. Изд. 3-е. Изд-во МГУ, 1972.

10.Войтонис Н.Ю. Предистория интеллекта.Хрестоматия по психологии. М., «Просвещение»,1977.

1. Жануарлар психикасының дамуы туралы түсінік.

Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы айтқан болатынбыз.Органикалық дүниенің органикалық емес дүниеден айырмашлығы оның негізгі қасиеттерінің бірі тітіркендіргіштік, демек сыртқы әсерлерге жауап беру қабілеттілігі.Қарапайым микроорганизмдерде психика болмайды.Оларға тын сипатбейнелеудің қарапайым түрі- тітіркендіргіштік қасиет.

Тітіркендіргіштік – бұл тірі организмнің сыртқы әсерге өзінің жағдайы мен қозғалысының өзгерістерімен жауап беру қасиеті.

Кері жауап беру реакциясының күші мен сипаты сыртқы әсер етудің күші мен ерекшеліктеріне ғана емес,сонымен қатар тірі ағзаның ішкі жағдайына да байланысты.Мәселен,тойып алған амеба тамаққа ешқандай реакция бермейді.Жәндіктер дыбысты,иісті,түсті бағдарлай отырып, тамағын тауып алады немесе қауіп-қатерден қорғанады.Заттар мен құбылыстардың дыбысы,иісі немесе түсі құрт-құмырысқаларға қауіпсіз емес,әрі олардың тамаққа қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндіктері туралы ескерту сигналдары болып табылады.

Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым жүйке жүйесімен байланысты.Осындай жүйке жүйесі жәндіктерде алғаш рет пайда болды (гидра,медуза,актиния).Бұл жүйке жүйесі өзара бір-бірімен байланысты денеден өсіп тұрған жекелеген жүйке жасушаларын қарастырады, оны диффузия деп атайды.

Осындай жүйке жүйесінде әртүрлі тітіркендіргіштерге барлық ағзаның сараланбаған реакциясы аңғарылады.Онда қандай да болса басқару орталығы жоқ.Басқару орталығы жүйке жүйесінің дамуының келесі кезеңінде пайда болады.Ол ганглиоздық;(түйіскен, тізбектелген) жүйке жүйесі деп аталады.Құрттарда барлық түйіскен (ганглия) жерлері денесінің әрбір сегментінде орналасқан.Бүкіл түйіскен жерлер өзара байланысқан және ағза біртұтас әрекет етеді.Басқаларғанда қарағанда басты түйіскен жер біршама күрделірек және сыртқы тітіркендіргіштерге ерекше сараланып жауап береді.

Жәндіктерге тән жүйке жүйесі ганглиоздық жүйке жүйесін одан әрі дамыту және күрделендіру болып табылады. Жоғары сатыдағы (бал аралары, құмырсқалар) жәндіктерде дәм,сипай сезу,иіс,көру т.б.түйсіктері болады. Сонымен, тірі ағзалар өсімдік және жаунарлар түрлері дамуының барлық кезеңдерінде бейнелеудің ерекше биологиялық түрі- тітіркендіргіштікті меңгереді.

Тітіркендіргіштік дегеніміз тірі ағзаның биологиялық (биотикалық) ықпалдарға жауап беру қабілеттілігі.

Элементарлық тітіркендіргіштік ортаның әсеріне қозғалыспен жауап беретін қарапайымдыларды, бірклеткалы тірі ағзаларда байқалады.Ортаға биотикалық ықпал етеді, соның нәтижесінде тірі ағзаның протоплазмаларының қасиеттері өзгереді.Биотикалық факторларға ерекше қозғалыстармен жауап беру тәсілдері троизмдер немесе таксис деп аталады.

Қазіргі ағзалардың ұзақ эволюциясы нәтижесінде біз тітіркендіргіштен бастап, бейнелеудің ерекше жоғары түрлері – түйсіктермен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен аяқтай отырып, бейнелеудің әртүрлі түрлерін кездестіреміз.

Органикалық материяның кейінгі даму сатыларында жаңа қасиет – сезгіштік пайда болды. Сезгіштік дегеніміз ағзаның түйсіне білу қабілеті,яғни,ағзаға әсер еткен заттар мен құбылыстарды бейнелей білу қасиеті.Алғашқы түрінде бұл түйсіне білу қабілеті жануарлардың жүйке жүйесінің алғашқы қалыптаса бастаған кезінде, тіпті одан да ерте кезде пайда болуы мүмкін.

Түйсіне білу қабілеті психика дамуының бастапқы сатысы болып табылады. Жануарлардың жүйке жүйесінің дамуына,оның ішінде, сезім органдарының дамуына байланысты, одан әрі бейнелеу қызметі дамып, өте күрделене бастайды.Мәселен, арнаулы сезім органдары жоқ қарапайымдыларда, жануарларда тек қана сараланбаған сезгіштік болады.Дамудың жоғары сатысында сезім органдары, жүйке жүйесінің талдау қабілеті дами бастайды.Биологиялық дамудыңжоғары сатысында кейбір жануарлардың түрлерінде декеленген сезім органдары ерекше сезгіштікке, сезімталдыққа жетеді, мәселен,қыранның көруі, иттердің иіс сезуі және т.б.

Осыған байланысты жүйке жүйесінің, сезім органдарының дамуы,жануарлар психикалары олардың тіршілігіне, яғни, жануарлар қайда тұрады,қалай өмір сүреді,қалай тамақтанады, тамақты қалай табады, кімдермен жауласады және т.б. жағдайларға тікелей қатысты.Құстар,мәселен,өмірінің көпшілігін ауада ұшып өткізеді.Осындай өмір салты, тіршілігі үлкен кеңістікте бағдарлай білуді қажет етеді.Сондықтан да құстарда, оның ішінде ерекше жыртқыш, жылы жақтарға ұшып барып, келетін құстарда көру сезімі және көру қабылдауы күшті дамыған.Маймылдардың өмірі ағаштарда жүруге бейімделген.Маймылдардың осы тіршлігі жағдайы қозғала білуге, әртүрлі жағдайдда тез бағдарлай алу қабілеттілігін қалыптастыруға көмектеседі.Жануарлардың психикасының дамуында табиғат ерекшеліктерінің, жануардың әртүрінің қауымдастығы және адам ортасының атқаратын мәні ерекше.Бір жағдайдан екінші жағдайға көшірілген жануарлардың психикалық ерекшеліктерінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін.Әруақытта да адаммен қарым-қатынаста, оның қасында болу үй жануарларының қылықтарын сондай жабайы жануарларға қарғанда тез өзгертеді, қолға бейімделеді.Жәндіктерге тән психикалық бейнелеу психика дамуының сенсорлық кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде тірі құбылысқа тікелей әсер арқылы заттардың жекелеген қасиеттері бейнеленеді. Орталық жүйке жүйесінің дамуы әртүрлі жануарларда бірдей емес, өзгеріп отырады.Мәселен,балықтарда ерекше рөл атқаратын иіс сезу органы,осыған сәйкес оларда мидың осы өзгешелікті басқаратын бөлігі ерекше жетілген.Маймылдар мен адамдарда көру түйсіктері ерекше рөл атқарады.

Орталық жүйке жүйесінің пайда болуымен психикалық бейнелеудің жаңа түрі – психика дамуының перцептивтік кезеңі пайда болды. Бұл кезеңде жануарлар үшін бірнеше тітіркендіргіштерді бір мезгілде бейнелеуге болады.

Жануарлардың мінезінің туа біткен, түрлері және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан түрлері кездеседі.Бірақ туа біткен және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан (дара) мінездің түрлерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды.Жоғарыда көргеніміздей, туа біткен түрлері өзгеруі және даралануы мүмкін, мінездің дара түрлері туа біткен түрлерінің негізінде қалыптасады.

Жануарлар психикасының туа біткен басты түрі инстинктер (соқыр сезім) болып табылады.

2. Жануарлар психикасының түрлері.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 8196. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия