Студопедия — СИЛЛАБУС. «Балалар мен жасөспірімдер медициналық және санитарлық –эпидемиологиялық қамтамасыздандырылуы» электив пәні
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СИЛЛАБУС. «Балалар мен жасөспірімдер медициналық және санитарлық –эпидемиологиялық қамтамасыздандырылуы» электив пәні






«Балалар мен жасөспірімдер медициналық және санитарлық –эпидемиологиялық қамтамасыздандырылуы» электив пәні бойынша

Мамандығына арналған 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

 

Дәрістер 10 (сағат)

 

Тәжірибелік сабақ 20 (сағат)

 

ОСӨЖ 30 (сағат)

 

СӨЖ 30 (сағат)

 

Емтихан 7-8 (семестр)

 

Барлық сағат саны 2 кредит (90 сағат)

 

Курс 4

 

Семестр 7-8

 

 

Астана 2014 ж

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Сүлейменова Роза Қалдыбекқызы - м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі, кафедрадағы еңбек өтілі 5 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена. Орыс тілі және қазақ тілдерінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді

2. Шайзадина Гульнар Нургалиқызы - м.ғ.к., доцент, кафедрадағы еңбек өтілі 7 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена,радиациалық гигиена. Орыс тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

3. Мусина Айман Аяшқызы -м.ғ.д., профессор. Жалпы еңбек өтілі 20 жыл, кафедрада-2жыл.Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена.Орыс тілі және қазақ тілдерінде дәріс оқиды, тәжірибелік сабақтаржүргізеді.

4. Рахметова Бахытжан Тлепбекқызы – аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 7 жыл. Ғылыми қызығушылығы: Қоршаған ортаны қорғау шаралары, эпидемиология, еңбек және коммуналдық гигиена, радиациалық гигиена. Қазақ, орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

5. Сембиева Фарида Төлебекқызы – медицина магистрі, аға оқытушы, еңбек өтілі 5 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена радиационды гигиена,ТҚН мәселелері. Қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

6. Каюпова Шнар Камбаровна –МВА магистрі,оқытушы, кафедрадағы еңбек өтілі 3 жыл. Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

7. Алдабекова Гульназ Омирзаковна - оқытушы, жалпы еңбек өтілі 14 жыл.. Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

8. Мукашева Кабира Мурзагуловна -оқытушы, жалпы еңбек өтілі 36 жыл, педагогикалық еңбек өтілі -2 жыл.Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

9. Хасенова Асель Жанабековна -оқытушы, жалпы еңбек өтілі 14 жыл, педагогикалық еңбек өтілі -4жыл.Ғылыми қызығушылығы гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

1.7 Байланыс ақпараты;

Кафедраның мекен-жайы – Бейбітшілік 53, 3 этаж. Электрондық почта

Kazgma – gigiena @mail. ru Телефон – 53 94 59

Аудиториясы №305,306. 308,309

1.8 Пәннің саясаты:

Білім алушылардың мiндеттері:

• Пән бойынша тәжірибелік дағдыларды жасай білу,білімді толық көлемде қамту.

• Тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттер және бақылау сұрақтар мәліметтерін қамту,студент сабаққа келуге міндетті.

• Кафедра заттарына ұқыпты қарау.

• Білім алушылар білім ордасындағы оқытушылар мен қызметкерлерді сыйлау керек.

• Дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда және емтихандарда медициналық формада болу керек (халат,калпак).

• Кафедра тынысына белсене қатысу (студенттердің ғылыми үйірмесінде, кафедра шараларына).

• Сабақтарда ұялы телефондарды сөндіру.

• Ұялы телефондарды емтиханға алмау.

• Сабаққа кешікпеу. Дәріс, тәжірибе, ОСӨЖ-ге міндетті түрде қатысу.

• Дәрісті жіберген уақытта дәрісті өтеу түрлері: конспект, баяндама және дәріскермен сұхбат жүргізу.

• Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды себепті жағдаймен жіберген уақытта (сырқаттанғанда, уйлену тойы болғанда, босанғанда, стационарлық ем қабылдағанда, жақын адамдарын жоғалтқанда, сұрапыл апаттарда және т.б.)

• Студент немесе оның туыстары 3 тәулік ішінде кафедраға болған жағдайларды хабардар ету керек (телефон арқылы және т.б.)

• Егер сабақтан себепті жағдайлармен қалған сәттерде растайтын құжат болу керек: студенттер емханасынан анықтама қағаз, донорлық анықтама, жақын адамдарының қайтыс болғану туралы куәлік, неке куәлігі, туу туралы куәлік. Егер құжат болмаған жағдайда ол себепсіз болып есептеледі. Деканат тарапынан өтеу қағазы болу керек.

• Өтеу қағазы кафедраның «Өтеу журналында» және деканаттың «Өтеу қағаздарын тіркеу журналында» тіркеледі. Өтеу қағазының көшірмесі деканатта ал түп нұсқасы студентің өзінде болады.

• Егерде сабақты себепті жіберген уақытта өтеу сол сабақтын көлемін өтеп баллы қойылады.

• Егер сабақты себепсіз жіберген уақытта өтеу сол сабақтын көлемін өтеп, бірақ баллы қойылмайды(0).

• Жіберілген дәріс және тәжірибелік сабақтар 2 апта ішінде өтелуі керек.

• Егер білім алушы 2 апта ішінде дәріс және тәжірибелік сабақтарды өтемесе аттестацияланбайды.

• Қанағаттанарлықсыз бағаны алған жағдайда рейтингті көтеру мақсатында қайта тапсыруға болмайды.

• Білім алушыларға қорытынды бақылау мен рейтинг бойынша оң баллдары болса қорытынды баға қойылады.Оң баға 50% дан 100% құрайды, қанағаттанарлық емес баға - 0% - 49% құрайды.

• Сабақтарды кафедрада өтеу кестесі бойынша өткізіледі.

• Білім алушы емтихан сессиясының нәтижелері мен қорытынды аттестациямен келіспесе, Университеттің апелляциондық комиссия төрағасының атына апелляция беруге құқылы.

• Халықаралық студентік конференция мен кафера пәні бойынша олимпиада жүлдегерлеріне оң баға жүлдегерлеріне 100% қорытынды аттестатция автоматты түрде қойылады.

• Егер білім алушы пән бойынша қарыздар болса, басқа ЖОО ауысқанда

оқу жоспары бойынша айырмашылық тапсырмаса, онда ол білім алушы ақылы жазғы семестр өту қажет.

2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығы, сонымен қатар басқа халықтың топтары және әлеуметтiк факторларға бағынышты болуы, ата-аналардың денсаулығын, қоршаған ортаның күйiн, күнкөрiс көзін және бiлiм беретiн мекемедегі баланың тәрбиесi қадағалау. Балалар құрамын қалыптастыратын мәндi факторлар, денсаулықтарына, тәрбие жүйесіне, дене тәрбиесiне, психикалық денсаулықтың қорғауына қоса, сонымен бiрге дәрiгерлiк жәрдемнiң ұйымының болуы.Мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың қазiргi кезеңде тиiмдi медициналық қызметпен дұрыс қамтамасыз етiлуі және олардың денсаулық деңгейін жақсартуына шешім қабылданады

2.2 Пәннің мақсаты:Балалар мен жасөспірімдерге дәрігерлік және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету туралы ұсыныс беру керек

2.3 Оқытудың мақсаттары:

1.Мектепке дейінгі ұйымдарды дәрігерлік қызмет көрсету негіздерімен таныстыру;

2. Орта білім және интернатты ұйымдарға дәрігерлік қызмет көрсету туралы ұсыныс беру;

3. Балалар мен жасөспірімдерге денсаулық күйлерін бағалауды үйрету;

4. Балалар мен жасөспірімдерге санитарлық-гигиеналык шараларды және тәрбиелерін дұрыс ұстауды үйрету;

5. Мекемелерде санитарлық-гигиеналық, сонымен қатар мемлекеттік- санитарлық қадағалауды жүзеге асыруды үйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

Балалар мен жасөспірімдерге санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық түсінікпен қамтамасыз ету;

2. Балалардың денсаулық күйлерін бағалау критерийлері;

3. Балалардың биологиялық жетілулері және функционалдық күйлерін бағалау белгілері;

4. Балалардағы метеотропты аурулар;

5. Балалар мен жасөспірімдердің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануы;

6. Балалар мен жасөспірімдердің негізгі нормативтік заңға сәйкес сүйенген акт және балалар гигиена бойынша әдістемелік құжаттар:

В. Студент білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті:

1 Балалар мен жасөспірімдердің мекемелеріндегі бөлмелердің гигиеналық көрсеткіштерін анықтауға баға беру;

2. Бөлмелердің микроклимат, жарық параметрлерін қолдана отырып, балалар мен жасөспірімдердің мектептік және мектепке дейінгі мекемелерін рационалды ұсыну;

3. Физикалық тесттер бойынша балалардың физикалық дайындықтарын бағалау;

4. Мәзір құру керек - «Негізгі азықтық заттар мен қайрат қажеттілігінің нормалары»;

5. Дәрумен және алиментарлы кәсіби аурулардың профилактикасына тиімді қоректенуді ұйымдастыру.

D. Студенттің коммуникативтік қабілетілігі болуға тиісті:

1.Пән аралық топтарда жұмыс істей білу;

2.Өзінің ғылыми зерттеу жумыстарының нәтижесін адамдарға жеткізе білу.

Е. Студент оқуға қабілеттілігін көрсете білуге тиісті:

1.Жаңа ғылыми мәселелерді өз бетімен зерттей білу;

2.Ашылған жаңалықтардан және әдістерден хабардар болу мүмкіндігін пайдалану, сонымен қатар оларды қолдану туралы кәсіпті түрде кеңес бере білу;

3.Бала және жасөспірімдер мекемелеріндегі дәрігерлік қызмет көрсетулерді бағалау;

2.5 Реквизитке дейінгі:биохимия, экология, патологиялық физиология

2.6 Реквизиттен кейінгі: балалар және жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы

2.6 Пәннің қыскаша мазмұны: Балалар құрамын қалыптастыратын мәндi факторлар, денсаулықтарына, тәрбие жүйесіне, дене тәрбиесiне, психикалық денсаулықтың қорғауына қоса, сонымен бiрге дәрiгерлiк жәрдемнiң ұйымының болуы







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1062. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия