Студопедия — ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ






 

1. Оқытушы туралы мәлімет

2. Пререквизиттер

3. Постреквизиттер

4. Пәннің сипаттамасы

5. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

6. СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

7. СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

8. Әдебиет тізімі

9. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат

10. Апелляция өткізу рәсімі

 

 

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, № 412- аудитория

Оқытушы туралы мәлімет: Камиева Гульмира Камиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті

Байланыс уақыты: (Office-hour):дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, СОӨЖ кеңесі сабақ кестесіне сәйкес

Байланыс телефондары: 70-30-47 (10-93) ішкі коммутатор арқылы – 87014373939 (ұялы)

Пән туралы мәлімет: Кәсіби қазақ тілі.

Кредит саны – 1, сабақ 5-семестрлерде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиттері:Бүкіл адамзат қоғамының ХХІ ғасырдың аяғы шебіне, яғни ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру - бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған орай мектеп тәжірибесіне әр түрлі педагогикалық технологиялардың енгізілуі қазақ тілін үйрету жұмысының маңыздылығын арттыра түсті. Сондықтан білім беруді демократияландыру, ізгілендіру және оқыту сапасын арттыру - қазіргі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Осы тұрғыдан келгенде әдіскер ғалымдар жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін мамандықтарына байланысты коммуникативтік-танымдық бағытта оқытудың тиімді жолдарын қарастыру үстінде. Тілді мамандыққа бейімдеп оқытуда тіл үйренушінің кәсіби тілді меңгеруіне мүмкіндік туады:

- мамандықтарына қатысты ой-пікірлерін анық, нақты түрде ауызша және жазбаша жеткізу дағдысы қалыптасады;

- қазақ тілінің кәсіби бағытталған лексикасын жазылым әрекеті арқылы оқыту тіл үйренушінің тілді жазбаша меңгеруіне ықпалын тигізеді;

- мамандық туралы берілген ақпараттар, оларды әсерлі түрде ұсыну тіл үйренушілердің болашақ кәсіби қызметіне деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттырады;

- студенттердің сөздік қорын мамандыққа сәйкес сөздермен байыту кәсіби тілде еркін сөйлеуге жаттықтырады, жазбаша іскерлік дағдыларын қалыптастырады;

- мамандыққа байланысты сұрыпталып алынған лексикалық материалдың мазмұны студенттердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, елімізді, ұлтымызды сүюге, тілімізді құрметтеуге тәрбиелейді.

Пәннің постреквизиттері: Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беретін пәндердің бірі болып саналатын мемлекеттік тілді оқыту студенттердің біліктілік және коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру болып табылады. Коммуникативтік компетенция интегративтік негізде лингвистикалық (тіл), дискурстық (сөз) және әлеуметтік-мәдени компетенция деп бөлінеді. Лингвистикалық компетенцияның мазмұны білім және іскерлікті белгілі бағдарламаның көлемінде, коммуникативтік және біліктілік іс-әрекеттің грамматикғалық, фонологиялық, лексикалық құбылыс саласында қолданылады.

Пәннің сипаттамасы: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

В1 деңгейі бойынша:

- бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты қатысымдық міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;

- өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;

- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;

- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;

- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылған мәтінге қатысты өз ойын білдіре алуы;

- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аңдатпа дайындай алуы тиіс.

В2 деңгейі бойынша:

- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;

- өз көзқарасын дәлелдей отырып, кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;

- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;

- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;

- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;

-электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.

С1 деңгейі бойынша:

- жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;

- қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;

- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;

- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;

- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;

- маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы;

- алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 663. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия