Студопедия — Тақырып. Электрондық кестелер.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Электрондық кестелер.






Жоспар:

1. Электрондық кестелер туралы түсінік.

2. MS Excel интерфейсінің жалпы характеристикасы. Ортаны баптау. Excel-де құжаттарды жасау, сақтау және шығару. MS Excel-де деректерді енгізу технологиясы.

3. Формуллар, функциялар, функция мастері. Деректер қорының бастапқы және құрылымдық құралдары.

4. Деректерді статистикалық өңдеу және жобалау.

5. Финанстік экономикалық есептеулер. Кредиттерді, қарызды және инвестициялық бағалауларды есептеу үшін қолданылатын финанстік функциялар.

Кілттік сөздер:электрондық кестелер, жұмыс кiтабы, ұяшық, ұяшықтар жиыны, ұяшық сілтемесі, формулалар енгізу, формула қатары, функция шеберi және диаграмма.

Иллюстрациялық материал:Балапанов Е. «Информатикадан 30 сабақ», Жаролдина Г.Қ.Абдилдаева М.М. Тертюбаева С.С. «Информатика» электрондық оқулықтары

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [1, 6, 11, 17, 21, 27, 30]

1. Microsoft Excel 97 кестелi процессоры: Лабораториялық практикум.- Алматы: ЖТИ, 2003.- 72 б.

2. Блаттнер Патрик. Использование Microsoft Office Excel 2003. Специальное издание / П. Блаттнер; Пер. с англ. и ред. А.Соколенко.- М.: Вильямс, 2005.- 864с (+CD).

3. Долженков В.А. Microsoft Excel 2003 / В.А. Долженков, Ю.В. Колесников.- СПб.: БХВ-Петербург, 2006.- 1024с.

4. Лавренов С.М. Excel: Сборник примеров и задач: Учебное руководство и пособие / С.М. Лавренов.- М.: Финансы и статистика, 2006.- 336с.- (Диалог с компьютером.).

5. Рычков В. Самоучитель Excel 2002 / В. Рычков.- СПб.: Питер, 2002.- 320с.

6. Excel 97 программасын пайдалану: Лабораториялық практикум.- Алматы: Баро, 1999.- 65 б.

7. Excel для экономистов и менеджеров / Дубина А.Г.,Орлова С.С.,Шубина И.Ю.,Хромов А.В.- СПб.: Питер, 2004.- 295с.

Қосымша әдебиеттер: [20, 21, 22, 23]

1. Левин А. Excel - это очень просто! / А. Левин.- СПб.: Питер, 2004.- 74с.

2. Попов А.А. Excel: практическое руководство. / А.А. Попов.- М.: Десс, 2004.- 301.

3. Пузырев В.В. Microsoft Excel 2000: Руководство для начинающих и опытных пользователей / В.В. Пузырев.- М.: Майор, 2001.- 176с.

4. Тим Тофель. Excel 7.0 для Windows 95. Секреты и советы / Т. Тим; Под ред. С. Молявко, Пер. с нем. Яблочковой Е.- М.: БИНОМ, 1996.- 336с.

 

Электрондық кестелер немесе кестелік процессорлар деп кесте түрінде беріл­ген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады. Басқаша айтсақ, электрондық кестелер – кесте ішінде есеп-қисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, деректер қорын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер.

Excel құжаты жұмыс кiтабы деп аталады. Бір жұмыс кітабы бір файлға жазылады, ал әр файлдың бiр немесе бiрнеше кестесi болуы мүмкiн.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың саны –65536, ал бағаналар саны –256.

Ұяшықтар жиыны (диапазоны – ауқымы). Қатар орналасқан көршi ұялар­да бiртұтас мәліметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сiлтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды.

Ұяшық (тор) - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әр бір ұяшық бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады.

Ұяшық сілтемесі (көрсеткіші) – жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тік төртбұрышты теңбіл тор. Теңбіл ­тор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады.

Ағымдағы ұяшық – теңбіл тормен белгіленіп тұрған екпінді ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.

Блок (ұялар жиыны, аумағы) – тік төртбұрышты түрдегі қатар­ласа орналасқан үялар жиыны. Ол бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан немесе тік төртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Бір мезгіл­де бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе ұялар аралығы деп атауға болады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2-ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу – Excel электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан тұратын 16 парақ кітап тәрізді. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады.

Формулалар енгізу. Формула ретінде арифметикалық амалдар немесе функциялармен бірік­­ті­ріл­ген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестері­нен тұратын арифмети­ка­лық өрнектерді жазуға да болады.

Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, 2*3 теңдігін есептеу үшін =2*3 формуласын жазу керек. Ұялар жиыны адресі терілгенде оларды бөліп тұратын: (қос нүкте) қолмен енгізіледі. Формуланы енгізгеннен кейін, сол ұя­шықта бірден нәтиже көрінеді.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегі­мен жазылады. Операторлар дегеніміз – іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары – амалдары шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады.

Формула қатары – ұяларға мәліметтер және формулалар енгізуге немесе оларды түзетуге арналған қатар.

Жолдар: 1 2 3 4 5 6... 65536

Бағаналар: A B C... Z AA AB AC... AZ BA BB BC... ІU

Функция шеберiн пайдалану функция топтарын немесе Басқа функциялар пунктiн таңдағанда, Функция шеберi (Мастер функций) программасы жiберiлiп, керектi функцияны таңдап алу жеңiлденедi.

Функция атын формулаға кірістіру үшін Функция шеберін пайдалануға болады, ол Кірістіру=>Функция (Вставка=>­Функция) командасымен немесе fх бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның ішінен керектісін таңдап алып Қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберінің; келесі терезесі экранға шығады да одан аргументті таңдап алуға болады.

Диаграмма – жұмыс кiтабының кез келген бетiне кестелер арқылы салынатын графикалық объект. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн.

Ехсеl-дің бұл функциясы төрт сұхбат терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1017. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия