Студопедия — С И Л Л А Б У С 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

С И Л Л А Б У С 1 страница






 

Пәні: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау

Мамандығы: 5В030100 – құқықтану мамандығы үшін

оқу формасы: күндізгі

курс: 3,4

семестр: 5,7

кредит саны: 2

барлық сағат саны: 90

барлық аудиториялық сағат: 90, оның ішінде:

дәріс: 30

практикалық сабақтар: 15

ОСӨЖ: 15

СӨЖ: 30

Ааралық бақылау 2

Емтихан: 5,7 семестр

 

 

Талдыкорған 2014 ж.

Оқытушы туралы мәлімет:

Уразымбетов Талғат Ертарғынұлы - Қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

эл. почта: [email protected]

байланыс телефоны: 87022655714

сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты – сейсенбі күні 15.00 Қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасыда 225 ауд.

Пәннің пререквизиттері:

Прокурорлық қадағалау пәнін оқып білу үшін студенттер келесі мынадай пәндерді оқып білуі қажет: «ҚР Конституциялық құқығы», «Мемлекет және құқық теориясының тарихы», «Социология», «Философия», «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Қылмыстық құқығы», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Құқыққорғау органдары».

Пәнніңпостреквизиттері: «Прокурорлық қадағалау» пәнін зерттеу барысында алған білімді келесі пәндерді зерттеуде қолдануға болады: «Криминалистика» «Жедел іздестіру қызметі», «Соттық дәлелдемелер теориясы», «Адвокатура және адвокаттық қызмет», «Қылмыстарды саралау теориясы», «Алдын-ала тергеудің психологиясы», «Қылмыстық әрекеттің мінез-құлық механизмінің криминалистикалық аспектілері», «Кеден ісіндегі анықтау өндірісі», «Кеден қызметінің психологиясы», «Шет елдердегі соттардың құрылымы», «Қазіргі кездегі құқықтық жүйелер», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Азаматтық іс жүргізу құқыгы», «Соттық риторика», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» және т.б.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

«Прокурорлық қадағалау» курсының негізгі мақсаты адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша конституциялық кепілдіктердің және еліміздегі заңдардың нақты және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің бір нысаны ретінде прокурорлық қадағалау туралы студенттерге білім беру. «Прокурорлық қадағалау» курсы прокуратура органдарының қызметін және ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, прокурорлардың құзыретін және прокурорлық қадағалау актілерін оқытуды көздейді. Бұл курсты оқу барысында студенттер прокурорлық қадағалаудың ерекшеліктерін, прокурорлық қызметтің дәстүрлі қалыптасқан қадағалаудың саласы бойынша және прокуратура органдарының басқа қызметі бойынша ерекшеліктерін ажырата білуі, тексеру жүргізу кезінде міндеттер қою тәсілін және прокурорлық қадағалау актілерін жасай білуі тиіс. "Қазақстан Республикасындағы прокурорлык кадағалау" курсы дербес құқықтық пән. Оның құрамына прокурорлық қадагалау туралы заңдарды, қадағалаудың дәстүрлі қалыптасқан салаларында прокурор қызметінің теориясы мен практикасы және прокурор қызметінің негізгі бағыттары туралы білімдер енеді.
Пәнді оқу барысында ҚР Конституциясында және ҚР «Прокуратура туралы» заңында бекітілген прокуратура органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі басты қағидалары қарастырылады және анализделеді; анықталған құқықбұзушылықтарға прокурорлық әсер етудің, сонымен қатар заң бұзушылықтың алдын алу және жою бойынша прокурорлық әсер ету шараларының мазмұны ашып көрсетіледі.

Оқу пәнінің жоспарын құрастыру кезінде құрастырушылар прокурорлық қадағалаудың мағынасын ашу кезінде прокурорлық қадағалаудың заңдық реттелуін, бұл мәселелер бойынша теориялық зерттеулердің және құқықбұзушылықтың алдын алу және оны жоюға байланысты прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың арасындағы үйлестігін табуға тырысты. Берілген материал оқу процесінің қажеттіліктеріне және прокурорлық қадағалаудың тәжірибесіне анағұрлым жақындатылған. Осы мақсатта прокурорлық қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша ҚР-сы Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларына сілтеме жасалады. «ҚР-дағы Прокурорлық қадағалау» курсын жақсы біліп шығудың басты шарты, ол студенттердің танысу, өндірістік және диплом алдындағы практиканы прокуратура органдарында өтуін жақсы ұйымдастыру болып табылады және де бұндай шара болашақ тергеушілер мен прокурорларға әр түрлі процесуалдық құжаттарды дайындауда, әр түрлі процессуалдық әрекеттерді жүргізудің тактикасы мен методикасын үйренуде үлкен көмек болады.

Оқытудың мақсаты:

«ҚР прокурорлық қадағалау» пәнін оқып білу келешек құқық қорғау органдарының мамандарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады. Мұнда құқықты реттеу, тағайындау, міндеттері, функциялары, ҚР прокуратура органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидаттарын жақсы білу қажет.

Объект пен пәніне орай курстың мақсаты мен міндеттері болып білімгерлерді прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалауды және көп, бір-бірінен денгейі, мазмұны, шешімдерінің құралдары тарапынан өзгешеленіп бөлінетін міндеттерді білу секілді біліммен қаруландыру саналады. Осы мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттер қойылады.

Оқытудың міндеттері:

- Прокурорлық қадағалау пәнінің негізгі қағидаттары мен таныстыру;

- оқытудың әдіснамалық негіздерін;

- оқыту процесінің іргелі идеяларын, заңдарын және заңдылықтарын,

тұжырымдамаларын;

- оқытудың мәнін, заңдылықтарын, мазмұнын, формалары мен әдістерін;

- курс бойынша алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдануды;

- оқыту процесін жобалау мен жүзеге асыруды;

Курсты оқып-білу жалпы мамандық және аралас пәндердің мазмұндарымен тікелей байланысты, олар: «Құқық негіздері», «Рим құқығы», «Мемлекет және құқық тарихы», «Мемлекет және құқық теориясы» және де т.б.

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

Біздің еліміздегі жоғары оқу орындарында «ҚР прокурорлық қадағалау» курсын оқыту ғылыми және тәжірибелік пайдасы екі маңызды объективті факторларға сүйене келіп; біріншіден-прокурорлық қадағалау мемлекеттегі заңдылықты қаматамасыз етудің негізгі жолы екендігін.

Екіншіден- сот-құқықтық реформаларын және прокурорлық қадағалауда дәл және жүйелі талдау жүргізілетін құқық қорғау органының жұмысын көрсетеді.

Типтік бағдарламаның негізгі элементтерінің біріне пәннің тақырыптық жоспарын жатқызуға болады, оның ішінде қажетті тараулар мен тақырыптар тізімі орын алған.

Негізгі сабақ түрлері болып дәріс, семинар, практикалық сабақтар есептеледі. Оқу процесінде студенттерге еліміздің көп жылдар бойы құқық қорғау органдары мен сот жүйесі органдарында қызмет атқарған, оқулықтар мен қажетті әдебиеттер авторларының еңбектерін қолдана отырып, үлкен ғылыми және тәжірибелік құндылықтар беру көзделген.

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.

«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды. СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.

Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.

 

Білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Кредиттік технология жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.

 

Баға қоюдың критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларының орындалуы     Әр сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері     3апта 6апта 8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   15 апта

 

 

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген

 

 

Дәрістің күнтізбелі - тақырыптық жоспар

 

Тараулар бойынша дәріс тақырыптары Дәріс саны апта әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасындағы прокукрорлық қадағалаудың пәні мен мііндеттері     1,2,3,4,5,6  
2. Прокуратура органдары қызметін ұйымдастыруының құқықтық негіздері     1,2,3,4,5,6  
3. Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері және қағидалары.     1,2,3,4,5,6  
4. ҚР прокуратура органдарының қалып- таса бастауы және дамуы     1,2,3,4,5,  
5. «ҚР прокурорлық қадағалау» курсының пәні және жүйесі.Прокуратура органдары ның жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру.     1,2,3,4,5,6  
6. Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері.     1,2,3,4,5,6
7. Мемлекеттік мүддені қорғап прокуратураның сотта өкілдігі.     1,2,3,4,5,6
8. Мемлекет басқару органдармен мекемелер, кәсіпорындармен, лауазымдық тұлғалар және азаматтармен заң қолдануын қадағалау.     3,9,10
9. Жедел іздестіру қызметі, заңдылығына прокурорлық қадағалау.     3,4,8,9,10
10. Тергеу мен алдын-ала анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау.     3,4,8,9,10
11. Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау.     3,9,11,10,12
12. Атқарушылық іс жүргізу заңдылығына прокурорлық қадағалау.     3,9,10,12,13
13. Прокуратурамен іске асырылатын қылмыстық қудалау.     3,9,10,11,17
14. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары мен қылмыстық істердің тергеуіне прокурорлық қадағалау.     3,9,10,11
15. Қылмыстардың тіркеуі және есебі.     3,9,10,11
  Барлығы:      

 

Семинарлық сабақтардың күнтізбелі-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы және мазмұны Семинар саны апта Өткізілу түрі
  Қазақстан Республикасындағы прокукрорлық қадағалау оқу пәнінің мәні мен жүйесі. 1.Қазақстан Республикасының прокурорлық Қадағалаудың ұғымы мен маңызы. 2.Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері.Прокурорлық қадағалау курсының мәні. 3.Прокурорлық қадағалаудың салалары. 4.Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының пайда болуы және дамуы. 5.Тәуелсіз Қазақстан прокуратура органдары.   1-апта Қысқаша конспект, сызба сызу ауызша
  Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық негіздері және мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны. 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2.Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура органдарына қатысты мәселелер.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. 3.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 4.Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 5.Қазақстан Республикасының заңдары. 6.Бас прокурордың және төменгі тұрған прокурорлардың актілері.Халықаралық құқықтық актілер.   2-апта ауызша, кесте құру, толтыру
  Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері және қағидалары. 1. Прокуратура органдары қызметінің негізгі мазмұны мен бағыттары. 2.Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру бойынша прокуратура органдарының қызметі. 3.Прокуратураны ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары.   3-апта Қысқаша конспект, сызба сызу, ауызша
  Прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлардың өкілеттіктері. 1.Прокуратура органдарының жүйесі. 2.ҚР Бас прокурорының өкілеттіктері. 3.Облыстық прокурорлар. 4.Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген басқа да прокурорлар. 5.Прокуратура органдарындағы алқалар.   4-апта Пікір талас, іскерлік ойын
  Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесі. 1.Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері.Қазақстан Республикасының 2.прокуратура органдары жүйесінің ұғымы. Қазақстан Республикасының 3. прокуратура органдарының жүйесі. 4.Прокуратура органдарының ұйымдастырылуын және қызметін реттейтін актілер.   5-апта ауызша кесте сызу
  Сотта іс қараудағы прокурордың құзіреті. 1.Күшіне енбеген сот қаулыларына наразылық беру. 2.Күшіне енген сот қаулыларына наразылық беру. 3.ҚР Жоғары Сотының нормативтік қаулыларына наразылық беру.   6-апта Қысқаша конспект, ауызша кесте сызу
  Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау. 1.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері. 2.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері. 3.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандыңтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.   7-апта ауызша
  Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қамтамасыз етуге байланысты прокурордың өкілеттіктері. 1.Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы,мәні және міндеттері. 2.Прокурордың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі. 3.Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.   8-апта Іскерлік ойын
  Тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығын қадағалаудағы прокурордың өкілеттіктері. 1.Қадағалаудың мәні,маңызы және міндеттері. 2.Прокурордың алдын-ала тергеу және анықтау орггандарында заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі. 3.Алдын-ала тергеу анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру. 4.Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері. 5.Тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығын қадағалаудағы прокурордың актілері   9-апта баяндама, ауызша
  Әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалаудағы прокурордың өкілеттігі. 1.Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокуратуралық қадағалаудың маңызы,мәні,міндеттері мен басты бағыттары. 2.Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі. 3.Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актілері. 4.Қадағалаудың пәні мен мазмұны.   10-апта ауызша, кесте құру
  Атқару өндірісінің заңдылығын қадағалаудағы прокурордың өкілеттігі. 1.Үкімдерді орындау сатысындағы прокурорлық қадағалаудың мәні және міндеттері. 2.Үкімдерді орындауға кірісудің уақыттылығы мен дұрыстығына прокурорлық қадағалау. 3.Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес үкімдердің орындалуын қадағалау. 4.Прокурордың бас бостандықтан айыру түріндегі жазаны орындау заңдылыған қадағалау.Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату заңдылығын қадағалау (ҚР ҚК 70-бабы)   11-апта конспект, ауызша
  Қылмыстық қудалау бойынша прокурордың өкілеттіктері. 1.ҚР Конституциясы және қылмыстық қудалау жөніндегі ҚР Президентінің заңы. 2.Прокуратура жүзеге асыратын қылмыстық қудалау түрлері. 3.Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру барысында прокурордың уәкілдігі. 4.Прокурордың жазалау шаралары қылмыстық қудалаудың ерекше акті ретінде. 5.Қылмыстық қудалаудың шектері.Істерді сотқа жіберу.   12-апта Іскерлік ойын
  Кәмелетке толмағандар туралы заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау. 1.Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына күресуде прокурордың рөлі. 2.Прокурорлық қадағалау арқылы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. 3.Қылмыстық сот ісінде кәмелетке толмағандар ісі жөнінде заңдардың сақталуын қадағалау ерекшелігі. 4.Кәмелетке толмағандарға арналған тәрбиелеу мекемелеріндегі прокурорлық қадағалау.   13-апта конспект, кесте құру, глоссарий
  Прокуратура органдарының қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау. 1.Прокуратура органдарына қызметке тұрған тұлғаларға қойылатын талаптар. 2.Прокуратура органдарының қызметкерлерін құқықтық қорғау.Еңбекті құқықтық реттеу. 3.Прокуратура қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету. 4.Прокуратура қызметін ұйымдастырудың басқа да мәчселелері.   14-апта Пікір талас
  Халықаралық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау.   15-апта ауызша, кесте құру
  Барлығы:      

Практикалық (семинарлық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1465. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия