Студопедия — Курс жұмысын жазудың мақсаты және оған қойылатын талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Курс жұмысын жазудың мақсаты және оған қойылатын талаптар






«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» курсы экономикалық қатынастардың ерекше жүйесін зерттейтін экономикалық ғылымның арнайы бөлігі және экономикалық бейіндегі біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда аса маңызды рөл атқаратын оқу пәндерінің бірі. Мемлекеттің экономикалық тетіктерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін экономика дамуындағы инвестицияның маңыздылығын ескере отырып, жоғарғы оқу орындарына стандартқа сәйкес – «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» деген атпен оқу бағдарламасына осы бейіндік пән енгізілді. Жалпы бұл пәнде инвестицияның түрлері мен формалары, қаржыландыру әдістері мен көздері, инвестициялық қызметтер, инвестициялық жобалар және жобаларға талдау жасау, сонымен қатар оларға тиімді инвестициялық шешім қабылдау жолдарымен байланысты теориялық және практикалық білімдердің негізі қарастырылады. Сондықтан да бұл базалық пәндердің қатарына жатады. Осыған орай оқу бағдарламасында курс жұмысын жазу міндетті түрде студенттерге жүктелген.

Курс жұмысын жазудың мақсаты – жалпы теориялық пәндерді оқыту барысында алған білімді зерделеп, кейбір күрделі экономикалық мәселелерді тереңірек түсінуге студенттерді баулу.

Оқу бағдарламасы бойынша кафедра мәжілісінде курс жұмысының тақырыптары бекітіліп, студенттер соған сәйкес оқу семестрінде курс жұмысын орындайды. Жазылған жұмыс емтихан-тестке бір ай уақыт қалғанда кафедраға тапсырылып, тексеруден өткен соң белгіленген уақыт ішінде қорғалуы тиіс.

Курс жұмысын ойдағыдай орындау студенттің алдына қойған талаптарын жете түсінуімен байланысты. Осы әдістемелік нұсқауға сәйкес пәнді теориялық терең меңгеруге, жұмыстың мазмұнына және курс жұмысын сапалы әрі сауатты орындауға, сонымен қатар орындалған жұмысты оқытушылардан құралған комиссияның алдында жоғары деңгейде қорғауға дайындаумен байланысты студенттерді жауапкершілікке жүктейтін талаптар қойылады. Курс жұмысын орындауда студенттер алдына қойылатын міндеттер мыналар:

– оқулықтарды, оқу құралдарын, ғылыми монографиялық еңбектерді, ғылыми мақаларды және статистикалық жинақтарды оқып, шолу жасап, ғылыми зерттеу жасауға үйрету;

– оқу бағдарламасына сәйкес базалық пәндерден және мамандану пәндерінен алған білімдерін қорытындылап, курс жұмысында пайдалана білуге дағдыландыру;

– студенттердің ойын және шығармашылық қабілетін дамыту;

– жазбаша зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ауызша еркін баяндау әдістерін меңгеруге тәрбиелеу.

Осы қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін студент курс жұмысында таңдаған тақырыбының мазмұнын терең анықтап, сол бойынша жазылған шетелдік және Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері мен оқулықтарын және ресми құжаттарын оқып, түсініп, оларды пайдалануы керек.

Курс жұмысын орындау барысында студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарында экономикалық категорияларды қолдана білулері және зерттеу жұмыстарының нәтижесін практикада пайдаланып, қоғамның экономикалық даму заңдарының мәнін терең түсініп, курс жұмысының тиімділігін көрсетулері керек. Демек, курс жұмысын ойдағыдай жазу оқыған ғылыми әдебиеттер мен жинақтаған нақты мәліметтерді дұрыс қолдануды талап етеді. Сондықтан курс жұмысын ғылыми тұрғыдан терең, әрі теориялық мәселелерді практикамен ұштастырып орындау қажет. Нақты ақпараттарды терең талдап, оларды мұқият таңдап алу шарттарының бірі. Ол үшін статистикалық жинақтарды, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың және фирмалар мен банктердің сандық мәліметтерін пайдалану қажет.

Курс жұмысының тақырыбын дұрыс таңдап, оның мән-мағынасын жете түсіну, мазмұнын кеңінен ашу, сөйтіп оны диплом жұмысына ұластыру сатысында ой толғай білу, болашақта ғылыми зерттеу ісіне үйренудің маңызды алғы шарттарының бірі болып табылады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1440. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия