Студопедия — СИЛЛАБУС. Электив циклы бойынша
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СИЛЛАБУС. Электив циклы бойынша






Электив циклы бойынша

 

Мамандық;:051301 – «Жалпы медицина»

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар: 9 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): 9 сағат

Студенттің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы: 9 сағат

Оқу сағаттары көлемі (кредиттік): 27 сағат (1 кредит)

Курс – 3

Семестр - V, VI

Бақылау түрі: емтихан

 

 

Алматы, 2012

Неонатология кафедрасының отырысында қарастырылып, бекітілді. «____»_____________2012 ж., хаттама №_____

 

Кафедра меңгерушісі,

профессор _______________________ Тастанбеков Б.Д.

 

 

1. Жалпы мәліметтер:

1.1 ЖОО атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

1.2 Кафедра: Неонатология

1.3 Пән: «Туа біткен және тұқымқуалаушы патология

факторлары» электив циклы

1.4 Мамандық;: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағаттарының көлемі: 27 сағат (1 кредит)

1.6 Курсы және оқу семестрі: 3 курс, 5,6 семестрлер

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Т.А.Ә Ғылыми деңгейі қызметі
  Тастанбеков Батыр Джунусович м.ғ.д. профессор, кафедра меңгерушісі
  Божбанбаева Нишангуль Сейтбековна м.ғ.д. доцент
  Султанбаева Сауле Нургалиевна м.ғ.к. ассистент
  Байгазиева Гульжан Жолдасхановна м.ғ.к. ассистент
  Мустафазаде Туказ Шамистанкызы - ассистент
  Есенова Сара Абидуллаевна, - ассистент
  Бейсекова Айнур Абдыкадыровна. - ассистент

1.8 Контактты ақпарат:

Мекен жайы: БҚЖКА, жаңа туылған нәрестелердің жұқпалы аурулар патологиясы және шала туылғандар бөлімі,394-88-22, №1қалалық перзентхана, қызмет телефоны 292-13-97.

1.9 Пәннің саясаты:

Студенттерге қойылатын жалпы талаптар:

1. Сабақта таңғы 7:55 болу. (5 минут киім ауыстыруға)

2. Сабаққа дайындықпен келу. (сабақтың сұрақтары мен тақырыпты білу)

3. Санитарлық кітапша болуы керек.

4. Таза халат, ауысымды аяқ киім, 5 қабатты марлі бетпердесі, қалпақ, фонендоскоп, тонометр боуы қажет.

5. Сабақ кезеңі барысында қалта телефонфн өшіріп қою.

6. СӨЖ тәжірибелік сабаққа 2-3 күнге дейін тапсыру.

 

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Қазақстанда жыл сайын 0 ден 5 жас аралығында 5000 бала шетінейді, оның жартысына жуығы жаңа туылғандар болып табылады. 5 жасқа дейін шетінеудің негізгі себебі перинатальды кезеңдегі жағдайға байланысты. Қазақстанда жаңа туылғандардың құрылымы бойынша туа біткен ақаулардың дамуы үшінші орында, бәрінен бұрын ана мен бала, ұрық пен нәресте патологиясында кешенді бағдарлы первентивті шаралардың тиімділігі ауру себептері бекітілген негіздеулерге байланысты жүргізіледі.

Берілген элетив циклінде студенттер құрсақішілік даму, тератогенді факторлардың әсері, «тератогенді күнтізбе» ұғымына түсінік, туа біткен аномалиялар және тұқымқуылаушылық аурулардың пренатальды диагностикасы жөнінде білім алады.

Сонымен қатар электив циклы ең алдымен білім, денсаулық жақтаушысы және тәжірибелік дағдылар компетенциясының құрылуына себебін тигізеді.

 

2.2 Пәннің мақсаты: Туа біткен даму ақаулары, эмбриофетопатия және тұқымқуалаушылық аурулар механизмі және себептері бойынша студенттерде білім мен қалыптастыру.

 

2.3 Оқыту тапсырмалары

1. Студенттерді құрсақішілік даму кезеңдері туралы білім қлыптастыру.

2. Студенттерге эмбриофетопатияның даму қаупі факторларын түсіндіру.

3. Тұқымқуалаушылық, жүктілік және босану ағымы, акушерлік – гинекологиялық анамнез есебінен туа біткен аномалиясы бар ана мен бала анамнезін жинауды үйрету және дағдыландыру.

4. Студенттерге антенатальды және постнатальды диагностикалау принциптеріне, жиі кездесетін туа біткен ақаулардың дамуы және хромосома ауруларына көмек көрсету және алдын алу туралы білім беру.

5. Студенттерді туа бікен даму аномалиясы бар нәрестелер жағдайының ауырлығына баға беру дағдыларына уйрету.

6. Педиатр жұмысын регламенттеуші, құқықтық құжаттарды пайдалануды түсіндіру;

7. Пациент және ата – аналары, әріптестермен дұрыс ара қатынас дағдыларын жетілдіру;

8. Студентте мамандық таңдау, өзін өзі жетілдіру, дамытуға деген ұмтылысына жол ашу;

9. Ғаламтор көздерінен алынған материалдар мен әдебиеттерге талдау жүргізуге үйрету,медициналық әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі қажет (когнитивті компетенция):

· Құрсақішілік дамудың негізгі кезеңдерін, антенатальды патологиясын

· Тұқымқуалайтын аурулар және эмбриофетопатияның әртүрлі түрлерінің құрылуының қауіп факторларын

· Тератогенді факторлар, туа біткен даму ақауларын

· Пайда болу мерзіміне байланысты құрсақішілік патология түрлерін

· Жаңа туылған және шала туылған нәресте ағзасы жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктерін

· Туа біткен патологиясы бар нәрестелердің ата анасынан анамнез жинау ерекшеліктерін

· Жаңа туылған нәрестелердегі ағза және жүйе бойынша физикальды қарау ерекшеліктерін

· ТДА бар жаңа туылған нәрестелерді тамақтандыру, күтімі тәртібін ұйымдастыруды

· Жаңа туылғандардағы жиі кездесетін ТДА диагностикасын және клиникалық көріністерін

· Ана мен баладағы құрсақішілік жұқтыру және иммунитет (клеткалық және гуморальды) туралы ұғымдарды

· Ұрықтық жетіспеушілік туралы ұғым және ұрықтың функциялары.

· Жаңа туылғандардағы ТДА көмек көрсету, диспансеризация және алдын алу принциптері.

Студент істей алуы қажет(операционалды компетенция):

· Туа біткен және тұқымқуалаушы патологияны емдеу жолдарының жоспарын құруды;

· Туа біткен және тұқымқуалаушы патологиясы бар нәрестенің ата анасымен және басқа да медициналық әріптестермен максимальды сенімді қарым қатынас орнату.

· Жаңа туылған нәрестелердің қарауын, пальпациясын, перкуссиясын және аускультациясын;

· Апгар шкаласы бойынша бағалауды;

· Туа біткен патологиясы бар нәрестемен алғашқы туалет жүргізуді;

· Нәрестелердегі жүйке - психикалық және физикалық дамуын бағалауды;

· Балалардағы физиологиялық және патологиялық рефлекстерді анықтауды және невроргиялық деңгейін бағалауды;

· Соматикалық деңгейді бағалауды;

 

Коммуникативті компетенция:

· Жаңа туылған нәресте және ата аналарының аурулары жайында, жүктілік және және туыт кезіндегі акушерлік-гинекологиялық анамнездерді жинауды;

· Туа біткен және тұқымқуалаушы патология қауіп қатерінің басты факторларын алынған анамнездер негізінде анықтауды;

· Әртүрлі туа біткен және тұқымқуалаушы патологисы баррдің тамақтандыру тәртібін және күтімін ұйымдастыруды;

 

Құқықтық компетенция:

· БДҰ бағдарламасы бойынша нәрестелерді жүргізу бойынша құқықтық құжаттармен жұмыс істеу машығын қалыптастыру

 

Өзін-өзі жетілдіру компетенциясы:

· Студенттерде интернет ресурстарымен, электронды кітаптарымен, монографиялармен, ғылыми мақалалармен жұмыс істеу машығын қалыптастыру.

 

2.5. Реквизитке дейін:: патологиялық физиология -1, - коммуникативті машықтар

2.5. Реквизиттен кейін: балалар аурулары, акушерия және гинекология.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 775. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия