Студопедия — Тапсырма. «Ой қозғау» стратегиясы.Студенттер берілген мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырма. «Ой қозғау» стратегиясы.Студенттер берілген мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.






«Ой қозғау» стратегиясы. Студенттер берілген м әтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

Дәрі-дәрмексіз әдіс

Денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Ал оның шарты – иммунитет, яғни ағзаның түрлі ауруға қарсы тұру қабілеті. Ағзадағы иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеп тұрса, кеселдің кез-келген түрі қауіпсіз. Ал ол әлсіресе, сан алуан ауру түрлері пайда бола бастайды.

Бүгінде иммунитетті нығайтуға әркімнің өз қанымен әсер ету әдісі табылған. Мұнда ешқандай дәрі-дәрмек қолданылмайды әрі экологиялық тазалық сақталады. Аллергиялық реакция болмауын да қамтамасыз етеді.

Ұзақ жылдық тәжірибеде аталмыш тәсілдің тыныс жолдары, қимыл-қозғалыс тіректері, аллергия, бауыр, қан аурулары, ісіктің алдын алуға шипалы екені анықталған. Ол, әсіресе, атом өнеркәсібі, энергетика, ғарыш, спорт салаларында жұмыс істейтіндер үшін тиімді. Әркімнің өз қаны арқылы иммундық жүйені қалпында сақтау, нығайту әдісінің болашағы мол. Ол Ресейлік иммунология институтында табылған. Әзірге кең тарамағанымен, біздің елімізде де қолданылуда.

10-тапсырма. Мәтіннен өздеріңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттар туралы баяндаңыз.

11-тапсырма. Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз және мақалдың мәнін, мысалдармен дәлелдеп көріңіз.

1. Денсаулық – зор байлық.

2. Ауру сөзбен емес, дәрімен емделеді.

3. Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

4. Тәні саудың – дені сау.

5. Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

6. Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық - он саулық.

7. Байлық – байлық емес,

Денсаулық - байлық.

8. Сырқат – тән жарасы,

Қайғы – жан жарасы.

 

 

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Әр дәрінің шығарылған мерзіміне назар аударыңыз.

ә) Әрбір дәрінің этикеткасы және оны қалай пайдалану жөнінде жазылған нұсқауы болуы керек.

б) Дәріні қажет болғанда ғана қабылдау керек.

в) Егер дәрі көмектеспесе, оны қабылдауды тоқтатыңыз.

г) Дәріні баланың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

2. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Науқас адамның бадамша безі ісініп, қан қысымы көтеріледі.

а) салалас құрмалас сөйлем

ә) шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

б) қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

в) себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

г) мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

3. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бас сүйегі сынса, науқасты шалқасынан жатқызады.

ә) Арнайы шендеуіштер дәріханада сатылады.

б) Ересек адамда бес литрдей қан болады.

в) Полиомиелит кезінде, көбіне, жұлынның сұр заты зақымданады.

г) Қызамық ауруының жасырын кезеңі 2-12 күн.

4. Берілген сыңардан құрмалас сөйлем жасаңыз.

..., науқастың тынысы тарылады.

а) Жүрек демікпесі қатты ұйқы кезінде басталып

ә) Таңертең ерте

б) Бөлмесінің ішінде

в) Сол жақ қарыншаның қызметі бұзылғанда

г) Ащы дәрілерден

5. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп,....

а) отырады

ә) ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді

б) жүреді

в) күрделі қызмет

г) тығыз байланысты

6. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.

..., дене қызуы көтеріледі.

а) Жұқпалы аурумен ауырған науқастың мазасы

ә) Тұмаумен қатты ауырғанда

б) Кеше бізді

в) Тамақ ішіпті

г) Егер ауру асқыну

7. Құрмалас сөйлем жасамайтын қатарды көрсетіңіз.

..., созылмалы қан аздыққа ұшыратады.

а) Дәрігерлік көмек көрсетілмесе

ә) Спортпен шұғылданушы

б) Ұзақ уақыт емделмеу

в) Дер кезінде емделмесе

г) Дер кезінде емделмегендіктен

8. Құрмалас сөйлемнің баяндауышы болатын тіркесті көрсетіңіз.

Аурудың белгісі білінісімен..., дер кезінде емделген жөн.

а) дәрігерге барып

ә) қайнатпаны ішу

б) толық тексерілсе

в) таза ауада

г) мөлшермен

9. Құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., арнайы санаторийлерде дем алған жөн.

а) Науқастың жүрегі

ә) Дәрігердің кеңесін тыңдап

б) Қандай жағдайда

в) Жарақаттанып

г) Ауруханада ем қабылдау

10. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі оны оқимын

ә) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі қалада оқиды.

б) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі қар қалың түсіпті.

в) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі шешем келеді.

г) Ертең мен ауруханаға барамын, себебі тәулік бойы кезекшілікте боламын.

 

Операционалды – дағды компетенциясы:

1–жаттығу. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Бағыныңқы сыңардың баяндауыштарының жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

1. Ауа райы жылы болғанмен, біз саяхатқа шыққан жоқпыз. 2. Науқастың емделуге рұқсаты бола тұра, ауруханаға үш күн кеш жатты. 3. Дәрігер мамандығы қиын болса да, өз мамандығын жақсы көретін мамандар көп. 4. Отандық дәрілер көп болғанмен, оларды жиі пайдаланбаймыз. 5. Асқазанның қызметі бұзылса да, науқас диета сақтамады.

Коммуникативті компетенция:

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

а) лексикалық материал бойынша:

1. ЖИТС ауруы туралы не білдіңіз?

2. ЖИТС ауруының таралу жолдары қандай?

3. ЖИТС ауруын неге өлім қаупіне апаратын дерт деп атайды?

ә)грамматикалық материал бойынша

1. Құрмалас сөйлем деген не?

2. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемдердің айырмашылығы неде?

3. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?

4. Анықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтауыштың қандай түрлері бар?

5. Жанама толықтауыш қандай септіктердің сұрақтарына жауап береді?

6. Қайда? қайдан? деген сұрақтар қай сөйлем мүшелерінің сұрақтары болып табылады?

 

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, А. 2001. 56-57-бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі.2010. 90-91-бб.

3.Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 310-311-бб.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.130-131-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 165-166-бб.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№29 тақырып: Дәрігер этикасы.

Сөздіктану. Терминтану

 

 

 

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

1. Тақырыбы: Дәрігер этикасы

Сөздіктану. Терминтану.

 

2. Мақсаты: сөздіктер мен термин туралы түсінік беру, терминнің жасалу жолдарын практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығулар орындату, сөздіктермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру, мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрату, дәрігер этикасы туралы мағлұмат беру, мәтінді өз сөзімен мазмұндауға дағдыландыру.

 

3. Міндеті:Жаңа тақырыптағы медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сөйлем құру дағдыларын қалыптастыру.

 

Когнитивті – білім компетенциясы: терминнің жасалу жолдарын түсіндіре отырып, сөздіктердің түрлерін ажырата білуге үйрету, студенттер ұғымында терминтану, сөздіктану туралы теориялық түсінік қалыптастыру.

 

Операционалды – дағды компетенциясы: мәтінді өз сөзімен мазмұндауға үйрету, мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрауға дағдыландыру.

 

Коммуникативті компетенция: студенттердің өз мамандығына қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттыру, өз ойын жеткізу, салыстыра білу, сөйлеу, жазу біліктілігін дамыту.

 

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу дағдыларын арттыру.

 

4.Негізгі ұғымдар:медициналық этика, денсаулық сақтау саласы, сырқаттың психикасы, әйел аурулары, кейбір кемістік;сөздіктану, терминтану туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

 

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау (45 мин.)

Жаңа сабақ;

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс (25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс (15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин.)

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин.)

6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ;

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: « Дәрігер этикасы» туралы суреттер, слайдтар. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1839. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия