Студопедия — Оғыз және қимақ мемлекеттері. 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оғыз және қимақ мемлекеттері. 2 страница






Республикадағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиыншылықтары. Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық, байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті. Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ. Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа Премьер-Министрі С.А. Терещенко Жоғарғы Кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады» деп мойындауға мәжбүр болды. Қағаз ақша шамадан тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды. Өндірістік қуаттарды, құрылыс обьектілерін іске қосу күрт азайды. Тұрғын үйлер, мектептер, басқа да әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандары пайдалануға аз берілетін болды. Әсіресе құрылыс материалдары өндірісінің қыскаруы мен олардың өнімі құнының қымбаттауы, құрылыс мекемелерінен маманданған жұмысшылардың кетуі қатты байқалды. Темір жол көлігімен тасымал көлемі азайды. 1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиумымен келісе отырып, республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады. Қабылданған нарыққа өту бағдарламасын кәсіпорындардың, сауда орындарының бірқатар жетекшілері өнім бағасын шектен тыс қымбаттату деп түсінді. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы, кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы сұраным секторлары бағасының күрт жоғарылауына әкеп соқты. Тек бағаны босатудың алғашқы кезеңінде (1992 жылғы каңтар) ол 186,4 есе, ал сөуірдегі (1991) реформадан кейін - 554,6 есе өсті. Азық-түлік және өндірістік тауарлар бағасынын, өсуіне ықпал еткен факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты, көпшілік оларды сатып ала алмады. Қаңтар мен тамыз аралығында азық-түлік бағасы бірнеше есе өсті.Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті. Енді түсірген пайдасына, табысына қарай адамдар бөліне бастады. Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алып-сатарлық, делдалдық, пара алумен түзеп алған адамдар тобы пайда болды. Жемқорлық, әсіресе шенеуніктер арасында күшейді. Байлықты негізгі өндіретін халықтың жалақысы - бір айлықтан екіншісіне дейін зорға жетті. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер қиын жағдайда қалды. Тұрмыс жағдайының одан әрі нашарлауы тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер жалақысын көбейтуді талап етіп, ереуіл өткізді.1992 жыл өте күрделі жағдайда өтті. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауына Ресейде жасалған реформаны сол қалпында қайталау да біршама әсер етті. Саудада, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласында меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі төмендеп, тәртіп едәуір нашарлады.

Сақтар туралы жазбаша деректер. Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен: парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар; хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер; тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сақтардың әлеу. құрылымы, шар, тұрмысы. Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар: жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. Орталық қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы. Сақтар — қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен: парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар; хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер; тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы ролі. Қазақстанның егеменді мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи көрінісі болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1990 жылдардың бас кезіне дейін Қазақстанда бір ғана коммунистік партия үстемдік етсе, 1993 жылдың соңына қарай 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республткалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі, Коммунистік партия. Кейін біртіндеп басқа да партиялар-халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, халықтық-кооперативтік партия, Дәуірлеу партиясы, Отан, Аграрлық партия, т.б құрылды. Келешекте Қазақстандағы саяси партиялар сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі өзгеріске ұшырағалы отыр. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Параментінің 20020ж 26маусымда «Саяси партиялар туралы» Заң қабылдауына байланысты туындады. Бұл заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы, респуьликалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кем дегенде 700партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегенде 50 мың мүшесі болуы керек. Осы заңда атап көрсетілгендей, мұндай нормалар қоғамдағы плюрализмді қорғайды және ынталандырады. Бұрын құрылған саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу, оларды құрудың және қызметінің тәртібін, барлық саяси партиялар үшін міндетті жаңа Заңның талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сөйтіп, бұрын құрылған және жаңадан құрылатын партиялар осы заң арқылы тең құқықтық жағдайға қойылады. Кейінгі жылдары саяси партиялардың бір-бірімен қосылып, ірілену үдерісі жүріп жатыр. 2006 жылы «Отан» партиясына «Асар» партиясы, сәл кейінірек Азаматтық, Аграрлық партиялар қосылып «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы д.а болды

Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернациолдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендермен ингуштер еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мың неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашай, ингуш,шешен балкар, қарам татарлары, месхет түріктері көшіріліп әкелінді.КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті III Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2млн 464мыңға жуық адам болғанын айғақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншылықтарға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

Соғыс коммунизм саясаты және оның Қазақстандағы ерекшелігі (1918-1920жж.). Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ)кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады.

Тәңіршілдік түріктердің дәстүрлі сенімі. Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы 10-12 ғасырларда қазақтар арасында Ұмай құдайына табыну ата-баба аруағына сыйыну етек жайды. Табиғат күштеріне табыну көшпелі түріктер арасында біразға дейін сақталды.Бұл наным – сенімдері тек 7 ғасырда ислам діні біртіндеп ығыстыра бастады.7 ғасырда қазақ жеріндегі түрік тайпалары арасында ислам діні етек жайды. Бұл істі Хишам Халиф жүргізді. 10 ғасырда ислам дінін Жетісу жеріндегі тайпалар Сырдария бойындағы оғыздар қабылдады. Сырдария бойындағы Испиджаб қаласы Ислам дінінің орталығы болды.10 ғасырда қыпшақтар да ислам дінін қабылдады.Қазақстан жерінде ислам дінін таратушылардың бірігейі Қожа Ахмет Иссауи болды. Ислам діні әсіресе 16-17 ғасырларда қазақтар арасында кең тарады. Ислам дінімен бірге тәңірге табыну қазақтардың діни нанымдарының бірі болды. Халықтың аруаққа сыйынуы тоқтаған жоқ Бұл ислам дінінің қағидаларына қайшы келді. Қазақтар жер анаға, су анаға, от анаға, қой иесі Шопан атаға, сиыр иесі Зеңгі бабаға, жылқы иесі Қамбар атаға, түйе иесі Ойсыл қараға табынды. Сонымен қатар әулие Қызылтау, Теректі құздарына, Қазығұрт үңгіріне, Қошқар ата бұлағы сияқты жерлерге табынды. Қазақта ислам дінінің талабына сәйкес адамдардың жаназасын шығарып, өлікті жуып, арулап құбылаға қаратып жерледі.Қайтыс болған адамның жұма, қырық күн және бір жылдық асы беріліп тұрады. Бай адамдардың мазарлары әшекейленіп биік күмбезбен салынады.

Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығы. 17 ғ басында билік үшін талас тартыс күшейе түсті. 1680-1718 ж қазақ хандығының хантағына Жәңгірдің баласы Тәуке отырды. Тәуке өзбилігін билер сияқты әлеуметтік тіректің көмегі арқылы нығайтуға ұмтылды. Билердің қолдауына сүйенген Тәуке хан биліккебағынбай ақсүйектер тобына қарсы батыл күрес жүргізді. Тәуке тұсында көзге түске билер маңызды мемлекеттік істерді шешкен кезде хан кеңесінде маңызды орын алды, хан төңірегіндегі билер сот міндеттерін де атқарды, Сырдария бойында Иәукенің хандық өкіметі нығайып,, Түркістан оның астансы болды. Тәуке ерекшелігі:Хандықтың боолшекьтенуі окталылып, бір орталыққа бағындырылуы, Жонгар шапрқыншылығы басендеп, тыныштық орнады, мемлекеттік курылыстын негізгі ұстанымдарын анықтайтын ЖЖ заңын жасады, көрші елдермен достык катынаста болуды коздеді. Тәуке негізгі мақсаты Хан билігін ныгайту. Билер кенесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Билер кенесі Күлтөбеде, Битобеде откізілген. Дауды маселені шешуді билер сотына жүктеді. Тәуке Жеті жарғыны жазу үшін Көлтебенің баурайына атақты Төле би бастаған жеті билерді жинап алды. Олар Қасым мен Есім хандар ұстағ,ан ежелгі әдет ғұрып заңдарының басын құрап, Жеті жарғы деген жаңа әдет ғұрып заңдарының жинағын шығарды. Қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған ғылымға белгілі ең алғашқы заң нұсқасы осы ЖЖ болды. Ақсүйектердің артықшылық жағдайын көздеді, құн төлеу үшін адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді; Ер кісі үшін мың қой, әйел үшін бес жүз қой толенді. Сұлтанды не кожаны олтірсе жеті адамннің кунын толеу. Урлық ушін үш тогыз толеттіріп, дүре согу, әйел зорлағанды олим жазасына кесу. Тәуке хан 1686-93 ж Сібірге бес рет елшилик жиберилип, орыс катынастарын дамытты. 17 18ғғ жонгарлар жетісудын бир болігін жаулап алып, Сарысу озені алқабына дейін жетті. Үш жүздің окілдері 1710 ж Қарақұм жиынын откізді. Нәтижесінде бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғарлар шығысқа ығыстарылды. 1718 Тәуке қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.

Төле, Қазыбек, Айтеке билердің ролі. Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды. Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді. Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен Төле би Әлібекұлы(1663-1756) – Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысыШу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Тауке ханның басқару кезінде Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына ат салысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.Абылай ханның басқару кезінде 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 ж. Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 ж. Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оның елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады.. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде кезінде Шоқан Уәлиханов, Россияның А. Левшин, Г. Потанин, А. Диваев және совет дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев және осы еңбектің авторы, т.б. фольклоршы, тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазақстанның мемлекеттік архиві мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан жинақталған материалдар да баршылық. Халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де аз емес. Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүзарғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 922. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия