Студопедия — Бап. Азаптау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Азаптау






1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстiң 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға қатысты;
б) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
в) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты;
г) азаптап;
д) жалдау бойынша;
е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында жасалған әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында
зиян келтiру

Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -
айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл төлеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде
денсаулыққа ауыр зиян келтiру

Денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана ауыр зиян келтiру, -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде
денсаулыққа ауыр зиян келтiру

Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру

1. Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтiру, -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру, -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. (алып тасталған)
4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

112-бап. Қорқыту

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi кезiнде, -
айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

113-бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету
немесе заңсыз алу

1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тiнiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi көрiнеу белгілі адамға қатысты;
б) кәмелетке көрiнеу толмаған адамға қатысты;
в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
д) бiрнеше рет;
е) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
ж) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
и) өзiнің қызметтiк жағдайын пайдаланып;
к) жәбiрленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда жәбiрленушiнің өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 113-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.03.02 N 131 Заңымен.

114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң;
кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқтырған нақ сол әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

114-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және
профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң;
және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi
мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу

1. Медицина қызметкерiнiң клиникалық зерттеулер жүргiзу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 114-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

115-бап. Соз ауруын жұқтыру

Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екi немесе одан да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 115-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ)
жұқтыруы

1. Басқа адамды көрiнеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру,-
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Өзiнде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа адамға жұқтыруы, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет, -
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

117-бап. Заңсыз аборт жасау

1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адамның заңсыз аборт жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жыл мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы не тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi бар адамның бiрнеше рет заңсыз аборт жасауы, -
үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу

1. Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелдi себептерсiз науқасқа көмек көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлуiне, не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру

1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, кiнәлi кiсiнiң ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған және ол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйде өзi қалдырған жағдайларда, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiн мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Көмексiз қалдырған адамның абайсызда өлуiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 720. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия