Студопедия — бап. Билiктi терiс пайдалану
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бап. Билiктi терiс пайдалану






1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейінгі мерзімге абақтыда ұстауға немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауынгерлік жағдайда жасалған әрекеттер, -
жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 380-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

380-1-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра
пайдалану

1. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерi шегiнен сөзсіз асып кететiн, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейінгі мерзімге абақтыда ұстауға немесе екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған не:
а) күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып;
б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолданып;
в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған нақ сол әрекет, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер, -
жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесілген немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 380-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

380-2-бап. Билiктiң әрекетсiздiгi

1. Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауынгерлік жағдайда жасалған әрекеттер, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 380-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

381-бап. Қызметке селқос қарау

1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Ескерту. 381-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

382-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету

1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкiмiнсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 382-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

383-бап. Жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе
тастап кету

Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 383-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

384-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу

Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан өз еркiмен тұтқынға берiлу -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 384-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

385-бап. Тонаушылық

Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -
бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 385-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету
немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар
құжаттарды жоғалту

1. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдары болып табылса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екі айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе қызметi бойынша белгiлi болған адамның жария етуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың болуына әкеп соққан әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 386-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

387-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру

1. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 387-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру

Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 388-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту

Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiнбұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 389-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты,
сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау
ережелерiн бұзу

1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 390-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану
ережелерiн бұзу

1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейінгі мерзімге абақтыда ұстауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 391-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу

Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу

Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн
бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының
Президентi

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 454. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия