Студопедия — Хондропротекторлар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хондропротекторлар






хондроитин сульфат, глюкозамин

Қаңқаның қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар

Эргокальциферол, кальцитриол, альфакальцидол, кальций глюконаты, кальций карбонаты, кальций цитраты, кальций Д3, кальцитонин, этиндронат, клодронат, памидронат, ибандронат, алендронат, золендронат, эстрогендер препараттары (монофазалық, екіфазалық)

 

2.12Оқытудың әдістері:

Дәрістер: шолу, мәселелік

Практикалық сабақтар: тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, талдауымен рецепттер жазу, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді шешу.

СОӨЖ

Орындау критерилері

- ұсынылған жұмыстардың барлық түрлерін толық көлемде орындау

Студенттің өзіндік жұмысы:оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау, тақырыпты өзіндік игеру, рефераттар, эссе, презентацияларды дайындау, кестелерді құрастыру, тесттік тапсырмаларды орындау.

 

2.13 Білімді бағалау критериилері мен ережелері:

1. «Фармакология-2» пәні бойынша студенттердің білімін бағалау

Ең жоғарғысы 100 балл

а) ауызша сұрау – ең жоғарғысы 80 балл

- ауызша сұрау мен тақырыпты талдау кезінде дұрыс және толық жауап беру – 74-80 балл

-ауызша сұрау мен тақырыпты талдау кезінде дұрыс, бірақ толық емес жауап беру – 60-73 балл

- аздаған қателіктері бар толық емес жауап беру – 52-59 балл

- тақырыптың негізгі сәттерін ғана көрсететін толық емес жауап – 50-51 балл

- жауап жоқ – 0 балл

б) Тест түрінде тапсырмаларды орындау – ең жоғарғысы 20 балл

- 86-100 % - 20 балл

- 75-85% - 15 балл

- 60-74% - 7 балл

- 50-59% -3 балл

- 50 % аз - 0 балл

2. «Фармакология-2» пәні бойынша дағдыны бағалау

Талдауымен рецепттер жазу – ең жоғарғысы 100 балл

- толық талдауымен дұрыс жазылған рецепт – 90-100 балл

- рецептті жазу мен сигнатураны рәсімдеудегі қателіктер, толық емес талдау – 75-89 балл

- концентрация мен дозаны көрсетудегі қателіктер, сигнатураның көрсетілмеуі, талдаудың толық көрсетілмеуі – 50-74 балл

-дұрыс емес жазылған рецепт, талдауының жоқтығы – 0-49 балл

3. «Фармакология-2» пәні бойынша коммуникативті компетенцияны бағалау

Ең жоғарғысы 100 балл

Дағды Балл
1. Өзін тиімді таныстыру  
2. Достық райды вербалды емес деңгейде жеткізуге негізделген ашық кейіп  
3. Сұхбаттасу қарқынын ұстана білу, зер салып түйсіну  
4. Сенімділік  
5. Ықыласпен көңіл қойып түйсіну  
6. Көкейтесті мәселені пациент (әңгімелесуші) тұрғысынан байқай білу  
  Сендіре білу (иландыру) тәсілдерін қалыптастыру  
8. Топ арасында пікірталас, жарыс сөз өткізу  
9. Мамандығына байланысты терминдерді латын тілінде меңгеру (арнайы түсініктер, атаулар, терминдерді латын тілінде түсіну және айта білу)  
10. Кері байланыс  
  Барлығы:  

4. «Фармакология-2» пәні бойынша өз білімін жетілдіруді бағалау

СӨЖ (ең жоғарғысы 100 балл)

Критерий Балл
  СӨЖ ның барлық талаптарды толық орындаған 90-100
  СӨЖ орындағанда аздаған қателер жіберілген, тапсырма толық орындалмаған 75-89
  СӨЖ орындағанда біршама қателер жіберілген, тапсырма толық орындалмаған 50-74
  СӨЖ орындағанда маңызды қателер жіберілген тапсырма орындалмаған, СӨЖ ның критериясына сәйкес емес 0 – 49

5. «Фармакология-2» пәні бойынша құқықтық компетенцияны бағалау

Құқықтық компетенцияны бағалауға арналған сұрақтар аралық пен қорытынды бағалауларда қарастырылады

«Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттерінің емтиханының екінші кезеңін (практикалық дағды) бағалау критериилері

Ең жоғарғысы 100 балл

1. Рецепт жазу (ең жоғарғысы 40 балл)

Критерий Балл
Аздаған қателіктер жіберілген толық талдауымен дұрыс жазылған рецепт 35-40 балл
Рецепт жазу мен сигнатураны рәсімдеудегі қателіктер, толық емес талдау 25-34 балл  
Дұрыс жазылған рецепт, талдауда барлық параметрлері көрсетілмеген 20-34 балл
Концентрация мен дозаны көрсетудегі қателіктер, сигнатура көрсетілмеген, талдауында барлық параметрлер көрсетілмеген 10-19 балл
Дұрыс емес жазылған рецепт, талдауы жоқ 0-9 балл

 

2. Жағдайлық есепті шешу (ең жоғарғысы 40 балл)

 

Критерии Балл
Жағдайлық есеп толығымен шешілген, барлық сұрақтарға жауап берілді 35-40 балл
Жағдайлық есеп аздаған қателіктермен шешілген (мысалы, препараттың әсер ету механизмі толық сипатталмаған) 20-34 балл
Жағдайлық есеп айқын қателіктермен шешілген (мысалы, бір сұраққа дұрыс емес жауап берілген) 10-19 балл
Жауап жоқ немесе бір сұраққа қателіктермен жауап беру 0-9 балл

 

3. Коммуникативті компетенцияны бағалау (ең жоғарғысы 20 балл)

Дағдылар Балл
Тиімді өзін таныстыру 0-5 балл
Өзіне сенімділік 0-5 балл
Түйсікті қабылдау 0-5 балл
Сендіре білу әдістерін қалыптастыру 0-5 балл
Барлығы 20 балл

 

ҚР (қорытынды рейтинг)=ЖР (жіберу рейтингісі)+ҚБР (қорытынды бақылау рейтингісі)

Ең жоғ.-100 балл

ҚР=бағаның пайыздық көрсеткішіне

Емтихандық ведомостке төменде көрсетілген кестеге сәйкес сандық және әріптік эквивалентте пән бойынша қорытынды баға қойылады.

Пән бойынша әріптік-баллдық-рейтингтік бағалау

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші % Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлық емес

 

 

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен

№1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының негізгі жолдары»

2. Мақсаты:Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері:

ОЖЖ инфекциялары өмірге қауіп төндіретіндіктенэтиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық терапияны қажет етеді. Олар жеке ауыру түрінде, немесе қандай да бір бактериялық аурудың асқынуы ретінде дамуы мүмкін.

Менингит –мидың және жұлынның қабыну ауруы. Қабыну үрдісінде қабықтардағы және жұлын сұйықтығының өзгеру сипатына байланысты серозды және іріңді менингит болып бөлінеді. Іріңді менингитті жиі келесі топтағы микробтар шақырады: менингококктар, пневмококктар, гемофилді таяқша, стрептококктар, көкірің таяқшасы.

Сондықтан менингитті емдеуде міндетті түрде микробқа қарсы заттар, оның ішінде ликворға өтетін, антибиотикке микробтың сезімталдық дәрежесін ескере отырып тағайындалатын препараттар қолданылады.

Антибактериалды терапия парентералді жүргізіледі, келесі антибиотиктерді науқаспен көтере алатын масималды мөлшерлерде тағайындайды.

Хлорамфеникол (левомицетин), жақсы сіңіріледі, барлық тосқауылдардан жақсы өтеді, жаңа туған нәрестелерге қолдануға болмайды. Келесі жанама әсерлер көрсетуі мүмкін: аллергиялық реакциялар, қан түзілуінің тежелуі, тіпті апластикалық анемияға дейін, балаларда сұр коллапс және шоқ. Көрсетілген ауытқуларда пенициллин тобының препараттары кеңінен қолданады: бензилпенициллин натрий тұзы 24 000 000 ӘБ нен, ересектерге ампициллин, оксациллин, карбенициллин, уреидопенициллиндер, оларға тән жанама әсерлер болып табылады: аллергиялық реакциялар, карбенициллин тромбоциттердің агрегациясын бұзуы мүмкін

Келесі топтың препараттарын аминогликозидтер құрайды: гентамицин, тобрамицин, нетилллицин, аллергиялық реакциялар, естудің бұзылуын шақыруы мүмкін, нефротоксикалық әсері бар. Аминогликозидтер В-лактамды антибиотиктермен синергист болып әсер етеді.

Сонымен қатар цефалоспориндердің 3-ші және 4-ші ұрпақтары қолданады: науқастармен жақсы көтерілетін цефтриаксон, цефтазидим, цефотаксим, цефепим, бірақ аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Грамтеріс микробтармен В-лактомаза өндіретін пенициллиндерге аллергия болған кезде, соның ішінде Pseudomanas азтреонам қолдануға болады.

Антибактериалды емнен басқа бактериалды менингите естудің төмендеу қаупін және неврологиялық бұзылыстарды тудыруды азайту үшін қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсерлері бар кортикостероидты ем қолданылады.

Бактериалді менингиттің жиі асқынуына басішілік қысымның жоғарылауы жататындықтан науқасқа диуретиктер – маннит, фуросемид енгізіледі.

Тырысудың алдын алу және емдеу үшін диазепам тағайындалады, су-электролиттік балансты тұрақты ұстап тұру қажет.

Симптоматикалық терапия да үлкен роль атқарады.

4. Power Point бағдарламасы бойынша дайындалған көрнекі құралдар қолданылады.

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А., Фармакология, мемлекеттік тілдегі аудармасы, Алматы 2004, 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750 б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724 б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – 415 б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Клиническая фармакология. /под ред. Зупанца И.А., Налетова С.В., Викторова А.П./ изд. НФаУ «Золотые страницы», 2005 ж. т 1-2. 844 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. –2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002 - 782 б.

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

 

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Бактериялық менингитте қандай антибиотиктер қолданылады?

2. Мидың қабаттарының қабынуында антибактериялық терапиядан басқа қандай топтың препараттары қолданылады?

3. Бактериялық менингиттің асқынуы нәтижесінде дамитын басішілік қысымның жоғарылауында қандай препараттар қолданылады?

4. Менингитте тырысудың алдын-алу және емдеу үшін қандай препараттар қолданылады?

Дәріс №2

1. Тақырыбы: «Негізгі нейропротективті заттар. ОЖЖ регенераторлы-репаративті үрдістерді жақсартуға бағытталған препараттар».

2. Мақсаты:регенераторлы-репаративті үрдістерді жақсартуға бағытталғантерапияданейропротекция үшін, ишемиялық және геморрагиялық инсультті емдеуде қолданылатын заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі және сипаттамасымен студенттерді таныстыру»

 

3. Дәрістің тезистері

Шұғыл жағдайларға сәйкес базисті терапия синдромды және нейропротективті болады.

Синдромды интенсивті терапияда жүргізілетін шаралар бір кезеңде және мүмкіндігінше жылдам жасалуы қажет. Мидың қан айналымының бұзылыстарында алдын алу шаралары аса тиімді: АҚ төмендету және сәйкес ұстап тұру, қандағы липидтердің деңгейін қалыптастыру; дене салмағын төмендету; тромб түзуілу қаупі бар науқастарға дезагреганттарды, қажет болған жағдайда антикоагулянттарды қолдану. Сонымен қоса қосымша ауруларына емдеу жүргізу.

Инсульт — мидың қан айналымының жедел бұзылысы.

Мидың қан айналымының жедел бұзылысының дифференциялық терапиясының негізгі бағыты — ишемия ошағын және ишемиялық жартылай көлеңкеленген ошақты шектеу, қанның реологиялық және ұю қасиеттерін қалыптастыру, церебропротективті терапия – нейрондарды ишемияның зақымдаушы әсерінен қорғау және нерв тіндерінде репаративті үрдістерді ынталандыру.

Реперфузиялық терапия инсульттің патогенетикалық сипатымен анықталады. Ми қан тамырларының тромболитикалық және эмболиялық зақымдалуларында емдеу тромболизиске бағытталған. Бұл жағдайда плазминогеннің рекомбинантты тіндік активаторы (rt-PA), анкорд, гепаринді қолдану тиімді болар еді. Транзиторлы ишемия алған науқастарға антикоагулянттарды қолданады, қайталануды болдырмас үшін антиагреганттар – аспирин тағайындалады,

Антикоагулянттар мен тромболитикалық терапия гемморагиялық инсульт алған науқастарда қарсы көрсетілген, оларды қолдану артериялық гипертензиясы бар науқастарда шектелген, одан басқа олар тек алғашқы тәулікте ғана тиімді.

Ишемиялық инсульт алған науқастарда антиагрегантты әсері бар, микроциркуляцияны жақсартатын заттар қолданылады. Мидың ісіну белгілері болған жағдайда терапия басішілік қысымды төмендетуге бағытталады (осмостық диуретиктер).

Нейропротективті терапияны шартты түрде біріншілік және екіншілік нейропротекция деп бөледі, біріншілік нейропротекция глутамат-кальцийлік каскадты тез бұзуға бағытталған, екіншілік нейропротекция нейрондардың өлуін тоқтатуға — АФК артық өндірілуін, оксидативті стрессті, цитокиндердің дисбалансын болдырмауға, иммундық ауытқулардың, трофикалық дисфункциялардың, апоптоздың болуына кедергі жасауға бағытталған.

Біріншілік церебропротекцияда ең жиі қолданылатын заттарға - потенциалға тәуелді L-типті кальций каналының антагонисттері — дигидропиридиннің туындылары: нимодипин (аса жақсы зерттелген) – субарахноидалды қан құйылғанда қантамырларының спазмын болдырмайды, фибринолизді күшейтеді, бос радикалдардың тотығуын тежейді және ишемиялық инсульттен кейінгі өлім жиілігін төмендетуі мүмкін.

Екіншілік нейропротекцияда жасушалардың баяу өлу механизмдерін тежейтін заттар: антиоксиданттар, нейропептидтер, қабынуға қарсы цитокиндердің блокаторлары, нейротропты факторлар, ноотропы: глицин, пирацетам, фенотропил, пикамилон қолданылады.

Ноотропты заттарды транзиторлы ишемиялық атакасы бар науқастарға, геморрагиялық және ишемиялық инсульт алған науқастарға да қолдануға болады. Ең жиі қолданылатын - пирацетам, ақыл ой қабілетін ынталандырады (ойлау, оқу, есте сақтау), антигипоксиялық әсер көрсетеді, ми тінінің гипоксияға тұрақтылығын жоғарылатады, және тырысуға қарсы аздаған әсер көрсетеді. Әсері баяу дамиды.

Нейропротекцияның маңызды бағытына нейропептидті және антиоксидантты терапия жатады. Нейропротективті әсер көрсететін антиоксиданттарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады: 1. АФК және бос радикалдардың «Қақпаны»; 2. Антиоксидантты ферменттер және табиғи антиоксиданттар; 3. Нейродеструкция кезінде АФК түзілуінің ингибиторлары. Препараттар: Карнозин, тирилазид, оксипиридиннің туындылары: эмоксипин және оның янтарлықышқыл тұзы мексидол, селеннің туындылары — натрий селениті, деметеон, неоселен, эбселен. Ноопент гидроксилді радикалдардың «қақпаны» болып табылады.

Соңғы жылдары нейропептидтердің арасынан белсенділігі жоғары нейропротекторларды іздестіру қарқынды жүруде. Нейропептидтерді зерттеудің жаңа бағытына апоптозды реттеудегі ролін анықтау, сонымен қатар ерте дамитын гендердің экспрессиясына – препараттары: цереброкурин, кортексин, семакс әсерін анықтау болды.

Көрнекі материал:мультимедиялық дәрістің электрондық үлгісі (студент кафедрадан алады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А., Фармакология, Мемлекеттік тілдегі аудармасы, Алматы, 2004, 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: ГЭОТАР Медиа, 2008, 750 б.

3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 б.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

5. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

9. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 б.

10. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 ж.

11. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

12. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 б.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Инсульттің терапиясында қолданылатын дәрілік заттардың әсер ету принципі.

2. Мидың қан айналымының жедел бұзылыстарында қолданылатын заттардың негізгі дифференцирленген бағыттары.

3. Нейрометаболикалық заттар: ноотропты және церебропротекторлар.

4. Пирацетамның, глициннің, семакстің, церебролизиннің және т.б. әсер ету механизмдері.

5. Нейрометаболикалық заттардың қолданылуы мен қарсы көрстекіштері.

6. Нейрометаболикалық заттардың балаларда қолданылуы.

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 Сабақ;

1.Тақырыбы. Ми қанайналымының жедел және созылмалы бұзылыстарында қолданылатын заттар

2. Мақсаты:Патологиялық үрдістерді реттеуге бағытталған ми қан айналымы бұзылыcы кезінде қолданатын препараттар тобының фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктеріне арналған білімдерін қалыптастыру.

Когнитивті компетенция

1. Ми қан айналымы бұзылысы кезінде қолданатын дәрілік препараттардың жалпы сипттамасына арналған білімдерін меңгеру, әсер ету механизмін, заттардың негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін түсіну

2. Емнің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әр түрлі мүшелерінің және жүйелерінің қызметін бағытап өзгерту үшін дәрілік заттарды таңдауға үйрену.

3. Әр түрлі патологиялық жағдайлар және аурулар кезінде дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Қолдануға қарсы көрсетулерді анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1495. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия