Студопедия — ГЕПАТОПРОТЕКТОРЛАР
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ГЕПАТОПРОТЕКТОРЛАР






"Гепатоқорғайтын заттар" (ГЕПАТОПРОТЕКТОРЛАР) – гепатоцитті қорғайтын, оның қызметін қалыптастыратын және сақтайтын заттар.

Препараттардың біріне - СИЛИБИНИН (Silibininum) –Silybum marianum (теңбіл расторопша) өсімдігінен алынған флавоноидты зат жатады. Гепатоциттердің мембранасын тұрақтандырады, нәтижесінде зақымдаушы заттарға тұрақтылығы жоғарылайды, гепатоқорғайтын әсер көрсетеді, бауырда зат алмасу үрдісін жақсартады, ас қорытуға қатысады.

Легалон (карсил, силибинин) жедел гепатитте, бауырдың созылмалы ауруларында, бауыр циррозында қолданылады.

Лив-52 (Liv-52) препараты – кешенді препарат, бірқатар өсімдіктердің сөлі мен қайнатпасынан дайындалған. Инфекциялық және токсикалық гепатиттерде бауырдың қызметін жақсарту үшін, созылмалы гепатитте және бауырдың басқа ауруларында қолданылады. Препарат тәбетті жоғарылатады, ас қорытуды жақсартады, ішектен газдардың шығуына ықпал етеді.

ЭССЕНЦИАЛЕ – нағыз, эссенциалді, біріншілік, фосфолипидтерден, соның ішінде полиқаныққан фосфатидихолиннен тұрады. Препараттың әсерінен гепатоциттердің мембранасындағы фосфолипидтер тығыздалады, зақымдалған жасушаларды және бұзылған қызметін қалпына келтіреді, бауыр жасушаларын аутоиммунды агрессиядан сақтайды, бауырдың детоксикациялық қызметін қалпына келтіреді, бауырда дәнекер тінінің өсіп кетуін болдырмайды.

Гепатопротекторлық әсер витамин В15 - кальция пангаматқа (в таб. по 0, 05) да тән. Препарат метил тобының донаторы болып саналады, сондықтан липид алмасу жақсарады, тіндердің оттегін сіңіруін жоғарылатады, бұлшықетпен бауырда креатинфосфаттың және гликогеннің деңгейін жоғарылатады, гипоксия құбылысын жояды.

 

ХОЛЕЛИТИКАЛЫҚ ЗАТТАР

Соңғы жылдары дезоксихол қышқылының, соның ішінде урсодезоксихол қышқылының (урсо - ақ, полярлы аю) өт қапшығында түзілген өт тастарын ерітетін әсері бар екені анықталған. Бұл қышқылдар өтте холестериннің мөлшерін төмендетіп, өт қышқылдарының деңгейін жоғарылатады (дәл осындай әсерді көрсетеді изомерлі хенодезоксихол қышқылы да – ХДХК көрсетеді).

Бұл қышқылдар өтте өт қышқылдарын жоғарылата отырып, холестерин деңгейін төмендетеді. Аталған заттар медицинада холетикалық заттардың қолданылуына жол ашты. Бұл заттарды тек ұсақ өт тасы түзілгенде қолданылатынына және тиімділігі аса жоғары еместігіне қарамастан, бұл препараттар хирургиялық операциялардан немесе серпінді толқындық әдістерден кейін қосымша қолданылатын заттар болып табылады. Жаңа, белсенді литолитикалық заттарды іздестіру әрі қарай жалғасуда.

ХЕНОФАЛЬК. Холестериндік өт тастары холестериннің синтезінің жоғарылауы нәтижесінде түзетілетіндігі белгілі. ХДХК холестериннің ферментативті синтезін тежейді. Өтте холестериннің концентрациясының төмендеуі нәтижесінде холестериндік тастар ақырын ери бастайды.

УРСОФАЛЬК урсодезоксихол қышқылынан тұратын холелитикалық препарат болып табылады.

Көрнекі материал:мультимедиялық дәрістің электрондық үлгісі (студент кафедрадан алады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы 2004, 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: ГЭОТАР Медиа, 2008, с.750

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 - 735 с.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

 

Қосымша:

1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

2. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР - МЕД., 2004. – 631 с.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. с.

4. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002 - 782. с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

6. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Өттің түзілуі мен бөлінуін жылдамдататын заттар (холеретиктер, холесекретиктер

2. Холекинетиктер

3. Гапатопротекторлар. Әсер ету механизмі, қолданылуы.

4. Холелитикалық заттар.

«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар. Сабақ 1

1. Тақырыбы: «Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2. Мақсаты. дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

11. Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

12. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

13. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

14. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

15. Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3854. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия