Студопедия — Торғын
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Торғын






Маусымның аяқ шенінде жауынгерлік міндетінен босаған Берікбол мен Асқар Гаванадан Мәскеуге, одан Алматыға жетіп, сол күні астанадағы Асқардың жамағайынның үйіне тоқтаған-ды. Екеуі үш-төрт күн қала аралап, бой жазып, неше жылғы мырза қамаудан босағандарына дән риза болатын. Соңғы күні театрдан шығып, мауықтарын басқан олар: «Енді не істейміз?» – деген сұрақпен біріне бірі қарасып, Берікбол: «Елге барып, Махаббатымды іздеп, табам,»- десе, Асқар да: «Аулыма барып, әке-шешемді қуантам. Одан әрі бір жөні болар,» – деген-ді. Ертесі екеуі екі жаққа аттанбақшы ниетпен, жолаушылар аялдамасына бет бұрған. Берікболды шығарып салуға бірге келе жатқан Асқар досына қарап:

- Бекен, сені қимай келемін. Үш жыл қатар жатып, бірге тұрып, әбден үйренісіп кетіппін, – деп, аяғымен жер шұқылап тұрып қалды. Берікбол да:

- Асқар, сен бе қимай тұрған мен бе досым? Амал не, тағдырдың жазуы осылай болса...

Асқар іліп алғандай:

- Неге тағдыр солай, сол тағдыр өз қолымызда емес пе? Келіссең, былай істелік! Сен аулыңа барғаныңмен, Махаббатты ол жерден таба алмайтыныңды жақсы білесің. Оның адресін ешкім білмеуі мүмкін. Қыздың Жиделісайда да, Үлкенталдыда да туыстары жоқ болса, кімге хабарласып, тұрағын білдіре алады? Содан кейін өзің кімге барып, тұрақтайсың? Жақындарым жоқ деген сияқты едің...

- Иә, Асқар қалай болғанда да, туып өскен жерім ғой, сағынып та қалдым.

- Оның да дұрыс. Алдымен біз жаққа баралық. Бір-екі ай демалайық. Сонан соң қайта келерміз, – деді. Берікбол аз ойланып тұрып, досына:

- Асқар, – деді, - Екеуміздің екі-үш айға жететін қаражатымыз бар. Ештемеден қысыла қоймаспыз. Осындай мүмкіндік барда, оқуға түсуге құжатымызды өткізіп, сынаққа қатыссақ қайтеді? Екеуміз де коммунистпіз. Жауынгерлік мақтау қағаздарымыз жеткілікті. Полктан берген мінездеме тағы бар. Осыларды түгел өткізсек, сынақта жеңілдік болар. Қалай ойлайсың?

- Бекен, мына сөзің нағыз ақылға қонымды дүние болды ғой! Кеттік ендеше, қайсы жоғарғы оқу орнын таңдаймыз?! Енді осыны ойластыралық!

- Мен ауылда өстім ғой, ауылшаруашылық мамандығы маған лайықты сияқты. Асқар, мен де ауыл баласымын. Оның үстіне жасымнан малды жақсы көруші едім. Сондықтан Зоовет институтына көңілім ауа береді.

- Онда кеттік! – деді екі дос. Жолда келе жатып Бекен:

- Асқар, мен Зооветтың сырттай бөліміне тапсырсам деймін. Өйткені түсіп, оқысам, мені кім қаражатпен қамтиды? Степендия алған күннің өзінде қысылып қалатын сияқтымын. Жұмыс істеп жүріп оқысам, өзімді өзім қамтамасыз етер едім.

- Бұл ойың да дұрыс, Бекен. Партия қатарындағыларды жұмыссыз қалдырмас.

Екеуі Зооветтің бас корпусының алдына келгенде, Асқар қалт тұра қалып Бекен деді:

- Менің бір өтінішімді орындайсың ба?

- Иә, айта бер, ол не өтініш?

- Айтсам, сен біздің елге жүрсең, екеуміз бір жерде жұмыс бастасақ, бір-бірімізді іздемей, алаңсыз болар едік. Мен саған қатты бауыр басып кетіппін.

- Сен оқуыңды қайтпексің?

- Егер жаңағы сөзімді қолдасаң, мен де сырттай түсем.

Берікбол ойланып тұрып:

- Жарайды, Асқар, барайын, бірақ уақытша. Әзір мені аулымда шақырып тұрған ешкімім жоқ екенін сен білесің.

- Онда келістік бауырым, екеуміз бір жерде жүріп жұмыс жасайтын болдық. Әкел қолыңды! – деп, екі дос құшақтасқан бойда нституттың құжат қабылдау бөлмесіне еніп бара жатты. Берікбол қабылдау емтиханын тапсырғанша, әлі уақыт барын ескеріп Үлкенталды, Жиделісайға барып қайтуға бір оқталды да, Махаббатты ол жақтан тауып алуға сенімі болмады. Оның үстіне Күләйді көріп, сөйлескісі келмей-ақ қойды. Шілденің аяғына таман оқуға түсуге үмітті жастар Алматыға жан-жақтан ағыла бастаған. Солардың бірі болып Берікбол мен Асқар да емтихан қабылдау уақтысын білуге институт табалдырығын тоздыра бастады. Міне, ол күн де келіп жетті. Алғашқы сынақтан өтуге бір топ жастармен бірге, сұрақ билетін алып қос жауынгер, аудиторияның столына жайғасқан. Шамасы, жарты сағат өткенде ғой деймін, ұзын бойлы толықтау мұртты адам сынақ қабылдап отырған үш-төрт комиссия мүшелерінің жанына келіп, орындыққа құйрық басысымен, стол үстіндегі қаттаулы тұрған үміткерлер құжатын тексеріп отырып, он-он бес минуттай уақыт өткенде:

- Сағынбаев Берікбол кім? – деді отырғандарға қарап.

- Мен, - деп, Берікбол атып тұрды.

- Алпысбаев Асқар қайсысың?

- - Мен – деді Асқар да орнына түрегеп.

- Екеуің бері шығыңдар – деді жаңағы мұртты кісі.

- Не қылмыс жасадық? – деп біріне-бірі сұрақты көзбен қарасқан екеуі, комиссияның алдына келіп тұра қалысты. Мұртты өзімен бірге отырған емтихан қабылдаушы ұстаздарға мойын бұрып:

- Сіздер мына батыр жігіттерді білесіздер ме? Осыдан екі-үш ай бұрын Куба мемлекетін қорғап, Америкаға айбатын асыраған осылар. Совет армиясының, қорғаныс күшінің мықтылығын, жауынгерлерінің ержүрек екендігін паш етті. Бүкіл жер шарының ақпарат көздері бүгінге дейін тоқтаусыз жазып та, айтып та тоқталар емес. Мұндай батыр азаматтарымыздың, жаудың бетін қайтарғанының өзі біз үшін не тұрады. Сондықтан жау бетін көріп, Отаны үшін ажал оғына кеудесін төсеген батырларымызды келмей жатып, қинамайық. Өздері де ауылда өскен балалар екен. Малды бізден жақсы біледі. Қалай институтқа қабылдаймыз ба? - деп, қасындағыларға қараған. Бағанадан көздері екі жігітте мұрттыны тыңдап, таң қалысып отырған ұстаздар бір ауыздан келістік десіп, бас изесе берді.

- Онда біздің оқу орнына студент болып қабылдануларыңмен құттықтаймыз жолдастар! – деп, жаңағы кісі өзі орнынан тұрып, екі жігіттің қолын қысқан-ды. Басқа мұғалімдер де құттықтап жатты. Жаңағы мұртты ағай екеуіне қарап:

- Осы сендер оқитын оқу орнының сырттай бөлімінің деканы- Боранбаев Едіге мен боламын. Мына ұстаздарыңмен кейін таныса жатарсыңдар. Менің жұмыс телефоным осы, өздерің хабарласып қысқы сессияға келе беріңдер, - деп, бір жапырақ қағазды қолдарына ұстатып, аудиториядан шығарып салды. Аяқ астынан білдей жоғарғы оқу орнының студенті болғанына сенер-сенбесін білмеген екеуі, бас корпус алдында кешке дейін жүріп алғанын өздері де байқамады. Берікбол Асқарға қарап, «жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығыпты» - деген сөз осындайда айтылған болар, – деді.

- Әй, осыған әлі сеніңкіремей тұрғаным – деген Асқарға:

- Мен сенемін. Советтік оқу орны ешқашан өтірік айта қоймас. Жүр, Астананы тағы бір аралалық, – деп, алшаңдай адымдаған Берікбол, Абай даңғылына қарай аяңдай берді. Екі дос үлкен қаланың бұрын өздері көрмеген біраз жерлерін бір-екі күн қызықтап, мауықтарын басқан соң, Асқар Берікболға:

- «Сырдаң жүріске сылтау көп» - дегендей, біраз жүріп қалдық. Енді ауылға ат басын бұралық.

- Оның да дұрыс бауырым.

Асқардың ауылы Қошқарбайға келгенде күздің белгісі молынан білініп қалған кез екен. Сары дала қуаң тартып егін жинау қарбалас үстінде көрінеді. Көкке малынған Астанадан келген Жетісулық жігітке дала көрінісі бірден жайсыз әсер еткен. Ауыл тіршілігі қайнап жатқан кезде, көшеде бос жүру екі жігітке ерсі көрінді ме, екі-үш күннен соң, аудандық партия комитетінің ғимаратына бас сұққан. Айбарлы әкімшілік орынға алғаш кіргендіктен бе, әлде бәрі бірдей қара кастюм киіп, галстук тағып жүрген түрлері сұстылау көрінгендерінен қаймықты ма, кіре берісте біраз аялдап қалғандарға кезекшісі ме, күзетшісі ме жалпақ сары жақын келіп,

- Жігіттер, жөндеріңді айтыңдар, бұл жерде көп тұруға болмайды – деді суықтау қарап. Сасыңқырап қалған Асқар Партиялық есепке отыруға келгенін айтып, жөндерін білдірді. Коридорда арлы-бері жүрген өздері сияқтылардың арасында еденді өкшесімен тықылдатып жандарынан өтіп бара жатқан ақ көйлекті бойжеткенді тоқтатқан жаңағы сары:

- Бәти, мына жігіттердің жұмысына жөн сілтеп жібересің бе? Өздері ауылдан келген көрінеді, – деді быдықтай сөйлеп. Атын атағанға қалт тұра қалған ақ құбаша қыз, екеуіне көз сала бере, ұзын бұрымын иығына сілкіп тастап,

- Сіздерге кім керек еді? – деді. Жас жігіттердің өтінішін тыңдаған Бәти жоғарғы қабаттағы «ұйымдастыру бөлімі» деген есікті нұсқап:

- Тағы көмек керек болып жатса, бірінші қабаттағы жетінші есікті сығаласаңыздар, арғы жағында мен бармын, - деп әзілдей күлімсіреп, жүріп кетті. Партиялық есепке отырып, аудан коммунистерін екі адамға толықтырған жігіттерге өздері кірген бөлімнің жетекшісі:

- Біздің ауданға өздеріңдей жоғарғы білім алып жүрген коммунист жастар көптеп керек. Сендер ертең-ақ ауданымыздың білдей білімді азаматтары болып шығасыңдар. Елдің экономикасын өрге сүйрейтін жастар, көбейе бергені жақсы-ақ! Қадамдарың құтты болсын, жігіттер! – деп, жылы шыраймен шығарып салған. Қайтар кезде Асқар жолдасына қарап:

- Есік сығаламаймыз ба? – деді жымиып.

- Қайдағы?... - бағанағы қыздың әзілі есінен шығып кеткен Берікбол.

- Жүр, онда көрсетейін, - деп, жетінші кабинеттің есігінің алдына жақындай берді. Сонда барып Бәти қыздың қалжыңы есіне түскен Берікбол күліп жіберіп:

- Онда өзің баста, рахмет айтып шығалық, жігіттігімізге сын болар, - деді досына қарап. Есік қағып кірген екеуді орнынан тұрып қарсы алған қыз, орындық ұсынып бәйек болып жатты. Қыз ұсынған орынға құйрық басып жатып, Асқар бойжеткеннің бағанағы сөзіне орай:

- Сығалауға тесік таппай,

Кіре алмадық, Бәти қыз, есік қақпай.

Рұқсатсыз көңіліңді бөліп қойсақ,

Кабинеттен шығарғын, айып тақпай, - деді ыржия күліп.

- Туу, ағай ақын екенсіз ғой! Қалжыңмен айта салып едім, айып етпеңіздер! – деп, майыса қалды.

- О, онда біздің сөзді де әзіл деп түсініңіз. Сіздің арқаңызда жұмысымызды тез бітірдік. Сол үшін сізге рамет айтуға бас сұғып едік.

Әңгіме арасында қыз КазГУ-дің филология факультетін биыл бітіріп, осы жұмысқа орналасқанына бірер ай болғаны туралы хабардар етіп үлгерген. Жігіттер де өздері туралы армияда жүріп, коммунист қатарына қабылданғаны, келе сала жоғарғы оқу орнына түсіп, студентпіз деп сезінетінін білген бойжеткен, өңі албырай екеуіне кезек-кезек көз қиығын жүгіртіп, жеміне талпынған лашындай сезік байқатқандай болып қалды. Жігіттерді шығарып саларда: «келіп тұрыңыздар,»- деп қиылып қалған. Қошқарбайға қатысатын автобусқа отырысымен екеуі өздерімен өздері болып, ой құшағына еніп кетіп еді. Бұрын бұл жақты білмейтін Берікбол, төңірекке көз салып, сағымданған ұшы-қиырсыз көсілген сары далаға сонау топ-топ болып, әр жерде өсіп тұрған қайыңдармен қар суының орнындағы тырбың шіліктер байқалады. Күн салқындаған сайын дала сары түсінен қоңырға айнала ма қалай, анау қырат белестердің әлден өңі өзгеріп сала беріпті. Мына табиғатты көріп отырып, өз туған жері есіне түскен жігіттің: «Қайран Жаркентім! Дәл қазір тоғайың мың түрге боялып, жемісің жерге сыймай, төрт түлігің белге сыймай жатыр ма екенсің. Арқастан бастау алып, Ілеге құйып жатар жеті өзенің Жаркент өңірін Жетісудың кішкене көшірмесіне айналдырып қойғаны қандай керемет еді! Әр өзеннің басынан бір-бір арасан бұлағы қосылып, ағып тіршілік ағзасына сенің тамшыңнан артық дәру табылар ма?! Үлкенталдым... Анамның басына баруым керек еді. Махаббатым... қайда жүр екенсің? Сүйіктім, сені көрер күн бар ма екен?!» - осындай ой тұңғиығына батып келе жатқан Берікбол, автобус терезесінен далаға қараған бойда сұрлана бедірейіп қалыпты. Жолдан жолаушы мінгізіп, аз аялдап барып, қайта қозғалған көлік жігіттің бәсең көңілін серпілтіп жіберді ме, өзін-өзі жиып ала қойған. Берікболдың көңіл-күйін Асқар сезді ме, сезбеді ме, ол да өз ойымен келе жатып:

– Бекен, – деді.

– Иә, – деп, жүзіне көз салған жігітке күлімсірей қарап:

- Білесің бе, мен Бәтиді ұнатып қалған сияқтымын. Ол қыздың сөйлеген сөзі, қарасы, келбеті көңілімнен шықпай келеді. Шын ұнаған қыз көңілге бірден ұялап қалуы мүмкін бе? Қалай ойлайсың? – деді таңдана.

- Мүмкін, – деді Берікбол, - мен Махаббатты алғаш көргенде, сондай ыстық ынтығу пайда болған еді. Ойым алдамапты, кейін оны қатты сүйіп кеттім. Сен ол қызды шын ұнатсаң, құттықтаймын досым! Бағың жансын! Ол да бір жігітке лайық қыз көрінді ғой, ортаға біреулерді кіргізбеуді ойла! – деді. Досының мына сөзі қамшы болғандай, Асқардың жүзі нұрланып сала берді. Күздің жайма шуақ бір күндері, еліне өзі алып келген досын, жері мен өзен суларының табиғатын таныстыру, көрсету рәсімін жасап, құрметті қонақ ретінде Бақан өзеніне ат жалдатып, жаға жайда балық сорпасын қайнатып, көңілін бір көтеріп тастаған.

- Бекен, мына өзен біздің ауылдан шамамен қырық-елу шақырым қашықтықтағы бұлақ көздерінен бастау алып, Қошқарбай тұсынан өтерде әжептәуір көбейіп ағады. Қар қалың жылдары Аягөз өзеніне қосылып, барып Балқашқа тіреліп жатады екен. Осы өзеннің басы біздің атақонысымыз болады. Уақыт болғанда ол жерге де барып, ескі жұртты көріп қайтармыз.

Сонау ашаршылық жылдары осы арадағы елдің аман қалуына Бақанныңбалығы сеп болса керек. атамыз қазақтың: «Су жағалаған жүдемес»- деген мәтелі осындайдан шыққан ғой, шіркін! Бағанадан бері Асқардың туған жері туралы сүйсіне әңгімелеп отырғанын тыңдай отырып, бұл да өзінің жасынан балықтай жүзіп, бақадай шоршып өскен. Бура өзені, Жаркент жерін жарып ағатын Өсегі, тіршіліктің пейіші аталатын Белжайлауы, Ақтасты жазығы, Аяқсаздың көлдеген бастауларынан шелекпен су ілсе патша балығы (фарель) бірге шығатын, өскен жері есіне қайта оралып, қабаржып қалды. Аз отырған соң:

- Асқар, мына көк-жасыл жағажай, жайлап қана ағатын өзеннің момақан қозғалысы жаныңды баурап, жүйкеңді аулап алады екен. Біздің жақтың өзендерінің ағысы қатты, шулы келеді. Өйткені тау өзендерінің екпіндей тастан-тасқа секіріп жатуы – табиғат аясында өте бір әдемі көрініс беріп тұрады. Екеуміз совхоздвң жұмысына араласпай тұрып, сол Жаркент жаққа бір барып қайтсақ.

- Бекен, дұрыс айтасың, еліңді-жеріңді көріп, бір рет аралап қайталық. Жетісудың табиғаты керемет қой, шіркін!

Кешкісін шәй үстінде осы әңгімені үй-ішіне қайта пысықтап алған-ды. Ертеңгісін күн шыға есік алдына гүр етіп, келіп тоқтай қалған жеңіл машинаның даусын естіп, далаға шыққан үй иесімен амандық-саулықтан кейін жүргізуші Алпысбай аға:

- Балаларыңыз үйде ме?- деген даусы естіліп қалды.

- Иә, үйде. Неге сұрадың, шырағым, оларды?

- Деректір сағат тоғызда кеңсеге келсін, ауданға барамыз, бірінші хатшының қабылдауында болады дейді.

- Екі жігітті де ме?

- Иә, екеуін де қабылдайтын көрінеді.

Өздерін біріншіге шақырғанын естіп отырған Берікболдар сұраулы көзбен бір-біріне қарасып қалды.

Аудан орталығына жетісімен, қабылдау бөлмесіне екеуін ертіп кірген совхоз директорын көрген хатшы қыз ұшып тұрып:

- Сіздерді тосып отыр, кіре беріңіздер,- деді. Бірінші басшының кабинетіне бас сұққан екі жігітпен жеке-жеке қол алысып амандасқан ұзын бойлы, толықтау, ақ-сары кісі:

- О, жігіттер, менің естуімше, сендер нағыз батыр жауынгерлер болыпсыңдар ғой! Америка құрлығындағы азаттық жолында күресіп жатқан Куба мемлекетін үш жыл бойы қорғап, қарсы келген жаудың бетін қайтарған нағыз қайсар жігіттер екендеріңді біздің Кеңес үкіметінің ақпарат құралдары мақтанышпен хабарлап жатпады ма? Міне, соның арқасында комунистер қатарына қабылданғансыңдар. Келе сала жоғарғы оқу орнының студенті атанып үлгеріпсіңдер. Бұл еңбектерің - өздерің үшін де, біз үшін де үлкен жетістік! Сол үшін екеуіңді құттықтауыма рұқсат етіңдер!- деп, қайта келіп екі жігіттің қолын алып жатты. Жігіттер де үлкен кісіге: «Рахмет сізге!»-десті.

- Ал, онда жайғасып отырып, әңгімелесейік!- деді орындық ұсынып жатып. Өзі орнына қарай бұрылған хатшы алдында жатқан қағазға көз қиығын салып тұрып:

- Алпысбаев Асқар қайсыңыз?

- Мен,-деді Асқар.

- Ал Сағынбаев...

- Менмін,-деді орнынан көтерілген Берікбол.

- Жолдас Сағынбаев, жолдас Алпысбаев, сендер партия қатарына өткен күннен бастап, сол комунистік партияның адал жауынгерлері екендіктеріңді білесіңдер, - деді. Сұстылау байсалды қалпына қайта түсіп:

- Әскерде Отан қорғауда үш жыл жүріп келдіңдер. Енді бейбіт еңбек майданында ат салысып, еліміздің байлығын еселеп, арттыруда алдыңғы қатардан көріне білулерің керек. Екеулерің де жас комунистсіңдер. Сондықтан мына совхоз директоры жолдас Ағыбаев екеуміз осы кісі басқарып отырған шаруашылыққа жұмысқа қабылдайық деп отырмыз. Қалай қарайсңдар?- деді екеуіне тіке көз тоқтатып.

- Сеніп тапсырған жұмысыңызды күш- жігерімізбен атқаруға дайынбыз!- деп Берікбол орнынан тұра берді. Асқар да:

- Сізді ендіруге рұқсат етіңіз!-деді.

- Онда, жолдас Арғынбаев, бұл жігіттерге қандай жұмыс жүктемек едіңіз?

Орнынан тұрған директор:

- Ерасыл Мамырұлы, Алпысбаев Асқар жолдасқа біздегі сауын сиыр фермасына зоотехниктік жұмысқа қабылдасақ деп едік. Жас маман алынған сүттің, туылған төлдің, жұмсалатын жем-шөптің есебін қадағалап, малды асылдандыруды жолға қояды ғой деп сеніп отырмын.

- Дұрыс, – деді хатшы.

- Ал, Сағынбаев Берікбол жолдасты қой фермасына зоотехниктік жұмысқа жіберсек. Қазір күйек алу жұмысы жүріп жатыр. Малды қысқы орынға орналастыру, көктемгі төл алу жұмыстары бірімен-бірі жалғасып жатады. Жас мамандар тез үйреніп жұмыстарына қалыптасып кетер – деген ойдамын.

- Бұл да дұрыс жолдас директор. Бұлар өз жұмыстарына үйреніскенше, тікелей бақылауыңызда болсын. Тәжірибесі бар адамдарды қасына қосуды ұмытпаңыз. Еліміздің ертеңі осы жастарды еңбекке дұрыс тәрбиелеу біздің парызымыз.

Орнынан түрегелген хатшы:

- Қазақта: «Білімді елдің ұланы халқының бойтұмары» - деген асыл сөз бар. Сондықтан алған білімдеріңді тәжірибемен ұштастыра біліңдер! Алғашқы қадамдарыңа сәттілік тілеймін! – деп, кабинеттен шығарып салды. Біріншінің алдынан шығысымен Берікбол:

- Асқар,- деді,- біздің жоспарымыз кейінге қалатын болып тұр.

- Неге олай ойлайсың? Директордан рұқсат алып барып қайтпаймыз ба?

- Аудан басшысынан ұят болар. Бізге коммунист деп сенім артқан екен. Орындауымыз – парыз. Сол үшін бірден жұмысқа кіріскеніміз дұрыс болар.

- Онда сол жұмысыңа мен де дайынмын, жолдас зоотехник!

Екеуі бірінші қабатқа түскенде, Асқар іркіліп қалды. Екі-үш қадам ұзап барып, артына бұрылған Берікболға:

- Жетінші кабинеттің қабылдауында болып шықсақ қайтеді? – деді күлімсірей қарап.

- Ол қабылдауда өзің болып, келешегіңе келісті тапсырмалар алып шығуыңа тілектеспін, бауырым! Мен сыртта күте тұрайын.

Ауылға келісімен Берікболдар бірден мал фермаларына аттанып кеткен. Сол күннен бастап, жас мамандардың алға қойған мақсаты - істеген жұмыстарынан жақсы нәтиже шығарып отыруға үйрену еді. Екі жігіттің бойындағы қағілезділігі мен ыждағаттылығыжұмыстарының алға басуына көмегі тиіп жатқан сияқты. Төрт-бес айдың ішінде совхоз басшылары арасында, «дұрыс екен» - деген сөз анда-санда ауызға ілініп қалатыны да байқала бастаған. Қысқы сессияға барып қайтысымен, екі студент мал төлдету науқанына кірісіп кеткен. Өткенде жиын өткізген директор Арғынбаев:

– Жолдастар! Өздеріңе жүктелген жұмыс бойынша үлкен жауапкершілік көтеріп жүргендеріңді түсінеді ғой деп ойлаймын. Ертең аудан коммунистерінің алдында ұялмайтын болайық! «Біткен істе береке, бітпес істе келеке бар» - дегенді әрқайсымыз естен шығармайық! Мал фермасының мамандары төл алу науқаны аяқталғанша, мал арасынан табылатын болыңыздар! Жолдарың болсын! Жұмыс басында жолығысайық! – деді директор. Малшылармен көмекшілердің жағдайын жақсарту, отын - су, азық-түлік, жылы киім-кешек жеткізу, малшы үйімен қораларды жарықпен қамтамасыз ету, жем-шөпті уақтылы тасымалдау, мамандардың күн тәртібінен түспейтін жұмысына айналған. Сондай бір қарбалас күндері жолы нашар алыстау бір отарда кезекшілікте сақпаншылармен бірге төл қорада қолдарына аспалы май шам көтеріп, туатын саулықтарды тексеріп жүрген Берікболдың құлағына гүр еткен жеңіл машинаның дауысы естіліп қалды. Қол сағатына қарап, түнгі екілер шамасын байқап үлгергенше:

- Жігіттер, төл көбейсін! – деп, кіріп келе жатқан бірінші хатшыны көргенде, зоотехник жігіт сасып қалып:

- Сәлеметсіз бе, Ерасыл Мамырұлы – деп, қолын ұсына берді. Хал жайды сұрап білген хатшы:

- Неге жарық жоқ? Мына май шамдарды ұстап жүргендерің қалай?-деді Берікболға тіке қарап.

- Ерасыл Мамырұлы, движок кеше істен шығып қалды. Басқасын жеткізуге кезекші машинаны орталыққа жібердік. Ертең жарық болады. Бүгінше мына май шаммен туған төлдерді тексеріп жүрміз.

- Рациямен басшыңа хабарла, барлық туып жатқан отардың жағдайын жақсартсын! Мен айтты де.

- Айтқаныңыз орындалады, Ерасыл Мамырұлы! Май шамның әлсіз жарығында алғаш байқамады ма, жүрер кезде көз тоқтатып барып:

- Қарағым, сен әлгі Сағынбаев деген жауынгер коммунист емессің бе? – деген.

- Иә, Ерасыл Мамырұлы, менмін. Танығаныңызға үлкен рахмет!

- Ой, бәрекелді! Зоотехниктің осындай науқан кезінде мал арасында болғаны қандай оңды! Төлдерің қалай? Еңбектерің жанатындай ма?

- Төлдің туу көрсеткіші орталап қалды. Әзірше жаман емес. Аяғына дейін осы үрдісте тұрсақ, сіздің алдыңызда ұятты бола қоймаспыз, Ерасыл Мамырұлы!

- Онда жарағандарың, ылайым солай болғай, істеріңде сәттілік болсын! – деп, Уазигіне отырып жатқан хатшының аяғындағы керзі етігімен, үстіндегі қара тоны иесіне еңбегінің жылуын ұялатып бара жатқандай әсер қалдырды Берікболға. Сәуірде жер көгеріп, мал көкке тойынып қалған. Саулықтарда түгелге жуық жайылымға шығып үлгерген. Аудан көлеміндегі төл алу көрсеткіші жүздің ар жақ, бер жағы дегенді ұзын құлақтан анда-санда естіп қалатын. Берікбол наурыздың аяқ шенінде қойын дәптеріне көз жүгірткенде, бірге бірден болып тұрғанын байқаған. Мамырда малды түгендеушілер жүз он пайызды анықтап, жас зоотехниктің алғашқы қадамының жемісті болғанын құттықтап жатты. Жыл қорытындысы бойынша ауданда өткен жиында Қошқарбайлықтардың бәсі бәрінен жоғары екендігі белгілі болды. Бірінші басшы үлкен мінбеден еңбектегі табыстары үшін рахметін білдіріп, солардың арасынан Берікболдың аты жеке аталып, жылы сөздер арналып өтті. Содан кейін басшылар арасында: «Сағынбаев Біріншінің назарына бекер ілінген жоқ. Енді өседі,»-деген сөз тарай бастаған.

 

 

ххх

Алпысбай қария тойға дайындалумен шапқылап жүрген. Асқар мен Бәти Жеңіс мерекесі өтісімен, үйлену тойын өткізбекші болғанын естігелі, үйдің үлкен-кішілері түгел қуанышта еді. Мал жайлауға шыққалы зоотехниктердің аздап болса да жұмыстан мойындары босаңқыраған-ды. Асқар кешкісін бөлмесінде айна алдында тұрып, кітап бетін парақтап отырған досына:

- Бекен, -деді- ертең бір күн мен істеп жүрген сауын фермасын аралап көріп келсек қайтеді? Сен әлі бір ретте бармадың ғой, бір жағы екеумізге демалыс болсын. Екінші, жұмыста кемшілік болса, сырт көзге бірден байқалады. Соңынан маған айтарсың. Бұл менің әрі қарайғы жұмысыма көмегі тиер еді. Анау көрші совхоздың орта мектебінің жоғарғы класс оқушылары тәжірибе жинақтауға сауын фермасына келіп қолғабыс жасап жатыр. Шамасы, әлі он бес күндей болатын көрінеді. Білгеніміз болса, соларға да үйрете келерміз.

- Асқар, рахмет, малшылардың кіріс-шығыс есебін (отчет) алуым керек еді. Жабағы қырқу науқаны да тақалып қалды. Ол жаққа бара алмаспын.

- Ой, Бекен, бір күнге ештеме болмас. Қасымда сен жүрсең, маған көңілді болады. Су таситын (водавоз) машинамен барып қайтамыз. Елмен де, жермен де танысып қайтасың.

Бекен өтініп тұрған жолдасының бетін қайтара алмады.

- Тек бір-ақ күн,-деді сұқ саусағын шошайтып.

- Келістік, досым! Онда ерте жүріп кетелік! – деп шопырға қоңырау шалып жатты. Машинаға жер алыс па, түске дейін әр жерде отырған табындарды аралаған соң, қойнауға салынған аппақ шатырдай ұзыыннан-ұзақ мал қорасының алдына келіп тоқтай қалған. Бағана дөң аса бере машина сыр беріп қалып еді. Сонысын жөндеп алмаққа шопыр капот астына кіріп үлгеріпті. Аяңдап жолдасын ертіп келе жатқан Асқар:

- Мына ұзын қара «сауын орны» деп аталды. Бұл жерде бірден жүз бас сиырды сауын аппаратымен бір сағатта сауып үлгереді. Сауыншылар емшекке аппаратты орналастырысымен сүт бірден май ажырату орталығына түседі де, қаймақты айырып алып жатады. Анау шеткі ақ үй - малды қолдан ұрықтау бөлмесі. Күтімде тұрған аталықтан өнім алынып, сол жерде күйге келген аналыққа жаратамыз. Біздің қолдағы ірі қара ет және сүт бағытындағы Алатау тұқымы деп аталады. Күніне үш мезгіл сауылатындықтан шаруашылыққа пайда келтіріп, халықты сүтпен қамтамасыз етуде.

- Олай болса, аналық басты көбейткен дұрыс екен ғой.

- Иә, дұрыс айтасың, қазір үш жүз бастан сүт алынып тұрса, келесі жылға екі жүз бастай құнажынды ұрықтан өткізіп жатырмыз. Демек, бес жүз бас аналықтан өнім алынбақшы. Осы жылы тағы екі қора салынып, керек заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол туралы совхоз дирекциясында қаралып, ауданға бекітуге жіберілген. Фермадағы өндірілген сүтпен алынған төлді жыл аяғында қорытындылайтынымызды өзің жақсы білесің. «Балапанды күзде сана», - деген мәтел бізге айтылған секілді.

- Иә, Асқар, дұрыс айтасың. Әр түліктің өзіндік ерекшелігі бар ғой.

Осылай әңгімелесіп келе жатқанда, қастарына жақындаған шопырдың: «Асеке,» деген дауысына жалт қарасып, қолындағы жарамсыз бөлшектерді көріп:

- Не болды? – деді.

- Мына құрғыр корбиратор істен шығыпты. Орталықтан басқасын әкелмесек, жүре алмайтын сияқтымыз,-деді де дырылдап тұрған мотоциклге қарай жүгіріп бара жатты. Берікбол:

- Әттеген-ай, жұмыстан қалмасам жарар еді, - деп қиналыс білдіріп тұрып қалды.

- Бекен, - деді Асқар жолдасының абыржып қалғанын көріп, – күн әлі ерте ғой, әкеліп үлгерер, мен де орталыққа өзіңмен бірге қайтам.

- Онда жарайды, бүгін үлгерсек болғаны.

Осы кезде «Асхана» деген маңдайшасында жазуы бар үлкен үйден ақ халат киген бір топ ұл-қызы аралас жастар шыққан бойда, дабырласып сиыр сауатын қораға қарай аяңдап бара жатқан. Әңгіме үстінде келе жатқан екі жігіттің көңілдерін бөліп жіберген балаларға көз тіге, Асқар:

- Бұлар – әлгі өзіңе айтқан жоғарғы класс оқушылары. Кешкі сиыр сауар алдындағы дайындыққа кіріспекші. Қастарындағы тәжірибелі сауыншылар бұларға жұмысты қалай істеу керектігін бірге жүріп, үйретіп отырады.

- Асқар мектепте ауыл шаруашылық мамандығы бойынша арнайы сабақ өткізіле ме? Оларға кімдер сабақ береді?

- Бекен, кейінгі жылдары осы мамандық бойынша, он бірінші кластар үшін арнайы сабақ енгізілген көрінеді. Оларға жоғарғы білімді зоотехниктер мен инженерлердің берген білім нәтижесінде трактор жүргізуші, сауыншы, мал бағушы деген мамандықты игереді деген куәлік берілетін болыпты.

- Асқар, бұл жақсы бастама екен. Мектеп бітіргендер бәрі бірдей жоғарғы оқуға түсе алмайды ғой. Олар осы жерден алған мамандығы бойынша, жұмысқа араласа беруіне мүмкіндік бар деген сөз емес пе?!

- Иә, солай Бекен, жастарды мамандықпен қамтуды басшылық солай шешіп жатқан көрінеді.

- Асқар, шынымды айтсам, бұл бастама құптарлық игілікті іс екен. Берекесін берсін дейік!

- Дұрыс, айтқаның келсін!

- Жүр, Бекен, сауын алдындағы дайындықты тексер...

- Асқар, тоқташы...мынау...мынау...Махаббат қой! Қарашы! Кетіп бара жатқан, үш қыздың ортасындағы! Сол...сол емес пе? Жүрісі, бұрымы, қозғалысы, сырт келбеті...дәл өзі! Соның өзі! Асқар, жүрші, барайық! Жүрші тезірек! Бұл жерде қайдан жүр?!

Берікболдың аяқ астынан көрсеткен тосын қылығына Асқар аңтарылып тұрып қалғанын өзі сезбей қалды.

- Жүрші, жүр, - деп жанында тықыршып тұрған досының бетіне қарағанда барып есі кіріп:

- Қайсы қыз? – деуге әрең тілі келді.

- Әне, Асқар, - деп өзі жүгіре басып, үш қызға жақындай бере: «Махаббат!» деп, дауыстап жіберді. Алаңсыз сөйлесіп бара жатқан бойжеткендер арт жақтарынан біреуді атап шақырған дауысқа жалт қараған-ды. Сол кезде ентелей басып өздеріне жақын келіп қалған жігітті байқап, бір-біріне сұраулы кейіппен тұрысып қалды. Сағыныштан абдыраған көңілмен қыздарға тым жақын келіп, тағы да:

- Махаббат! – деді, ортадағы қызға телміре қарап тұрып.

- Ағай, сізге кім керек еді? – деді үшеуі бірдей таңырқай.

- Бойжеткен, сен Махаббат емессің бе? Атың Махаббат қой, солай ма?

- Жоқ, ағай, мен Торғынмын. Сіз біреумен шатастырып тұрған боларсыз. Менің атым Торғын болады.

Қасындағы қыздар да:

- Ағай, Махаббатыңызды басқа жақтан іздеңіз, бұл біздің Торғын деген аруымыз, - деп сыңғырлай күлісіп кетіп бара жатты. Орнында әрі-сәрі, состиған күйде тұрып қалған Берікболдың қасына келген Асқар:

- Не болды, Бекен? Махаббат емес па екен? Атын атады ма?

- Айтты, Асқар, Торғын дейді. Қандай ұқсастық! Егіздің сыңары екен дерсің. Келбеті, бет жүзі, сөзі, дауыс ырғағы, жүрісі. Тіпті бетіндегі меңіне дейін менің Махаббатымның ауымаған түр-тұлғасы. Мәкайымның меңі ақша жүзінің оң жағында әр беріп тұрушы еді. Мына сұлу қыздың сол жақ өңінде нүкте белгісі айқын байқалады екен. Асқар, жаңағы бойжеткен менің Махаббатым ғой, мен Мәкайымды кезіктіргендей болып тұрмын. Күлісі, жүрісі...дәл өзі...Иә, дәл өзі. Тағы айырылып қалмауым керек, қанша жыл сағынумен жүрмін досым, сен оны білесің бе? Өмірімнің аңсап өткенін түсінсең ғой.

- Бекен, мен сені жақсы түсінем. Төрт-бес жыл бірге жүріп, сені түсінбей, кімді түсінуім керек?! бірақ Махаббатыңды бұрын көрмедім ғой. Сондықтан біле алмайтыным рас. Ал мына бойжеткен көзіңе сүйгенің болып көрінсе, екеуіңді табыстыруға көмегім дайын. Сенің айыңның оңынан туғаны – менің де қуанышым емес пе?!

- Ниетіңе рахмет, Асқар! Енді не істеймін? Қыз мойын бұрмай кетсе, қайтемін?

- Бекен, кешкі сауыннан кейін малды өріске айдасын. Ел жұмыстан босап, үйлеріне бас сұққанда, қызды шақырып шығайын. Әрі қарай өздерің көрісіп, білісерсіңдер.

Көз байлана жолдас қызын ертіп, жатақхана алдына шыққан Торғын, аулақтау тұрған бағанағы екі жігіттің сұлбасын байқады. Қасындағы қыз: – Әне! – деді қолын Берікболдар жаққа нұсқап.

- Иә, көріп келем, аздап жүрелік. Өздері де бізге жақындар.

- Торғын, сені көре салып ұнатып қалған қандай жігіт }







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 574. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия