Студопедия — лпа қабынуын девиталды аралас хирургиялық әдіспен емдеу (девитальный смешанный хирургический метод).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

лпа қабынуын девиталды аралас хирургиялық әдіспен емдеу (девитальный смешанный хирургический метод).






Бұл әдісті девиталды ампутациялы – экстирпациялық әдіс деп те атауға болады және көбінесе жақсы өтетін және өтпейтін өзектері бар көптүбірлі тістерде ұлпа қабынуының барлық түрлерінде қолдануға болады. Емдеу әдісі екі немесе үш қабылдауда жүргізіледі. Ертеде айтылғандай, бірінші қабылдауда сырқат тіске өліеттендіруші қойыртпақтар қойылады. Екінші қабылдауда сауыт және түбір ұлпасы алынып (жақсы өтетін өзектен), өзек өңделіп, пломбыланады. Өтпейтін өзектерде импрегнациялау әдісі жүргізіліп, тіске уақытша пломбы қойылады. Екінші қабылдауда уақытша пломбы алынып, импрегнациялау әдісі қайталанады, өзек сағалары антисептикалық қойыртпақтармен жабылып, аралық төсем салынады және тұрақты пломбы қойылады.

Кейбір жағдайларда жақсы өтетін өзектерді бірінші немесе екінші қабылдауда (девиталды экстирпациялау әдісін жүргізгенде) пломбылау мүмкіндігі болмай қалады (дәрігердің уақыты жетпейді немесе тісі сырқат адам тез шаршап қалады, сонымен қатар әйелдердің «жүкті» кезінде және өзекті жақсылап зарарсыздандыру қажет жағдайда).

Бұл кезде түбір өзектерінде арнаулы антисептиктермен шамалы суланған мақта біліктер қалдырылып, 2-3 күнге уақытша пломбы қойылады. Ондай антисептиктер қатарына эвгенолды, қалампыр майын, фено-формалинді, камфора-фенолды, шетелдік заттардан крезофенді (дексаметозон, парахлорфенол, тимол қоспасы), пульпоперилді (прокаин, фенол, креозот, эвгенол,хлороформ қоспасы), гипохлоридтің 5% ертіндісін жатқызуға болады.

Ұлпа қабынуын ұлпаны толық алып емдеудің қай тәсілінің болса да нәтижелілігі түбір өзегін сапалы пломбылаумен тікелей байланысты. Тіс ауруларын емдеумен айналысатын дәрігер-стоматологтың түбір өзегін пломбылауға арналған материалдар (жадығаттар) туралы мәлімет алғаны дұрыс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген материалдар белгілі шартты талаптарға жауап берулері керек. Олар:

§ өзек қабырғаларына жақсы жабысу;

§ өзекке оңай енгізіліп, қажет болса оңай шығарылу;

§ негізгі өзекті және оның тармақтарын жақсы толтыру;

§ қатайғаннан кейін көлемін кішірейтпеу;

§ тістің түсін өзгертпеу;

§ бактериялар өсетін ортаға айналмау;

§ тіндер сұйықтарында ерімеу;

§ мутагендік және тісжегі туындататын қасиетінің болмауы;

§ рентгенанықтық қасиетінің болуы;

§ тіс тіндерімен және жалпы организммен биологиялық бейімділікте болу;

§ қатаю уақытының түбір өзегін толтыруға оңтайлы болуы.

Қазіргі кезде қолданылатын материалдар қатты (филерлер) және жұмсақ (силерлер) болып екіге бөлінеді.

Қатты материалдарға штифтер жатады: а) металлдан жасалған (күмістен және титаннан); б) гуттаперчадан жасалған.

Жұмсақ материалдар (силерлер).

1. Цинк-фосфатты цементтер.

2. Мырыш тотығы және эвгенол негізді материалдар: а) цементтер; б) қойыртпақтар: қолданар алдында дайындалатын (экстемпоралды) цинкоксидэвгеналды қойыртпақ, герметик (ГФР), Гроссман қойыртпағы (АҚШ), эндометазон, эстезон, пропилор, эндомет, мерпазон (Франция), эвгедент (Ресей) және б.

3. Эпоксид шайырлары негізді қойыртпақтар (герметиктер): АН-26, Ан-PLUS (Англия), эндодонт, интрадонт – Д (Ресей) және б.

4. Резоцин-формальдегид негізінде: қолданар алдында дайындалатын (ex tempore) резорцин-формалинді сұйық және қойыртпақ форедент (Чехия), радикскорт (Болгария), SPAD, биопласт, форфенан (Франция).

5. Кальцийсутотығы құрамды қойыртпақтар: биокалекс (Франция), темпканал Са (АҚШ) және б.

6. Диакет (Германия).

7. Крезопаста (Франция)

8. Паста № 2 (no Sargenti)

9. Apatite Root Sealer – трикальцийфосфат және иодоформ қосылған (дәрілер қосылған материалдар) қойыртпақтар.

10. Шыныиономерлі цементтер: Endion (эндион), Ketac-Endo. Шыныиономерлі цементтер көбінесес штифтермен бірге қолданылатын силерлер (эндолюбриканттар) ретінде пайдаланылады.

11. Дентин адгезивтері негізіндегі материалдар (көбінесе штифтермен бірге қолданылады).

12. ҚҰрамында цинк-эвгенол бар, аздап кальций су тотығы (Ca(OH)2) қосылған материал: Calciobiotic Root Canal Sealer (CRCS), кальций су тотығы және аздаған пластмасса қосылған материал: Sealapex және Apexit

Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісімен емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар.

1. Уақытша пломбы қойғаннан кейін қатты ауыру сезімінің мазалауы. Себебі: сауыт қуысы тесілмеген немесе уақытша пломбы ұлпаға қысым көрсете нығыздалған. Уақытша пломбыны алып, өліеттендіруші қойыртпақты қою ережесін сақтап, ұлпаға қысым көрсетпей уақытша пломбыны қайтадан қою.

2. Тісжегі қуысын уақытша пломбымен дұрыс жаппағандықтан – мышьяк қышқылының қызылиекке шығып, оны күйдіруі және альвеола өсіндісін өліеттендіре жарақаттауы. Мұндай жағдай көбінесе мышьяк қойыртпағын II, III, IV және V кластық тісжегі қуыстарына қойған кезде байқалады.

Мұндай асқынулар болмас үшін, бұл қуыстарға уақытша пломбы қойған кезде бөлгіш таспалар (разделительная пластинка) немесе матрицалар қолданған жөн. Күйіп қалған қызылиекті сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен жуып, күйдірілген магнезий себеді немесе иодтың 1-2% спиртті ертіндісімен иодоналдың 5% ертінділерімен өңдейді.. Күйгеннен кейін 2-3 күн өткен соң өліеттенген тіндерді қырып немесе кесіп алып тастайды, жарақат ошағына жазылуды тездететін жақпалар жағады.

3. Мышьяк қышқылы әсерінен периодонтта уыттану немесе жедел қабыну белгілерінің дамуы (мышьяковистый периодонтит). Себебі: мышьяк қышқылының мөлшерін дұрыс сақтамау (көбірек қою) немесе қою уақытын ұзартып алу (дсырқаттың келесі қабылдауға келетін уақытын дұрыс белгілемеуге немесе тісі сырқат адамның уақытында келмеуіне байланысты). Емі: кешіктірмей сауыт қуысын ашып, ұлпаны толық алып (мүмкіндігінше) түбір өзегін жуып, кептіргеннен кейін өзекте мышьякты байланыстыратын (антидот) дәрілер ертіндісін қалдырады (унитиолдың 5% ертіндісі, иодты калийдің 10% ертіндісі немесе Люголь ертіндісі). Келесі қабылдауда түбір өзегін ұсақ аспаптармен, дәрілермен өңдеген соң, жақсылап пломбылайды және тұрақты пломбы қояды.

4. Сауыт қуысының қабырғаларын және табанын тесіп алу, өзекте ұсақ аспаптарды сындырып алу. Себебі мен емі ертеректе айтылған (ұлпаның қабынуын виталды экстирпациялау әдісімен емдеуді қара). Азу тістерінде кездейсоқ жасалған тесікті Сафорайдпен өңдеген соң шыныиономерлі цементпен немесе композитпен жабады.

5. Пломбы қойылған тісте біраз уақыттан кейін суықтан және ыстықтан ауыру сезімінің пайда болуы. Себебі: толық алынбаған түбір ұлпасының қайта қабынуы (rest-pulpit-остаточный пульпит). Емі: түбір ұлпасын толық алуға тырысу, егер алуға мүмкіндік болмаса импрегнациялау әдісін, иод-электрофорездеу немесе депофорездеу әдістерін жүргізу (оған дейін түбір ұлпасын қайтадан өліеттендіріп алған жөн). Басқалай асқынулар ертеректе айтылған.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 699. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия