Студопедия — Магниттік биостимуляциялық технология
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Магниттік биостимуляциялық технология






Соңғы жылдары ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін қазіргі заманғы биологиялық және химиялық әдістерді нәтижелі қолданумен бірге егілетін тұқымдар әр түрлі биофизикалық әдістер арқылы өңделеді. Магнит өрісі барлық тірі ағзаларға әсер еткендіктен геомагниттік өрісте су мен ауа сияқты біздің планетамыздағы тіршілік ортасының экологиялық компоненттерінің бірі болып табылады және ол да тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызды процестерге әсер етеді.

Тәжірибелерде дәлелденгендей (Аброськин, 1978; Тараканова 1978), магнит өрісі әсер еткенде тұқымның жоғары тіршілік қабілеттілігі сақталады. Ал себілу кезеңінің алдында магнит өрісі әсер етпеген тұқымдардың тіршілік қабілетінің төмендігі бақыланды.

Мәліметтерге қарағанда (Хведалидзе, 1986, Маймур, Тараканова, 1968) әлсіз магнит өрісінің өзі түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарына өсу процестері кезінде ғана емес, биологиялық тыныштық жағдайында да әсер етіп, тұқымның ескіру процестерін тежейді.

Эксперименттерде анықталғандай (Хведалидзе ж.б. 1968), өсімдіктердің тұқымы магнит өрісірісінің тұқымныңминералды тыңаиулелер үшін әр түрлі болады. нің көзі болып табылады.

Бидайдың кұрғақ тұқымының өзіндік магнит полюсі болады, ол бірнеше Гаммаднан бірнеше ондаған Гаммаға дейін кернеулікті магнит өрісін тудырады (1γ =10 -5 Э = 79,6 10 -5 А/м). Бұл потенциалды тіршілік қабілетін сипаттайды, тыныс алу процесінің қарқындылығының мөлшерін анықтайды және жыл мезгілдерімен өзара байланыста болды.

Өсімдіктің құрғақ тұқымы сыртқы магнит өрісінің әсерінен "магниттелген", магнитсізделген және "қайта магниттелген" болуы мүмкін және олардың магниттік қасиеттеріне келесі факторлар әсер етеді: 1- бос гетероауксиннің болуы, 2- парамагнитті элементтер темір мен никельдің болуы, 3-берілген тірі жүйенің құрылымдық ерекшелігі.

Үнемі магнит өрісінде өңделген құрғақ тұқымдардың өну қабілеттілігін сұйық азотта салқындатқанда да, 90° С-да жылытқаннан кейін де сақтайтындығы анықталды. М.Хведалидзе және тағы басқалардың мәліметтері бойынша бидай тұқымына үнемі магнит өрісінің әсерінің реакциялық табалдырығы 250 – ден 100 Э - дейін әр түрлі болуы мүмкін..

Кейбір бидай тұқымдары магнит күші сызығының бойына бейімделіп, магниттік полюс қасиеті пайда болып, магнит өрісінің кернеулігі үнемі 1000-нан 2000-ға дейін жетеді.

Жұмыстарда дәлелденгендей молекуланың өзіндік магниттік моменті жоқ, ал бос радикалдарда ол болады. Сонымен магнит өрісі бос радикалдар түзумен жүретін заттардың өзара әсерлесу процестерінде заттардың қасиеттеріне әсер етуі мүмкін.

Қалыпты жағдайда кернеулігі Н= 1400 Э магнит өрісі бос радикалдардың энергиясына ие болады, ол температураның 1° С-ға өзгеруіндей болады.

Жұмыстарда көрсетілгендей әлсіз магниттік өріс химиялық реакцияның кинетикасына әсер етеді, реакцияның магниттік әсері магнит өрісінің кернеуі 1000 Эрстед болғанда байқалады.

Химиялық реакцияның күшті жоғарғы дәрежедегі өте сезімтал әрекеті магнит өрісінің кернеулігі 10-нан 100 Э аралығында өтуі мүмкін.

Кейбір мәліметтерде 1500-3000 Э кернеулі магнит өрісі топырақтың микроагрегаттық құрамының айтарлықтай өзгеруіне әкелетіндігі айтылады. Магнит өрісінде өңделген топырақ өсімдіктің өсіп - дамуына жақсы әсер ететіндігі анықталды.

Әлі күнге дейін жер мен күн магнитизмінің аяқталған теориясы жоқ егер ондай теория болса, жаңа техника жасауда көптеген мәселелер шешілер еді және бізді қоршап тұрған әлем қалай туылып, қалай өлетінін түсінуге болатын еді. Тұқымға әсер ету нәтижесінің нақты қайталануына кепілдік беретін процесс теориясы мен ғылыми ұсыныстар әлі жоқ. Магниттік өңдеудің сонғы нәтижесіне әсер ететін факторлар да өте күрделі. Кейбір мәліметтерге қарағанда өңдеудің табысты болуына жыл мезгілі, күн белсенділігі, тіпті планетаның магнит өрісінің өзгеруі де әсер етеді. Сондай-ақ магниттік өңдеуден өткен ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдар мен судың физикалық - химиялық қасиеттерінің өзгеруінің нақты және тез анықтайтын бақылау әдістері жоқ.

Магниттік өрістің биологиялық объектілерге әсер ету теориясы жоқ болғанмен, көптеген экспериментальді зерттеулердің нәтижесі, ауыл шаруашылығында магниттік технологияны қолдануда жоғары тиімділігін, осы бағытта зерттеуді жалғастыру қажеттілігін және ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымын магниттік өңдеудің жаңа жоғары эффективті құрылғыларын жасау қажеттілігін көрсетті.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 2254. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия