Студопедия — Рентген сәулелерін қоздыру және бақылау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рентген сәулелерін қоздыру және бақылау






Оптикалық спектрдің ультракүлгін алқабының қысқа толқындық шетінен рентген спектрі деп аталатын спектрдің бір ерекше алқабы басталады. Бұл спектрлік алқапқа жататын сәулелердің толқыны, жалпы алғанда, шеткі ультракүлгін сәулелердің толқынынан қысқа болады. Осындай өте қысқа толқынды ерекше сәулелер рентген сәулелері деп аталады. Бұл сәулелерді ең алғаш, 1895 жылы, неміс физигі Рентген тапқан.

Рентген катодтық сәулелерді зерттеп тәжірибе жасап жатып, бір жолы катодтық түтіктен электр разряды өтіп тұрған кезде сол түтіктің жанында тұрған флуоресценцияланғыш экраннан жарық шығып тұрғандығын кездейсоқ байқады. Түтікті қара қағазбен жауып қойғанда экранның жарық шығаруы тоқталмады. Рентген тағы да бірсыпыра тәжірибелер жасап: экран жарық шығарған кезде оған көзге көрінбейтін ерекше сәулелер түсетіндігін, ол сәулелер шыны түтіктің катод сәулелері түскен орнынан таралатындығын тағайындады. Осы ерекше сәулелерді Рентген сәулелері деп атаймыз. Катодтық сәулелер дегеніміз еркін электрондардың ағыны екендігі мәлім. Олай болса, рент­ген сәулелері шапшаң электрондар келіп соғылған қатты денеден таралатын көрінбейтін сәулелер болады. Бұл сәулелердің мынадай негізгі касиеттері бар:

1) Рентген сәулелері кәдімгі жарық сәулелері өте алмайтын ағаш, шыны, тері, мата, кара қағаз сияқты денелерден өте алады; алтын, темір, барий сияқты заттардан нашар өтеді, дәлірек айтқанда рентген сәулелері ауыр атомдардан құралған тығыз заттардан гөрі жеңіл атомдардан түзілген тығыз емес заттардан жақсы өтеді.

2) Рентген сәулелері түскен фотопластинка кәдімгі жарық түскендегідей қараяды.

3) Рентген сәулелерінің әсерінен ауаға және басқа газдарға электр өткізетін қасиет пайда болады, өйткені олар рентген сәулелерінің әсерінен иондалады.

4) Рентген сәулелері түскен кейбір заттар жарық шығарады (флуоресценция құбылысы байкалады). Әсіресе платиносинородты барийдан жасалған экран жақсы флуоресценцияланады.

5) Рентген сәулелеріне электр өрісі мен магнит өрісі әсер етпейді, атап айтқанда электр мен магнит өрістерінің әсерінен рентген сәулелерінің таралу бағыты өзгермейді.

 

8.1.-сурет. Рентген түтігінің схемасы

Сонымен рентген сәулелерін бакылап зерттеу үшін оның осы айтылған қасиеттерін пайдалануға болады, яғни флуоресценцияланғыш экранды, фотопластинканы және иондалу камерасын қолдануға болады. Мұнымен қабат бұл үшін рентген сәулелерінің фотоэлектрлік және жылулық қасиеттерінің де пайдаланылуы мүмкін.

Рентген сәулелерін алу үшін арнаулы түтіктер қолданылады. Сондай рентген түтіктерінің бір түрі 8.1-суретте көрсетілген; мұнда К — катод, ол вольфрам сымынан жасалған; А — анод, ол ауыр металдан, (платина, волфрам т. б.) жасалады. Электр тогы жіберілгенде ол катод қызады да одан электрондар бөлініп шығады, сол электрондар К мен А арасындагы потенциалдар айырымының әсерінен анодқа қарай үдей қозғалады. Олар анодтың бір орнына шоғырланып соғылу үшін вольфрам спиральді әдетте металл цилиндрдің ішіне орнатады.

Бұл түтіктің ішіндегі ауа өте мұқият сиретіледі, қалған ауа сарқындысының қысымы болымсыз аз, шамамен (10 -6—10 -8 мм сынап бағанының қысымындай) ғана болады. Сондықтан бұл түтіктегі электр тогы нағыз электрондар ағыны болып табылады, оған газ иондары қатыспайды. Мұндай түтіктер электрондық Рентген түтіктері деп аталады. Бұлардың бір артықшылықтары сол, олардың катоды арқылы өтетін токтың күшін қалауымызша өзгертуге болады, олай болса катодтан ұшып шығатын термоэлектрондардың мөлшерін өзгертіп отыруға болады. Сонымен бірге түтіктің катоды мен анодының потенциалдары-ның айырмасын өзгерте отырып, әлгі термоэлектрондардың жылдамдығын демек кинетикалық энергиясын өзгертуге бола­ды. Сөйтіп түтіктің жұмыс істеу режимін қалауымызша өзгертіп, рентген сәулелерін әр түрлі жағдайларда қоздыруға болады. Қоздырылу жағдайларына қарай рентген сәулелері бөгеліс рентген сәулелері және сипаттауыш рентген сәулелері деп екіге бөлінеді. Бөгеліс рентген сәулелері тұтас спектр, сипаттауыш рентген сәулелері сызықтық спектр береді.

Ренген түтігі үздіксіз көп уақыт жұмыс істеген кезде оның анодын қызып кетуден сақтау үшін оны арнаулы тетік арқылы ағын сумен салқындатып отырады.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 3392. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия