Студопедия — Сканерлеу 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сканерлеу 1 страница






 

Ағзаға енгізілген әр түрлі радий белсенді изотоптардың мүшелермен сіңірілу сатысын зерттейтін әдіс. Ағзаның белсенді изотоптарды сіңіру қабілеті мүше тінінің жағдайына байланысты. Қалыпты түрде мүшенің изотоптарды сіңіру дәрісі бір қалыпта өтеді. Патологиялық өзгерістерде мүше тіні ісініп сусінделенеді, яғни ради белсенді изотоптар осы қабынған аймақтарда ерекше көптеу сіңіріледі.

Арнайы сканер мүшенің көлеңкесін қағазға түсіреді, сөйтіп мүшенің орналасуын, көлемін, пішінін анықтауға жағдай туғызады. Осы әдістің көмегімен бауыр

ісігінде,бүйрек, ұйқы безі және қалқанша безі ауруларында дерт анықтамасын жүргізеді. Қазіргі кезде бұл әдіс жаңаланған түрінде шығарылып сцинтиграфия әдісі деп аталады.

 

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Аспаптық тексеру әдістерін атап шығыңыз?

2. Рентген арқылы тексеру әдістерін тізіп беріңіз?

3. Эндоскопиялық тексеру әдістерінің маңыздылығын және дайындау ережелерін түсіндіріңіз?

4. Фиброгастродуоденоскопияға пациентті дайындау тәртібін түсіндіріңіз?

5. Ирригоскопияға дайындауын және жүргізуін айтып беріңіз?

6. Колоноскопияға сипаттама беріңіз?

7. Холецистографияға пациентті дайындаңыз?

8. Ректороманоскопияға пациенті дайындау ережесін атап шығыңыз?

9. Бүйректі УДЗ және экскреторлық урографияға дайындаңыз?

10.Қандай контрастық заттарды білесіз?

III. Арнайы бөлім.

Тарау

Тыныс алу жолдарының ауруларындағы

мейірбикелік үрдіс.

Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестерді айтады. Оттегінің қатысуымен ағзада тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса, көптеген тіршілікке қажетті процестер тоқтап, денеде су тұрақтылығы (изогидрия), жылу тұрақтылығы (изотермия) бұзылады да адам өміріне қауіп туады. Демек, организм ауадан үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүре алады.

Тыныс алу бес кезеңнен тұрады:

1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру.

2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы.

3. Газдардың өкпеден тіндерге, тіндерден өкпеге қан ағынымен тасымалдануы.

4. Тін мен қан арасындағы газ алмасуы.

5. Ішкі тыныс алу - жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл - биохимиялық процесс.

Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: дем алу (инспирация) және дем шығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі кезекпен келіп алмасып отырады. Адам демді ішке алған кезде инспирация еттері жиырылады да, кекірек қуысын кеңейтеді. Көкірек қуысының тарылуы экспирация (дем шығару) еттері, яғни ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуына байланысты. Демді ішке алып, сыртқа шығаруда плевралық қуыс ішіндегі қысым денгейінің өзгеруі де елеулі рөл атқарады. Адамның демі мидың дем орталығымен реттеліп отырады. Меірбике пациенттерді бақылап отырғанда, оның демінің жиілігін, тереңдігін, түрін анықтайды.

Тыныс алу түрлері. Тыныс алу үш түрлі болады: кеуделік, құрсақтық және аралас.

Тыныс алудын кеуделік түрі кезінде тыныс алу қимылдары көбінесе жоғарғы қабырға аралық бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Бұл тыныс алу түрі көбінесе әйелдерге тән.

Тыныс алудын құрсақтық;түрі кезінде тыныс алу қимылдары кеуде пердесі мен қүрсақ қабырғасының аддыңғы бетінің бүлшық еттерінің қосылуынан пайда болады: дем алғанда олар жиырылып, кеуде пердесі төмендейді де, кеуде қуысындағы теріс қысым бұрынғысынан да ұлғая түседі, міне, сол кезде өкпеге ауа тез кіреді, сол бір мезгілде қүрсақтың эпи және мезогастралды аймақтары алға қарай керіледі. Ал дем шығарғанда, кеуде пердесі босаңсып жоғары көтеріледі, құрсақтың алдынғы беті омыртқа бағанасына қарай, яғни артқа ығысады. Сондықтан да тыныс алудың бұл түрін құрсақтықдеп атаймыз. Бұл тыныс алу түрі ерлерге тән. Ер кісілерде пайда болған кеуделік дем алу, кеуде пердесінің қызметінің шектелгенін көрсетеді. Керісінше, әйелдерде анықталған құрсақтық, яғни кеуде пердесінен дем алу, өкпе тінінің зақымдануын немесе плевра қуысындағы жапырақшалардын жабысуынан пайда болады деп тұжырымдауға болады.

Аралас дем алу турі, кеуде клеткасының қатайып, серпіліс тудырған кезде және өкпе тінінің эластикалық қабілетінін төмендегенінде (өкпе эмфиземасы, пневмосклероз) байқалады, бұл кезде тыныс алу актісіне кеуде клеткасының төменгі бөліктері мен құрсақ қуысынын жоғарғы аймақтары қатысады.

Тыныс алу жиілігі. Қалыпты жағдайда тыныс алу саны минутына шамамен 16-20-дай болады. Оны санау науқасқа білдіртпей жұргізілуі тиіс. Науқастын қолын алып, тамыр соғуын тексергендей, осы колды әйелдерде кеуде үстіне, ерлерде құрсағына қойып, бір минуттын ішінде қолдың неше рет дем алғаңда көтерілгенін санаймыз. Жаңа туған нәресте 40—45 рет дем алады. Жас үлғайған сайын тыныс алу жиілігі азаяды. Үйқы кезіңде тыныс алу минутына 12-14-ке дейін төмендейді, ал ол физикалық ауырлық көтергенде, не жүгіргенде. эмоцияға берілген кезінде, тамақ ішкенде жиілейді. Тыныс алу жиілігінің патологиялық жиіленуі(тахипное)науқастардың дене қызуы көтерілген жағдайларында және өкпенің әр түрлі аурулары кезінде кездеседі (өкпе қабынуы, туберкулез, инфаркт, өкпе эмфиземасьг т. б.). Тыныс алудың жиіленуі кезіңде өкпеде газ алмасуының бүзылуы-ның әсерінен қанда темірқышқылы көбейіп тыныс алу орталығының тітіркендіруін туындатады. Жиі тыныс алу плевраның зақымдалуы кезінде де кездеседі (экссудативтік плеврит, гемоторакс, пневмоторакс), бұл ауруларда өкпенің сығылуы нәтижесінде тыныс алу беті кемиді. Миозиттер, құрғақ плеврит, қабырғалар сынғанда, невралгияларда тыныс алуы жиілеп, тыныс терең болмайды.

Тыныстың сиреуі тыныс алу орталығының қызметінің сырттай және іштей қысылғанда, немесе басылғанында болатын ауруларда байқалады. Олар ми ісігінде, миға қан құйылғанда, менингитте, кейбір жұқпалы ауруларда, анемияларда т. б. ауруларда кездесуі мүмкін. Тыныс алудың сиреуі көмекейдің тарылуы мен көмекейдің шырыш қабатының ісінуіңде, әсіресе ол кеңірдектің ісіктерімен қысыл-ғанда кездеседі. Бұл жағдайларда ауаның өтуі кедергілер арқылы өткеңдіктен шулы тыныс пайда болады, оны стридорозды деп атайды.

Демнің тереңдігі: Пациент т ынышталып отырғанда, ауаның шыққан және алған көлемін мейірбике анықтайды.

Калыпты жағдайда демнің көлемі 500мл-дейін болады. Пациенттің демі сыртқы немесе терең болуы мүмкін. Калыпты жағдайда демі ырғақты болады.

Егер демнің ырғақтылығымен тереңдігі бұзылса ентігу пайда болады.

Тыныс алу ырғағының бұзылуы. Дені сау адамның тыныс алу ырғағы бірыңғай дурыс болады. Егерде тыныс алу орталығы аймағында қан айналуын бұзатын ауыр аурулар болса, немесе ми зақымдалса тыныс алу ырғағы бұзылады. Егерде ырғақтың бұзылуы бірдей тәртіппен қайталай берсе, оны кезеңдітыныс алу деп атайды. Патологиялық жағдайда демнің бұзылуы 3-түрге бөлінеді:

I. Куссмауль демі - сирек, терең, шулы, /терең комада байқалады/.

II. Биотта демі -қалыпты жағдайда дем кенеттен үзіліске ұшырайды.

III. Чейн -Стокса - демнің жиілігімен тереңдігінің 5 - 7 демге дейін өсуі, содан кейін демнің әлсізденуі.

Асфиксия - оттегі тапшылығынан демнің тоқталуы.

 

20.1.Тыныс алу жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдары

а/ ентігу;

б/ тұншығу;

в/ жөтел /құрғақ, дымқыл/;

г/ ауырсыну;

д/ қансырау, қан кету;

Ентігу -демнің қызметінің бұзылуы. Демнің жиілігі, ырғақтылығы, тереңділігі бұзылады.

Ентігу - тыныс алу жүйесі науқастарының негізгі шағымдарының бірі болып саналады. Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде әр түрлі жағдайларға байланысты өкпе альвеолаларындағы бүзылыстарына байланысты альвеола мембранасы арқылы газ алмасуы өзгереді, оның альвеолаларда оттегімен қанығуы жетіспейді. Қанның құрамында көмір қышқылының көбеюіне байланысты зат алмасу үрдісінде толық тотықтандырылмаған заттардың қосындылары сопақша мидағы тыныс орталығын тітіркендіріп, ентігу сезімін туғызады.

Ентігу 3-түрге бөлінеді:

экспираторлық; - демнің шығуының қиындауы;

инспираторлық; - демнің алуының қиындауы;

аралас - демнің шығуымен алуының қиындауы.

Инспираторлық ентігу - тыныс жолдарында бөгет пайда болса, бұндай жағдай көбінесе оларға бөгде зат түскенде, сол сияқты дыбыс байламдарының өте қатты ісінгенінде, қалқанша безінің ісігі немесе қолқа аневризмасымен қысылу кезінде де байқалады. Мұндай жағдайда тыныс ауа жұтқанда шулы болып естіледі. Осыңдай ентігу көбінесе дем алуға қатысатын қабырғалар, қабырға аралық бүлшық еттер, кеуде пердесі ауруларында да кездесуі мүмкін.

Экспираторлык ентігу - тыныс алудың, оның ішінде ауаны шығаруы кезінде ауа жолшыбай кедергілер арқылы өткенде пайда болады. Бұл жағдай бронх қабатының бұлшық еттері талшыктарының жиырылуы нәтижесінде де пайда болатын бронхиалды демікпеде, бронхиолитте (ұсақ бронхтардың қабынуыңда) және өкпе эмфиземасында жиі байкалады.

Ентігудің аралас түрі кезінде ауа жұту да, ауа шығару да қиыншылықпен өтеді.

Бұл жағдай тыныс алу бетінің көлемі азайғанда, өкпе қабынуында, ылғалды плеврит, пневмоторакс. обтурациялық ателектаз ауруларында, сол сияқты кеуде пердесінің биік орналасуында да ентігудің осы түрі байқалады.

20.2. Демікпе(астма) - тұншығу кезіндегі мейірбикенің;

кірісулері

.

Тұншығу - ауаның жетіксіздігінен пациент демін алалмайды. Бұл жағдайда ұсақ бронхтар жиырылып демнің шығуы қиындайды. Пациент өзіне ыңғайлы жағдай іздеу үшін, қолдарын керуеттің шетіне тірейді. Кеудесіндегі сырылдар естіліп, беті көгеріп, дымқыл мұздай тер шыққаны білініп тұрады.

 

Тұншығу кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз

кірісулері:

-төсекке ынғайлап отырғызыңыз;

- қысып тұрған киімдерін шешіңіз;

- бөлмені желдетіңіз;

- дәрігерді шақырыңыз;

- оксигенотерапия жүргізіңіз;

- дәрігердің нұсқауын орындаңыз;

-қалталы ингаляторды пациентке беріңіз;

-дәрігер келгенше керекті дәрілерді дайындаңыз; 2,4% - эуфиллин ертіндісін; 5% - эфедрин ертіндісін; преднизолон, гидрокортизон, жүрек гликозидтерін;

-пациенттің жалпы жағдайын, шыққан қақырықтың түрін қадағалап отырыңыз;

-нұсқау қағазына пациенттің демін, қан қысымын, тамыр соғысын белгілеңіз;

-пациенттен жылтыр шынылы тәрізді қақырық шығып жағдайы жақсарады;

-пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін, қалталы инголяторды қалай қолданатынын үйретесіз;

-пациентке қақырықты лабораториялық тексеріске жинауына үйретіңіз.

 

       
   


20.3. Жөтелу кезіндегі мейірбикенің кірісулері

Жөтелу - тыныс жолдарының қабыну нөтижесінде патологиялық секрет (қақырық, сілекейлі шырыш, қан) және осы жолдарға бөтен затгар (тағам) түскенде, пайда болатын рефлекторлы қорғаныс актісі.

Патологиялық секрет және бөгде заттар бронхтардың ішкі кірпікшелі эпителийлері арқылы сыртқа шығарылады. Бірақ секрет бронхтардың сезімтал рефлексогендік аймақтарына жеткенде, нерв үштары тітіркенеді де, жөтелу рефлексін тудырады. Рефлексогенді аймақтар бронхтардың дисталды тармақталған жерлерінде, кеңірдек бифуркациясының айналасында, көмекейде орналасады. Соңдай-ақ жөтелді туғызатын рефлексогенді дисталды мүрын қуысының кілегей қабатыңда, плеврада, құлақта, тағы басқа жерлерде орналасқан.

Жөтел рефлексінің туу механизмі былайша болады. Ол импульс рецепторлардан сопақша миға жетіп жөтел орталығын қоздырады, соның нәтижесінде адам терең ауа жұтқаннан кейін, жедел тарылған дауыс саңылауы арқылы ауа шығарады. Міне, осы шыққан ауаның жылдамдығынан жөтел секретті түрған жерінен жылжытып, жоғарғы жолдарға, немесе сыртқа шығарады.

Тыныс алу жүйесінің көптеген ауруларында жөтелдің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан науқастардан сұрағанда жөтелдің сипатын, оның пайда болу уақыты мен ұзақтығын, күштілігін жөне тембрін анықтайды.

Жөтел өзінің сипатына карай құргақ,яғни қақырықсыз және қақырық бөлінетін ылғалды болуы мүмкін, кейде ұстамалы тұрақты түрде науқасты мазалайды.

Құрғақ жөтел ларингит, трахеит, пневмосклероз, бронхы демікпесі, құрғақ плеврит пен бронхит кезінде де болуы мүмкін; бүл кезде бронхтың кілегей қабаты бөртіп ісінеді, бронхтың ішкі қуысындағы секрет, яғни қакырық өте қатты жабысып тұрып, қиындықпен бөлінеді. Ылғалды жөтел көбіне созылмалы бронхитте (бронх ішіндегі секрет сұйық консистенциялы), өкпенің қабынуында, өкпе тубер-кулезінде, өкпе абсцессінде, бронхоэктаздар кезінде жиі кездеседі.

Тұрақты жөтел тыныс жолдары мен өкпенің созылмалы ауруларына тән (созылмалы ларингит, трахеит, бронхит, бронхоэктаз ауруы, өкпе туберкулезі). Ол тыныс жолдарына ұсақ тағам түйірлері мен бөгде заттары түскен кезде үстамалы тұрде мазалайды.Үзақтығына байланысты жөтел уздіксіз, кейде дуркін-дуркінболып бөлінеді. Үздіксіз жөтел көбінесе бронхтардың, көмекейдің созылмалы қабынуында, өкпенің қатерлі ісігінде және ісіктердің орталық лимфотүйіндерінің метастаздарында кездеседі. Ал дүркін-дүркін болатын жөтел жиірек кездеседі. Ол көбінесе тымау, пневмония, өкпе туберкулезі, созылмалы бронхиттер, әсіресе олардың қайталау кезеңінде байқалады.

Құрғақ жөтел болғанда мейірбикенің тәуелсіз кірісулері:

-жөтелгенде ауырсынуды басу үшін көп мөлшерде жылы сілтілі су ішкізіңіз;

-дәрігерді шақырыңыз;

-қыша, жылы компресс қойыңыз, аяқты қышалық суға салыңыз;

-пациенттке ингаляция қолдануын үйретіңіз;

-дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелге қарсы дәрілерді беріңіз;

-пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз;

нұсқау қағазына демің, тамыр соғысын, терінің түсін белгілеңіз;

-дәрігердің нұсқауын орындаңыз.

Дымқыл жөтел болғанда тәуелсіз кірісулері:

-дәрігердің нұсқауын орындаңыз;

-жылы сілтілі су көп мөлшерде /мин.су "Боржоми, сүт"/ қолдануын үйретіңіз;

-егер дене қызуы қалыпты болса қыша, оңқа, компресс қолданыңыз;

-кеудесіне массаж жасаңыз;

-өкпенің жұмысын жақсарту үшін емдеу гимнастикаларын жүргізіңіз;

-егер қақырықты тексергенде қан болса дәрігерді жедел түрде шақырыңыз;

-пациенттке қақырығын түкіргішке жинауын үйретіңіз;

-постуралдық дренаж жасауын үйретіңіз;

-дәрігердің нұсқауы бойынша қақырықты шығаратын дәрілерді, бронхолитиктерді пациентке беріңіз;

-пациенттің демін, тамыр соғысын, терінің түсін т.б қадағалаңыз;

-бөлмені төрт мезгіл /ауаның температурасы 18-220 С / желдетіп отырыңыз;

-керекті жағдайда оксигенотерапияны жүргізіңіз;

Егер:қан араласқан қақырық шықса оған сипаттама беріңіз.

Мысалы: круптық өкпе қабынуында, түбіркүлез, қатерлі ісікте, мейірбике көмек беруге дайын отыру керек.

20.4. Өкпеден қан кету, қан түкіру кезіндегі мейірбикенің;

кірісулері

Қаңды қақырықжөтелгенде қанның қақырық аралас түкірікпен көп мөлшерде шығуын атаймыз. Өкпеден қан кетуді де осылай атайды. Қан тастау өкпе туберкулезінде ен жиі кездеседі, бұндай жағдай бронхоэктаз ауруында, өкпе абсцессі мен гангренасында, өкпенің қатерлі ісігінде де болуы мүмкін. Кей кезде өкпеде қан іркілгенде және өкпе инфарктісінде де кақырықпен қан түсетінін ұмытпау қажет. Бұңдай жағдай кейде жұрек сырқаттарымен де байланысты (жұректің екі жармалы тесігінің тарылуы, миокард инфарктысы) болады.

Өкпеден қан кетуіне толық көз жеткізу үшін, қанның қақырыққа ауыз қуысынан, көмекейден, мұрыннан түсуі де мүмкін екенін есте ұстаған дүрыс. Ол үшін алдымен ауыз қуысын тиянақтап карап тексереді. Кейде өкпеден кеткен қанды асқазаннан кеткен қаннан ажырата білу қиынға түседі. Асқазаннан аққан қан қоңыр түсті, тағам қалдықтарымен араласып түседі. Ол қышқылдық реакция береді. Ал, өкпеден қан кеткенде алқызыл түсті, ауа көпіршіктерімен араласып, реакциясы сілтілі, жөтелмен қатар жүреді. Алқызыл түсті қан түкіру өкпе туберкулезіңде, бронхогенді обырда, бронхоэктаз ауруларында жиі кездеседі.

Өкпеден қан кеткендегі мейірбикенің тәуелсіз кірісулері

Мақсаты:Қанды тоқтату

-дәрігерді шақырыңыз;

-пациенттке ыңғайлы жағдай жасаңыз (отырғызу);

-физикалық психикалық тыныштық;

-пациенттке қалталы түкіргішті қолдануын және оны зарасыздандыруын үйретіңіз;

-ыстық тамақ ішуге болмайтынын түсіндіріңіз;

-дымқыл суық орау жасаңыз; /ыстық су, ванна, душ қолдануға болмайды/;

-пациентке сөйлеуіне, қимылдауна болмайтынын түсіндіріңіз;

-тесілудің, қабынудың алдын алу үшін, денесін 3-4 мезгіл қозғап отырыңыз;

-қатаң режимді сақтауын, тамақты салқын ретінде қолдануын түсіндіріңіз;

-дәрігердің нүсқауын орындаңыз.

20.5. Кеуде қуысындағы ауырсыну жағдайында мейірбикенің кірісулері

Кеуде түсының ауыру сезімі өкпе қабының зақымдану кезінде қүрғақ плеврит, ылгалды плевриттің бастапқы кезеңі, өкпе қабының бір-біріне жабысқанында, плевра өспелеріңде және кейбір плевра қабынуымен өтетін өкпе ауруларында (өкпе инфаркті, өкпенің крупозды қабынуы, өкпенің қатерлі ісігі, әкпе туберкулезі және т. б.) кездеседі.

Өкпе қабынан пайда болған ауру сезімі тыныс алу әрекетіне тікелей байланысты болғандықтан ол терең тыныс алғанда күшейе түседі.

Ауыру сезімі жөтелгенде, ауыратын жағына қарай науқас аударылғанда, денені қимылдатқанда, түшкіргенде күшейе түседі.

Өкпе тінінде сезімтал нерв үштары жоқ, ол тек өкпе қабында (плевра) ғана бар. Өкпе қабының жапырақшаларынын бетіне қабыну кезінде фибрин талшықтары жабысып, бетінде кедір-бүдырлар пайда болады. Осының нәтижесінде тыныс алғанда өкпе қабы жапы-рақшаларының үйкелісінен сезгіш нерв рецепторлары тітіркеніп, ауырсыну сезімін туғызады. Одан қүтылу үшін науқас жөтелмеуге, тынысты терең алмауға тырысады.

Ылғалды плеврит кезінде ауыру сезімі тек бастапқы уақытта болады, кейін плевра жапырақшалары арасына біртіндеп экссудат жиналып, олар бір-бірінен алшақтаған соң, ауыру сезімі жойылады да, ентігу пайда болады. Плеврит сырқатынан соң үйысу, яғни өкпе қабы жапырақшаларының бірбіріне жабысып, тін қүрылымының өзгеруі байқалса, аздаған ауыру сезімі сақталады. Ол өсіресе терең дем алған уақытта плеврадағы сезгіш рецепторлардың тітіркенуімен байланысты болады.

Ауыру сезімі миозитте, қабырға аралық невралгияда, ірінді теміреткіде, қабырғаның жарылуы мен оның сынуында, периоститте, остеомиелитте де кездесуі мүмкін. Ауыру көкірек қуысына басқа ішкі ағзалардан да ерілуі мүмкін, мысалы: радикулитте, жіті холециститге, көк бауыр инфарктісінде, кеуде пердесінің жарасында т. б. Қабырға аралықты невралгия кезінде ауыру сезімі қабырға бойымен орналасып, қабырға аралық нерв бойымен сипағанда анықталады.

Кеуде клеткасының ауыруы - жүрек-қан тамырлар жүйесі науқастарында да байқалады.

Кеуде қуысындағы ауырсыну жағдайында мейірбикенің тәуелсіз кірісулері

-ауырсынуын басу үшін, ыңғайлы жағдаймен қамтамас етіңіз;

-көбінесе ауырған жағына жатқызуға кеңес беріңіз;

-плевраның париеталдықпен, висцералдық қабығының қажалуын азайту үшін физикалық психикалық тыныштықпен қамтамас етіңіз;







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 6903. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия