Студопедия — Сканерлеу 4 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сканерлеу 4 страница






Мейірбикенің мақсаты:пациенттің жағдайын жақсарту.

1.Пациентті жатқызып, басын бұру.

2.Дәрігерді шақырту.

3.Лоток, леген, клеенка, сүлгі дайындайды.

4.Ауыз қуысын қаннан, құсықтан тазартып отыру, эпигастрий маңайына мұзды мұйық қою.

5.Қан тоқтататын дәрі - дәрмектерді әзірлеу: тұзды ертінділерді, аминокапрон қышқылын, дицинон, кальций хлор ерітінділерін дайындау.

6. Қан тобын, резус-факторын тексереді.

7.Пациенттің жағдайын қадағалап отырады (қан қысымын, тамыр соғысын, терінің түсін).

 

 

22.5. Дәреті кідіріп қалған жағдайда мейірбикенің кірісулері

Нәжістің кідіріп қалуы (запор)

Егер нәжіс 48 сағатқа дейін шықпаса оны нәжістің кідіруі деп атайды. Көбінесе тағамнан, тоқ ішектің қабынуының, эндокриндық бұзылыстан және қатерлі ісіктерде пайда болады. Мұндай жағдайда әр-түрлі клизмаларды жасайды.

 

Мейірбикенің мақсаты: п ациентке күнделікті дәретінің реттелуіне көмектесу.

1.Дәрігердің нұсқауы бойынша 2-тәуліктің ішінде тазарту, жібіту клизмасын жасау.

2. жел шығаратын түтікшені немесе нәжісті жібітетін дәрілерді пациентке беру.

3. Пациентке кеңес беру:

-инжир, қышқыл сүт, қара өрік, сүйық май, қарақұмық ботқасын және т.б. қолдануын;

-тәулігіне 1,5л суықтық ішуін;

4. Пациентті ұнататын менюмен қамтамас ету.

5. Диеталық кеңесін талап ету.

6. Атоникалық нәжіс кідіріп қалғанда қолдану керек:

-жемістер, көкөністер, ұнтақтар /бидай, сұлы және т.б.

7.Ішекті бір уақытта босатып отыратын жөнінде кеңес беру (ішектің перистальтикасы жақсарып, нәжіс шығуына рефлекс реттелінеді).

8. Спастикалық нәжіс кідіріп қалғанда:

- тағамнан өткір, ащы, қуырылған заттар алынып тасталынады;

- арақ ішуге, шылым шегуге болмайды;

- жасұнықты аз мөлшерде қолдану керек.

9. Дәрігердің нұсқауы бойынша тыныштандырғыш дәрілерді беру.

10. Пациентке, оның туыстарына негізгі аурудың емделуін, емдеу гимнастикасын, су процедураларын қолдану маңыздылығын түсіндіру.

11. Пациентті емдеу гимнастикасын және ішіне массаж жасауын үйрету.

12. Көмек көрсеткен нәтижесін тексеру.

Қалыпты жағдайда дәреті күнделікті реттелінеді.

 

 

22.6. Диарея болған жағдайда мейірбикенің кірісулері

Мейірбикенің мақсаты:Дәретті қалпына келтіру.

1.Дәрігердің нұсқауын орындау.

2. № 4 емдәм қолданылады.

3.Қышқылын басатын дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша беру.

Ескерту: диарея көбінесе әрбір аурудың симптомы болып есептелінеді, сондықтан негізгі ауруын емдеу, толығымен емдәмді ұйымдастыру, дәретін қоюлануына көмек жасайды.

4.Дәрігердің қадағалауымен пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отыру (пациентте диарея болған жағдайда әлсіреуін, өңі қашуын, мұздай тер шығып, жүрегі қағуын қадағалау қажет).

5.Дәретін тіркеу қағазына жазып отыру.

6.Кеңес беру: 1,5 – 2 л сұйықтық, қаражидек, итмұрын сөлін, лимон араласқан шай т.б.жоғалтқан сұйықтықтардың қолдануы ас қорыту органдарының жұмысын қалпына келтіріп, ішектің жұмысын жақсартады.

7.Пациенттің салмағын өлшеп, күніне 1 рет тіркеу қағазына жазу.

8.Жеке басының тазалығын қадағалап отыру.

9.Жыныс органдарын жуып, вазелин майын жағу.

10.Пациентке және оның туыстарына кеңес беру.

11.Көрсетілген көмектің нәтижесін тексеріп, керекті жағдайда диета туралы кеңес беру.

Тарау

Бауыр ауруларындағы мейірбикелік үрдіс

Бауыр – асқорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оңжақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сыйымдылығы 50 мл. Бауыр ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:

- қорғаныш қызметі - улы, жағымсыз дәрілерді ақуызбен байланыстырып, усыз түрге айналдырады;

- өт шығару қызметі - оның құрамында билирубин, холестерин, өт қышқылдары кальций, фосфор бар. Өт ас қорыту сөлінің бірі, ол ұлтабар сөлімен бірігіп майларды ыдыратады;

- осымен бірге басқа да зат алмасу дәрісіне қатысады. Әртүрлі химия серпілісі арқылы көмірсулар гликогенге айналады, ол керек кезде бауырдан глюкоза (қант) түрінде қанға түседі.

Нәруыздар әртүрлі ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырап бауырға түседі. Бауырдың ақуыз алмасуындағы маңыздылығы – ағзаға қажетті альбуминнің, фибриногеннің түзілуін қамтамасыз етеді. Бауырда А,В,С,Д,Е витаминдері және ағзаның дұрыс жұмыс атқаруына керекті мөлшерде бірқатар микроэлементтер жиналады. Бауырда өтетін дәрістер жүйке жүйесі және әртүрлі гормондардың (адреналин, инсулин, гипофиз, бүйрек безі) қатысуымен өтеді.

Негізгі шағымдары:

Ø оң жақ қабырға астының ауырсынуы;

Ø терінің сарғаюы;

Ø қышыну;

Ø ішінің үлкеюі;

Ø диспепсиялық шағымдар;

Ø әлсіздік, шаршағыштық

 

23.1.Оң жақ қабырғасының асты ауырсынудағы мейірбикенің кірісулері (бауыр ұстамасы)

Науқастың оңжақ қабырғасының астының ауыруы бауыр мен өт жолдарының қабынуында кездесіп отыратын негізгі белгі. Ауырсыну көбінесе бірте – бірте сезіледі. Егер оңжақ бүйірдің ауырғаны ойда – жоқта басталса, ол оттегі тастың қозғалуымен байланысты болуы мүмкін. Ал ауру басқа жұқпалы аурудан кейін басталса – ол өт қабының қабынуына байланысты болуы мүмкін. Егер науқас ауырған жер деп өттің тұсын көрсетсе, онда ол өт қапшығының қабынуына, ал бүкіл оң қабырғаның төменгі жағы ауырса, ол бауырдың қабынуына байланысты болғаны.

Өт қапшығы қабынғанда немесе ішіндегі тас қозғалғанда оқтын – оқтын шаншып, түйреп ауырады. Ал цирроз бен гепатит ауруларында бауыр тұсы, яғни оң жақ қабырғаның асты сыздап тіреп тұрғандай болып төмен тартып, ауырланып тұрады. Қатерлі ісікпен науқастанған адам ауруын бұдан да күштірек сезеді, бұл кезде бауырдың тұсы тынымсыз түйіліп ауырады. Бауырдың ауырсынуын тудыратын себеп: оның сыртындағы глиссон қапшығының кеңейіп, созылуына және өттің не өт жолдарының қысылып, қабынуына байланысты болады.

Бауыр ұстамасында мейірбикенің тәуелсіз кірісулері

Мейірбикенің мақсаты:Пациенттің аурусынуының біртіндеп басылуына көмектесу.

1. Дәрігерді шақырту

2. Құсық болған жағдайда пациентті шалқайтып немесе бір жақ қырына жатқызып, басын еңкейту.

3. Тыныштық жасау.

4. Жалпы жағдайын қадағалап отыру.

5. Дәрілерді дайындау.

6. Дәрігердің нұсқауы бойынша 5 мл баралгин бұлшық етке, 0,2% - платифиллин ертіндісін 1 мл тері астына жіберу.

23.2.Терісі қышынудағы мейірбикенің тәуелсіз кірісулері

Бауыр және өт жолдарының ауруларында дененің қышуы жиі байқалады. Қышудың себебі: науқастың қанындағы өт қышқылдарының көбеюіне байланысты. Қышыну кейде денесі сарғаймаған науқастарда да байқалады.

Пациентің жеке бастық гигиенасын бақылап отырыңыз. Төсек жабдықтары таза, құрғақ, қыртыссыз және түйіншексіз болуы керек. Ішектің жұмысын ұдайы бақылап отырыңыз. Зәрдің және нәжістің тоқтамауын емдеп алдын алып отырыңыз. Дәрігердің ңұсқауын орындау қажет. Терісін вазелин және тағыда басқа кремдерді жағу. Тәуліктік балансын өлшеу, жалпы жағдайын қадағалап отыру. Тесілудің алдын алуы.

23.3. Ас қорыту органдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс

1 кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

q іш маңайының ауырсынуы;

q диспепсия белгілері: құсу, лоқсу, қыжылдау;

q тамақтанудағы ұстамдылық;

q физиологиялық бөліністердің бұзылуы: іштің өтуі, үлкен дәреттің кідіріп қалуы;

q іштің кебуі (метеоризм);

q асқазаннан немесе ішектен қан кету;

q өз бетімен дәретханаға бара алмауы;

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

§ емдәм қағидаларын білмеу;

§ салмағының азаюы;

§ психологиялық шағымдар: жағдайының өзгеруіне үйрене алмау (асқазан түтікшесінде, гастростомада);

§ өзінің ауруы жайлы білімнің жоқтығы;

§ медицина қызметкерлеріне сенбеушілік.

§ ұйқысының бұзылуы, арықтау

2 кезең.Мейірбике диагнозын қою

Пациенттің нақты және болуы мүмкін мәселелеріне сүйеніп қойылады

(пациенттің негізгі шағымдары)

3 кезең;. Күтімді жоспарлау

Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:

ü іштің ауырсынуы басылады;

ü қыжылдау басылады;

ü диспепсиялық өзгерістер басылады;

ü құсықты жұтпау үшін шаралар жүргізіледі;

Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:

ü ауырсыну болмайды;

ü салмақ азаюы болмайды, терісі ойылмайды;

ü тамаққа тәбеті қалпына келеді;

ü науқас өзіне керекті тамақ пен сұйықты қанағаттанарлықтай қолданады;

ü науқас өзінің жағдайына үйренеді (колоностомаға);

ü науқас өзіне шұғыл жағдайларда көмек бере алады;

4 кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру

Мейірбикенің кірісулері:

· тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, пациентті лабораториялық және құрал – жабдық тексерістерге дайындау (асқазаннан, ұлтабардан сөл алу, нәжісті әртүрлі анализдерге жинау, құсықты лабораторияға тапсыру, рентген тексерістердің алдында тазарту клизмасын жасау т.б.);

· тәуелсіз – күтім және бақылау шараларын жүргізу, пациенттің жағдайын қадағалау: қан қысымын өлшеу, тамыр соғуын анықтау, демін санау, дене қызуын өлшеу және оның көрсеткіштерін графикалық сызу;

· бір – біріне тәуелділік қатынас – қолданған емнің әсерлілігін бағалау,

· науқастың жазылуына психологиялық күде бағыттау, пациентпен және

· оның туыстарымен педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.

5 кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау

Алға қойған мақсаттарды салыстырып, медбикелік қағазын толтыру.

23.4. Мейірбикелік кірісу үлгілері

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Құсу, лоқсу     1.Ыңғайлы жағдай көрсету 2.Пациентке көмек көрсету 3.Пациентті бақылау 4.Педогогикалық аспектіде жұмыс істеу. 1.Науқасты отырғызып алдына алжапқыш, леген қою керек. 2.Пациент құлап кетпеу үшін маңдайынан ұстап демеп тұру керек. 3.Құсқан сайын ауыз қуысын шаяды. Егер төсек тартып жатқан пациент құсса, басын бұрып, ауыз қуысын құсық қалдығынан тазалап отыру керек. 1.Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмыс істеу.

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Асқазаннан қан кету.     1.Дәрігерді шақыру   2.Пациенке ыңғайлы жағдай көрсету.   3.Физикалық және психикалық тыныштандыру.   4.Дәрігерге дейін шұғыл жәрдем көрсету.   5.Педагогикалық аспектіде жұмыс жасау.     1.Қатаң түрде төсек тәртібін сақтау. Бөлмеде тыныштық сақтау. Ыстық тамақ немесе сусын ішкізбеу. 3.Егер де науқас өзі отыра алса кеудесіне салфетка төсеп қолына түкіргіш беру. Егер науқас төсек тартып жатса, басын бұрып, лоток қою.   4.Құсыққа тұншығып қалмас үшін, мезгіл –мезгіл ауыз қуысын құсық қалдықтарынан тазалап отыру. 5. Рефлекторлық түрде қансырауды тоқтату мақсатымен эпигастрий маңайына мұзды мұйық қою. 6.Дәрігер келгенше пациенттің жағдайын қадағалап отыру: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, дене қызуын өлшеу. 7.Тамшы құралды құрып, қансырауды тоқтататын дәрі-дәрмектерді әзірлеу. 1.Қансырауды тоқтату мақсатымен дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға, бұлшық етке дәрі-дәрмектерді енгізу.   2.Қанның ұю және ағу уақытын анықтау мақсатымен қан анализдерін алу.   3.Дәрігермен бірге диагностика-лық, аспаптық тексерістеріне қатысу.
Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Қыжылдау     1.Дәрігерді шақыру. 2.Науқасты тыныштандыру. 4. Педагогика лық аспектіде жұмыс жасау (қыжылдауда өзіне өзі көмек көрсете білу) 5. Рефлекторлық түрде ем көрсету. 6.Науқастың жағдайын қадағалау.     1.Науқасқа қыжылдау-ды басу үшін сүт ішкізу. 2. Науқасқа ол көмектеспесе, қайнаған суға ас содасын қосып беру. 3.Науқасқа тамақты түзіммен ішкізу. 4. Науқасқа майлы, қышқыл тағам ішпеуін ескерту. 6.Науқасқа жағдайын түсіндіру.   1.Дәрігердің нұсқауын орындау.   2.Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану.   3.Дәрігердің нұсқауы бойынша әр түрлі тексерістерге қатысу.  
Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Іштің кебуі   1.Дәрігерді шақыру. 2.Науқасты тыныштандыру. 3.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. 4. Педагогикалық аспектіде жұмыс жасау. 5. Рефлекторлық ем көрсету. 6.Науқастың жағдайын қадағалау. 7. Дәрігер келгенше керекті құрал-жабдықты, дәрілерді дайындау. 1. Науқасты бір қырымен жатқызып, аяғын ішіне бүгу. 2.Науқастың ішін сипалап, массаж жасау.   4.Науқастың тамыр соғысын, қан қысымын, демін анықтау.   5. Науқасқа жағдайды түсіндіру, емдәм тәртібін айтып беру (ішті кептіретін тағам-дарды қолданбау)   6.Науқастың тамақтануын қадағалау. 1.Дәрігердің нұсқауын орындау. 2. Жел шығаратын түтікше қою. 3.Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану.   3.Әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу  

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Құрсақ маңайының ауырсынуы 1.Ыңғайлы жағдай көрсету 2.Дәрігерді шақыру. 3.Рефлекторлық түрде және дәрі-дәрмектердің көмегімен ауырсынуды басу 4.Пациенттің жағдайын бақылау 5.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.   1.Қырынан аяғын ішке бүгіп жатқызу. 2.Дәрігерге дейін науқастың жағдайын тек қана бақылап отыру. 3. Ешқандай дәрілер беруге болмайды (клиникалық көріністер өзгеріп кетуі мүмкін). 4.Ішке рефлекторлық түрде әсер ететін жылы немесе суық процедураларды қоюға болмайды. 5.Ешқандай тамақ, су ішуге болмайды. 1.Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектер қолдану.     2.Дәрігердің нұсқауы бойынша зертханалық және аспаптық тексерістеріне дайындық жүргізу  

Тарау

Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы

мейірбикелік үрдіс

Бүйрек ағзаның іс әрекетінің дәрісінде пайда болатын улы керексіз қалдықтарды ағзадан шығаруға қатынасады. Бүйрек қанды сүзіп, зәрді бөліп шығарады. Несеп ағар түтігі арқылы зәр қуыққа түсіп, зәр шығаратын арна арқылы сыртқа ағып шығады. Зәрдің түзіліу дәрісі екі кезеңмен жүреді: бүйрек денешіктерде, шумақтарда қанның сары суы сүзіледі (құрамында аздаған ақуызы бар алғашқы зәр) және арналарда алғашқы зәрдің құрамындағы кейбір бөлшектер қайтадан кері сорылады (су, натрий хлориді), осы дәрістің нәтижесінде ағзада яғни, бүйректе толығымен өнделген (екіншілк) зәр пайда болып, сыртқа ағып шығады. Зәр түзілуінің толық тоқтауын - анурия деп атайды. Зәрдің бөлінуінің азаюын – олигурия, зәрдің көп бөлінуі – полиурия деп атайды, никтурия түнгі несептің шектен тыс көп болып түзілуі.

Үнемі салыстырмалы тығыздығы төмен зәрдің бөлінуін гипоизостенурия деп атайды. Несеп түзілуі, оның сыртқа шығару үрдісі – диурез деп аталады

Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы шағымдары.

Ісіктер. Бүйрек ауруларында ісіктер көлемі бойынша әр түрлі, тұрақтылығы,көрінісі, орналасуы.Көбінесе ол,бетте,көз астында таңертенгілік көрінеді.Көрініс беретін ісіктер синдромында ісіктер сирақта болуы мүмкін.Кейде ісіктер көп мөлшерге жетеді,барлық тері асты клечаткасын қамтиды (анасарка).Кейде сұйықтық кеуде торына да жиналады (гидроторакс)және іш астарында (асцит).Ісіктер күнделікті зәр мөлшерінің азаюымен түсіндіріледі – легурия (тәулігіне 500 мл аз) немесе анируя (тәулігіне 200 мл аз).Зәрдің кенеттен азаюы немесе болмауынан өткір зәр тұрып қалуы болуы мүмкін,зәр түтігінде болғанда,анықталған қиындықтар бойынша зәр түтігінен шығарылмайды.Тәуліктік зәр мөлшерінің қалыптан тыс көбеюі – полиурия (тәулігіне 2000 мл көп).Ісіктердің жылдам қайтуына немесе ХПН – нің дамуынан).

24.1. Бүйрек ауруларындағы ісіктердегі мейірбикенің кірісулері:

Мақсаты:Ісіктерді қайтару, салмағын төмендету.

1. Пациентке және оның туыстарына №7 - емдәм туралы түсіндіру.

2. Тағамдарын тексеріп отыру.

3. Теріні, шырышты қабаттарын күту.

4. Су балансын қадағалап отыру.

5. Дәретін қадағалап отыру.

6. Жылы судно мен қамтамас ету.

7. Төсекті жылыту үшін, жылытқыш беру.

8. Салмағын 3 күнде 1 рет тексеріп отыру.

9. Дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытымен ішкізіп, қадағалап отыру.

 

24.2. Дизуриялық бұзылыстардың пайда болуы. Зәр шығару кезінде ауырсыну, жиі емес немесе керісінше жиі дәретке отыру, зәрдің тұрып қалуы – көбінесе бүйректің қабынуы кезінде (нефрит) және зәр шығару жолы қабынулары (цистит,уретрит, пиелонефрит),бүйректен тас түскенде, зәр түтікшесін жиі қолданғанда дамиды.

Зәрі тұрып қалғанда жедел түрде мейірбикенің кірісулері

Мақсаты:Қуықтанзәрді шығару.

1. Зәрді рефлекс арқылы шақыру, судың бұрандысын ашу.

2. Жылы су немесе жылытқышты беру.

3. Дәрігерді шақырту.

4. Зәрді жинайтын ыдыстарды, катетерларды, антисептикалық ертінділерді дайындау

5. Пациенттің жыныс органдарын жуу.

6. Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмсақ резенке катетер салу.

7. Пациенттің жағдайын қадағалап отыру.

8. Қолды жуып құрғату.

 

24.3. Бел маңайының ауырсынуы.

Бүйректердің қабыну процессінің мінездемесі болып табылады.Топаз ауырсынулар бүйрек капсуласының кеңеюімен және бүйрек қабынуымен, ұстама тәрізді,сұққылап ауру,іштің төменгі жағына немесе белге берілетін – ісікпен жабылатын,онда тастың болуы зәр шығару кедергілерінде.

Бел маңайының ауырсынуындағы мейірбикенің кірісулері

Мейірбикенің мақсаты:Пациенттің аурусынуының біртіндеп басылуына көмектесу.

1.Дәрігерді шақырту.

2.Ұстама кезінде пациенттке ыңғайлы жағдай жасау.

3.Тыныштық жасау.

4.Жалпы жағдайын қадағалап отыру.

7.Аяғын жылы суға салу немесе жылы ваннаға жатқызу.

8.Дәрілерді дайындау.

9.Дәрігердің нұсқауы бойынша 5 мл баралгин бұлшық етке, 0,2% - платифиллин ертіндісін 1 мл тері астына жіберу.

24.4. Катетеры бар пациенттердің жыныс органдарын күтудегі мейірбикенің кірісулері

Мейірбикенің мақсаты:пациенттің жеке басының тазалығын сақтау,

жұқпалардың алдын алуы.

1. Пациентке осы жүргізілетін процедураның түсіндіру.

2. Катетерді қалай қолданатындығын, тазалауды үйрету. Жоспарға кіретін келесі мәліметтер:

Ø катетер -дренаждың қапшықтарының құрылысы;

Ø жеке басының тазалығы туралы асептика сақтау сұрақтары;

Ø зәрді шығару, зәржинағышты тазалау;

Ø Су ішу режимы, ем-дәм туралы кеңестер.

3.Мейірбикелік технология бойынша жыныс органдарын жуу.

4.Катетерді дайындау, оның аймақтарын қарау, тексеру.

5.Егер зәр катетердің аймағынан шығып тұрса, тексеріп, дәрігерге хабарлап, катетерді айырбастау.

6.Жыныс органдарының аймағын тексеру (қызару, ісіктің пайда болуы, терінің зақымдалуы, іріңдеу).







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 4950. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия