Студопедия — Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы






Бұрамдықты беріліс кинематикасы тісті беріліс кинематикасынан өзгеше келеді. Біріншіден, беріліс санының шамасын диаметрлер қатынасы арқылы анықтауға болмайды. Екіншіден, червяк пен червяк дөңгелектерінің шеңберлік жылдамдықтары әр түрлі жазықтықта бағытталғанына байланысты, олардың шамысы мен бағыты да әр түрлі келеді. Сондықтан бұрамдықты берілістерде әлбетте сырғанау пайда болады.

Бұрамдықты жұптардың беріліс саны, червяк бір айналғанда, червяк дөңгелегінің ілінісетін тістер санына тең болады.

(9.1)

мұнда n 2, z 2 – дөңгелектің айналым және тістер саны;

n 1, z 1 – бұрамдықтың айналым саны және бұранда сызығының кіріс саны.

Беріліс саны әдетте 8-ден 80-ге дейін болады. Қазіргі кезде Бұрамдықты берлістің қуаты 50 киловаттан артпайды. Бұрамдық винтінің қадамы рt ілініс қадамы деп аталады, ал оның -ге қатынасы ілініс модулі деп аталады.

(9.2)

 

Бұрамдық бұрандасы бір кірісті және көп кірісті болуы мүмкін. Ол z 1арқылы белгіленеді.

Бұрамдықтар. Беттік формасы бойынша бұрамдықтар: цилиндрлі және глобоидты болып бөлінеді.

Бұрамдық профилінің формасы бойынша: архимедті, конволютті және эвольвентті болып бөлінеді.

Бұрамдықты ось арқылы қиғанда (I-I) түзу сызықты пішін пайда болса, онда оны архимедті бұрамдық дейді, олар трапециялы бұрандаға ұқсас келеді, сондықтан оларды жиі кездесетін қарапайым бұранда кескіш станоктарда дайындауға болады. Бірақ оларды ажарлау қиын, себебі өңдеу үшін белгілі пішінді өңдейтін арнаулы қайрақтар керек. Осыған байланысты ажарлауды қажет етпейтін, қыздырумен өңделмеген червяктер көбінесе архимед қисығына ұқсас сол пішіндес етіп жасалады.

Ал егер түзу сызықты пішін бұрамдық бұрандасына түскен перпендикуляр арқылы пайда болса, (IІІ -IІІ), онда бұрамдық конволютті бұрамдық деп аталады. Мұндай бұрамдықтерді бұранда ажарлайтын қарапайым станоктарда ажарлау ды қажет ететін бұрамдықтарда жиі қолданылады.

Эвольвентті червяктер қисық тісті дөңгелекке ұқсас келеді (II -IІ), бірақ олардың айырмашылығы -тіс саны аз және тісінің көлбеу бұрышы үлкен. Бұрамдықтың бөлгіш цилиндрянің диаметрі:

(9.3)

мұнда q – бұрамдықтың бөлгіш цилиндрінің диаметріндегі модуль саны. Бұл шама стандартталған (МЕСТ 2144-76).

m және q шамалары және де бұрамдықты берілістің негізгі арасындағы байланыс берілген.

Бұрамдық бұрандалы винттерге ұқсас, сондықтан оларды бұранда сызығының кіру санына байланысты, бір, екі, үш және төрт кірмелі болып келеді z =1-4. Кірме саны z артқан сайын Бұрамдықты берілістердің пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды. Бұрамдықтың бұранда сызығының көтерілу бұрышы

(9.4)

бұл формулада

 

S= рtz 1 бұрамдық жүрісі.

Бұрамдық диаметрлері

(9.5)

Бұрамдық бұрандаларының ұзындығы олардың кірме санына байланысты қабылданады

z1 =1,2; b1 >=(11+0,06z2)m (9.6)

z1 =4; b1 >=(12,5+0,09z2)m

Егер Бұрамдықтарды ажарлау қажет болса, онда бұранда ұзындығы 3 m мәнін ұзартылады.

Бұрамдық дөңгелектері. Бұрамдық тісті дөңгелектері көбінесе екі бөлектен тұрады. Білікке орналасатын негізгі бөлігі – күпшегі болаттан немесе шойыннан дайындаладыда, соған қоладан жасалған құрсау, тәж (венец) қондырылады. Қола мен болат жанасу кезінде үйкеліс коэффициентінің азаюына байланысты, олар берілістердің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіншілік туғызады.

Бұрамдық дөңгелектерінің ілінісу жағдайы мен негізгі өлшемдері 4-суретте көрсетілген. Тістер саны z =26-28 -ден кем алмау керек, негізгі өлшемдері төменгі қатынастармен анықталады.

Бұл шама мемлекеттік стандарт МЕСТ 244-76 бойынша алынады.







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 1833. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия