Студопедия — Көркем әдебиет тiлiнiң сөз бедерi
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Көркем әдебиет тiлiнiң сөз бедерi

Көркем әдебиет стилi

 

Көркем әдебиет стилiнде айтылатын ой мен сезiм образ арқылы берiледi. Жазушы, сөйлеушi оқырманға ойын жай баяндай салмай, әсерлi, көркем көрiнiстер, бейнелер арқылы әсер етедi. Сондықтан оқырман мен тыңдаушының ой-сезiмiн баурап алады. Көркем әдебиет тiлi экспрессивтi-эмоциональды болады.

Қолданылатын орны: көркем шығармаларда жазбаша түрi; көпшiлiк алдында, сахнада айтылатын әңгiме, аңыз т.б. жанрларда ауызша түрi қолданылады.

Қарым-қатынас мақсаты: шындықты, ақиқат өмiрдегi зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезiмiне әсер ету.

Стильдiк сипаты: Сөз деректi, образды мәнде қолданылады. Эмоциональды, экспрессивтi болады.

Тiлдiк амал-тәсiлдерi: - сөздердi әр түрлi ауыспалы мағынада қолдану жиi ұшырасады.

1) Бақтығұлға алғашқы күдерден бастап-ақ суық хабарлар жетiп жатты.

2) Лайығы осы болды деп, екеуi шешсе, мен шырық бұзам ба? (М.Әуезов).

Көркем әдеби стильде бейнелеуiш, суреттеме, көркемдегiш құралдар (теңеу, метафора, метонимия, эпитет, антитеза) еркiн пайдаланылады:

Батпақтының айы мұндай арсыз болар ма!...Аспанға шығып алады да, ыржаңдайды да тұрады (Ғ.Мүсiрепов).

Көркем әдеби тiлде терминдер, кәсiптiк сөздер, архаизм-историзмдер, диалект сөздер де қолданыла бередi. Бұлар кейiпкердiң ерекшелiктерiн, ортасын, бiлiмiн, мiнезiн т.б. жайын аңғартып тұрады.

Көркем әдебиет стилiнде бейдерек атауларға қарағанда деректi сөздердiң жұмсалу аясы кең болады. Мысалы: өсiмдiк деудiң орнына бетеге, жусан; ағаш деудiң орнына қайың, терек, үйеңкi т.б. деп даралап, нақтылап көрсетедi. Мысалы:

Кiшкене өн бойын өрлей бiткен күрке-күрке құба талдар да тып-тыныш, тобылғы мен баялыш жамылған күйiнде, бүгiн ғана пайда болғандай қызықтырады (кiтаптан).

Көркем шығарманың бiр ерекшелiгi - көп жанрлы болып келедi. проза, драма, поэзия және т.б. жанрдың өзiне тән тiл ерекшелiгi бар. Олар халық тiлi байлығын жанрлық ерекшелiгiне байланысты еркiн қолданады. Шылаулар, қыстырма, одағай, қаратпа сөздердiң экспрессивтi-эмоциональды мақсатта өз орнымен жұмсалуы көркем тiл кейпiнiң морфологиялық ерекшелiгiн көрсетедi. Мысалы:

Япырай, бұл кiсi болса, бiлiмдi адам. Бiз де бiр жұрттың сөз ұғарлық басы бар жастарымыз деймiз. Адамды адамға жанастыратын тiл-ау (М.Әуезов).

Шығарма жанрына сәйкес әр ақын-жазушының тiл ерекшелiгi мен стильдiк өзгешелiктерi де болады. Өнердiң қай саласында болсын шынайы суреткер өзiндiк өрнегiмен, нақышымен көрiнедi.

Әр жазушының өзiне тән суреттеу стилi, сөз саптау мәнерi бар. Әрқайсысы өзiнiң өмiр танымына, шығармасының идеялық мазмұнына сай өзiнше "сөйлейдi", өзiнше толғайды, өзiнше нақыштайды.

Суреттеу көркемдеудiң тiлдiк амал-тәсiлдерiне қарай, оқырман сөз шеберлерiнiң суреткерлiк даралығын танып бiледi.

Ал ресми стильде, публицистикалық стильдерде, көркем публицистика жанрын еске алмағанда, мұндай даралық болмайды.

 

Көркем әдебиет тiлiнiң сөз бедерi

 

Ақын, жазушылар (оларды суреткер деп те атаймыз) сөздi, сөйлемдi т.б. тiлдiк амал-тәсiлдердi өлең, әңгiме, роман т.б. көркем дүние жасауда "құрылыс материалдары" ретiнде қолданады. Бiрақ суреткер оларды тiлдегi дайын күйiнде ала салмай, өзiнiң жасап отырған эстетикалық дүниесiне (шығармасына) лайықтап өңдейдi, ажарлайды. Суреткердi бұл жерде шебер "құрылысшыға", ол оның шығармасын әсем "ғимаратқа" ұқсатуға болады. Құрылысшы да өзi салып жатқан ғимараттың кiрпiшiн таңдайды, тетiгiн тауып қалайды, әрлеп, бедер салады. Суреткер өзi бейнелеп отырған затты, құбылысты ақиқаттағыдай, өмiрдегiдей етiп көрсетуге тырысады. Өйткенi оларды оқырман елестету арқылы қабылдау керек. Шығармадағы атаулар шындық өмiрдегi заттарға, құбылыстарға "меңзеп" тұрады, солардың "таңбасы" түрiнде жұмсалады. Бiрақ бұлар жазушының шындық өмiрдегiге ұқсатып жасаған қиялындағы дүниесi болып шығады.

Ақиқатқа, шындық өмiрге негiзделiп жасалған қиялдағы дүниесi сөзбен бедерленген көркем суретке айналып, белгiлi бiр идеяны, ойды бiлдiредi. Мысалы, журналист Елдостың жақсы бала екенiн тiкелей айтып, оқырманды иландырады, сөйтiп, қоғамдық пiкiрге қозғау салса, жазушы сөзбен көркем "сурет" салу арқылы Елдосты бейнелейдi. Сол көркем суреттi оқи келiп, жақсы бала екен деп, оқырман өзi қорытынды шығарады.

Ендi жай ғана сөздiң көркем мәтiнде қалайша образға айналатынын айта кетейiк. Түн, ауыл, өзен, ай, жер, үй т.б. көптеген атауды күнделiктi қарым-қатынас тiлiнде қолдана беремiз. Сондай-ақ дәл осы тәрiздi атауларды көркем шығарма мәтiнiнен де ұшыратамыз. Сөз екi мәтiнге де ортақ болғанмен, қызметi әр басқа, парқы бөлек.

Бiрiншiсiнде, яғни күнделiктi сөйлеуiмiзде бұл атаулар шындық, өмiрдегi заттар мен құбылыстардың нақ өзi (денотат): ауылға келдiм; ай жарқырап тұр екен; өзен жағасынан бiр үй көрiндi т.б.

Ал екiншiсiнде, яғни көркем мәтiнде кездесетiн атаулар шындық өмiрдегi заттар мен құбылыстардың нақты өзi емес, бейнесi (образы): Ауылдың; маңы терең сай, тасыған өзен күркiреп (Абай). Осы айтылғандарды былай көрсетуге болады:

 

қарым-қатынас тiлiнде - нәрсе (денотат)

ауыл

көркем мәтiнде - бейне (образ)

 

Көркем мәтiнге түскен атаулар осылайша ақиқат өмiрдегi заттар мен құбылыстардың көркем бейнесiне айналады.

Көп жағдайда: суреткердiң қиял дүниесi шындық өмiрден алшақ кетпейдi: өзендi "өзен", ауылды "ауыл" түрiнде бередi. Ал кейде суреткердiң қиялы шарықтап, ақиқаттағы, шындықтағы заттар мен құбылыстардың бейнесi өмiрдегiден шарықтап алшақ; кетедi. Сөйтiп, тiлсiз нәрсеге тiл бiтiрiп, жансыз нәрсе жан кiргiзедi.

Ауыл жым-жырт, ауыл тыныштықта дегеннен гөрi ауыл мызғып, қалғып тұр деу көркем тiл кестесi үшiн әлдеқайда деректiрек. Өйткенi "мызғып", "қалғып" тұрған нәрсенi, тыныштықта деген сөзбен салыстырғанда, айқынырақ елестетуге болады: "Көгал сайда отырған бес-алты үйлi аз ауылдың түңлiгi тегiс жабық. Ай астында ақ үйлер де мызғып, қалғып тұр" (М.Әуезов. "Абай жолы"). Ассоциация арқылы оқырман санасында "мызғып, қалғып тұрған" жанды нәрсенiң елесi пайда болады да, түнгi ауылдың бейнесiн шындықтағыдай көз алдыңа келтiредi. Ендi бiр суреткердiң талантты қаламы тiптi оқырман ойламаған тұстан қысқы ауылдың түнгi бейнесiн тың әрекет арқылы бередi де экспрессиялық әсердi арттыра түседi:

Аязды түнде ақпанда,

Ит үрмей, тауық шақырмай.

Арқасын сүйеп ақ тауға,

Қымтанып ауыл жатты жай.

Бұл - суреткер қаламының адам сезiмiне (сезiмдiк қабылдауына) тұтқиылдан әсер етуi. Ауыл тыныштық құшағында, ауыл ұйқыда дегендерге оқырман сезiмiнiң "етi үйренген" болса, арқасын сүйеп, қымтанып жатқан адам әрекетiндегi қысқы ауылдың түнгi бейнесiн М.Мақатаев қаламы салған соны сурет, жанды бейне арқылы елестетемiз. Мiне, осылайша көркем тiл кестесiндегi сөз деректi сезiмдiк қабылдау түрiнде болады.

Суреткер де кәдiмгi Сiз бен бiз бiлетiн сөздердi қолданады. Әдетте таңдайы тақылдады, мұрны пыс еттi, бiрiн-бiрi тепкiледi, кiсiнедi т.б. дегендердi адамның немесе жануардың қимылы мен әрекетiне қатысты қолдана беремiз. Ал суреткер ешбiр "сиқыры" жоқ мұндай сөздерге басқа түрде бедер салуы мүмкiн. Мысалы:

"Осындай қаумалаған ойдан құтылып, талықсып барып таң алдында көзi iлiнгенi сол едi - таңдайы тақылдап, Дарханның жаман үйiн селкiлдете тағы бiр поезд өттi. Шындығында, өткен жоқ, мұрны пыс етiп, вагондары бiр-бiрiн тепкiлеп тоқтады да, аман-есен жеткендiгiн кiсiнеп бiлдiрдi" (О.Бөкеев).

‡й қасынан өткен пойызды "таңдайы тақылдады, мұрны пыс еттi, вагондары бiр-бiрiн тепкiледi, кiсiнедi" деп, суреткер жандының бедерiн салу арқылы жансызға жан берiп отыр. Жазушы жылқы түлiгiнiң белгiлерiн ала отырып, ұлттық нақышпен пойыздың көркем бейнесiн жасаған.

Жоғарыда айтылған мысалдарға теңеу, метафораларға қарап, суреткер айтып отырған жайды оқырман тек бейнелеуiш, көрiктеуiш тәсiлдер арқылы ғана көз алдына елестетедi немесе түйсiне алады деуге болмайды. Күнделiктi қарым-қатынас қызметiн өтеп жүрген қатардағы жай сөздердiң өзi де көркем тiл кестесiне енгенде затты, iс-әрекеттi, сапаны шындық өмiрдегiдей түйсiнiп, "көзбен көрiп, құлақпен естiгендей" әсер қалдырады.

Сөздердi, басқа да тiлдiк амал-тәсiлдердi заттар мен құбылыстардың көркем бейнесi түрiнде жұмсау көркем әдебиет тiлiнiң сөз бедерi деп аталады.

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Слова іншомовного походження / Переклад | Сергей Трофимов

Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 2932. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия