Студопедия — Б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.






Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мұндай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x K айм.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Қ - салық салу мақсаты үшін құн,

Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,

гараж бойынша - 15 пайыз,

S - тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,

К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,

К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,

К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.

4. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары мен пайдалану уақыты ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

К физ = 1 - Т физ, мұнда:

Т физ - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.

Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:

Т физ = (Т физ - Т п.б) х Н аморт/100, мұнда:

Т баз - салық есепке жазылған жыл,

Т п.б - салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл,

Н аморт - амортизация нормасы.

Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:

 

Р/с № Күрделілік тобы Үйдің сипаттамасы Н аморт, % Қызмет -ету мерзімі
         
1.   Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар; 0,7  
2.   Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темірбетонды, бетонды немесе ағаш ғимараттар; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар 0,8  
3.   Қабырғалары жеңілдетіліп кірпіштен қаланған, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе жеңілдетіліп кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар 1,0  
4.   Қабырғалары аралас, кесілген немесе бөрене ағаштан салынған ғимараттар 2,0  
5.   Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан құйылған, кесектен соғылған ғимараттар 3,3  
6.   Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар 6,6  

 

Егер тастан қаланған немесе негізгі панельден салынған тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы - 70 пайыздан, оның ішінде өзге материалдардан - 65 пайыздан асса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең қолданылады.

5. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мынадай формула бойынша есептеледі:

К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:

К қаб - тұрғын жайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент,

К бұр - тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуын ескеретін коэффициент,

К қ. мат - қабырғалар материалын ескеретін коэффициент,

К жайл - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент,

К жылу - жылыту түрін ескеретін коэффициент.

Қабаттылығына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:

 

Р/с № Қабат К қабат
     
1. Бірінші 0,95
2. Аралық немесе жеке тұрғын үй 1,00
3. Соңғы 0,9

 

Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.

Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:

 

Р/с № Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскесінде орналасуы К бұр
     
1. Бұрыштағы пәтер 0,95
2. Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй 1,0

 

Қабырғалар материалына қарай мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:

 

Р/с№ Қабырға материалы Коэффициент
     
1. Кірпіштен 1,1
2. Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған 1,0
3. Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған 1,05
4. Темірбетонды панелден 1,0
5. Темірбетонды панельдерден кiрпiшпен қапталған 1,05
6. Кесек-балшықтан соғылған 0,5
7. Кесектен соғылған, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған 0,6
8. Монолитты шлакты-бетонды 0,7
9. Темірбетонды блоктардан 1,0
10. Жиналмалы-қалқанды 0,6
11. Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған 0,75
12. Кесiлген ағаштан 0,85
13. Шпалдан 0,75
14. Шпалдан, кiрпiшпен қапталған 0,95
15. Қамыс-қаңқалы 0,6
16. Өзгелері 1,0

 

Тұрғын жайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.

Адамдардың тұруы (тұрмыстық), онда болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.

Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:

 

Р/с № Жылыту түрі К жылу
     
1. Орталықтан жылыту 1,0
2. Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту 0,98
3. Қатты отынды пайдаланып, сумен жергiлiктi жылыту 0,95
4. Пешпен жылыту 0,9

 

6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді.

Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекітеді.

7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:

К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:

ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;

алдыңғы ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.

8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылған жағдайда салық базасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.

9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.

10. Салық қызметі органдары пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен айқындайтын салық салу объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қб х S х 2, мұнда:

Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

Қб - осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,

S - аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 407-бап жаңа редакцияда

407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат) осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.

Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

 

408-бап. Салық мөлшерлемелері

Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

 

     
1. 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы
2. 2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы
3. 4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда 2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы
4. 6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы
5. 8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы
6. 10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы
7. 12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы
8. 14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы
9. 16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы
10. 18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы
11. 20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы
12. 75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы
13. 100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы
14. 150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы
15. 350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы
16. 450 000 000 теңгеден жоғары 2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы

 







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 412. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия