Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Chapter Four


Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 667



Конфигурацияны басқару (КБ) – құрылған БО-да функционалдық талаптар мен спецификациялардың жүзеге асырылғандығын орнататын әдістердің немесе тәсілдердің бірі. КБ бұл мақсатта БО және онымен байланысты ақпаратты нақтылау және модификациялау процесінде тәртіп пен бақылау талаптарын ескере отырып, осы мақсатқа жауап береді. КБ жүйесі кез келген өзгерістерді қадағалау әдісін ұсына отырып (барлық өзгерістер рұқсат етілген түрде орындалу керек), БО бүтіндігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

12.3-суретте осы класс ұяластығы мен ұяластықтардағы компоненттер иерархиясы көрсетілген.

 

 

12.3-сурет. «Конфигурацияны басқару» класын декомпозициялау

 

Сонымен қатар стандартта мынадацй кластарға талдау жасалады:

- Класс ADV. Әзірлеу

- Класс AGD. Басшылық

- Класс ALC. Өмірлік циклын қолдау

- Класс ATE. Тестілеу

- Класс AVA. Осалдықты бағалау

- Экплуатация

- Сенімділікті қолдау парадигмасы

 

Негізгі әдебиеттер: 1[75-88], 2[90-152], 3[54-120], 12[222-280], 13[127-227].

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11.

Бақылау сұрақтары:

1. Стандарттың мақсаты?

2. Қорғау профилі деген не, қандай критерийлерді қамтиды?

3. Қорғау тапсырмалары дегенді қалай түсіндіруге болады?

4. Сенімділік кластары және ұяластықтарына қалай түсінік беруге болады?

5. Класс декомпозициясын түсіндір.

6. СБД сенімділік компоненттері,

7. Класс ALC. Өмірлік циклын қолдауға түсінік.

Дәріс 13. СТ РК 34.012-2002. ҚР Мемлекеттік стандарттары.Ақпараттық технология. Программалық жабдықтарды сертификаттау. Программалық құжаттандыру сапасын бағалаудың типтік әдістемесі.

Бағдарламалық құжаттаманың сапасын бағалау ҚР СТ 34.012-2002 «Ақпараттық технология. Бағдарламалық құралдарды сертификаттау. Бағдарламалық құжаттаманың сапасын бағалаудың типтік әдістемесі» стандартына сәйкес жүргізіледі.

Бағдарламалық құжаттама сапасының нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі фактісін анықтау, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің нақты функционалдық мүмкіндіктерін мәлімделген бағдарламалық құжаттардың функционалдық мүмкіндіктеріне тексеру.
Бастапқы деректер беру мен берілген бағдарламалық құжаттар нұсқамасына сәйкес жүргізіледі:

1) бағдарламалардың бастапқы мәтіндері бойынша мыналардың мәніне тексеру:

- салымдық элементтердің болмауына;

- нақты және декларацияланатын функционалдық мүмкіндіктерге сәйкестігіне;
2) бағдарламар жүктеу түрінде болған кезде:

- бағдарламаны қолдану сипаттамасын талдау (пайдаланушының нұсқаулығы);
- кіріс деректер мен оларға сәйкес келетін эталондық шығыс деректер жинағын құрастыру арқылы бағдарламалық құжаттамасында декларацияланған функцияларды тексеру.

Сынақтар өткізу үшін ұсынылатын материал:

1) ақпараттық жүйенің атқарылатын бағдарламалық кодтары;

2) жүктеу файлы;

3) қажет жағдайда, меншік иесімен немесе иесімен анықталатын, қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;

4) нормативтік-техникалық құжаттама - ерекшелік, ақпараттық жүйенің сипаттамасы, сынақтан өткізу бағдарламасы мен әдістемесі, пайдаланушылық құжаттама

Қолданылу саласы

Бұл стандарт программалық құжаттарды оның сапасын бағалау мақсатында тексеріс жүргізу тәртібі мен ережелерін орнатады. Стандарт есептеу орталарында қолдануға арналған программалық құжаттауларға арналған.

Тексеру мақсаты – программалық құжаттар сапасының нормативті құжаттарға сәйкес немесе сәйкес еместігін тексеру, сонымен қатар программалық қамтаманың нақты функционалдық мүмкіндіктерін программалық құжаттардағы функционалдық мүмкіндіктермен тексеру.

Нормативтік сілтемелер

Бұл стандартта келесі стандарттарға сілтеме жасалған:

ҚР СТ ИСО/МЭК 6592:2002. Ақпараттық технология. Компьютерлік қолданбалы жүйелерді құжаттандыру бойынша басшылық.

МЕСТ 19.001-77. Жалпы ережелер.

МЕСТ 19.101-77 . Программа және программалық құжаттар түрлері.

МЕСТ 19.102-77 Әзірлеу сатылары және т.б.

Арнайы басылымдар:

МЕСТ 19.502-78 . қолдануға түсінік. Мазмұны мен рәсімдеуге талаптар.

МЕСТ ИСО 9127:94 Ақпаратты өңдеу жүйелері. Қолданушы құжаттары және қолданушылық программалық өнімдер үшін ақпарат.

МЕСТ ИСО/МЭК ТО 9294:1993 Ақпараттық технология. Программалық қамтаманы құжаттауды басқару басшылығы.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Chapter Three | Chapter Five
1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.296 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.296 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7