Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Базові цінності сучасного громадянського суспільстваДата добавления: 2015-10-18; просмотров: 597
Ғылыми техникалық прогресстің жетілуіне байланысты, жаңа өндірістің, технологиялық процестің материалдары мен құрастырылымдар(конструкция-лат-construction-құрастыру,құру) жасалуымен және технологиялық агрегаттардың, қондырғылардың, желілердің жалпы өндірістік кәсіпорындардың бірліктік қуатының артуына байланысты жаңа өндірістік қуаттылықты меңгерудің және құрудың мерзімдерін қысқарту халық шаруашылығының барлық салаларында еңбек өнімділігінің өсуіне себеп болады. Өндіріс тиімділігі механикалық жабдықтың* техникалық жағдайымен техникалық деңгейіне тікелей тәуелді. Сондықтанда жабдық сенімділігі кәсіпорынды, агрегаттармен машина құраастырылымын жобалауда алдын ала анықтап, монтаждау мен дайындауды қамтамасыз етеді және техникалық пайдалану процесі кезіндегі жөндеу мен техникалық күтімді қалыпты сақтап соңғы жетістіктер технологиясын қолдану нәтижесінде жетілдірілуді жоғарылатады. Жалпы қарастырылатын пәннің негізгі мақсаты өндірістік жабдықтардың жұмысқабілеттілігін қамтамасыз ету болып саналады. Күрделі жөндеу кезінде жабдықтың модернизациясы (жетілдірілуі) орындалады. Транспорт техникасының (ТТ) қондырғылары мен машиналарының көбі ауыр машина жасау заводтарының өнімдері болып саналады. Ауыр машина жасау саласы машиналары мен оның бөлшектері әртүрлі салмақты және өлшемді шығарылатын бұйымдар номенклатурасымен сипатталады. Транспорттық жабдық түрі мен арналуы бойынша: экскаваторлық, бұрғылау, әуе-су, теміржолдық, автотракторлық және көтеру транспорттау болып бөлінеді. Экскаваторлар ашық тәсілмен пайдалы қазбаларды алуда жерқабатын немесе тау-кендерін қазуға және жылжытуда, ауыр әрі еңбек сиымдылықты жұмыстарды орындауға арналған. Сонымен бірге өндірістік, теміржол және гидротехникалық құрылыста жер және тау сілемдерін өндіру жұмыстарында қолданылады. Экскаваторлар карьерлік шынжыр табанды шөміш сиымдылығы 3 тен 8 м3, роторлық, адымдаушы –драглайндық болып жасалынады. Бұл машиналардың салмағы мен габариттік өлшемдері үлкен болып келеді. Мысалға адымдаушы экскаватор ЭШ-25/100 шөміш сиымдылығы 25 м3, жебе ұзындығы 100 м салмағы 2600 т габариттік өлшемдері: 125 х 22 х 58 м. В. И. Ленин атындағы Новокраматор заводында экскаватор гигант шөміш сиымдылығы 100 м3 ,жебе ұзындығы 70 м. ЭШ – 100/70 жобаланған. Уатқыш-ұнтақтау жабдығына (К дробильно-размольному оборудованию) беттік және конустық уатқыштар, шарлық және стержендік диірмендер (мельницы) жатады. Уатқыш-ұнтақтау жабдықтары кен байыту фабрикаларында орнатылып тау кендерін уату мен ұсақтауға қолданылады. Домендік жабдығы (доменное оборудование) домендік пешке немесе соның жанына орнатылады.Ол домендік процесті механизациялау мен қызмет етуге арналған. Оларға вагон аударғыштар, вагон өлшегіш, скиптік лебедка, тиеу қондырғысы, конустың балансирлері, шихта таратушылар, электрлік пушкілер және де басқа машиналар жатады. Агломерациялық жабдықтар темір кенінің ұсақ және өте майда концентраттарын қайта өңдеуге және кесектеуге арналған. Оларға агломерациялық машиналар, диірмендер, електер, араластырғыштар жәнеде басқа агломерациялық фабрикаларда орнатылатын машиналар мен механизмдер жатады. Осы аталған машиналар ішінен ең үлкені агломерациялық машина болып саналады. Оның салмағы 1700 т асса, габариттері: 103 х 14,6 х 15,3 м.
Сурет 1. Домендік көтергіштің екі моторлық скиптік лебедкасы
Ауыр машина жасау заводтарында пресстеу жабдығы жасалынады. Оларға тік және көлденең пресстер, түзету қондырғысы, соғу машиналары жатады. Өндірісте 12 000, 30 000, 70 000 т және оданда жоғары әсерлі гидравликалық пресстер қолданылуда. 12 000 т әсерлі гидравликалық пресс салмағы 1600 т болса, ал габариттері: 72 х 15 х 10 м құрайды. Ауыр металлургиялық крандардың жүккөтергіштігі 700 т дейін, салмағы 320 т дейін жетеді. Ең күрделі және әртүрлі болып прокаттық жабдық саналады. Металлургиялық комбинаттарға сорттық және листтік прокатты өндіру жолында прокаттық жабдықтар кешені жасалған. Прокаттық агрегаттар көптеген әртүрлі машиналар мен механизмдерден құралған. Тұғырларының қатары құрамында 300 астам машиналар мен механизмдер болса, ал желісінің ұзындығы 1000 м асады, мысалға Магыстогорск листтікпрокаты тұғырының ұзындығы 2,5 км құраған. Прокаттық жабдықтың жеке бөлшектерінің өзі өте ауыр болып келеді. Жылжымалы тұғырының бір листінің салмағы 100 т жоғары болады. Еңбек өнімділігін көтеру жолында және машинаның өзіндік құны мен оларды дайындаудың өзіндік құнын азайту мақсатында құрастырылымда стандарттық және қалыптастырылған бөлшектерді қолдануды ұйымдастыратын техникалық ісшараларын енгізуді кең қолдануды талап етеді. Сұрақтар 1. Жабдықты монтаждаудың мақсаты. 2. Ауыр машина жасау заводтары қандай машиналарды шығарады. 3. Ауыр машина жасау заводтары өнімдеріне мысал келтіріңіз. 4. Өнімнің өзіндік құны. Әдебиеттер: [11] (128–134 б) [14] (3–10 б).
|