Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Put the phrases of the dialogue in the correct order.


Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 668



 

Жабдықтарды тасымалдау темір жол құрамымен, әуе-су жолдарымен, жер бетімен автотракторлар тартуы көмегімен орындалады.

Егер тасымалданатын жабдықтың салмағы, жүккөтергіштігі 92 т екі алты өстік платформалы тіркеменің жүккөтергіштігінен асып кетсе, немесе жабдық өлшемдері (сур. 9) көрсетілген тиегіштің габаритіне симаса онда арнайы темір жол құрамы қолданылады. Темір жолмен тік жазықтықты тиеудің габариттік өлшемдерінен асуына байланысты бүйірлік, жоғарғы және төменгі габариттік еместер деп бөлінеді (сур.9).

Арнайы жылжымалықұраммен, аса габариттік емес жүктер тасымалданады. Мұндай жылжымалы жүкті құрамның ауырлық центрі өзгелерден төмен, сондықтан олар қозғалыс тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Арнайы жылжымалы құрам теміржол тасымалдаушыларының үш түрімен орындалады: жүккөтергіштігі 220 т дейін, ең үлкен ұзындығы 10 м, 16 өстік жеңілдетілген тиегішті; біріктірілген типті жүккөтергіштігі 220, 300 және 400 тонналы, 16, 20 және 28 өстік, жүгінің ең үлкен ұзындығы 15 м, диаметрі 4,4 м; тіркемелі типті жүккөтергіштігі 120, 240 және 480 т, 8,16 және 32 өстік, жүгінің ең үлкен ұзындығы 38 м. Дөңгелектік өстен максимальды рельстерге түсетін жүктемесі 223 кН (сурет 10).

Монтаждық арбалармонтаждау аумағында жабдықтарды рельс арқылы тасуға арналған. Жолтабаны 5 м дейін, теміржолдық жүккөтергіштігі 250 т арбалар жасалған және жүккөтергіштігі 500 т, жолтабаны 3,8 м (рельстер КР–120), жүк көтеру биіктігі 30 мм гидродомкраттармен жабдықталған арбаларда құрастырылған.

Монтаждық арбаны жылжытуға тарту әсері F дөңгелектік барлық тасымалдау құралдарына арналған ортақ формуламен анықтайды:

F = kин (Gгр + Gтел ) (sin a +w0cosa)

мұндағы kин – орыннан қозғалардадағы инерциялық салмақты ескеретін коэффициент,1,3-1,4 деп қабылданады. Gгр мен Gтел жүкпен арба салмағы; a – горизонтқа рельстердің еңкіш бұрышы; w0– қозғалысқа қарсылық коэффициенті: w0 (fd+2k)/D, бұндағы f – каток мойынтіректерінің келтірілген сырғанау үйкелістік коэффициенті, шайқалма мойынтіректер үшін 0,002¸0,0025 және сырғыма мойынтіректер үшін 0,005 ¸ 0,01; d – каток цапфасының диаметрі; k – рельспен шайқалма үйкелістік коэффициенті, 0,5 × 10-3 м деп алынатын; D – каток диаметрі.

 

 

Сурет 9. Жолтабаны 1524 мм темір жол транспортымен тасымалданатын жабдық габариттері

қисық сызықты аймақ — габариттік емес жүк; сыртқы контур—асагабариттік емес жүк;

1 — жоғарғы габариттік емес аймақ; II —бүйірлік габариттік емес аймақ; III— төменгі габариттік емес аймақ; У — рельс басының үстіңгі деңгейі; Г — құрылысқа жақындау габариті

 

 

Сурет 10. Үлкен габаритті ауырсалмақты жабдықтарды тасымалдайтын тасымалдау қондырғыларының тәсімі:

а – 80 т; б – 600 т; L – жүк ұзындығы; 1 – тіркемелі тартқыш; 2 – жартылай тіркемелі арба; 3 – жүк; 4– қатты іліністі қондырғы; 5 –тіркемелі арба; 6 – консоль; 7 – гидродомкрат; 8 – оператор кабинасы.

Тартқышты таңдау және олардың санын анықтау есептеу арқылы шығарылады. Автопоезд қозғалысына қарсылығының қосындысы W тең:

W= (Gт + Gпр+ Gгр) (wгор+ wn +wин),

мұндағы Gт, Gпр и Gгр – сәйкесінше тартқыштар, трайлерлер және жүктердің салмақтары; wгор– пневмодөңгелекті тасымалдау құралдарының қозғалысына меншікті қарсылық, ауа райы мен жол жағдайына байланысты 0,01…0,21 деп қабылданады; wn– көтерілу қозғалысына қарсылық; wин – орыннан қозғаларда инерцияны бағындыруға қарсылық: wин = J/qtp, бұндағы J– автопоезд белгілі қозғалыс жылдамдығы; tp– сол жылдамдыққа дейін екпін алу уақыты; wин 0,3…0,4 болу мүмкін.

Тартқыштар тару әсері W қарсылығына тең болады да, жетекші дөңгелектер шеңберлі әсерімен орындалады, ал ол шинаның өзге нәрсемен жеткілікті ілінісуі арқылы жүзеге асады: Gсц × fc ³ W, мұнлағы Gсц–тартқыштың жетекші дөңгелектеріне салмақтық жүктеме; fc– жер бетімен шинаның ілінісу коэффициенті. Негізі тартқыштардың барлық дөңгелектері жетекші етіп орындалады және оларға тартқыш салмағы түседі Gсц=Gт. В Жол жағдайына және ауа райына байланысты, сонымен қатар шинаның құрастырылымының сапасы бойынша fc = 0,1…0,85. 0,1 шамасы жол беті қармен тығыздалғанда; 0,85– құрғақ бетон, тозбаған жоғары қысымды шиналар.

Тартқыштардың қозғалысының қажетті қосындылық қуатын N келесі формуламен анықтаймыз

N= kн WJ/h,

мұндағы kн – тартқыштар қуатын қолданудың біркелкісіз коэффициенті, 1,25 (2 тартқыштарға) 1,6 дейін (4 тартқыштарға); h– күштік беріліспен қозғалтқыш п.ә.к (0,8…0,85).

Сұрақтар:

1. Жабдықтарды жеткізу үшін тасымалдау құралдарының қандай түрлері қолданылады.

2. Тартқыш тарту әсері қалай анықталады.

3. Тартқышты таңдау қалай орындалады.

4. Жабдықтарды жеткізуде тасымалдау құралдарының қандай арнаулы түрлері қолданылады.

Әдебиеттер:

[5] ( 27-36 б)

[13] (бірінші бөлім )

[1](133-138 б)

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Practise this conversation in pairs. Take turns to play each role. Use the diagram and 5-8 useful phrases to help you. Take turns to be A and B. | Work in pairs. Practise making arrangements on the phone. Use the diagram and 5-8 useful phrases to help you. Take turns to be A and B.
1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 | 6 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.214 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.214 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7