Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






CONTENTS


Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 592



Орнықтандыру (грек. basis—негізі). Монтаж кезінде машинажасаудағыдай орнықтандыру деп машинаға немесе монтаждалатын түйінге таңдалған координаттар жүйесіне қатынасты қажетті жағдайға келтіру. Базалық бөлшекпен түйінге қатынасты өзге бөлшектермен түйіндерді бағыттайды. Негізгі базалыққа машинаның тіреулік бөліктері(корпусы, рамасы, тұғыры, плитовиналар) жатады.

Базалық бөлшекті монтаждауда қондырылатын база геодезиялық биіктік белгілерімен монтаждық өстерге сәйкес келетін-нүкте, сызық немесе бет таңдалады. Егер мүмкіндік болса орнатылатын база ретінде қателік кетпес үшін монтаждау кезінде базалық бөлшектің дайындалуының жобалық және құрастырылымдық базалары қабылданады. Мысалға таспалы конвейердің жоғарғы жазықтығы-орнатылатын базаға алынады. Монтаж кезіндегі орнықтандыру негізінен кеңістіктік түрінде болады, орнатылатын машинаның өзара байланысын сызықтық орнықтандыру тәсілімен бақылайды.

Базалық түйіндерді дәлдеу мен орнату – бұл берілген биіктік белгіде негізгі көлденең және тік өстер фундаментіің сәйкес өстерімен сәйкестенуі.

Орнықтандыру тексеру екі: шектік, оптикалық геодезиялық болып орындалады. Белгілі шектік тәсілде фундамент өсі кеңістікте диаметрі 0,3 – 0,5, мм Ст3 болатты шекпен белгіленеді. 15 суретте пошахталық пештің скиптік лебедкасы тұғырын қондыруды шектік тәсілмен бақылау көрсетілген. Бұл тәсіл өте еңбексиымдылықты, қолмен өлшеуде қателіктер кетуі мүмкін, барлық құрылғылар монтаждау орынын бөгет жасайды. Сондықтан шектік тәсілден оптикалық геодезиялық тиімді деп есптеледі.

 

 

  Сурет. 15. Шахталық пеш лебедкасының шектік тәсілмен бақылануы: 1– аспа жібі; 2– бақылау линейкасы; 3– шек; 4– деңгей; 5– төсем пакеттері  

 

Оптикалық геодезиялық тәсілдің шектік тәсіл алдында артықшылығы шектер мен аспалардың орынына жоғары дәлдікті оптикалық теодолиттермен орнатылатын оптикалық өстер қолданылады.

16 суретте құйма тұғырының жұмыс қапасының тақтасының дәлдеу тәсімі көрсетілген. Шектік тәсілмен салыстырғанда еңбексиымдылығы 25-30 % төмен болады.

Оптикалық геодезиялық тәсілге лазерлік техниканы қолданатын болса еңбек өнімділігі екі есеге артып, жабдықтарды автоматты дәлдеуге жол ашылады.

Геодезиялық аспаптармен монтаждауда газдық лазерлер көп қолданылып, жартылай өткізгішті сирек қолданады. Лазердің негізгі элементтері ( 17 сурет) – газоразрядтайтын тұрба 5 , оптикалық резонатор, корпусқа 6 қысылып тұратын екі сфералық айнадан 1 тұрып айналар арсындағы арақашықтықты анықтайды. Активті ортаны тұрбаның А аноды мен К катоды жылыту арқылы пайда болатын электростатикалық алаң қоздырады. Тұрба шетінде оңтайлы бұрышпен орнатылып шағылысуды болдыртпау үшін сфералық терезелер 2 орындалған. Лазерді корпус ішіндегі еңкіш тұрба винттері 3 реттейді. Сақиналық белдіктер 4 лазердің деңгеймен жанасуына тіреу қызметін атқарады. Қоректендіргіш енетін орын 7 корпусқа герметикаландырылған. Оптикалық резонатордан шығатын сәуле диаметрі 1-2 мм таратылу бұрышы100. Сондықтан лазерлік сәулені коллиматор (лат.collinio – тік сызықпен бағыттау) – оптикалық жүйесі арқылы паралельді шоғыр алу үшін өткізеді. Коллиматор қызметін көбіне геодезиялық аспап тұрбасы атқарады.

Сурет. 16. Құйма тұғырының жұмыс қапасының тақтасының дәлдеу тәсімі ( А. С. Никифоров бойынша).

 

100 м қашықтықта және күннің жарығының аз кезінде лазер сәулесін немесе жазықтықты рейка немесе нысанамен көзбен бақылау арқылы орнықтыруға болады. Одан үлкен қашықтықта және күннің қатты жарығында лазер сәулесін орнықтыру үшін кеңістікте фотоқабылдау қондырғылары қолданылады, олардың сезімталдығы көзге қарағанда 10.100 есе жоғары болады. Фотоқабылдағыштың өлшеуін жылдамдату және оңайлату үшін жарықты сигнализациялы электрон блогымен жабдықтайды, мысалға егер қабылдағыш сәуленің дәл отасына бағытталса жасыл шам, ал егер жоғары немесе төмен бағытталса сәйкесінше сары және қызыл шамдар жанады.

Кеңістікте «лазерлік тіреу жазықтығын» алу үшін орындалатын тәсілдердің бірі келесідей орындалады. Лазер сәулесін тік және көлденең жазықтықтарда айналдыратын болса, белгілі бір шамадан (6 с-1) айналу жиілігі асып кетсе, онда көзбен кеңістіктегі сәуленің кейбір жағдайын айыра алмайды да олар бір жазықтыққа бірігеді. Олардан шығатын «лазерлік жазықтықтан» лазерлік аспаптан кез келген бағытта есептеуді рейкаданжәне линейкадан алуға болады.

18 суретте техникалық жабдықты лазерлік аспаппен дәлдеудің мысалдық тәсімі көрсетілген.Барлық өлшеулерді дәлдеу жүргізілген орыннан жүргізеді. Бұл геодезистен монтаждаушы субъективті ақпараттардың берілмеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге геодезистің дәлдеу процесінде қатысуын міндеттемейді.

 

 

 

 

Сурет. 17. Лазер құрылымы

 

 

 

Сурет.18. Техникалық жабдықты лазерлік аспаппен дәлдеудің мысалдық тәсімі:

А– створ бекітілуімен тік өстерге бөлу: б–көлденең өстерге бөлу: в– створға жабдықты орнату: г–білік перпендикулярлығын дәлдеу: д– колонна тәрізді жабдықты дәлде: е– створды биікке бекітужәне оған жабдықты орнату: 1– лазер сәулесініңқоры: 2– кернения пүктесі: 3– сәуле қабылдауыш: 4–окуляр: 5, 15–пентапризмалар: 6– фотоэлектрлік марка: 7– кернения қондырғысы: 8–жабдық элементі: 9– дәлденетін білік: 10–призма: 11– айна: 12– колонна тәріздес дәлдік аппараты: 13 – диафрагма: 14, 17 – маркалар: 16 – кронштейн

Сұрақтар:

1. Монтаж кезіндегі орнықтандыру дегеніміз не.

2. Базалық нүкте қалай таңдалынады.

3. Базалық түйіндер дәлдігі мен орнатуы қалай орындалады.

Әдебиеттер:

[2] ( 87 – 102 б)

[5] ( 76 – 77 б)

[7] (12 – 14 б)

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
WRITING | Practise this conversation in pairs. Take turns to play each role. Use the diagram and 5-8 useful phrases to help you. Take turns to be A and B.
1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 | 6 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.181 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.181 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7