Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Загальні відомості про технологію відкритої розробки.


Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 645



Қазіргі заман талаптарына сай келетін бетондар дайындау үшін жоғары сапалы цемент пен толтырғыштар қажет.

Осы материалдардан қатаң түрде белгілі бір пропорцияда алынған әлгінде ғана дайындалған қоспаны бетон қоспасы немесе тауарлы бетон деп атайды.

Бетон қоспасының маңызды қасиеттерінің бірі оның қолайлы төселетіндігінде. Яғни ол еңбек пен энергияның аз шығынмен қалыпты толтыра алады, мұның үстіне едәуір нығыздалған, беріктігі мен бетонның ұзақ мерзімге жарамдылығын қамтамасыз етеді.

Қоспаның қолайлы төселуі оның қозғалғыштығы мен икемділігіне, яғни, тасымалдау және төсеу процесінде бұзылмайтын қасиетке ие болады. Бетон қоспасының жылжымалылық көрсеткіші сантиметрлік өлшем арқылы конус отырумен (КО), ал қаттылық көрсеткіші (ҚК) секунд өлшемімен анықталады.

Бетон қоспалары қозғалғыштығына қарай КО 12 см астам – құймалы; 2-12 см – қозғалмалы; 0,5-2 см аз қозғалмалы ҚК-30 см кем; КО-00 және ҚҚ-30-200 с – қатты, ҚК-ші 200 с астам – аса қаттыға бөлінеді.

Бетон қоспасының қозғалғыштығы ең алдымен оның құрамындағы суға, су-цемент арақатынасына, цементтің түріне, толтырғыштардың ірілігіне, құмның өлшемі мен гранулометрикалық құрамына, бетонға қосымшалар қосуына және басқаларына байланысты болады. Қоспадағы артылған су оның сұйықталуына әкеліп соғады, сөйтіп сапасын төмендетеді.

Анағұрлым қозғалғыш бетон қоспаларын (КО-4 см және одан да жоғары) қалыпқы құю оңай, яғни, олар анағұрлым технологиялық келеді. Қатты қоспаларды төсеуге энергия шығыны мен дене еңбегі көп жұмсалады. Алайда жақсы нығыздалған қатты қоспалар анағұрлым сапалы бетон алуға мүмкіндік береді.

Ленталы транспортерлермен жіберілетін бетон қоспаларының жылжымалылығы 6 см аспауы керек, ал бетон сорғыштармен тартылатын және ауа қысымымен тартылатындардың 6-12 см аспаған жөн.

Қазіргі жағдайда бетон қоспасы әдетте бетон зауыттарында орталықтандырылған жүйе бойынша дайындалады. Алайда шағын объектілерді бетон қоспасымен қамтамасыз ету үшін көп жағдайда жылжымалы немесе инвентарлы бетон араластырғыш қондырғылар қолданылады.

Бетон қоспасын дайындау әдісін таңдау көп ретте салынып жатқан объектілердің орналасуына және бетондау жұмыстарның көлеміне, жол жүйелерінің саны мен сапасына, карьерлердің орталық цемент қоймаларының орналасуына байланысты болады.

Селолық жерлерде тауарлы бетон өндірісін ұйымдастырудың анағұрлым жетілген түрі аудандық бетонараластырғыш тораптарда (зауыттарда) рұқсат етілген тасымалдау қашықтығының технологиясын сақтай отырап, орталықтандырылған әдіспен дайындау болып табылады.

Объектілердің жанындағы бетонараластырғыш тораптарды бетондау жұмыстарының көлемі, ауқымы және салынып жатқан объектінің аудандық зауыттан едәуір қашық жағдайда жолдардың қолайсыз жағдайында қолданған тиімдірек. Бетон қоспасына бірінші кезекте өскелең талап қойылған және бетон араластырғыш зауыт пен құрылыс алаңының арақашықтығы алыс болған жағдайда ған автобетонараластырғыш қолдану өзін-өзі ақтамақ.

Бетон қоспасын дайындау процесі мынадай технологиялық операциялардан құралады: құралған материалдарды (толтырғыштыр мен цемент) қоймалардан араластырғыш қондырғыларға тасымалдау, мөлшерлеу, механикалық жолмен араластыру және дайын бетонды төсем орнына жеткізу, тасымал құралдарына тиеу. Мұның үстіне бетон қоспасын дайындаудың негізгі операциясы оның құрамды бөлшектерін механикалық жолмен араластыру болып табылады.

Бетон қоспаларын салынып жатқан объектілерге тасып, жеткізу кезінде өздігінен қотарғыш автомобильдер, автобетонараластырғыштар мен бетон тасушы автомобильдер пайдаланылады.

Автокөліктердің белгілі бір зауыт пен құрылыс алаңы арасындағы қашықтыққа, бетон қоспасының ерекшеліктеріне, жолдың жайына, бетондау жұмыстарының көлеміне қарай іріктелініп алынады. Мұның үстіне автокөлік құралдарының қандай түрде болғанына қарамастан ең басты технологиялық шарт – бетон қоспасының біртектілігіне және қажетті жылжымалылығын қамтамасыз ету.

Бетон қоспасының тасымалдау ұзақтығы оның жылжымалылығына әсер етеді. Сондықтан қоспаны тасымалдау уақыты қатаң шектеулі болуы қажет және оның температурасы мен цементтің түріне байланысты болады. портландцементтегі бетон қоспалары үшін мынадай ыңғайлы уақыт белгіленген: бетон қоспасының ºС температурасында 20-30, 10-20, 5-10 тасымалдау уақыты тиісінше 45, 90, 120 минут болады.

Тауарлы бетонның 90% жуығы өзтігінен қотарғыш автомобильдермен жеткізіледі. Өзге көлік түрлеріне қарағанда оларды пайдалану тиімдірек. Ол көбіне жерден төмен орналасқан бетон құралымдарын бетондау және жұмыс көлемі ауқымды жағдайда пайдаланылады. Соның нәтижесінде бетон қоспасын тікелей бетондалатын құралымдарға құюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өзтігінен қотарғыш автомобильдерді пайдалану бетно қоспасының сапасын нашарлатады, машина кузовын бетон қоспасынан тазартқан кезде қосымша қол еңбегін қажет етеді. Бұған қоса жылдың суық мезгілінде оларды пайдалану шектелген. Өзтігінен қотарғыш автомобильдерді асфальт төселген жолдарда 25-30 км қашықтыққа дейін, ал өзге жолдарда 15-20 км аспайтын қашықтықтарға қатынайды. Қашықтан бетон қоспасын тасымалдауға әсері 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте

    Автомашинаның түрі     Тасымалдау қашықтығы, км     Жол түрі Көрсеткіштердің орта өлшемінен ауытқушылық, %
Беріктігі Қозғал-ғышты-ғы Ірі толтыр-ғыштың мөлшері
Өздігінен қотарғыш автомобиль 30-35 16-20 Асфальттал-ған жол Қара жол   7,2-13 5,2   1-20 0,5   0,3-1,6 0,2
Бетон тасушы автомобиль 60-65 24-26 Асфальттал-ған жол Қара жол   0,8-2,8 2,7   1,5 0,2   0-1,6 0,1

 

Автобетонараластырғыштармен дайын бетон қоспасы немесе оның құрғақ компоненттері тасылады. Бірінші жағдайда қоспа жолдай араласады, екінші жағдайда бетон қоспасы құрылыс алаңына жеткенше 10-15 минутта әзір болады. Автобетонараластырғыштармен бетон қоспасын іс жүзінде кез келген қашықтыққа тасуға болады, дегенмен 30-70 км қашықтыққа тасымалдағанда анағұрлым тиімділікке қол жеткізіледі.

Автобетонтасушы машиналар пайдалану тиімділігіне қарай автоқотарғыштар мен автобетонараластырғыштар аралығында көлік болып табылады (1-кесте).

Бетон қоспасын төсеу бетондалған құралымға бетон қоспасын беретін, оны жайып, нығыздайтын жетекші технологиялық процесс болып табылады.

Бетон қоспасы түрлі крандарды үйлестіру арқылы ауқымды шелектермен немесе ожаулармен, транспортер ленталарымен және бетонтөсеушілермен, бетонсорғыштармен, қысым жинағыштармен, автотранспорттан, дірілдеткішпілтұмсықтардан және дірілдеткішнауалардан т.б. беріледі.

Бетонды төсеу тәсілі бетондау қарқынына (төсеу интенсивтілігі), бетондалатын құралымға, олардың өзара орналасуына, геометриялық көлеміне, арматуралау тығыздығына, биіктігіне және басқа факторларға байланысты іріктелініп алынады. Мұның үстіне бетон қоспасы бетондалатын құралымның кез келген учаскесіне берілетіндей болуы керек. Ал еркін шашу биіктігі 2 м аспауы шарт, жабынға берген кездегі биіктігі 1 м аспағаны жөн.

Қауғалы крандарды бетондау жұмыстарының қарқыны сменасында 30-35 м3 болған кезде пайдаланған тиімді.

Қауғалар құрылымы жағынан бұрмалы және бұрмасыз болады. бұрмалы қауғаларға бетон қоспасы тікелей құрылыс алаңдарында автотранспорттан құйылады. Содан кейін кран тік жағдайда орналастырылады да, бетон қоспасы төселетін жерге беріледі.

Бұрмасыз қауғаларға құрылыс алаңдарында да, бетон араластырғыш тораптарда да құйылады.

Шағын құралымдар (көлемі шағын жеке тұратын іргетастар, бағаналар, арқалықтар, ригельдер, жабын тақталары, жұқа қабырғалардың жабындары) бетондау үшін сыйымдылығы 0,5-1,0 м3 қауғалар, қоршайтын құралымдар және орташалау құралымдар үшін (үйдің іргетас көлемі орташа үймереттер, сүйеу қабырғалар) сыйымдылығы 2 м3, ірі құралымдар (домналардың іргетасы, түтін мұржалары, прокат стандары) үшін сыйымдылығы 2 м3 және одан да ауқымды қауға шелектер ұсынылады.

Кран-қауға үлгісі бойынша бетон қоспасын іс жүзінде крандардың барлық түрлерімен беруге болады. кран қондырғысын таңдаған кезде тұрғызылатын үймерет не ғимараттардың көлемдік жоспарлау шешімін, кран қондырғыларын ұтымды орнату әдісін, бетондалатын құралымдарға орналастыруды, қамту алаңын мұқият ескеру керек. Тұрғызылатын ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және құралымдық ерекшеліктеріне қарайкрандарды ұраның шетіне де, табанына да орналастыруға болады.

Айқындалатын параметрлері қамту деңгейі, көтеру биіктігі, жүк моменті өлшемі алынады. Бетон қоспасын беретін кранның жүк көтергіштігн және басқа параметрлерін анықтаған кездеоның жүк көтергіштігін, қалыпты әперумен бекітуді, орнықтыруды және арматураны ескеру керек.

Бетонды автокөліктермен беру анағұрлым тиімді. Бетон қоспаларын тікелей шегендеп бекітілген құралымға, сондай-ақ ұра шетінен, арнайы эстакадалар мен жылжымалы көпірлерденқұюға болады. тұтас бетоннан құйылатын, металлургия өнеркәсібі мен ауыр машина жасау кәсіпорындарының іргетасы қаланатын тұтас құймалы құралымдарды тұрғызу кездерінде осы тәсіл кеңінен қолданылады.

Биіктігі 1 м асатын іргетастардыбетондаған кезде бетон қоспасы автокөлікпен эстакадалардан және жылжымалы көпірлерден құралымдардың қалыптарына беріледі. Егер қоспа құлататын биіктігі 3 м асса, бір-бірінен 2-2,5 м орналасқан түтікшелер арқылы беріледі.

Бетондау қарқындылығы сағатына 20 м3 аспаса бетон қоспасы автокөлік құралдарының бетондалатын құралымдарға дірілдеткішжабдықтар, дірілдеткішнаулар, транспортерлер арқылы беріледі.

Салынып жатқан объектінің жағынан төселетін жерге бетон қоспасы бетон сорғыштары мен қысымқұйғыштардың көмегімен құбырлар арқылы беріледі. Мұндай жағдайда бетондау қарқынына сағатына 6 м3 болатындай болса, құралымдардың барлық түрлеріне беру ұтымды. Өзге механикалық құралдар бара алмайтын жерлерде де осы әдісті қолдануға болады. механикалық жетегі бар бетонсорғыштар көлденеңінен 250-300 м дейін, ал тігінен 40 м дейін, гидравликалық жетекпен тиісінше 500-600 және 60-70 м дейін бетон қоспасын беруге болады. Қысымқұйғыштарды қамту радиусы 150 м жуық, ал биіктігі 35 м дейін.

Бетонсорғыштарын қолданып бетондау технологиясының ерекшелігі жылжымалы бетон қоспаларын қолдану қажетті болып табылады. 0,4-0,5 су-цемент қатынасы бар және конус отыруы кемінде 4 см бетон қоспасы гидравликалық бетон орғыштарға арналады, ал механикалықтарға – 8 см болуы керек.

Бетон қоспасын тығыздау бетон және темірбетон құралымдарын жасағанда негізгі операциялардың бірі болып табылады.бетонның тығыздығы мен біртектілігінің сапасы осыған байланысты. Демек, беріктігі мен ұзақтылығына қатысы бар.

Бетон қоспаларын тығыздаудың негізгі әдісі дірілдету (тербеліспен нығарлау) болып табылады. Ол екі параметр: тербеліс жиілігі және амплитудасы арқылы сипатталады.

Бетон қоспаларын нығыздау үшін үш дірілдеткіш: ішкі (тереңдік), үстіңгі және сыртқы қолданылады.

Ішкі дірілдеткіш өзінің жұмыс органы арқылы бетон қоспасына батырылып, оған тербеліс береді.

Үстіңгі дірілдеткіш жаңа төселген бетон қоспасының үстіне орналасып, жұмыс алаңы арқылы оған тербеліс береді.

Сыртқы дірілдеткіш бетон қоспасына қалыптар арқылы тербеліс береді.

Тереңдік дірілдеткіштері аз қозғалмалы және қатты конус отыруы 0,5-1 см болатын бетон қоспаларына лайықталған. Тербеліс кезінде дірілдеткіш тудырғышты бетонның астыңғы қабатына 5-15 см енгізілуі керек, сөйткенде жекеленген қабаттар жақсы кірігеді. Дірілдеткіш тудырғышты енгізу аралығы 1,5 радиустан аспауы қажет. Дірілдеткіштің параметрлеріне байланысты бір нүктедегі байланыс уақыты бетон қоспасының қозғалғыштығына, арматуралау деңгейіне сәйкес 15-30 см аспаған жөн. Бір дірілдеткіштің өнімділігі әдетте сағатына 6-8 м3 болады.

Үстіңгі дірілдеткіштер еден астына төсейтінбетон қоспасын нығыздайды. Арматураланбаған не арматураланған жеңіл құралымдардың қалыңдығы 25 см аспайтын жабулар мен тақталар астына төселгенде де осы әдіс қолданылады. Ал қалыңдығы 25 см асса және арматурасы жеткілікті болса, бетон қоспалары ішкі және үстіңгі дірілдеткіштердің көмегімен нығыздалады.

Үстіңгі тербеліс дірілдеткішрейка, дірілдеткішбрус және үстіңгі алаңдық дірілдеткіштермен жүзеге асырылады.

Алаңдық дірілдеткіштің нығыздалатын қоспаның бойымен жылжу жылдамдығы минутында 0,5-1 м болуы керек. Бетондалатын қабаттың қалыңдығы 5 см асса 2-3 өтуде тербеліп, нығыздалады.

Қалыптың сыртынан тербеу тік жұқа қабырғалы тұтас құймалы аралықтарды, ригельдерді, қабырғаларды, резервуарларды, сондай-ақ арматурасы еселенген жерлерде тереңдік тербелісіне қосымша бетондау кезінде қолданылады.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Обмін вітамінів | Поняття про основні технологічні процеси відкритої розробки
<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.252 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.252 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7