Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Категорії етики


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 690



1.Ауа қозғалысының жылдамдығы дегеніміз- белгілі уақыт аралығындағы ауа қозғалысының ара қашықтығы, ол метр/ секундпен өлшенеді. Ауа қозғалысының 0,5 м/сек-қа тең болған кезде – кататермометр, термоанемометрен анықталады, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/сек- тен жоғары болғанда табақшалы, қанатшалы анемометрлер қолданылады.Табақшалы анемометр – аспапты тігінен қойғанда аспаптың осі бір –біріне перпендикулярлы орналасқан екі көлденең стерженнен және олардың аяқ жағына темір табақшалар бекітілген.Табақшалы анемометр ауа қозғалысыныың жылдамдығын 1м/с -50 м/с аралығында анықтайды. Ауа қозғалысын анықтау үшін анемометрді ауа қозғалысына бағыттап қояды. Алғашқыда 1-2 мин табақшаларды жай айландырып алады сосын есептейтін құралдарын қосады.Есептегіш құралдың үлкен тілі бірліктер мен ондықтар бөлігін көрсетеді.Ал кіші тілі – жүздік пен мыңдық болып бөлінген. Өлшемді бастар алдында есептегіш құралды жұмысқа қоса салысымен көсеткіштерін жазып алу керек.Анемометрдің есептегіш құралын қоса салысымен секунд өлшегіште іске қосылады. Өлшеу мерзімі өткеннен соң 3-5 мин есептегіш құралды өшіреміз де тағыда көрсеткіштерін жазамыз.Соңғы көрсеткіштен алғашқы көрсеткішті алып тастаймыз.Шыққан санды секундқа бөлеміз. Қанатшалы анемометрдің табақшалы анемометрден айырмашылығы табақшалардың орнына, аспаптың орнына қанатшалар бекітілген. Оның көмегімен 0,1м/с -5 м/с –қа дейінгі аралқта ауа қозғалысынң жылдамдығын анықтауға болады.Кататермометр ауаның 0,1-1,5 м/с аралығындағы ауа қозғалысын анықтауға болады. Бұл аспап цилиндрлі және шар тәрізді резервуарлары болып екіге бөлінеді Цилиндрлінің көрсеткіштері 35-38С аралығында, ал Шар тәріздінің көрсеткіші 33-40С аралығындаБұл аспап тың жұмысы көтерілген температураның бірте –бірте салқындауына негізделген.Аспатың 1 шаршы см көлемінен милликалориямен өлшенетін жылу жоғалту көлемі аспаптың факторы (F) деп , аталады.Фактор аспап шыққан зауытта анықталып, оның мөлшері сыртында жазылады. Алдымен спирт өқйылған резервуарларды температурасы 70-80 С стакандағы суға саламыз.Резервуарлардағы спирт шыны түтікшелермен жоғары көтеріледі Жіңішке түтікшелерден кеңейтілген жерінің 2/1 бөлігін толтырғанша қыздырамыз. Сосын аспапты құрғатып , сүртіп ауа қозғалысын анықтайтын бөлмеге ілеміз.Секунд өлшегіште уақытты белгілейміз., қанша уақытта спирт спирт 38С-тан 35 С –қа дейн түсетінін анықтайыз. Боялған спирттің бағаны 38С жеткен кезде секундомерді қосамызда, 35 С жеткен кезде секундомерді тоқтатамыз. Өлшеуді екі- үш рет қайталаймыз да, орташа көрсеткішін анықтаймыз.

2.Судың органолептикалық қасиеті: иісі, дәмі, түсі, түстілігі, мөлдірлігі, лайлығы, қалқып жүрген заттар, тұнбалар.Судың физикалық қасиеті: температурасы, иісі, дәмі, түсі, мөлдірлігі, тұнбасы, лайлығы жатады.Ішуге қолданылатын судың температурасы 7-12 С аралығында болғаны дұрыс.Судың мөлдірлігі судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты.Судың мөлдірлігі судың сынамасын алып жатқан жерде анықталады.Суды Снеллен цилиндріне құяды.Ол цилиндр биіктігі сантиметрлерге бөлініп белгіленген, түбі тегіс, судың артық мөлшерін шығаратын тубусы бар. Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30см кем болмауы керек.Судың дәмі мен иісі судың құрамында өсімдік текткс органикалық заттар болуына байланысты Ал жер асты суларының иісі мен дәмі көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдарда әсер етеді.Судың иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. 0- балл – иісі жоқ, 1-балл өте әлсіз иіс, 2-балл - әлсіз иіс, 3- балл- анықталатын,4- балл – айқын иіс, 5- балл - өте қатты білінетін иіс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген нормативтерге сай 2- балдан көп болмауы керек. Судың құрамында кальций мен магний тұздарының болуы судың қаттылығына әсер етеді. Қаттылығы 1,75 моль/л – ге дейін суды жұмсақ су дейді, 1,75-3,5 дейінгі суды – орташа жұмсақ су, 3,5-7,0 аралығында қатты су, ал 7,0-ден жоғары суды өте қатты су деп атайды.Ауыз судың қаттылығы нормада 3,5 моль/л немесе 7 мг-экв/л –ден көп болмауы керек. Хлоридтер жай ағынды сулардың құрамында көп емес мөлшерде 20-30 мг/л дейін кездеседі. Құрамында хлордың мөлшері 350-500 мг/л болса, онда суда дәм п.б. Стандартқа сай хлоридтер нормада 350 мг/л- ден аспауы керек.Сульфаттар судың құрамында 500мг/л болса, суда ащы –тұзды дәм п.б. Стандартқа сай 500мг/л-ден аспауы керек. Судың құр-ғы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5 мг/л болу керек. Егер мөлшері 5мг/л-ден көтерілсе, ол адамдар арасында сүйектердің зақымдануын туындатады. Судың арнайы өңдеу әдісі дегеніміз- судың құрамындаңы белегілі бір хииялық заттың мөлшерін нормаға дейін жеткізуін айтамыз.Оларға келесі әдістер жатады: суды жұмсарту, суды тұщыландыру, суды фторлау, суды дефторлау, суды темірлеу, темірсіздендіру. Ауыз суды тазартудың физ/қ әдістеріне : иондаушы емес электромагниттік сәулесі, электрлік және магниттік әдістер. Бұл әдістердің артықшылығы : - залаласыздандырған судың құрамы мен қасиетін өзгертпейді;- реагенттердің тасымалдануының сақталуын талап етпейді ; -уыттылық қауіптіліг жоқ;- суды тез залалсыздандырады.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Вступ. Сутність і норми етики, основні різновиди етики. | Термінологічна апарат журналістської етики. Суспільне завдання журналістської етики.
1 | <== 2 ==> | 3 | 4 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.187 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.187 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7