Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Механічні характеристики робочих машин


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 598



 

1. Педагогикалық технология принциптері

2. Педагогикалық технологияның топтары

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).

Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты.

Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».

Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).

Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).

- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.

Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады.

Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты.

Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

Әлемдік білім беру жүйесінде ресми зерттеліп, тәжірибеге батыл ендіріліп жатқан үш жүзден астам оқыту технологиясы бар екені белгілі. Осылардың ішінен қайсысы сіз бен сіздің оқушыларыңызға сай келетінін қалай білуге болады? Ол үшін алдымен, педагогикалық технологияларды жіктей білу керек.

(Г.К.Селевко бойынша)

1.Қолдану деңгейіне қарай

Жалпыпедагогикалық; Жеке пәндік, салалық; Локалдық, модулдік.

2.Философиялық негізіне қарай

Материализм; Идеализм; Диалектика; Метафизика; Сциентизм (ғылым); Табиғилық; Гуманизм; Антигуманизм; Антропософия; Теософия; Прагматизм; Экзистенциализм.

3.Психикалық дамудың жетекші факторына қарай

Биотектік; Әлеуметтік; Психотектік; Идеалистік.

4.Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай

Ассоциалы-рефлекторлық; Дамытушы; Интериоризаторлық; Бихевиористік; Гештальттехнология; Сугестивтік; Нейролингвистік.

5.Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай

Ақпараттық-ББД; Операциялық. –АӘА-қалыптасуы; Өзін өзі дамыту – ТҮТ-қалыптасуы; ЭАС – қалыптасуы; ПӘС-қалыптасуы; Эвристикалық.

6.Мазмұндық және құрылымдық сипатына қарай

Материализм; Идеализм; Білімдік; Тәрбиелік; Азаматтық; Діни; Жалпыбілімдік; Кәсіптік; Гуманистік; Технократиялық; Технологияға енетін монотехнологиялар мен политехнологиялар.

7.Ұйымдастыру формасына қарай

Балама; Сынып-сабақтық; Клубтық; Академиялық; Топтық; Жеке даралық; Ұжымдық оқыту амалы; Саралап оқыту.

8.Ақыл-ой басқару типіне қарай

Классикалық, дәрістік; ОТІ көмегімен оқыту; «Кеңесші» жүйесі; Кітап бойынша оқыту; Шағын топтар; Компьютерлік; «Репетитор» жүйесі; Бағдарламалық оқыту; Қазіргі дәстүрлі оқыту; Саралау; Дәстүрлі классикалық; Бағдарламалап оқыту.

9.Балаға деген қатынас амалына қарай

Беделдік; Дидакто-, әлеумет-, антропо-, центристік; Тұлғаға-бағдарланған; Гуманды-тұлғалық; Ынтымақтастық педагогикасы; Еркін тәрбие; Эзотерикалық.

10.Басымдық танытатын әдісіне қарай

Догматикалық, репродуктивті; Түсіндірмелі-иллюстративті; Дамыта оқыту; Проблемалық, ізденушілік; Шығармашылық; Бағдарламалап оқыту; Диалогтық; Ойындық; Өздігінен дамыта оқыту; Ақпараттық технологиялар.

Оқытудың жаңа технологияларын оқу – тәрбие ісіне енгізу

Оқыту технологиясы дегеніміз – қойылған мақсатқа тиімді, нәтижелі жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе және оқу бағдарламаларындағы білім мазмұнын белгілі бір жоба, модельмен оқыту. Оқыту технологияларына тән негізгі белгілері:

1. Тиімділігі

2. Нәтижелілігі

3. Жүйелілігі

4. Негізділігі

5. Тұжырымдамалылығы

6. Басқарылмалылығы

7. Үнемділігі

8. Жобаланбалылығы

9. Ғылыми негізделгендігі

1. Білім берудің ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амоношвили) (1)

Мақсаты мен мағынасы: Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, адамгершілік тәрбие беру.

2. Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы.

(Шаталов В.Ф.) (2)

Мақсаты мен мағынасы: білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдету. Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, блокпен оқыту, тірек қолдану, еркімен оқыту, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

3. Ойын арқылы оқыту технологиясы:

Мақсаты мен мағынасы: Ойын арқылы қызықтырып, баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсу.

4. Модельдік оқыту технологиясы:

Мақсаты мен мағынасы: Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат міндеттерімен таныстырады. Содан соң, осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, карта және т.б. сүйене отырып түсіндіреді. Негізгі бөлімде оқушылардың оқу материалдарын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білікпен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады. Үш деңгейлік тапсырмалар беріледі: «Жеңілдетілген стандарт», «Стандартты», «Стандарттан жоғары».

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау.

Қорытынды бөлімде Мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.

5. Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Оқу материалдарына оқушыны қызықтыратындай мәселе туғызу, оны шеше отырып оқушылар білімді белсенді қабылдайды.

6. Дамыта оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Оқыта отырып, жеке тұлғаны және оның қабілеттілігін дамыту. Барлық оқушылардың дамуы жолындағы жұмыстарды қамту.

7. Түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясы.

Мақсаты мен маңызы: Барлық оқушыларды табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқитындар қатыстырылады, бірте – бірте толық дербестікке жету, өзара көмек, білім, білік дағдыны дамыта меңгерту.

8. Оқытудың компьютерлік технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Оқушыны «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен жұмыс қатынасы арқылы орындалады; жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімделеді.

9. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Әр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік оқушылар болады. Оларға деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет: 1 – деңгей – мүмкіндік; 2 – деңгей - міндетті; 3 – деңгей – эвристикалық ; 4 – деңгей - шығармашылық.

10. Бағдарламалап оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізде оқытудың тиімділігін арттыру. Бағдарламаланған оқу матеиалдары кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы беріледі.

11. Өздігінен даму технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Дербестікке тәрбиелеу. Әркім табиғат берген даму жолымен жүреді, өзін-өзі дамытады.

12. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Білімнің болашақта қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді, қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

13. Шоғырландырып оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Оқу процесі құрылымының психологиялық табиғи ерекшеліктерін қабылдауға жағдай туғызу. Сабақтарды блокқа біріктіру арқасында пәндерді терең үйрету.

14. Белсенді оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру. Болашақ кәсіптік қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын модельдеу.

15. Толық меңгерту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Меңгерген білімін тәжірибеде жүзеге асыру, қолдану.

16. Жеделдетіп оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Бастаушы топтың білімін жалғастырушы топтың біліміне қысқа мерзімде үйлестіру. Қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру (алғашқы оқу жылында жүзеге асырылады).

17. Кәсіби бағдар беру технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Кәсіптік ағылшын тілін жетілдіру. Оқу – жұмыс бағдарламасына мамандыққа сай тақырыптар ендіру. Берілген білімнің тәжірибеде қолдану қажеттілігі.

Бүгінде білім беру мекемелері жұмыстарының теориясы мен практикасында педагогикалық технологиялардың алуан түрлі варианттары пайдаланылады. Технологиялардың көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді жѕне топтастыруды талап етеді. Бұл мәселемен А.Я.Савельев, В.Безрукова, Г.Ю.Ксензова, Г.К.Селевко, В.В.Юдин және басқалар шұғылданған.

Қазіргі уақыттағы технологиялар екі үлкен түрге жіктеледі: өздерінің мақсаттық бағдарына қарай тармақталып, бөлінетін өндірістік, өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұлғалық. Өндірістік технологиялар алдын-ала берілген параметрлі материалды өңдеумен және өндіріспен байланысты. Ал әлеуметтік-тұлғалық технологияның объектісі адам болып табылады.

Қазіргі уақытта айқындық үшін макротехнологиялар мен микротехнологияларды бөліп қарастырады. Макротехнологияға көптеген авторлар педагогикалық үрдіс стратегиясы мен дамуын анықтайтын, ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, ынтымақтастық, дамыта оқыту, тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологияларын, т.б. жатқызады. Микротехнологияларға педагогикалық әрекеттестік тактикасы, нақты тәсілдері ретінде қарастырылатын ойын технологияларын, пресс-конференция, диспут т.б. ұйымдастыру технологияларын жатқызады. Сонымен қатар кейбір ғалымдар (Д.Г.Левитес және т.б.) педагогикалық технологиялар пәндік бағдардағы және тұлғалық-бағдардағы техникалар деп жіктеуді ұсынады.

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

- Қолдану деңгейі:жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);

- Философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлы);

- Тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- Тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпаратты (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру).

- Дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты(модернизация): оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды ізгілендіру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология және т.б.

В.С.Безрукова барлық педагогикалық технологияларды оларды құрастыру негізіне жататын идеялары бойынша 4 топқа бөледі:

1) Танымдық процестерді қатал басқару технологиясы (модульдік технология, В.Ф.Шаталов технологиясы, П.М.Эрдниев технологиясы, М.И.Махмутовтың проблемалық оқыту технологиясы, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин бойынша оқыту технологиясы, (ЭЕМ) электрондық есептеу машиналары негізіндегі ақпараттық технология, Блумның «мақсаттарды жүйелеу», Д.Хорвардтың «ертеңгі күн мектебі» және т.б.

2) «Еркін тәрбие» идеясын басшылыққа алатын технологиялар (Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық оқытуы, Вальдорф педагогикасы, «Л,Н.Толстой мектебі», «отбасылық мектебі» және т.б.);

3) Тұлғаның, оның потенциалдық танымдық мүмкіндіктерін босату мақсатында невропсихикалық ықпал жасау идеясына негізделген технологиялар топтары (иландыру, түсінде ұйықтап жатқанда оқыту, биоритмология негізінде оқыту, гипноздық оқыту, медитация, аутотренинг және т.б.);

4) «Мектептің жойылуы туралы теориясын» (Батыста мектепті дескулизациялау идеясы ретінде) қалыптасқан, яғни мектептегі оқыту мазмұнын нормаланып формалды болуын, жыл және күн режимін сақтауға, оқытушылармен директор билігін сын көзбен қарау идеяларына негізделген технологиялар (шоғырландырып оқыту, дистанциялдық оқыту, мәдениеттер диологы мектебі, артпедагогика технологиясы және т.б.)

Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзгеше жіктеуін ұсынады.

- Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демократцияландыруға негізделген технологиялар ( ынтымақтастық технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, Е.Н.Ильинаның әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту жүйесі және т.б.)

- Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, В.Ф. Шаталовтың тірек белгілері негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың коммуникативтік қарым-қатынас негізінде оқыту технологиясы және т.б.)

- Оқыту процесін тиімді ұйымдастырумен басқару негізіндегі технологиялар (бағдарламалық оқыту, диференциалды оқыту технологиясы ( В.В Фирсов, Е.П.Гузик), оқытуды жекелендіру технологиясы ( А.С. Границская, Инге Унт, В.Д. Шадриков), тірек нұсқаларын пайдалана отырып, түсіндіре отырып басқарудағы перспективалық алдын-ала оза оқыту (С.Н. Лысенкова), оқытудың топтық және ұжымдық тәсілдері (И.Д.Ривин, В.К.Дъяченко),компьютерлік (ақпараттық) технологиялар және т.б;

- Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дедактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар (П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру, В.С. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диологы», Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесі және т.б.);

- Баланың табиғи дамуына сүйенетін халық педагогикасының әдістерін пайдаланатын табиғи үйлесімділік технологиялары, Л.НТолстой бойынша оқыту, А.Кушнир бойынша сауаттылыққа тәрбиелеу, М.Монтессоридың өздігінен дамыту технологиясы және т.б.

- Альтернативтік Р.Штейнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы және т.б.

- Кешенді технологиялар А.М.Тубельскийдің өзін-өзі анықтауы мектебі И.Ф.Гончаровтың «Орыс мектебі», Е.А. Ямбургтың «Бәріне арналған мектебі», М.Балабанның «Парк мектебі» және т.б.

Педагогикалық технологиялар жоғарыда айтылған түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айырықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:

- оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы

- нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;

- тәрбиелеумен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;

- мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;

- тәжірибенің қайталануымен алмасуы;

Сонымен белгілі технологиялардың жіктеулеріне жасалған шолу бір қалыпта қатып қалған емес, ол қазіргі технологиялардың көп түрлілігіне бағдар беріп негіз болып және оны кеңейту, сапаландыру, тармақтандыру, толықтыру бағытталған

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994.

3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003.

4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007.

6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.

7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998.

8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994.

3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977.

4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981.

5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.

 

 

Тема 2. Экосистемы


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Класифікація сучасних електроприводів | ЛЕКЦІЯ № 4
1 | <== 2 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.234 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.234 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7