Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Структурні компоненти презентації


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 667



Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады.

Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады.

Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.

Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш.

Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар өлімінің көрсеткішінен көрініс табады.

Тұрғындар денсаулығы сынды күрделі түсініктің мәліметтерін түпкілікті сандық сипатқа енгізудің мүмкін еместігін біле тұрсақ та, өлім көрсеткіштері тұрғындар денсаулығының жай-күйіне тікелей және жанама әсер ететін (медициналық-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және т.б.) жайттардың күрделі әсерлері көрініс табатын едәуір дұрыс көрсеткіш болып саналады. Екінші жағынан, мерзімінен бұрын келетін өлімді болдырмау денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады, ол оған қажетті ресурстарға ие. Денсаулық сақтау жүйесі тұрғындар өліміне өзінің іс-әрекетімен ықпал ете отырып, өмірдің орташа ұзақтығына, яғни тұрғындар денсаулығының жай-күйіне әсер етеді. Өлімнің көрсеткіштері аурудың мәліметтерімен салыстыру бойынша көбіне нақтылығмен және дұрыстығымен ерекшеленеді.

Ауруды сипаттайтын басты ақпарат көзі емдеп алдын алу ұйымдарына қаралу туралы мәліметтер болып табылады. Қаралу туралы мәліметтердің негізгі кемшілігі ауру туралы толық көріністі бере алмайтындығы болып отыр: біріншіден, аурулардың бірқатары медициналық көмекке жүгіну ғана болмайды( бұл көбіне созылмалы ауруларға қатысты); екіншіден, қаралу деңгейі ауруға қатысы жоқ бірқатар жайттарға байланысты; соңында, қаралулардың санына жүгіну аурудың сандық қырын ғана ескеруге мүмкіндік береді, оның сапалық салалары, ең алдымен, аурудың ауырлық дәрежесін ажырату еленбей қалмақ.

Дене бітімдік даму дегендеағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен анықталады. Дене бітім дамуының мәліметтері вариациялық қатарлар құруымен, орта көлемдерді есептеуімен, орта шаршылық ауытқуларымен және т.б. санақтық өңдеуге душар болады. Алынған мәліметтер дене бітім дамуының арнайы кестелері (стандарттар) бойынша жүргізіледі, ол нормаға сәйкестігін және стандарттан ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%, Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.

Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі:

- адам дамуының индексі (АДИ) – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, білімін және өмір деңгейін көрсететін үш негізгі компоненттерден тұратын интегралды көрсеткіш

- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады

- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс

- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы

- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы

- мүмкін болатын өмірдің жоғалған жылдары – мерзімінен бұрын болған өлімнің салдарынан жоғалған өмір жасының санын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.

- еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік мүмкіндігі – тұрғындардың алда тұрған еңбек қызметінің жылдары санының еңбек қызметі жылдарының мүмкін болатын санына пайыздық қатысы, егер ол аурулармен немесе жарақаттанулармен шектелмеген болса.

- медициналық-демографиялық игіліктердің көрсеткіші – біркелкі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік берген дәрежелік бағалау әдісіне лайықталған индекс.

Зерттеушілер (дәрігерлер, психологтар, социологтар және т.б.) денсаулықты интегралды бағалаудың әмбебап ұстанымдарын іздеу барысында өмір сапасына жиірек назар аударады. Бұдан басқа, өмірді заманауи жағдайларда бағалау мен сапасына қол жеткізу саяси мәнге ие бола бастайды, ол әлеметтік-экономикалық құбылу қарқынымен көкейкестілігі арта түседі.

Өмір сапасының тұжырымдамалары әлеуметтік саясат саласында ұлттық мақсаттарды қалыптастыруға тікелей әсер етеді, яғни оларды мемлекеттік құрылымдарды басқару құралы ретінде пайдалану. Оларды пайдалану әзірленетін бағдарламалардың негізінде тұрғындар өмірінің жағдайын жетілдіру мақсатында қажет болап отыр. Тұрғындар денсаулығы жай-күйінің параметрі өмір сапасы көрсеткішінің жалпы құрылымына шектеле қосылады.

Өмір сапасының ұлттық стандарты – бұладамның материалдық, рухани, интеллектуалды, мәдени, әдептік және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесін байқататын интеграциялық көрсеткіш.

Өмір сапасын зерттеу барысында ескерілетін жайттардың көптеген жиынтығы әрбір жайт бойынша жеке-жеке қандай да бір стандарттарды (эталондарды) белгілеуді, әсіресе, осы жайттардың барлық көрсеткіштері бойынша интегралды көрсеткіштерді (индекстерді) қиындатады. Осы мәселелерді шешу жолдарының бірі осы жайттарды әр түрлі негіздер бойынша топтастыру болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың талаптарын қанағаттандырудың сапалы деңгейі бойынша: алғашқы (тамаққа, тұрғын үйге, киімге, көлікке, денсаулықты сақтауға, ұрпақ жалғастыруға және әлеуметтік байланыстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ететін) және екінші (рухани, мінез-құлықтық, әдептік сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты).

Егер бірқатар жайттар бойынша (тамақ, киім, кіріс деңгейі және т.б.) ғылыми тұрғыдан әзірленген стандарттарды немесе дәстүрлі санақтық орташа көрсеткіштерін пайдалануға болатын болса, онда қанағаттандыру жайттары бойынша өз өмірінің жеке қырларымен респонденттердің жекеленген топтарына арналған субъективті, бағалау сипаттамаларының орташа мәнін белгілеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік зерттеулерді жүргізу қажет.

Зерттеушілер, ең алдымен, әлеуметтік санақ мәліметтеріне негізделген осы моделге қарама-қарсы құбылыстардың объективті жай-күйінің көрсеткішін ғана қолдануды қанағаттандырылмағаны болып бірінші кезекке «сезінетін өмір сапасы» тұжырымдамасы алға тартылып отыр (percieved life quality). Осы тұжырымдаманың мәні өмір сапасын адам мен қоғам өмірінің әр түрлі тараптарының объективті параметрлерінің көмегімен ғана өлшеу мүмкін еместігінде болып отыр. Өмір сапасының қажетті құрамы субъективті сезіну, мүгедектің өзінің өмір жағдайлары мен өзін өзі бағалауы болып табылады.

 

 

Әдебиеттер:

1. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты формирования приоритетных классов заболеваний в Республике Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы, 2005. – 55 с. 2. Аканов А.А., Тулебев К.А., Рук. по формированию ЗОЖ, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. – Алматы, 2002. – 250 с.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 4. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 с.

5. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. - 364 с.

 

дәріс. Шектелген спектрі бар сигналдар және олардың математикалық моделдері. Котельников теоремасы.

Өзінің спектрі бойынша сигналды қайта қалпына келтіру үшін нөлден шексіздікке дейінгі аралықта жатқан жиіліктері бар құрастырушылардың барлығын ескеру қажет. Бірақ бұл процедура физикалық көзқарас жағынан тіпті мүмкін емес. Сонымен қатар спектралдық құрастырушылардың w®¥ -дағы үлесі сигналдардың энергиясының шектелгендігінен тіптен де кішкентай. Және де сигналдарды таратуға және өңдеуге арналған қандай да болмасын іс жүзіндегі құрылғының өткізу жолағының шекті ені бар.

Сондықтан, сигналдың мынандай қасиеті бар математикалық моделі шындыққа жанасатындай болады: тербелістің спектралдық тығыздығы шекті ұзақтылығы бар тек әлдебір жиіліктер жолағы шегінде нөлден өзгешеленеді. Радиотехникада осындай сигналды шектелген спектрі бар сигнал деп атайды.

Шектелген жиілік жолағы бар сигналдарды Котельников қатары түрінде көрсету.

Радиотехникада сигналдар теориясы мен техникасында Котельников теоремасы (есептемелер теоремасы) негізінен қолданылады: Егер s(t) функциясы спектрінде ең жоғары жиілік fm -нен кіші болса, онда s(t) функциясы бір-бірінен секундтан аспайтын уақыт сәттеріндегі өзінің мән-дерінің тізбегімен толық анықталады.

Яғни Котельников теоремасы бірдей уақыт аралықтарында алынған есептемелік мәндерін (іріктеулерін) ескере отырып шектелген спектрі бар сигналдың лездік мәндерін өте дәл қайта қалпына келтіру мүмкіндігін қарастырады.

Осы теоремаға сәйкес спектрі бойынша ең жоғары жиілікпенен wm = 2p fm шектелген s(t) сигналын катар түрінде көрсетуге болады:

 

. (3.1)

 

Осы өрнекте мәні уақыт осіндегі екі есептемелік нүкте арасындағы интервалды анықтайды, ал - t = nDt уақыт сәттеріндегі s(t) функциясының іріктеулері.

Осы (1) қатарда тұрған

функциясының мынандай қасиеттері бар:

а) t = nDt нүктесінде jn (nDt ) = 1, ал t =kD t нүктелерінде jn(kDt ) = 0, мұнда k -кезкелген бүтін оң сан, немесе n -нен бөлек теріс сан;

ә) jn (t) функциясының спектралдық тығыздығы çw ç < wm жиіліктер жолағында бірқалыпты және .

 

jn (t) функциясының j0 (t) -дан уақыт осі бойынша nDt -ға жылжу айырмашылығы болатындықтан, jn (t) функциясы спектралдық тығыздығы

ì -wn<w<wm және

Ф = í

î0, w< - wm және w>wm болғанда.

 

 

 

3.1 – сурет. Котельников қатарымен үздіксіз сигналды аппроксимациялау

Бастапқы үздіксіз сигналды дискреттелгеннен кішкентай бұрмаланулармен қайта қалпына келтіру үшін дискреттеу адымын нақты таңдап алу керек. Сондықтан аналогтық сигналды дискреттікке түрлендіргенде міндетті түрде Dt дискреттеу адымы шамасы туралы сұрақ туындайды. Егер аналогтық сигналдың, әлдебір жоғары жиілік Fж –мен шектелген төменгі жиілікті спектрі бар болса (яғни, u(t) – ның амплитудасының шұғыл өзгеріссіз жәйлап өзгеретін қисығы болатын), онда кішкентай дискреттеу уақыттық аралығы Dt –да осы функция амплитуда бойынша әжептәуір өзгеруі мүмкін.

Сонымен аналогтық сигналды оның есептемелері тізбегі бойынша қайта қалпына келтіру дискреттеу интервалы шамасы Dt –ға тәуелді. Бірақ та дискреттеу уақыттық аралығы Dt кішірейген сайын аналогтық сигналды қайта қалпына келтіргенде ақпараттың бұрмалануы мен жоғалуы ықтималдығы өседі.

Дискреттеу аралығынның оптималды шамасы жоғарыда келтірілген Котельников теоремасымен анықталады.

Котельников қатарымен берілген бейнеленген сигналды аппаратуралық түрде синтездеуге болады. Котельников теоремасының маңызды ерекшелігі оның конструктивтік сипатында: ол сигналды сәйкесті қатарға жіктеу мүмкіндігін көрсетумен бірге, өзінің берілген есептік мәндері бойынша үздіксіз сигналды қайта қалпына келтіру әдісін де анықтайды (3.2 – сурет).

Шығыс қысқыштарында есептік функцияларды Sck (t;w0) шығаратын генераторлар жиынтығы бар дейік. Генераторлар басқарыла алады – олардың сигналдарының амплитудалары sk есептік мәндеріне пропорционал. Егер шығыстарындағы тербелістерді біріктіріп, оларды сумматорға берсек, онда сумматордың шығысында (3.1) формуласына сәйкес s(t) синтезделетін сигналдың ілездік мәндерін алуға болады.

Негiзгi әдебиет:1[116-121], 2[378-381].


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Презентація як різновид публічного мовлення | Сили і моменти, що діють у системі «Електродвигун – робоча машина». Рівняння руху електропривода та його аналіз
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | <== 8 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.219 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.219 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7