Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Право і моральДата добавления: 2015-03-11; просмотров: 521
1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ақпараттық технологияны қолдану идеясы 2. Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану
"Оқыту технологиясы ”ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген. "Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады. Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат – оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады. 70 – жылдары жүйелiлiк тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр. 70-80 жылдары оқыту технологиясы және оқу процесiнiң технологиясы терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен теңестiрiлдi. Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологисы”, "оқу процесiнiң технологиясы”, терминдерi ақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп саяды. "Педагогикалық технологиясы” терминдерiнiң өзара байланысына келсек: 1.Педагогикалық технологияда педагогикалық жүйесiнiң жобасы ретiнде объектiлердi, процестердi және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни, педагогикалық технология кең мағынасында бүкiл бiлiм беру жүйесiнiң тұжырымдамасын, стратегиясын бiлдiредi. 2.Оқу процесi технологиясының ерекшелiгi мұнда қойылған мақсаттарға жетуге кепiлдiк бере алатын оқу процесi құрылады. Оқу процесi технологиясын түсiнудiң бiрден бiр кiлтi бiрiздiлiкпен айқын белгiленген мақсаттарға бағытталу болып табылады; - Оқушының iшкi интелектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму процестерi арқылы мақсаттарды анықтау; - Оқытылатын мазмұн арқылы мақсаттарды анықтау; - Оқушылардың оқу қызметi арқылы мақсаттарды анықтау; - Мұғалiм қызметi арқылы мақсаттарды анықтау. Мұндай тәсiлде "қалай оқыту керек?” сауалы бiрiншi қатарға шығып, педагог оқу материалын емес, оқушы мен оның оқу қызметiн басты назарда ұстайды. 3.Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi. Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу–тәрбие жүйесiн басқару және жобалау құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң, мазмұнының, әдiс–тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде түсiнiледi. Кең таралғандығы мен негiздiлiгiнде, бiлiм беру тарихындағы айқын белгiленген мәнi орнына қарамастан, осы ұғымның мазмұнын ашу, оның көлемi үнемi талдану үстiнде және бүгiнгi күнге дейiн оның бiрiңғай түсiнiктемесе жоқ. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берiлген: "Педагогикалық техника – оқу сабақтарын айқын да тиiмдi ұйымдастыруға бағытталған тәсiлдер мен құралдар жиынтығы”. Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын бақылау жүйесi”, сондай-ақ "бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу” ретiнде анықтама бередi. П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды. Жапон педагог ғылымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер: 1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б. 2. Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б. 3. Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б. 4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б. Оқу процесiнің мақсаттарын нақтылау (Б.Блум таксономиясы негiзiнде) технологиясының қисынды қорытындысы педагог қызметiнiң күнтiзбелiк – тақырыптық және күнделiктi сабақ жоспары түрiнде көрiнiс табады. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: - үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту; - оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; - қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу. Мұғалімнің АКТ пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында АКТ пайдалану дағдысына әсер ету жолымен болуы мүмкін. АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық -әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.
|