Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Принципи права соціального забезпечення


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 581



Кремний қышқылын және силикаттарды сутек пен металдардың силикатты оксокомплекстері деп қарастыруға болады. Силикаттардың көпшілігі боялмаған, қиын балқиды және іс жүзінде суда ерімейді. Кремний қышқылының тұздарының қатарына сілтілік металдар силикаттары жатады. Бұл тұзды ерігіш шыны деп, ал оның су ерітінділерін – сұйық шыны деп атайды. Силикаттардың су ерітінділері химиялық активті, клейленгіш және ұстастырғыш (тұтқыр) қасиеттері болады.

Жаратылыста ерімейтін силикаттар кең тараған. Табиғи силикаттар әр түрлі құрамдас және құрылымды келеді.

Силикаттардың құрылымындағы кремний атомдары біртіндеп алюминиймен алмаса алады (алюмосиликаттар), ал оксо - иондар – фтор, хлор, гидроксил, борат – иондарына алмаса алады. Алюмосиликаттарда біраз тетраэдрдің орнына тетраэдрлері орналаса бастайды.

Табиғи факторлардың әсерінен алюмосиликаттар деструкцияға ұшырайды (күйрейді). Бұл процесс күйреу (үгілу) деп аталады. Көпшілік алюмосиликаттардың күйреуінің соңғы өнімі – саз (каолин) болады.

Силикаттар, кварц сияқты, тез суытқанда кристалданбайды, шыны түзеді. Кәдімгі терезе және бөтелке шынысының құрамы - ге жақын. Оны құм (кварц), ізбестас және соданы балқытып қыздырғанда алады:

 

 

Соданың орнына натрий сульфаты мен көмірдің қоспасын пайдалануға болады:

 

 

Басқа материалдардағы қоспалар шыныға әр түрлі түс береді. Мысалы, бөтелке шынысының жасыл түсі темір (+2)-ге байланысты.

Қорғасын шыныда (хрусталь) кальцийдің орнына қорғасын, натрийдің орнына калий болады.

Қазіргі кезде шынының негізінде бейорганикалық материалдардың жаңа кластары – ситалдар, яғни шыныкристалдар алынады және пайдаланылады.

Адам силикаттарды табиғи күйінде пайдаланумен қатар жасанды силикаттар түрінде де қолданады, ол үшін силикаттар мен кремнеземнен шыны, керамика бұйымдарын, фарфор, фаянс және құрылыс материалдарын (цемент, бетон т.б.) жасайды. Осы аталған өндіріс саласын силикат өнеркәсібі дейді.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Реалізація державної політики охорони здоров'я покладається на органи державної виконавчої влади. | I. Загальна характеристика галузевих та внутрігалузевих принципів права соціального забезпечення
<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.18 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.18 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7