Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Дані методи доцільно використовувати комплексно.


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 605



Коммерческие банки могут осуществлять выпуск долговых краткосрочных ценных бумаг:

· - депозитный (сберегательный) сертификат (см. курс "ОПЕРАЦИИ ПО ОТКРЫТИЮ СЧЕТОВ И ВКЛАДОВ ФИЗИЧЕСКИХ ЛИЦ", п.2).

 

Медицина факультеті

 

«Профилактикалық медицина мен медициналық білім беру және ғылым әдістемесі» кафедрасы

 

 

Оғамдық денсаулық сақтау» пәні

Тақырыбы:МЕДИЦИНАЛЫҚ КЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТУЫН РЕФОРМАЛАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ.

 

Мамандық: 05В130100- «Жалпы медицина»

Курсы: 3

Оқу семестрі: 6

Сағат саны: 3

Дәріс № 6

Орындаған: м.ғ.д., профессор Молдалиев Ы.С.

 

Түркістан -2014

Тақырып. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ДАМУЫ МЕН РЕФОРМАЛАУДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ

Мақсаты: Медициналық қызмет сапасын бақылаудың теориялық жағдайымен, денсаулық сақтау саласындағы сапаны бақылау жүйесімен және денсаулық сақтау саласындағы стандарт түрлерімен таныстыруды, Қазіргі жағдайда денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәселелері қосымша жауапкершілікті және денсаулық сақтау жүйесіне қосымша өкілеттілікті беруді талап етуіне байланысты жаңа қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастыруды, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жаңаруының негізгі бағыттарын білуі қажет.

 

Қазіргі уақытта, күрделі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың маңызды міндеттері мен мемлекеттік әлеуметтік саясаттың құрушы бөлігі - денсаулық сақтау және халықты қол жетімді, қауіпсіз және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Халық аралық тәжірибеде денсаулық сақтау саласында қолданылатын, медициналық көмек сапасы (МКС) деп - науқастың қажеттіліктеріне сәйкес, қазіргі медициналық ғылым және технология деңгейінде көрсетілетін медициналық көмек сапасын сипаттайтын жиынтықты айтамыз. Сонымен қатар медициналық көмек сапасына сапалы кәсіпке негізделген, дәрігердің науқасқа тиімді және білікті медициналық көмек көрсетудегі дәрігер мен науқастың өзара іс-әрекетін жатқызуға болады.

Дүнежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) Еуропалық аймақтық және медициналық көмек сапасымен (МКС) қамтамасыз ету және бақылауға сәйкес 4 негізгі қызмет түрлерін есепке алады: кәсіптік – емдеу-диагностикалық үрдістің технологиясын орындау; науқас үшін қауіпті жағдай, қорларды үйлесімді қолдану, науқастың талаптарын барлық медициналық қызмет түрлерімен қанағаттандыру.

Медициналық көмек сапасын бағалауда науқасқа көрсетілетін 4 бағыттағы медициналық қызмет түрлерін есепке алады: 1) медициналық қызметтің қол жетімділігі; 2) медициналық көмектің қауіпсіздігі; 3) медициналық қызметтің үйлесімділігі; 4) науқастың медициналық қызметке қанағаттанушылығы.

Медициналық қызмет сапасының кілттік критерилері: 1) тиімді және уақтылы көрсетілетін медициналық көмек; 2) қорларды тиімді пайдалану; 3) науқастың қажеттіліктерін қанағаттандыру; 4) емдеудің нәтижелі болуы.

Сапамен қамтамсыз етуді бағалаудың 3 жолына сәйкес ( Донабедиан триадасы)

медициналық көмек сапасының 3 компонентін ажыратады:

- құрылымдық сапа (құрылымдық тәсіл);

- технологиялық сапа (іс жүргізу тәсілі);

- нәтижелік сапасы (нәтижелік тәсіл ).

Құрылымдық сапа – бұл көрсетілетін медициналық көмек сапасын сипаттайтын құрам (компонент). «Жағдай» түсінігіне кіретіндер: білікті маман, жабдықтардың болуы мен жағдайы, жабдықтардың жүйелі қолданылуы, қоғам үйлері мен ғимараттың жағдайы, медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жұмсалған материалдарды толықтыру және т.б. Құрылымдық сапаға, сонымен қатар медициналық мекемелер және оның материалдық-техникалық базасы, мамандармен қамтамасыз етілуі, жұмысының ұйымдастырылуы, сервистік жағдайлары (бұл жағдайды емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) медициналық қызметті қажетті деңгейде көрсете алу мүмкіндігі деп түсінуге болады), және де әрбір медициналық қызметкердің жекеше іс-әрекетінің деңгейі де жатады. Тіпті соңғы жағдайда, оның нақты бір емдеу-диагностикалық амалдарды орындаудағы білімі, дағдылары және кәсіпкерлік сапасы да бағаланады.

Технологиялық сапа – бұл нақты бір науқасқа үйлесімді көрсетілген емдеу-диагностикалық шаралардың кешенін сипаттайтын медициналық көмек компоненті. Сапамен қамтамасыз етуді іске асырудың негізгі ұстанымы - медициналық технологияны орындауда үрдістің өздігінен ауытқуынан немесе нақты орындаушының жіберген қатесінен медициналық көмек нәтижесінің төмендеуін болдырмайтын жағдайды құру.

Нәтижелік сапа – бұл жоспарланған нәтижеге жетуді сипаттайтын медициналық көмек сапасының компоненті.(жоспарланған). Бағаланатын объектіге байланысты жоспарланатын нәтижені түсінуге болады: 1) нақты бір науқастың денсаулық жағдайының динамикасы; 2) есеп беру кезеңіндегі емдеу-профилактикалық мекемелердегі (ЕПМ) барлық науқастың емделу нәтижесі; 3) аймақтағы халық денсаулығының жағдайы.

Медициналық көмек сапасын бақылау жүйесіне қатынасатындар:

- медициналық қызмет көрсететін қызметкерлердің бақылауы (сапаны ішкі бақылау);

- медициналық қызметті тұтынушылардың бақылауы ( сапаны тұтынушылық бақылау);

- медициналық қызмет көрсететіндер мен тұтынатындарға байланыссыз мекеме бақылауы ( сапаны сыртқы бақылау).

Қазіргі таңда медициналық қызмет сапасын бақылау тәсілдеріне сәйкес бақылаудың негізгі құралдары:

1) медициналық стандарттар; 2) емдеу-профилактикалық мекеме (ЕПМ) жұмысының көрсеткіштері; 3) сараптамалық баға.

Стандарттар — бұл стандарттау туралы жұмыстарымен айналысатын органдарымен бекітілген және міндетті стандарттау объектілерінің талаптары, ережелері, белгіленген нормалары көрсетілген нормативтік-техникалық құжаттар.

Денсаулық сақтаудағы стандарттау – бұл денсаулық сақтау саласында талаптарды бекітіп және оны іске асыруда қолайлы деңгейге жетуге бағытталған, денсаулық сақтауда қолданылатын қызмет, жұмыс, технология, өнім, жағдай сипаты, ережелер және нормалар. Стандарттаудың мақсаты - халықты медициналық көмектің қолжетімділігімен қамтамасыз ету және сапасын басқаруда денсаулық сақтаудағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды қалыпты нормативті қадағалау жүйесін құру.

Медициналық стандарттаудың келесі түрлерін ажыратады:

1. Әкімшілік–аймақтық бөлімі бойынша: халық аралық, ұлттық/мемлекеттік, аймақтық және жергілікті/бірлескен.

2. Стандарттау объектілері бойынша: құрылымдық-ұйымдастырушылық, кәсіпкерлік, технологиялық (медициналық-экономикалық).

3. Қолданылу механихмі бойынша: жай және топтық.

ҚР медициналық қызмет сапасымен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы:

Басқару деңгейін шектеудегі мемлекет саясатына сәйкес, Қазақстан Республикасында экономикалық қайта құру, медициналық ғылым дамуының жоғары даму бағыты мен халық аралық тәжірибені есепке ала отырып, медициналық қызмет сапасын басқаруда жаңа жолдардың болу қажеттілігін айқындайды.

Медициналық көмек сапасын басқарудың міндеттерін іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 2005 жылы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің құрамында медициналық қызмет сапасын қадағалау бойынша Комитет (Комитет), яғни мемлекеттік орган құрылды. Комитеттің медициналық қызмет сапасын қадағалаудағы тапсырмасы, халықты сапалы, қол жетімді және қауіпсіз медициналық көмекпен кепілді түрде қамтамасыз ету мақсатында - республикада ұсынылатын медициналық көмек сапасын, денсаулық сақтаудағы стандарттардың сақталуын, медициналық көмекті жақсарту бойынша шараларды мемлекеттік қадағалаумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Комитеттің барлық жұмыс түрлерін шартты түрде екі категорияға бөлуге болады:

Бақылау жұмысына кіретіндер.

1) денсаулық сақтаудағы құзырлы органдармен бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;

2) лицензиясы бар көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің сәйкестігін анықтау;

3) медициналық салада бекітілген норматив талаптарына медициналық қызметкерлердің білім деңгейінің сәйкестігін, медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен толықтырылуын, бекітілген нормативтергк сәйкес тағайындалған медициналық өнімдерді бақылау;

Бақылау объектілеріне - түр ерекшелігі мен ведомствалық құрамына, географиялық орналасуына байланыссыз медициналық іс-әрекетті жүзеге асыратын физикалық және заңды тұлғалар жатады. Комитеттің вертикальді құрылымына медициналық пункттерден бастап ғылыми зерттеу институттарына дейін, медициналық көмектің барлық деңгейлерінде медициналық көмек сапасын тиімді бақылауды іске асыратын аймақтық бөлімшелер жүйесі кіреді.

Медициналық қызмет толықтылығы мен сапасын бақылау аймағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциялары:

1) тәуелсіз сараптамаға сәйкес профильді мамандардың қатарынан тәуелсіз сараптамаға жұмылдыру үшін мәліметтер қорын қалыптастыру;

2) медициналық қызметпен айналысатын және өзіндік түріне байланыссыз физикалық және заңды тұлғаларды аккредитациялау;

3) дәрігерлік және медициналық іс-әрекеттерді, сонымен қатар халық медицинасының емдеу әдістерін лициензиялау;

4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мекемелер жетекшілерінің біліктілігіне және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті органдар жетекшілерінің кәсіптік біліктілігіне аттестация жүргізу;

5) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ұйым қызметкерлерін қоспағанда, медициналық қызметкерлердің біліктілігіне сәйкес жоғары және бірінші квалификациялық категорияларын тағайындау;

6) көрсетілген сұрақтар бойынша азаматтардың шағымдарын қарастыра отырып, көрсетілген медициналық қызмет және медициналық көмек сапасы мен деңгейіне азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау.

Медициналық көмек сапасын бақылауға медициналық мекемелерде көрсетілетін медициналық көмек көлемін бақылау мен сапасына сараптама жасау кіреді. Медициналық мекемелердегі сапалық сараптама таңдамалы түрде жүргізіледі, тек кейбір жағдайларда міндетті сараптама (аурудың өліммен аяқталуы, аурухана ішілік жұқпалар, емдеудегі асқынулар, онкологиялық аурулардың, түберкулездің кездейсоқ жіберілген жағдайлары анықталғанда және т.б.) жүргізіледі. Медициналық қызметтің сараптамалық сапасының негізіне, дәлелденген және өз уақытындағы диагностикалық зерттеудің және емдеудің, емдеу-диагностикалық шаралардың емдеу және диагностикалау бойынша стандарттарға сәйкестігіне баға беру.

Медициналық көмек көлемінің орындалуына бақылау медициналық мекемелердегі есеп-реестріндегі тіркелген төлемдерге сараптама жасау арқылы жүргізіледі. Осы жүргізілген бақылаулардың нәтижелері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) экономикалық шаралары мен бюджеттен қаржыландырылуы қабылданады. Денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты жүзеге асырылатын бақылау жұмыстары бойынша министрлік ведомстваларының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және медициналық қызмет сапасына бақылау жасау бойынша фармация Комитетінің мамандарымен бірге медициналық мекеме біріккен тексеру жүргізу реті қабылданып, онда олар тексерулер санын қысқартып және бақылау қызметі қайталанбайтын болды.

Медициналық қызметкерлердің білім деңгейінің сәйкестігін бақылау.

Комитет жұмысының бір бағыты денсаулық сақтау мекемелерінің жетекшілерін аттестациядан өткізу және медициналық қызметкерлерге жоғары және бірінші біліктілік категориясын беру. Осы жұмыс түрін, яғни біліктілік категориясын беру үшін экзамен өткізуге арнайы комиссия құрылып және оның құрамы тағайындалды. Бірінші білім категориясы бойынша комиссия мүшелеріне жоғары медициналық білімі бар мамандардан таңдалып алынып, жоғары медициналық оқу орындары ғимараттарының базасында ұйымдастырылады, ал бірінші және жоғары біліктілік санатын беретін комиссия үміткерлеріне орташа медициналық білімі бар мамандардан таңдалып алынып, мемлекеттік медициналық колледждер базасында ұйымдастырылады.

Медициналық іс-әрекеттерді лицензиялау – бұл денсаулық сақтау аймағындағы сапаны басқару жүйесінің базалық компоненті және дәрігерлік, медициналық іс-әрекеттермен шұғылдану үшін физикалық және заңды тұлғаларға рұхсат беретін мемлекеттік органның қызметі. Сонымен қатар, лицензиялау – бұл аз мөлшердегі талаптармен медициналық іс-әрекеттерді орындауда денсаулық сақтау субъектілерінің сәйкестігін анықтау үрдісі. Комитеттің аймақтық бөлімшелері медициналық көмектің жекеленген түрлеріне лицензиялауды жүзеге асырады: акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық сараптама, иммунолологиялық, венерологиялық, бала емдеу, халық медицинасы. Жергілікті атқарушы органдар (денсаулық сақтаудың облыстық департаменті), жеке медициналық тәжірибемен, ұйымдастырумен, іс-әрекеті сол облыстың әкімшілік-аймақтық бірлігінің шегіне сәйкес келетін және акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық сараптамалық, иммунологиялық, венерологиялық, педиатриялық, наркологиялық қызмет түрлерін қоспағандағы медициналық іс-әрекеттердің қалған түрлерін лицензиялайды,

Денсаулық сақтаудағы аккредитациялау және лицензиялау – сапаны жоғарлатуға бағытталған екі бағдарлама, және де екі бағдарламаны құрушы негізгі құрамы - сыртқы баға және бекітілген стандарттар. Бірақта, аккредитациялау – бұл лицензиялау үрдісі, ал оның мақсаты – салыстырмалы аз көлемде көрсетілетін медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату. Аккредитация - әуелде жоғары стандартты меңзей отырып, ерікті түрде өткізіледі, ал лицензиялау барысы – медициналық қызмет көрсетушіге ең төменгі талаптарды қоя отырып, міндетті түрде жүргізіледі. Аккредитацияның негізгі міндеті - халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған медициналық мекемелерді ынталандыру. Медицина саласындағы аккредитациялаудың тиімді жүйесін құру нәтижесі, медициналық қызметкерлерге және денсаулық сақтау жүйесіне халықтың сенімділігін жоғарлату, медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату есебінен денсаулық сақтау саласындағы шығын көлемін төмендету болып есептелінеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардан, яғни әртүрлі сала өкілдерінен тұратын тәуелсіз сарапшылар шешім қабылдайтын, тәуелсіз сараптама жүйесі құрылуда. Тәуелсіз сарапшылар кең көлемде медициналық қызмет сапасының сараптамасына, денсаулық сақтау мекемелерін аккредитациялауға, медициналық мамандарды аттестациядан өткізуге және басқа да мемлекеттік бақылауға рұхсат ету жұмыстарын орындауға жұмылдырылады.

Емдеу үрдісінің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және науқастардың құқықтарын қорғау мақсатында денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде құрамына науқас және оның өкілдерінің бірі, клиницистер, мекеме жетекшілері, сақтандыру ұйымдарының қызметкерлері, кәсіптік біріккен одақ өкілдері кіретін қоғамдық комиссия құру жоспарлануда.

Тақырып 1.1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

 

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау бұрынғы «қоғамның бар күшімен ұйымдастырылған» және дәстүрлі қоғамдық денсаулық сақтаудың орнына емес оның одан әрі жалғасуы және дамуы болып саналады, ол саясаттың жетілдіруіне, денсаулықты сақтауға, аурулардың алдын алуға, экономикалық даму кезінде әлеуметтік тендікке жетуге бағытталған.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау санитария функцияларын, халық денсаулығын қорғау, қадағалау және реттеу, ұлғайтылған жаңа функциялары мен толықтыру дәстүрлерін сақтаған (WHO, Geneva, 1995).

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау – ұйымдастыру диапазоны кең шаралар жүйесі, оған алғашқы және дәрігерлік медициналық көмек, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұқпалы аурулармен күрес жүргізу, қоршаған ортаның гигиенасын жақсарту кіреді. Бұл жүйе, сектораралық және қоғамның жаңаруының негізі болып, халық денсаулығын қорғау мемлекеттік саясатының негізі болып табылады.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау қоғамның жеке адамдардың денсаулығын нығайтуға және қорғауға, санитарлық шараларды сәйкестеуге, қоршаған ортаны қорғауға, халық денсаулығын нығайтуға, жекешеленген және жалпы алдын алу бағдарламалары мен алдын алу, қайта қалпына келтіру қызметтерінің және ұзақмерзімді күту бөлімшелерінің ұйымдастыру жұмысын координациялауға кешенді тәсілдерді қолдануға негізделген (Т.Х. Тульчинский 1999).

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың ерекшеліктері:

1) жүйелі түрде мәселелерді шешу

2) сектораралық қарым - қатынас

3) барлық деңгейде мәселелерді шешу – мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тербеліс тобы, жеке меншік және мемлекеттік мекемелер, өнеркәсіп, спорт және ойын-сауық индустриясы, заңдылықтар, құқықтық органдар.

4) Әрқашан халық денсаулығы жағдайының экономикалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік аспектілеріне мониторинг жасау

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау келесі сұрақтарға жаңа тұрғыдан қарайды:

1. Экономика сұрақтарына. Шектелген қаржыны тарату мәселесін шешудегі негізгі бағыттардың бірі алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен мамандандырылған көмектің универсальды қарым-қатынасты анықтау және азаматтардың, жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігін анықтай келе денсаулық сақтаудың қаржыландыру жүйесін таңдау болып табылады. Шектелген қаржы жағдайында максимальды тиімділік талаптарына сәйкес минималды қосалқы тиімділік беретін үлгіні таңдау қажет.

2. Желілі формадағы медициналық информатика. Жаңа технологияларды тарату тиімді коммуникациялық жүйесіз мүмкін емес. Медициналық ақпаратты жүйелері, ақпаратты қолданушылардың енжарлары емес, серіктесті ынталандыратын үрдістің белсенді қатысушысы түрінде құрылуы тиіс.

3. Менеджмент. Кез келген заманауи денсаулық сақтау жүйесі жоғарғы қүрделі деңгейдегі ұйым болып саналады, онда таңдалып алынған жұмысқа берілген және жоғарғы білімді адамдар жұмыс істейді. Егер ол адамдар жоғары ынталандырылған, жақсы білім алған және бірлесе әрекеттесетін топта жұмыс істесе, онда емделуші қамы үшін шектелген ресурстарды тарататын денсаулық сақтау жүйесі құрылды деп есептеуге болады. Егерде олардың машықтары мен зерделері айтарлықтай себептермен, мысалға, нашар ұйымдастыру, бюрократтылық, тиімді тәртіпті қолдаудың жоқтығы, қажетті ақпараттың болмауынан аяғына дейін пайдаланылмаса онда, денсаулық сақтау жүйесі минимальды жылдамдықпен жұмыс істейтін болады. Ол өз кезегінде өте үлкен ауқымдағы ресурстарды пайдаланады және де халықтың денсаулық жағдайына ешқандай әсері болмайды. Сондықтанда, барлық деңгейде менеджмент - ол жаңа қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеу және оқыту аймағы болып табылады.

4. Денсаулық мүддесіндегі серіктестік. Жаһанданудың тереңдетілуі және кеңейуі денсаулық сақтау жүйелерінің әр-түрлі даму үлгілерінің алмасуын көрсетеді. Төмен табысты мемлекеттерде денсаулық сақтау жүйесі басқа жерден экономикалық ресурстардың кірісін талап ететін айта кету керек. Адам денсаулығына тиетін жаһанды қауіп-қәтерлермен жанжақты, бірлесіп күресуге болады. Қоғам денсаулығы жоғары дәлелденген жергілікті адамдар ресурстарына байланыстығының шынайлығын қолдаған серіктестік болуы керек.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың даму бағыттары.

1. Өкілеттіліктің кеңейуі - әкімшілік-саясаттық шаралар түрінде – халық денсаулығын қалыптастыруға байланысы бар министерстволар мен ведомство жұмысының мемлекеттік функциялары мен өкілеттілігін үйлестіретін жаңа мемлекеттік орган құру. Өз елінде немесе шет елдерінде сыйлы және атағы бар ұйымдастырушы, осы денсаулық сақтау мекемесінің басшысы болып жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай ведомстваның басшы жұмысында міндетті түрде жұртшылық, ашықтық, қол жетерлік болу қажет. Мысалы: облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы және әкім меңгерушісі бір адам болса, жаңадан қойылған мақсаттарға тиімді шешім табуға болады.

2. Денсаулық сақтауды басқарудағы бұқарашылдық. Әлемдегі дамушы елдерде денсаулық сақтауды дамыту ережесі, жетекшілерге есеппен бірге жариялылық арқылы таңдау жасауды алға қояды, мысалы, Финляндияда жергілікті деңгейде жақсы денсаулық сақтау жүйесін құру.

3. Өкіметтің жоғарғы деңгейлерінен бастап, денсаулық сақтаудағы менеджментті жақсарту. Көп салалы мамандар қатарынан команда құру өзекті мәселе болып келеді.Басты мақсат: денсаулық сақтау – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі және оған мемлекет жетекшісі мен оның басқару мүшелері жауапкершілік алады.

4. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын күшейту - осы сұрақты шешу барысында әртүрлі ведомствалар бірігуінің күшеюі. Осы мәселені шешуде халықты белсенді түрде тарту және медициналық-әлеуметтік қызмет жүйесін кеңейтіп және құруды ұйғарады.

5. Денсаулық сақтау мамандығы құрылымының өзгеруі дегеніміз – мед.-психологиялық сипаттағы медициналық-экономикалық және медициналық-әлеуметтік саладағы «біріккен» мамандар саны.

Қоғамдық денсаулық сақтау дамуындағы әлемдік тәжірибе.

Жаңа XXI ғасыр жаһандануында әлемдік өркениет пен соғыстың болуы, жалпы адамдық жаңа мінез-құлық стандарттарының, мәдениетінің, қоғамдық өмірдің қалыптасып, енуі ақырында әртүрлі ауруларға алып келетін мынадай себептермен байланысты болуын шамалайды:

1) жаңа түзілістер, тынысалу жолдары мен жүрек қан тамыр жүйесі аурулары себепші болатын, өлім мен жоғары ауру деңгейіне алып келетін қолайсыз (темекі шегу, алкогольдік сусындарды шамадан артық пайдалану, ретсіз тамақтану) өмір сүру;

2) жастардың ойланбай қатерге бас тігетін мінез құлықтары (нашақорлық, маскүнемдік, қылмыс жасау), уланулар, жарақаттанулар, жыныстық қарым-қатынас арқылы берілетін аурулар, ЖИТС себепші болатын өлім мен аурушылдық; 3) туа біткен ақаудың дамуына және хромосомдық бұзылыстарға алып келетін экологиялық мәселелер;

4) әлеуметтік қолайсыз өмір сүру салты (кедейлік, жұмыссыздық, көшіп-қонулар және т.б.), аурудың туындауына себепші болатын қолайсыз жайттар (қан аздық, жұқпа, қарсы тұру қабілетінің бұзылуы );

XXI ғасырда денсаулық сақтау жүйесінің дамуы халықтың денсаулығына ведомства аралық, сектор аралық жалпы жауапты, клиникалық медицинаның үздіксіздігі және бірігуі түрінде болатындығы шамаланады.

Қазақстандағы жаңа қоғамдық денсаулық сақтау дамуының келешегі мен мәселелері.

Сөзсіз, әлемдегі ең жақсы денсаулық сақтау жүйесінің жетістігіне бұрынғы негізін сақтап қалу жатады. Қазақстанда қазіргі таңда МПСЗ мен дәрігерлер саны және емдеу-профилактикалық мекемелердің құрылымы мен жүйесі жеткілікті мөлшерде. Денсаулық сақтау жүйесі толығымен республикадағы халықтың медициналық қызметке негізгі қажеттілігін қанағаттандырады.

ҚР денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктері – денсаулық сақтаудың өзіндік үлгілерін іздеуде үнемі ауысып отырушылық (медициналық жүйенің үш үлгісі – бюджеттік, бюджеттік-сақтандыру және бюджеттік-бағдарламалық) және де бүгінде ол Президент Н,Ә Назарбаев көрсеткендей «үш жүйенің қалдықтарынан тұрады».

1. Қазіргі денсаулық сақтаудың құрылымы мен жүйесіндегі жүзеге асқан, оның барлық мәселелері, міндеттері мен жетістіктері дәстүрлік клиникалық медицина (әртүрлі ақаулар мен аурулар кезінде денсаулық сақтау);

2. Қоғамдық денсаулық сақтау (денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу) – халықтың денсаулығын нығайту мен сақтауда сектор аралық жауапкершілікті, аурудың жаңа жағдайларын ескертуді қалыптастыруда жаңа міндеттерді шешу.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Безпека життєдіяльності”, як наука, синтезує досягнення цілого ряду наук і є комплексною, інтегральною дисципліною. | Plan of the lecture
1 | 2 | <== 3 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.186 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.186 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7