Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Порядок скасування рішень про державну реєстрацію нормативно-правових актів, що суперечать чинному законодавствуДата добавления: 2015-03-11; просмотров: 954
1. Нөмірлері 1 – ден 12 –ге дейінгі арналарда теледидарлық радиотаратқыш қандай жиіліктер диапазонында жұмыс істейді? 2. Нөмірлері 21 – ден 81 –ге дейін арналардагі теледидарлық радиотаратқыш қандай жиіліктер диапазонында жұмыс істейді? 3. Теледидарлық радиохабар тарату құрылғысы неге екі жеке радио-таратқыштан тұрады? 4. УҚТ(УКВ) ЖМ радиотаратқышы көмегімен жоғары сапалы радиохабар тарату қалай қамтамасыз етіледі? 5. Теледидарлық радиотаратқыштың құрылымдық сұлбасы қандай бөліктерден тұрады? 6. Қуаты 1 кВт-қа дейінгі метрлік диапазондағы теледидарлық радиотарат-қышты қандай электрондық аспаптар негізінде жасауға болады. 7.Бейне сигналы радиотаратқышы құрылымдық сұлбасы қандай бөліктерден тұрады?
Дәріс Азіргі білім беру жүйесіндегі жаңашыл технологиялар» пәні бойынша Модульдік оқыту технологиясы 1. Кіріспе бөлімі 2. Сөйлесу бөлімі 3. Қорытынды бөлімі
Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде модульдік оқыту технологиясын атауға болады. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сатысында берілетін білім мазмұны модульдік сипатқа құрылған. Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Модульдік технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ, ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнің жедел кеңес ала алатындығы. Модульдік оқыту технологиясы әдебиетті оқытуда тиімді деп табылады. Қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұны, модульға топтасқан құрылымы оқушылардың әдеби білімін нығайтуда, әдебиеттің басқа өнер салаларымен сабақтастығын көрсетуде, пәнаралық байланысты нығайтуда ұтымдылық байқатады. Модульдік оқытудың құрылымы: Оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әрбір оқу модулінде сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Мысалы, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі - кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты – сөйлесу бөліміне беріледі. Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің 1 және 2 бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді – яғни, ол 9 сағат болады. Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі блоктардан жасалады. Педагогтардың пайымдауынша, әрбір дербес тақырыпты(тарауды) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен тұрады: 1. кіріспе-қызықтырушылық 2. операционалдық-танымдық 3. рефлекциялық-бағалау Аталмыш модульде кіріспе-қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі міндеті қандай екенін түйсінуі қажет. Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі(мақсаттың қозғаушы қызықтырушы күші болуы) аса маңызды. Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім: 1. оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады; 2. Оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қзметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды; 3. Тірек сызбаларға (белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша(10-15 минут) түсіндіреді. Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырады. Сөйлесу бөлімінің материалын мұғалім үш күрделілік деңгейінде(қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді. Оқу материалын біртұтас беру қағидасы: - Өсу бағытымен оқып-үйрену қағидасы(басында шағын түрде, соңынан – мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау(тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді. - Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы жүзеге асырылады. Оны қайталаумен шатастыруға болмайды. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. 1 деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. 2 және 3 деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекетті білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды карточкаларға(таратпа қағаздарға) жазуға болады. Мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны көрсетіледі. Дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзді-өзін тексереді. Егер сабақ формасы – ойын болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылады, немесе жазбаша түрде беріледі. Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің ерекшеліктері: 1.Оқыту мен оқу дамытушы болады. Оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. 2.Оқыту мен оқу даярлаушы болады, яғни, модульдің қорытынды(бақылау) бөліміне шығуға даярлайды. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Оқу модулінің қорытынды(бақылау) бөлімі – тақырыпты(тарауды) оқытудың тұтас циклін аяқтайтын соңғы бөлімі(рефлекциялық-бағалау кезеңі). Оқу модулінің қорытынды бөліміндегі әрекеттер: біріншісі - міндетті тестілеу, екіншісі – мұғалімнің өз таңдауы бойынша(пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшелігіне орай) - сынақ, бақылау жұмысы, диктант. Екі немесе одан да көп бақылау түрлері қолдануға болады, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес. Тестілеуді – бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етед деп есептейміз. Оның мақсаты: а)білім деңгейін әділ бағалау; ә)бағасын жақсартуға(жоғарырақ ұпай алуға) мүмкіндік беру. Сонымен, қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Оқыту технологиясының модульдік нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни жауабының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталған.Сонымен қатар, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сөздік қорын белсенді дамытуға көзделген. Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. МОТ – сы бойынша жан – жақты білім бере отырып, баланың ой дәлдігі, тіл көркемдігі артады. Оқушыны үнемі ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады.Осы мақсатта 11-сыныпта Қазақ әдебиеті пәнінен М.Әуезов шығармашылығына модульді оқытудың жоспарын төмендегіше құрдым. Модуль №1 Мұхтар Әуезов (8 сағат)
Мақсаты: Білімділік: Мұхтар Әуезовтің шығармашылығымен таныстыру. Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Өз бетімен М.Әуезовтің шығармаларын оқу арқылы сөздік қорын байыту. Оқушы нені білуі керек: 1. М.Әуезовтің өскен ортасын, тәрбиесін, білім алған ортасын, еңбек жолын, шығармашылығын білуі керек. 2. Теориялық жағынан талдау жасауды меңгеру керек.Шығармашылық жұмыстар тақырыбын ұсыну.Мәнжазбалар: 1. М.Әуезов шығармашылығы 2. «Абай жолы»- қазақтың тұңғыш эпопеясы 3. М.Әуезов романы туралы әлемдік және Қазақстан сыншыларының пікірлері 4. Әуезов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері 5. Әуезов шығармаларындағы пейзаж Қосымша әдебиеттер: Мұғалімдер үшін: Мүсірепов Ғабит. «Абай» романы туралы Кітапта:Ғ.Мүсірепов шығармалары , 4-том.Алматы, 1975, Әдістемелік нұсқаулар М.Әуезов шығармалар жинағы Оқушылар үшін: «Дидактикалық материалдар» Оқушы анықтамасы (Қазақ әдебиеті) М.Әуезов «Абай жолы» романы 1,2,3,4 томдары 1- кесте
Құнанбайдың жолы-«Қияда, өрде, бел-белесте,шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда». (Ғ.Мүсірепов)
2-кесте Құнанбай
Абайдың жолы- «Қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда». (Ғ.мүсірепов) Абай 3-кесте
Кіріспе сабақтың дәйексөзі:
Сабақ жоспары: Кіріспе бөлім. 1-сабақ Тақырыбы: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы І Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Модульдің құрылымын түсіндіру ІІІ.Сабақтың мақсатын, өту барысын айту. ІҮ.Тірек-сызба, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, жаңа модуль бойынша тақырыпты түсіндіру. (Лекция тезисі) Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі –Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі- Әуезов.Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек,сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.М.әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Әкесі Омархан да, атасы Әуез дехат танитын сауатты адамдар болған.1904 жылы Абай дүниеден өткенде Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады. М.әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды.1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-кебек» пьесасын қояды.20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады.Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң,қайғы.Осының бәрі М.әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағыәрекеттері болатын.»Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы.Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Ү.Оқулық пен дәптермен жұмыс. 1. Тірек-сызбалары, дәйексөзді дәптерге жазу. ҮІ.Үйге тапсырма: М.Әуезовтің шығармашылығын оқып келу.
|