Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Варіант 2Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 536
Ақша жүйесі жөнінде түсінік Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері . Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады. Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі. Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады. Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді. Валюталық бағам дегенміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ақша жүйесінің мынадай типтері болады: – металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады; – несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді: Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі. Биметаллизмнің үш түрі болады: – қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген; – қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген; Ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді. Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді. Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты. Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады: – алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды; – алтын монеталарды құюға рұқсат етілді; – толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
|