Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Процес управління ризиками господарської діяльності на підприємстві та характеристика його етапів.Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 579
Мақсаты: Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәнін, оның нәтижесін қарастыру. Нарық жағдайындағы мемлекеттің рөлін анықтау. Қаржы-несие жүйесімен танысу, мемлекеттік бюджет пен бюджет тапшылығының мәнін анықтау. Салық пен салық салудың негізгі принциптерін қарастыру. Дәріс жоспары: 1. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаты, қызметі мен құралдары. 2. Қаржы жүйесінің мәні, құрылымы, қызметі. 3. Салық салудың теориялық негізі. Дәріс тезистері: 1. Жаңа экономикалық саясат еркін сауданы ендіруді межелеп, жаңа жағдайдағы мемлекеттің ролін анықтады. Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағытталған рыноктық экономика жолына түсті. Мемлекет пен рыноктың өзара қатынасы рыноктық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйде мемлекет ерекше қызмет атқарады. Ке келге елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің ролі, оның қызметі арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп: - біріншіден, рынок жағдайында стратегиялық, экономикалық, құрылымдық,техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды мемлекет өз мойынына алады. - екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдық пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер. - үшіншіден, нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүддесін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, рыноктық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. - төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады. - бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға – оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де өз қызметі санайды.Рынокты реттеу тәсілдері- бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Мемлекеттік реттеудің – ең маңызды инструментіне мыналар жатады: Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиді. Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Баға мен табыстарды реттеу саясаты. Фискальды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді. Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Әлеуметтік саясат мынадай салаларды қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы. Сыртқы экономикалық реттеу мыналар: мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия. 2. Қаржы экономиканың дамуы мен өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген мемлкетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы кәсіпорынның және тұрғандардың қаржысы енеді. Мемлекеттің қаржысы – ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мелекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді. Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес)- компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды. Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес)- меншікті және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мн материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді. Тұрғындардың қаржысы - шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Нарықтық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызметі атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау. Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік-мәдени шараларға, мемлектті басқару мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржының бөлу қызметіатқарады. Қаржының реттеу қызметіэкономикалық дамуды реттеуді мемлекттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады. Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады. Қаржының бақылау қызметікәсіпорынның бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тек сүру арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік бюджет- мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін қысқартқан жөн. 3.Салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық салудың мақсаты кәсіпорын (фирмамен) тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ. Салық салудың мынадай принциптері бар: - салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады; -салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады; Салық төмендегідей қызметтер атқарады: -фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі; -бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді; - реттеуші қызметі,мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді; -ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогрессті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады; -шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді; -бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қор көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады. Салық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар табыстарынан алынады. Оған - айлықтан алынатын, пайдадан алынатын, жылжымайтын мүліктен, т.б. жатады. Жанама салықты мемлекет тікелей емес, баға арқылы айландыра отырып алады. Оған - акциздер, қосымша құн салығы, кеден баж салығы жатады. Жалпы мемлекеттік және жергілікті салық түрлері болады. Жалпы мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың табысынан алынатын салық, қосымша құн салығы, акциздер, бағалы қағаздар операциясынан салық. Жергілікті салық пен алымға жатаындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы: көлік, құрал-жабдығы салығы, кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым, аукцион сатылымынан алынатын алымдар. Бүгінгі еліміздегі экономикалық саясат пен әлеуметтік жағдайды есекер отырып, салық салу тұжырымдамасы алдымен негізгі мынадай міндеттемелерді шешкені абзал: -мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы мен таластылығы; -антиинфляциялық механизмді қалыптастыру және меншік пен валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету; -кең масштабты инвестицияны қалыптастыру және т.б. Осы міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына жеткізеді. Көрнекіліктер: Кесте № 5 «Салық құрылымы және олардың бюджеттік түсімдегі үлесі» Әдебиеттер: 1. Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. және т.б. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994. 2. Осипова Г. Основы экономической теории. Алматы, 2002. 3. Әубәкіров Я.Экономикалық теория негіздері.. Алматы, 1998. Бақылау сұрақтары: 1. Экономиканы мемелектеттік реттеу дегеніміз не? 2. Мемлекеттік реттеусіз экономикамыздың дамуы мүмкін бе? 3. Нарықытық экономикада мемелекетқанадай экономикалық қызметтер атқарады? Сіздің көзқарасыңызша қай қызмет маңызды? 4. Нарықты реттеуде мемлекет қандай әдістер қолданады? 5. Қоғамның қаржысы және құрылымы қандай? 6. Бюджет тапшылығы: оны жою жолдарын атаңаыз? 7. Банктер, оның атқаратын қызметтері қандай? 8. Салық: ол қандай қызмет атқарады? Салық салудың түрлері қандай?
|